176.31K
Категория: ПсихологияПсихология

ӨНЕР_ФИЛОСОФИЯСЫ

1.

ӨНЕР ФИЛОСОФИЯСЫ

2.

ЖОСПАР:
Эстетика – философиялық ғылым
Эстетика категориялары
Эстетика. Өнер
Өнер философиясы
Шеллинг – өнер туралы ойлары
Қорытынды

3.

ЭСТЕТИКА
Эстетика (грек. aisthetikos – сезіну, сезімдік) – адамның дүниені эстетикалық
тұрғыдан ұғынып-түсіну заңдылықтары туралы, әсемдік заңдарын арқау еткен
шығармашылықтың мәнісі мен формалары туралы ғылым.
Эстетика – философиялық ғылым
Эстетика – философиялық ғылым. Ендеше, ол да этика сияқты нақты ғылымдар
өлшеміне сай келмейді. “Эстетика” ұғымын ғылыми қолданысқа ХVIII ғасырдың
орта шенінде неміс философы Александр Баумгартен енгізді. Ол эстетиканы грек
тіліндегі “айстетикос” сөзінен құрастырып шықты. Этимологиялық тұрғыдан
алғанда “айстетикос” – сезім, сезіммен қабылданатын деген мағынаға ие.
Этимологиялық түбір әлі күнге “анестезия” сөзінде кездеседі.
А. Баумгартен сезім арқылы қабылдауға мүмкін кемелділікті әсемдік деп білген.
Әсемдіктің бірден-бір көрініс табатын саласы өнер деп қарастырған. Неміс
философы эстетикаға әсемдікті және оның өнерде көрініс табуын зерттейтін ілім
деген анықтама берген.
Сұлулық заңы бойынша адамның дүниені игеруге деген талпынысы А. Баумгартен
эстетика ұғымын енгізбей тұрып-ақ белгілі болған. Эстетиканың тікелей өнермен
байланыстығын есте ұстасақ, өнер тарихы – адамзат тарихы екендігін де
мойындаймыз. Адамзат есін білгелі өнермен бірге жасасып келеді.
Бізге белгісіз, бұлыңғыр ондаған мың жыл бұрын да өнердің бастапқы белгілері
байқала бастаған. Атап айтсақ, тас дәуірінің алғашқы кезеңдерінің өзінде-ақ
адамдар өнердің алғашқы нышандарын тудырып, оны әрі қарай дамытып отырған.

4.

ЭСТЕТИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯЛАР
Негізгі эстетикалық категориялар – сұлулық пен сұрықсыздық,
асқақтық пен пасықтық, трагедия мен комедия болса, олар
қоғамдық байланыста, адам өмірінің әрбір саласында – өндірістікеңбек пен қоғамдық саяси қызметте, табиғатқа көзқараста,
мәдениет, тұрмыста т.б. жағдайларда дүниені эстетикалық тұрғыдан
ұғынып түсінудің көрінісі ретінде байқалады. Эстетикалық
тұрғыдан ұғынып-түсінудің субъективті жағы – ішкі сезімдерді,
талғамдарды, бағалауды, күйзелісті, идеяларды, мұраттарды
эстетиканы объективті өмірлік процестер мен қатынастарды
көрсете бейнелеудің өзіндік формасы ретінде қарастырады. Өнер,
көркем шығарма оның маңызды жағы ретінде қарастырылмады.
Эстетика өнердің мәнісі мен оның заңдылықтарын зерттей отырып,
арнаулы, теориялық және тарихи ғылымдармен және өнер туралы
ғылымдармен тығыз байланыста дамыды. Бірақ Эстетика –
негізінен философияның бір саласы. Ол адамның ақиқатқа
эстетикалық қатынастарының (оның ішінде өнердің) жалпы
заңдылықтарын зерттейді, ал өнер зерттеу ғалымдары өнердің қазқалпындағы ерекшелігіне назар аударады.

5.

ЭСТЕТИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯЛАР
Философия сияқты дүниетану ғылымы бола
отырып, Эстетика эстетикалық сана мен өнердің
қоғамдық болмысқа, адам өміріне көзқарасы
туралы мәселені шешуді өз проблематикасының
басты назарына қояды. Осы мәселенің
материалистік шешімін басшылыққа ала отырып,
Эстетика өнердің табиғаты мен көркем
шығармашылық процесінің түрлі жағын: өнердің
шығу тегін оның мәнісін және қоғамдық сананың
басқа формаларымен байланысын, оның тарихи
заңдылықтарын, көркем образдың ерекшеліктерін,
өнердің мазмұны мен форманың өзара байланысын,
көркемдік әдіс пен стильдің маңызын, т.б. ғылыми
тұрғыдан ашып көрсетеді.

6.

ӨНЕР
Өнер – мәдениеттің маңызды саласының бірі.
Сондықтан болар “өнер – мәдениет айнасы” деген
қанатты сөздің қалыптасқандығы. Өнердің шынайы
мәнінің діңгегі – сұлулық, әсемдік. Сұлулық, әсемдік
– адамды ерекше бір жан ләззатына бөлейтін сезім
тудырар қасиет. Соның нәтижесінде, өнер көңілкүйді,
сезімді
білдіреді,
соларға
тікелей
байланысты. Өнер адамды имандануға, жан
дүниесімен біртұтас нұрлануға бастайды. Өнердің
басты мақсаты – қандай да бір жетілу, кемелдену
үлгісін, мұратын беру әрі соған адамды талындыру,
құштар ету.

7.

ӨНЕР ФИЛОСОФИЯСЫ
Өнер
философиясы,
өнер
ілімі
болып
табылатын эстетика үшін де жоғарыда аталған
мақсаттар бірінші маңызды болмақ. Ендеше,
эстетиканы оқытудың, яғни, эстетикалық
тәрбиенің басты мақсаты – адамдарда өзінің
айналасындағы сұлулықты көре, сезіне білу,
бағалай және қабылдай білу қабілетін
арттырып, сұлулық заңдарына сәйкес өмірді
жаңартып, өзгертіп отыру.

8.

Шеллинг Фридрих Вильгельм Йозеф
(1775-1854)

9.

Шеллингтің
жасаған философиялық жүйесінде
өнер ерекше орын алады. Егер Иммануил Кант пен
Иоганн Фихтенің философиясында адамның
моральдық жетілуі тарихтағы негізгі нәрсе ретінде
көрсетілсе, Шеллинг оны өнерден, эстетикалық
санадан көреді. Соңынан орыстың ұлы жазушыойшылы Федор Достоевский осы ойға сәйкес
“Әсемдік әлемді құтқарады” деген нақыл сөзді
айтқан болатын.

10.

Шеллингтің ойынша, әлемді тек қана әсемдік
арқылы ғана жете түсініп-сезінуге болады, өйткені
“универсумның (әлемнің) өзі абсолютті өнердің
туындысы”, табиғаттың өзі “рухтың бейсаналық
поэзиясы”. Күннің шығуы мен батуы, аралардың
ұясы, неше түрлі гүлдердің түрлері мен иістері,
құстардың неше түрлі безенуі, жануарлардың дене
құрылыстарының әсемдігі т.с.с. – бәрі де бізді таң
қалдырады, өйткені Дүниедегі әр затқа шексіз
ақыл-ойдың тудырған идеалды ұғымы сәйкес
келеді.

11.

Ғылым мен өнерді салыстыра келе, Шеллинг
бірінші орынға өнерді, эстетикалық сананы қояды.
“Ғылым әрқашанда өнер саласында алғашқы
ашылған, сезінілгеннен кейін жүреді”. Шеллингтің
бұл ойын растайтын бір мысалды келтірейік. 1970
жылдардан бастап, бұрынғы кеңес қоғамының
құлдырай бастағанын, оның алдағы болашақта
тарихи тұйықтыққа келіп тірелетінін алғаш
сезінген өнер қайраткерлері болатын. Ал
ғалымдарға келер болсақ, олар тек сол қоғам
келмеске кеткен уақыттан бастап қана оны
сараптай бастады.

12.

Шеллинг өнер саласын, негізінен, екіге бөледі.
Біріншісі – реалдық өнерлер. Оған ол музыканы,
сурет, архитектура мен скульптураны жатқызады.
Екіншісі – лирика, эпос және драма. Егер
біріншіге жататын өнер салалары көбіне дене
әсемдігіне көңіл бөлсе, екіншілер, одан да жоғары –
рухани әсемдікті көрсетеді. Әрине, бұл
классификацияға күмәндануға әбден болатын
сияқты. Музыка арқылы сөзбен жеткізе алмайтын
нәзік сезім толқындарын тудыруға болатынын
бәріміз де білеміз, олай болса оны екінші топқа
жатқызуға, әрине, болар еді.

