3.07M
Категория: МедицинаМедицина

Қазақтың ұлттық ойындары және олардың маңызын зерттеу

1.

Қазақтың ұлттық
ойындары және
олардың маңызын
зерттеу
Орындаған:
Арслан Тамила,
Мадымар Тамила

2.

Кіріспе
Қазақтың ұлттық ойындары - қазақ халқының байырғы мәдениетінің бір бөлігі болып
саналатын, ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып келе жатқан құндылықтар. Бұл ойындар тек қана көңіл
көтерудің құралы емес, сонымен қатар балаларды және жастарды тәрбиелеудің, дене тәрбиесінің,
ақыл-ой дамуының маңызды элементі болып табылады. Зерттеу барысында қазақтың ұлттық
ойындарының тарихи қалыптасуы, олардың қоғамдағы рөлі және қазіргі заманғы қолдану
мүмкіндіктері қарастырылады.
Зерттеудің мақсаты – қазақтың ұлттық ойындарының тәрбиелік мәнін, олардың қоғамдағы
орнын және заманауи тұрғыдан қолдану мүмкіндіктерін зерттеу.
Зерттеудің міндеттері:
1. Қазақтың ұлттық ойындарының түрлерін жүйелеу және топтастыру;
2. Әрбір ойынның мазмұнын зерттеу және сипаттау;
3. Ойындардың тәрбиелік, дене тәрбиелік және психологиялық маңызын анықтау;
4. Ұлттық ойындардың заманауи білім беру және тәрбие жүйесіндегі орнын анықтау;
5. Қазақтың ұлттық ойындарының бүгінгі күнгі рөлін зерттеп, оларды жаңғырту және
насихаттау жолдарын ұсыну.
Зерттеудің өзектілігі – қазіргі заманда ұлттық құндылықтарды сақтап, жастардың рухани және
мәдени дамуына ықпал ету мәселесі маңызды болып отыр.

3.

1
Қазақтың ұлттық
ойындарын
және олардың
маңызын зерттеу
Қазақтың ұлттық ойындары –
қазақ халқының мәдениеті мен
дәстүрінің ажырамас бөлігі болып
табылады.

4.

Қазақтың ұлттық ойындарының тарихы өте
тереңде жатыр. Ежелгі заманнан бері қазақ
халқының көшпелі өмір салтына байланысты
ойындар қалыптасып, дамыды. Ойындардың
көпшілігі табиғатпен, мал шаруашылығымен,
аңшылықпен және соғыс өнерімен тікелей
байланысты болды.
Мысалы, аң аулау мен мал бағу кезінде
балалар мен жасөспірімдерге аңшылық пен
жауынгерлік өнерді үйрету мақсатында түрлі
ойындар ойнатылды.

5.

Ұлттық ойындардың көбі көшпелі қазақ қоғамындағы тәртіп пен
мәдениетке негізделген.
1
2
Жастарға маңызы
Ұлттық ойындардың көпшілігі тек қана
көңіл көтерудің құралы ретінде емес,
сонымен қатар қоғамдағы тәртіпті сақтау,
жастарды еңбекке баулу және руханиадамгершілікке тәрбиелеу мақсатында
қолданылды
Қазіргі кезде
Мектептерде ұлттық ойындар сабақтарда
және сабақтан тыс уақытта өткізілетін
тәрбие жұмыстарының маңызды элементі
ретінде пайдаланылады.
3
4
Тарихи қалыптасуы
Ұлттық ойындардың тарихи қалыптасуы
тек қана
көшпелі
өмір
салтымен
шектелмейді. Қазақ халқының ұлттық
ойындары тарихи кезеңдерге байланысты
өзгерістерге ұшырап, дамып отырды.
Мәдени мұра
Олардың ішінде "Тоғызқұмалақ", "Қазақ
күресі", "Көкпар", "Асық ату" сияқты
ойындар ұлттық спорт түрлері ретінде
танылып, халықаралық деңгейде танымал
болды.

6.

02
Аңға байланысты
қазақтың ұлттық
ойындары
Қазақтың ұлттық ойындары халықтың
мәдени мұрасының маңызды бөлігі
ретінде, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе
жатқан бай рухани құндылықтарды
қамтиды.

7.

