76.05K
Категория: МатематикаМатематика

БСЛек №5 ТФП 2 курс

1.

2.

1. Статистикалық жорамалдарды тексеру:
нөлдік және балама жорамалдар.
2. Дисперсиялар теңдігін тексеру

3.

Таңдама деректері бойынша бас жиынтықтың
параметрлері және қасиеттері жөнінде айтылған
ұйғарым статистикалық жорамал деп аталады.
Айтылған ұйғарымды (жорамалды) таңдама
деректерімен салыстыру үрдісі статистикалық
жорамалды тексеру деп аталады.
.

4.

Тексерілуге жататын негізгі жорамалды нөлдік
жорамал деп атайды және Н0 арқылы
белгілейді.
Нөлдік жорамал деп- таңдама деректерін
салыстырғанда олардың арасындағы
айырмашылықтың жоқтығы немесе ұқсастығы
жөніндегі ұйғарымды айтады.
Н1 балама жорамалы деп нөлдік жорамалмен
бәсекелес, яғни оған қарама-қайшы келетін
жорамалды айтады.

5.

Мысал
Популяциядағы ер кісілер мен әйелдердің
шылым шегу көрсеткіштерін салыстыру қажет
болса, онда
Н0 : популяциядағы ерлер мен әйелдердің
шылым шегу көрсеткіштері бірдей
Н1 : популяциядағы ерлер мен әйелдердің
шылым шегу көрсеткіштері әртүрлі

6.

Н0 жорамалын қабылдауға немесе жоққа
шығаруға
мүмкіндік
беретін
ережені
статистикалық критери й деп атайды.
Статистикалық критерийді таңдау:
- талдау мақсаты
- деректер түрлері
-деректердің таралу түрі: қалыпты немесе
қалыпты емес
- жұптасқан деректер
- тәуелсіз деректер
- салыстырылатын топтар саны

7.

Параметрлік
Параметрлік емес

8.

Параметрлік критерийлер деп есептеу
формуласына таңдаманың орта мәні,
дисперсиясы сияқты параметрлері кіретін және
бас жиынтықтың қалыпты таралуына
негізделген критерийлерді айтады.
Параметрлік емес критерийлер деп бас
жиынтықтың таралу түріне негізделмеген және
есептеу формуласында жиынтықтың
параметрлерін қолданбайтын критерийлерді
айтады.

9.

Бірінші текті
Н0 жорамалы
Дұрыс
Дұрыс емес
Екінші текті
Жоққа
Қабылданады
шығарылады
1-ші текті қателік Қателік жоқ
Қателік жоқ
2-ші текті
қателік

10.

Критерийдің мәнділік деңгейі ( ) деп 1-ші текті
қателікті жіберу ықтималдығын айтады.
Мәнділік деңгейі – айырмашылықтың кездейсоқ пайда
болуының ықтималдығы.
Мәнділік деңгейі немесе қабылданған жорамалды
бағалағанда жіберілуі мүмкін І текті қатенің
ықтималдығы 5%, 1%, 0,1% болуы мүмкін, алайда
медициналық – биологиялық зерттеулерде, егер
арнайы басқа мән ескертілмесе, ол әдетте 5%-ға тең
деп қабылданады, яғни 0,05 – ке тең мәнділік
деңгейі нәтижелерді дұрыс түсіндіру үшін жеткілікті
деп саналады. Егер нәтижелер 1-5% деңгейде мәнді
болса, онда маңызды статистикалық мәнділік бар
деп айтылады, 1%-дан аз деңгейдегі мәнділік –
жоғары статистикалық мәнділікті көрсетеді.

11.

Зерттеу нәтижелерінің статистикалық
мәнділігін бағалау – таңдама
жиынтықта алынған нәтижелерді
қандай ықтималдықпен барлық бас
жиынтыққа көшіруге болатынын
анықтауды білдіреді.

12.

Айталық, пациентте қандай да бір ауру түрінің
жоқтығы туралы жорамал тексерілсін. Аурудың белгісі
белгілі бір көрсеткіш болады ( мысалы, артериялық
қысым).
Н0 – қалыпты жағдайдағы көрсеткіш, яғни пациенттің
дені сау.
Н1 –
көрсеткіштің
мәні
қалыпты жағдайдан
ерекшеленеді, яғни пациент ауру.
Бірінші текті қателік - нөлдік жорамал дұрыс болса да
оны жоққа шығару, яғни сау адамды ауру деп
қабылдау.
Екінші текті қателік – дұрыс емес нөлдік жорамалды
қабылдау, яғни шындығында ауру адамды сау деп
қабылдау.

13.

Жорамалдарды статистикалық тексеруге салыстыру
арқылы тексеру және әртүрлі үрдістерді бағалау
жатады: емдеу тиімділігі, аурудың ұзақтығы, аурусырқаулықтың ауырлығы, емдеу әдістерін салыстыру,
препараттардың және медициналық техниканың
сипаттамаларын салыстыру және т.б.
Салыстырылып
отырған
топтардың
қайсысының
артықшылығы жөнінде әдетте, орта мәндердің,
үлестердің немесе басқа таңдама көрсеткіштерінің
арасындағы айырмашылық бойынша тұжырымдайды.

14.

1. Раманқұлова
2.
3.
4.
5.
А.А. Биологиялық статистика. Оқу
құралы.-Алматы. 2015
Лукьянова Е.А. Медицинская статистика. – М: Изд.
РУДН, 2002.
Медик
В.А.,
Токмачев
М.С.,
Фишман
Б.Б.
Теоретическая статистика//Статистика в медицине и
биологии. В 2-х томах / Под. ред.
проф. Ю.М Комарова. Т.1. – М.: Медицина, 2000.
Гланц С. Медико-биологическая статистика. – М.:
Практика, 1999.
Рокицкий П.Ф. Биологическая статистика. – Высшая
школа, 1973.

15.

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ
English     Русский Правила