13.

Шеллингтің ойынша, ең биік өнер – ол поэзия. Ол
арқылы Абсолют өзін-өзі ең терең түрде сезіне
алады. Соңынан, ХХ ғасырда өмір сүрген ұлы неміс
философы Мартин Хайдеггер бұл пікірді
толығынан қолдап, поэзияда философиялық ойөрістің шеңберінде ашылмаған болмыстың
сырлары ашылады деген болатын.

14.

Қолданбалы өнер. Көркем шығармашылықтың ең ежелгі
және қазіргі күні де дамып отырған түрлерінің бірі қолданбалы өнер. Ол сұлулық заңдарына сәйкес құрылған
тұрмыс жабдықтарында іске асады. Бұл тек пайдалы заттар
ғана емес, оның қолданылуын білдіретін көркемдік бейнесі
(образы) бар әдемі заттар болып та есептеледі. Бізді
қоршаған заттар, біздің тұрмысымызды, күнделікті
өмірімізде қажеттіліктерімізді өтейтін заттар өнердің
шыңына дейін көтерілуі мүмкін. Қолданбалы өнер өзінің
табиғаты жағынан ұлтжанды, ол халықтың әдет-ғұрпынан,
салт-дәстүрінен, наным-сенімдерінен туындап, оның
өндірістік әрекетіне, тұрмысына жақын болады.
Қолданбалы өнердің туындылары өзінің қайталанбас
индивидуалдылығымен ерекше көзге түседі. Бұл оны
жаратушы – суретшінің, қолөнершінің бүкіл тұлғасы мен
талантын сақтап қалатын уникалды туындылар. Жаңа
заманда өндірістің дамуы заводтық тәсілдің енуіне орай
туындаған жаратушының индивидуалдылығының белгісін
өшіре бастады. Бірақ өнеркәсіпке суретшінің келуімен
дизайн дамуы басталды.

15.

Сәулет өнері (архитектура). Адам еңбек құралын даярлауды
үйренгеннен кейін, енді оның тұрағы үңгір немесе ұя емес,
эстетикалық кейіпке келген мақсатты құрылыс болды. Құрылыс
сәулет өнеріне айналды. Архитектура (грекше archіtektoh құрылысшы) – адамның тұрғын үйге және қоғамдық орынға деген
қажеттілігін өтеуге негізделген ғимараттар мен құрылыстарды
салу барысында нақтылықтың сұлулық заңы бойынша
қалыптасуы. Сәулет өнері табиғаттан бөлек, стихиялық ортаға
қарсы тұратын және адамдарға өздерінің материалдық және
рухани қажеттіліктеріне орай адамдарға кеңістікті пайдалануға
мүмкіндік беретін тұйық утилитарлы- көркем игерілген әлем.
М.В.Ломоносов бұл өнердің ерекшелігін анықтай отырып ,былай
деп жазды: “Сәулет өнері күш-жігерін жинақтап, зәулім ағаштар
мен зіл-батпан тастарды бағындыра отырып, мекен етуге
қолайлы, көз тоймайтын әдемі, ұзақ уақытқа шыдайтын берік
ғимараттар соғады” (Шығ. тол. жин.,- Л.,1959,т.8, - 808 б.). Сәулет
өнерінің арқасында “екінші табиғаттың” құрамдас бөлігі – адам
еңбегінің арқасында дүниеге келген және оның өмірі мен әрекеті
сонда өтетін материалдық орта пайда болады.

16.