Бұл ойындар қазақ халқының көшпелі тұрмысынан, табиғатпен етене байланысынан туындаған. Қазақ қоғамында аңшылық
тек қана өмір сүрудің, азық табудың құралы емес, сонымен қатар ер азаматтардың бойында батылдық, ептілік, шыдамдылық
секілді қасиеттерді дамыту құралы ретінде де маңызды рөл атқарды.
Аңға байланысты
ойындар
арқылы балаларды
жастайынан аңшылыққа,
табиғатпен үйлесімді өмір
сүруге, еңбекқорлыққа
тәрбиеледі. Бұл ойындарда
аңшылық әрекеттерінің әр
түрлі аспектілері бейнеленіп,
балалар аң аулаудың қырсырын үйренді.
Мысалы, ақсерек-көксерек ойыны
арқылы балалар топтасып әрекет
ету, бірлік пен ынтымақтастықты
сақтау сияқты маңызды
дағдыларды меңгереді.
1
2
батылдық
ептілік
3
4
шыдамдылық
жауынгерлік

8.

Өлеңдер
Аңға байланысты қазақтың ұлттық ойындарында
өлеңдер ерекше орын алады. Өлеңдер ойынның
эстетикалық әсерін күшейтіп, балалардың ойынға
деген қызығушылығын арттырады. Өлеңдер арқылы
ойыншылардың көңіл-күйі көтеріледі, оларды
бірлікке шақырады, ойынның мәнін ашады.

9.

03
Малға байланысты
ұлттық ойындардың
тәрбиелік маңызы
Қазақтың ұлттық ойындары
халықтың мәдениеті мен тұрмыстіршілігінің айнасы ретінде ерекше
мәнге ие.

10.

Малға байланысты ұлттық ойындар
қазақ халқының көшпелі өмір
салтының негізінде қалыптасқан.
Бұл ойындар халықтың мал шаруашылығымен
тығыз байланысты болған өмірінің маңызды
бөлігін бейнелейді. Мал шаруашылығы қазақ
халқының өмір сүру салтының негізі
болғандықтан, малға қатысты ойындар
балаларды жастайынан еңбекке, шыдамдылыққа
және жауапкершілікке баулу құралы ретінде
пайдаланылды.

11.

Малға байланысты ұлттық ойындардың
тәрбиелік маңызы зор.
1
2
3
4
Құрмет
Ұжымдық рух
Рухани тәрбие
Моральдық құндылықтар
Бұл ойындар арқылы
балалар мал
шаруашылығының қырсырын үйреніп, атабабаларының дәстүрлі өмір
салтына құрметпен қарауды
меңгерді.
Мал шаруашылығында
ұжымдық жұмыс маңызды
рөл атқарады, өйткені
көшпелі өмір салтында
малды бірлесе отырып бағу,
қорғау қажеттілігі
туындайды.
Бұл ойындар арқылы
балалар ата-бабаларының
дәстүрлерін сақтауға,
оларды құрметтеуге,
сонымен бірге табиғатқа
жақын болуға үйренеді.
Малға қатысты ойындарда
балалардың шыншылдық,
әділдік, өзара көмек
көрсету сияқты қасиеттері
қалыптасады. Ойын
барысында олар өздерінің
күшін, ептілігін сынап,
басқа балалармен
бәсекелеседі.

12.

04
Заттармен ойналатын
ойындар және соңғы
кезде қалыптасқан
ойындар
Қазақ халқының ұлттық
ойындары – ұрпақтан ұрпаққа
жалғасып келе жатқан рухани
мұраның бір бөлігі.

13.

Бұл ойындар халықтың тұрмыс-тіршілігімен тығыз
байланыста қалыптасып, әртүрлі заттарды пайдалану арқылы
дамыған. Заттармен ойналатын ойындар халықтың өмір
салтына, күнделікті тұрмысына сәйкес келетіндіктен, олар
балаларды шеберлікке, зеректікке, ептілікке тәрбиелеуге
бағытталған.

14.