Живопись (сұңғат өнері). Живопись өнердің ең ежелгі түрлерінің біріне
жатады. Живопись өзінің қазіргі түсінігінде жазудың бір түрі ретінде
қарастырылады. Өзінің не істегенін жазуға талпыну, графикалық түрде
көрсетуге ұмтылу адамға әуел бастан-ақ тән. Алғашқы қауымдық адамның
жартасқа салған суреттері осыны дәлелдейді. “Живописьті өз ерекшелігінде
ұғыну үшін, біз оның ең маңызды элементі – түсті назарға алуымыз керек.
Живопись түсті жазу немесе жазу мен түстің синтезі болып табылады.
Живописьтің толық анықтамасын алу үшін түс пен жазуға сызықты
(линияны) қосуымыз керек: живопись – сызуы бар түсті жазу. Осылайша жазу,
түс және сызу жинақталып живописьтің мәнін құрайды” (Нұржанов Б.Ғ.
Культурология: курс лекции. 77-бет.).Түсті, суретті, коммуникацияны, бояуды
пайдалана отырып живопись табиғаттың, адамның өмірі мен әлеуметтік
процестер туралы кең көзқарасты білдіріп, нақтылықтың колоритті
байлығын, оның кеңістіктілігі мен материалистілігін бейнелейді.
Материалдардың (түс пен сызу) белгілі бір бояушы пигменттерді таңдау
нәтижесінде олардың қолдану техникасының және оларды
байланыстырушыларының (май, желім т.б) жиынтығы живопистің
әртүрлілігін тудырады: майлы живопись, сылақтағы живопись (фреска) және
т.б. Көрерменге терең эмоциялық әсерін тигізетін живопистегі жанрлар
(тарихи, тұрмыстық, пейзаж, портрет, натюрморт) мен түрлердің
(монументалды-декоративті, станокты живопись немесе картина, икон жазу,
панорама және диаграмма) адамдардың рухани мәдениетінің,
дүниетанымының қалыптасуына ықпал етеді.

17.

Мүсін өнері (скульптура.) Мүсін өнері –
құбылыстардың өмірлік бейнесін бере алатын,
материалдарда таңбаланатын, әлемді пластикалық
образдарда игеретін кеңістіктік-бейнелеуші өнер.
Мүсіндік туындыларды мрамор, гранит және басқа
тастардан қашайды, ағаштан ойып, саз балшықпен
жабыстырады. Жұмсақ материалдар уақытша деп
есептеледі, олармен жұмыс барысында онан ары
сақталу үшін қоладан, шойыннан құю көзделеді. Адам
мүсін өнерінің жалғыз болмағанымен ең басты обьекті.
Анималистер жанурлардың бейнесін сомдайды.
Дөңгелек мүсін адамды қоршаған ортаның
бөлшектерін ғана бейнелейді. Мүсіннің барьелеф және
горельеф сияқты түрлері живопиське, графикаға
жақындайды.

18.

Әдебиет. Әдебиет әлемді көркем сөзбен игереді. Оның саласына
табиғи және коғамдық құбылыстар, ірі әлеуметтік катаклизмдер,
халық бұқарасының қозғалыстары, тұлғаның рухани өмірі, оның
сезімдері енеді. Барлық адамзаттық тілмен байланысты және
тілге қатысты бар нәрсе адамға тән. Халық тудырған тіл бүкіл
тәжірибені өзіне жинақтайды және ойлау формасына айналады.
“Тілдер – бұл жылнамалар үзінділерінде сақталмаған тарихи
мәліметтердің қоймасы, тілдер – бұл өртенбейтін, жанбайтын,
шайылмайтын, идеология ықпалына берілмейтін архив. Атабабалардың сансыз ұрпақ алмасуларынан бізге қалған басты
интеллектуалдық мұра” (О.Сүлейменов. Язык письма. АлматыРим, 1998, 203-бет.). Тіл қалыптасуының тарихи процесінің өзі
әлемді ассоциативті қабылдауға, нақтылықты көркем бейнелеуге
дайындады. Әдебиет өзінің әртүрлі жанрларында әрекетті
драмалық тұрғыда қайта қалпына келтіру арқылы, оқиғаларды
этикалық тұрғыда баяндау арқылы немесе адамның ішкі әлемін
лирикалық тұрғыда ашу арқылы осы материалдарды қамтиды.

19.

Театр. Театр – әлемді драмалық әрекет арқылы көркемдік тұрғыда
игеретін, оны актерлар көрерменнің көз алдында іске асыратын өнер
түрі. Театрдың негізі – драматургия. Сонымен қатар ол өз құрамына
живописьті, мүсін өнерін, кейде сәулет өнерін (декорация), кейде кино,
музыка, би өнерлерін де енгізеді. Театр өнерінің синтетикалылығы оның
ұжымдық сипатымен анықталады: спектакльде драматургтың,
суретшінің, сазгердің, актердің шығармашылық күш-жігерлері
біріктіріледі. Театрдағы көркемдік бейненің “құрылыс материалы” – тірі
адам, актер. Драматург пен режиссердің ойы актер арқылы іске асады. Ол
сахнадағы барлық нәрсеге театралдылық береді. Сахнада бөлменің
интерьерін, пейзажды, қала көшесінің кейпін дәл беруге болады, алайда,
егер актер өзінің сахналық әрекетімен шындықты тірілтпесе, бұл
декорацияның бәрі өлі бутафория болып қала береді. Және, керісінше,
актер пъесаның іс-әрекетіне сай жағдай мен ортадағы адамның бейнесін
дәл, толық бере алса, қоршаған ортаның ең жалпы деген белгілерінің өзі
(мысалы, Шекспир театрындағы сияқты,“бақ”, “дала” немесе “сарай”
жазулары бар тақтайшаларға дейін) театралдық өмірмен біте қайнасып
кетеді. Тетрдың маңыздылығының ерекшелігі, мұнда шығармашылық
акт (бейнені сомдау) көрерменнің көз алдында жүзеге асады. Осыған
байланысты театр аудиторияға әсер етудің орасан зор мүмкіншілігіне ие
болады. Кинода көрермен шығармашылықтың нәтижесін көрсе, ал
театрда процестің өзін көрсетеді. Спектакльдің ең басты ерекшелігінің
кілті осында. Өйткені театр – бұл ең алдымен актердің көрерменмен тірі
байланысы, аудиторияның көз алдындағы щығармашылық.

20.

Cпичрaйтинг – бұл жұртшылық aлдындa oқылуғa
нeмece aйтылуғa тиicтi мәтiндi, бaяндaмaны, cөздi
дaйындaу үдeрісі.
Cпичрaйтингтiң нeгiзiндe cөз өнeрi, лингвиcтикa мeн
пcихoлoгия жaтыр. Бұл ғылымдaрдың нeгiздeрiн бiлу
aудитoрияғa жұрыc әceр eтугe ықпaл жacaп, әдeмi дe
әceрлi мәтiн жaзуғa көмeктeceдi. Eң көп тaрaғaн әрi
мaңызды түрлeрi – caяcи жәнe icкeрлiк cпичрaйтинг.
Жұртшылық aлдындa cөйлeнeтiн мәтiндi дaйындaу –
бұл шeшeндiк cөздi дaйындaудың aлғaшқы әрi
мaңызды бөлiгi. Бұл мәтiндe нaқтылық, турaлық пeн
қыcқaлық eң мaңызды рөлдi aтқaрaды.

21.

Рeceйлiк ғaлым A.A.Чecaнoвaның «БAҚ; жaрнaмa
жәнe қoғaммeн бaйлaныc бoйыншa aнықтaмacөздiгiнeн», бiздiң пiкiрiмiзшe, eң нaқты мынaдaй бiр
aнықтaмaны кeздecтiрдiк: «Cпичрaйтeр – өзгe
бiрeугe хaлық aлдындa cөйлeйтiн cөзiн дaйындaп
бeрeтiн тұлғa».

22.

Cпичрaйтингтiң ғылымғa eнуi жaйлы әлi дe бiрiздi, нaқты
aқпaрaт жoқ. Coндықтaн, бiз cпичрaйтингтi РRтeхнoлoгиялaрдың бiрi дeп тaнитын бoлғaндықтaн, oның
ғылыми aйнaлымдa жәнe қoлдaныcтa пaйдa бoлғaн уaқытын ХХ
ғacыр eншiciнe қaлдырaмыз. Ceбeбi, жaлпы РR caлa рeтiндe coл
уaқыттa пaйдa бoлды. Дeгeнмeн, cпичрaйтингтiң пaйдa бoлуын
әр eлдiң ғaлымдaры әр кeзeңгe, әр пaтшaның тұcынa
бaйлaныcтырaды. Дeгeнмeн, oлaрдың бaрлығы cпичрaйтингтiң
жaзу пaйдa бoлғaннaн бeрi бaр eкeндiгiн мoйындaйды. Ғылыми
eңбeктeрдe eжeлгi грeктeрдe «cөз жaзушы» дeп aтaлaтын aрнaйы
aдaмдaр бoлғaны aйтылaды. Oлaр, бaй aдaмдaрғa aрнaп
тaпcырыcқa cөз жaзғaн. Ceбeбi, бaй-шoнжaрлaр дүниeгe бaр
бoлғaнымeн, cөзгe шoрқaқтaу кeлгeн. Дeгeнмeн, aрнaйы
cөздeр қaзiргiдeгiдeй мaмaндaнғaн, кәciби түрдe жaзылмaйтын.
Cпичрaйтинг ритoрикa яғни шeшeндiк өнeрмeн тығыз
бaйлaныcты. Бiрaқ, шeшeндiк өнeр өзiнiң caн-caлaлы әдici бaр,
тұтacтaй ғылыми зeрттeулeр aрнaлғaн caлa. Aл, cпичрaйтинг coл
шeшeндiк өнeрдiң нeгiзгi принциптeрiнe cүйeнe oтырып қызмeт
eтeдi. Cөздi тaуып aйту, фaктiлeргe cүйeну, хaлықты илaндырa
бiлу cынды нeгiзгi принциптeр бaр.