Бұл ойындар балалардың физикалық тұрғыдан дамуына үлкен ықпал
етеді, оларды шыдамдылыққа, күштілікке, қимылдардың
үйлесімділігіне үйретеді.
Арқан тарту
Көкпар
Бұл ойын ұжымдық рухты
қалыптастырып, топпен жұмыс істеудің
маңыздылығын көрсетеді. Ойынға
қатысушылар өздерінің күшін, ептілігін
сынайды, бірақ ең бастысы – олар бірбірімен ынтымақтасып, бір мақсатқа
жетуді үйренеді.
Бұл ойын күштілік пен төзімділікті
талап етеді, сондықтан балалар
физикалық тұрғыдан дамиды. Көкпар
ойынында топпен жұмыс істеу, бірлесе
әрекет ету маңызды болғандықтан,
балалар бұл ойын арқылы өзара
ынтымақтасуды, бір-біріне көмектесуді
үйренеді.
Сақина жасыру
Асық ату
Бұл ойын балалардың зеректік,
байқағыштық қасиеттерін дамытады.
Ойын барысында балалар өздерінің
байқампаздығын сынап, сақина қайда
жасырылғанын табуға тырысады.
Бұл ойын балаларды ептілікке, дәлдікке,
көздің мергендігіне үйретеді. Асық
ойнау арқылы балалардың қолдары мен
саусақтары дамып, көзбен мөлшерлеу
қабілеттері артады.

15.

Соңғы кезде қалыптасқан
ойындар да қазақ қоғамында
өз орнын тапты.
Олар қазіргі заманғы өмір салтына сәйкес
келіп, балалардың ой-өрісін,
интеллектуалдық қабілеттерін дамытуға
бағытталған. Мұндай ойындардың
мысалы ретінде әріп таңдау, бригада,
мейрамхана ойындарын айтуға болады.
Бұл ойындар балалардың логикалық
ойлау қабілеттерін дамытып, олардың
тілдік қорларын байытуға көмектеседі.

16.

2
1
3
Ұлттық ойындардың тәрбиелік
мәні туралы оқушылардың
жауаптары әртүрлі. Олардың
көпшілігі бұл ойындардың
өздерін еңбекқорлыққа,
табандылыққа, ептілікке
тәрбиелегенін атап өтті.
Кейбір оқушылар ұлттық ойындарды үйрену
арқылы өздерін қазақ мәдениетіне жақын
сезінетіндерін айтты. Олар бұл ойындардың
қазақ халқының тарихы мен мәдениетін
тереңірек түсінуге көмектесетінін, сонымен
бірге ұлттық бірегейлікті сақтауға ықпал
ететінін атап өтті.
Оқушылардың жартысынан
көбі ұлттық ойындарды
мектепте немесе үйде ойнап
көрген. Бұл олардың ұлттық
ойындарды тек теориялық
тұрғыдан ғана емес,
тәжірибеде де қолданатынын
көрсетеді.
Практикалық
бөлім
4
Қазақтың ұлттық ойындарын
насихаттау және жаңғырту
жұмыстары туралы
оқушылардың пікірлері
әртүрлі болды. Кейбіреулері
бұл жұмыстардың жеткілікті
деңгейде жүргізілмегенін
айтты.
Қорытындылай келе
65%
Оқушылардың ұлттық ойындарға деген
қызығушылығы олардың ұлттық мәдениетке
деген құрметін арттырып, болашақта осы
құндылықтарды сақтап, дамытуға ықпал
етеді.

17.

Қорытынды
Қорытындылай келе, қазақтың ұлттық ойындары – халқымыздың бай мәдени
мұрасы, оның рухани құндылықтарының ажырамас бөлігі екенін байқаймыз. Бұл
ойындар халықтың тұрмыс-тіршілігімен тығыз байланыста қалыптасып, ұрпақтанұрпаққа жалғасып келе жатқан құндылықтар.
Зерттеудің жаңашылдығы – ұлттық ойындарды қазіргі заманғы білім беру
жүйесінде қолданудың маңыздылығын анықтауында. Ұлттық ойындар балалардың
интеллектуалдық және физикалық қабілеттерін дамытуға көмектесетін тиімді құрал
ретінде қарастырылады. Ойындар арқылы балалардың ұжымдық рухы қалыптасып,
оларды ұйымшылдыққа, жауапкершілікке тәрбиелеуге болады.
Ұсыныстар ретінде, мектептерде ұлттық ойындарды кеңінен насихаттау және
қолдану ұсынылады. Ойындар арқылы балаларды рухани және физикалық тұрғыдан
тәрбиелеудің тиімді жолдарын іздестіру керек. Сондай-ақ, ұлттық ойындарды жаңғырту
және олардың заманауи қоғамда қолданылу мүмкіндіктерін зерттеу маңызды.
English     Русский Правила