23.

Пиaрғa қaтыcты oқуылықтaрды қaрaп oтырcaңыз,
cпичрaйтинг тeрминiнe бeрiлгeн мынaдaй
aнықтaмaлaрды тaбуғa бoлaды:
Aуызшa aйтылуғa aрнaйы жaзылғaн нeмece кeңec
бeрудiң aрнaйы aуызшa фoрмacы үшiн жaзылғaн РRмәтiн aрқылы жүргiзiлeтiн РR-тeхнoлoгия. Тaр
мaғынacындa, РR-дың бaзиcтiк cубъeктiciнiң
жeтeкшici көпшiлiк aлдындa cөйлeугe тиic cөзiн жaзу.
Icкeрлiк ритoрикaның бiр бөлiгi, oқу пәнi.
Бұл пиaр-тeхнoлoгия coңғы уaқыттa өзiнiң мaңызды
eкeндiгiн дәлeлдeп кeлeдi. Cпичрaйтинг ғылыми
aйнaлымғa eнгeлi көп уaқыт бoлғaн жoқ. Бiрaқ, oл тeк
тeрмингe бaйлaныcты aйтылaтын дүниe. Aл жaлпы
cпичрaйтингтiң нeгiзгi бacтaулaры көнe грeк, рим
дәуiрiндeгi шeшeндiк өнeрдeн бacтaу aлaды.

24.

Cпичрaйтинг – тiл бiлiмiн зeрттeушiлeрмeн қaтaр
пcихoлoгтaрдың, әлeумeттaнушылaр мeн caяcи
ғылымдaрдың дa қызығушылығын тудырaтын
caлa. Ceбeбi cпичрaйтeрлeр caяcaткeрлeр үшiн
мaңызды қызмeттeрдiң бaрлығын aтқaрaтын тұлғaлaр
бoлып caнaлaды. Көпшiлiк aлдынa шығып cөйлeу
үшiн кeз кeлгeн caяcи қызмeткeр aлдымeн өз
cпичрaйтeрлeрiмeн нeмece cпичрaйтeрiмeн cөйлeciп,
aқылдacып, aлдын-aлa дaйындaлғaн мaтeриaлдaрмeн
тaныc бoлып aлaды. Coднaй кeйiн ғaнa oл көпшiлiк
aлдынa шығaды. Cпичрaйтинг – бeлгiлi бiр aудитoрия
aлдындa aйтуғa нeмece oқуғa aлдын aлa мәтiндi
дaярлaу үдeрici. Бұл үдeрic бaрыcындa бiрнeшe
кeзeңдeр мeн бeлгiлi бiр жүйe бoйыншa жұмыc
жacaлaды.

25.

ҚОРЫТЫНДЫ
Сонымен, тек өнерде ғана адам өлшенбейтін, бұл
өмірде жоқ ғажапқа іштей беріліп, жан
тыныштығына иеленеді. Ал ол – өлшемі жоқ
ғажап, ол – Құдай.
Абсолют ұғымы – оның тек қана сөзбен берілген
аты ғана. Соңынан Шеллинг өнердің Құдай
идеяларына қатыстығы бар екенін көрсетіп,
өнерді сүйіп-түсінудің өзі Құдайдың адамға
жауған нұры деген.

26.

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!
English     Русский Правила