Похожие презентации:
Өнер философиясы
1.
Қ . А . Я . АТА Ң Д А ҒЫ Х А ЛЫҚА РА ЛЫ Қ Қ АЗ А Қ -ТҮ Р ІКУ Н ИВ Е Р С ИТ Е Т І
БӨЖ
Тақырыбы: Өнер Философиясы
Қабылданған: Қалдыбай Қ.
Орындағын: Хамида С.
Топ: ЖМ 107
2.
ЖОСПАР1.Өнер - мәдениет феномені
2.Өнер философиясының тарихи типтері
3.Эстетика өнер философиясының
теориялық негізі ретінде
4.Қазақ халқының өнер философиясы
3.
ӨНЕРӨнер - бұл көркем кейіпі түрінде
шындықты шығармашылықпен бейнелеу
және жаңғырту. Көркем шығармашылық бұл идеяны сезімдермен қабылданатын
бейнелерде іске асыру.
Өнер деп көркем шығармашылықты да,
оның нәтижесін
көркем өнімін де
атайды.
Өнер
қоғамдық сананың түрлеріне
жатады.
4.
ӨНЕРДІҢ АДАМ ӘЛЕМІНДЕ ОРНЫӘрбір адам үшін өнер - өмірдің
ажыратылмас бөлігі.
Өнер адамға жақсы әсер етеді,
көңіл-күйін
көтеріп,
басқа
адамдардың ішкі жан дүниесін,
сезімдерін
түсінуге,
олардың
қуанышы мен уайымына ортақ
болуға бағыттайды
5.
ӨНЕР АРҚЫЛЫ ТАНЫМНЫҢЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
o Дүниені көркем кейіптер
арқылы бейнелеу
o Сезімдермен қабылданатын
көрнекі сипаты
o Дүниені субъективті қабылдау
6.
ӨНЕР – МӘДЕНИЕТ ФЕНОМЕНІӨнер қоғамның рухани
мәдениетін жеткізіп тұрады
Пейзаж, натюрморт, портрет, музыка, мүсін өнері
немесе сәулет өнері белгілі
дәуірдің мәдени менталитетін
көрсетеді
Мәдениет феномені ретінде
қарастырылған өнер туралы
теория көркем шығармашылық үрдісінің жалпымәдени
бастауларын айқындайды
7.
ӨНЕРДІҢ ГЕНЕЗИСІӨнер 25-15 мың жыл
бұрын, палеолит дәуірінде
пайда болған және адамзат
тарихымен бірге дамып келе
жатыр
8.
ӨНЕРДІҢ ШЫҒУ ТЕГІ ТУРАЛЫТЕОРИЯЛАР
1. «Мимезис»
немесе
«имитация» теориясы
2. Діни теория
3. Биологиялық теория
4. Эротикалық теория
5. Ойын теориясы
6. Магия теориясы
7. Прагматизм теориясы
9.
«МИМЕЗИС» НЕМЕСЕ«ИМИТАЦИЯ» ТЕОРИЯСЫ
Өнер – бұл мимезис, имитация (грек
тілінен «mimesis» - еліктеу, қайталап
өндіру; көне үнді санскрит тілінен «im eto»
- «еліктеу).
Әуелгі кезде «мимезис» шарап ішу құдайы
Диониске табынушылықпен байланысты
көне грек абыздардың ритуалды билерін
белгілеген.
Пифагоршылар музыканы «аспандағы
әуендердің үйлесімділігіне еліктеу» деп
түсінген. Мимезис теориясын Платон және
Аристотель дамытқан.
10.
ӨНЕРДІҢ ШЫҒУ ТЕГІ ТУРАЛЫБИОЛОГИЯЛЫҚ ТЕОРИЯ
Биологиялық
теория
бойынша,
«адамның өнерге
қабілеті
табиғи
эволюция
жолымен қалыптасып, туа біткен
қабілетке айналды»
Өнер - «әшекейлеу инстинктіні»
жүзеге
асыру, басқа жынысты
өзіне қарату тәсілі деп түсіндіреді
Ч. Дарвин, О. Вейнигер, К. Грос
және т.б.
11.
ӨНЕРДІҢ ЭРОТИКАЛЫҚ ШЫҒУ ТЕГІТУРАЛЫ ТЕОРИЯ
Бұл теория З.Фрейд пен К.Юнг ілімдерінің
ықпалында
пайда
болған:
«өнер
шығармасының мазмұнында адамның
қиялынан туындаған бейнелер жатыр, ал,
көркем шығармашылық - «либидо»
(жыныстық құштарлықтың) көрінісі. Бұл
теория бойынша, алғашқы қауымдық
қоғамдағы өрнектер бейсаналықта жатқан
жыныстық тілектердің көрінісі, кез-келген
көркем бейне - жыныстық органдардың
символы деп түсіндіреді
12.
«ӨНЕРДІҢ ШЫҒУ ТЕГІ – ОЙЫН»ТЕОРИЯСЫ
Йохан
Хёйзинга
(1872-1945)
"Homo
ludens\"
(1938)
Бұл теорияның негізін қалаушылар – Ф.
Шиллер, Г.Спенсер, Г.Аллен, К.Гросс, К.
Ланге: «өнердің шығу себебі – бос
уақыттың болуы және адамның еңбекте
жойылмаған қүш-қуатын өзіне ұнайтын
ермекке жұмсау қажеттілікте. Ойын
ретіндегі өнер – «еліктеу». Мәдениет
туралы, сонымен бірге, өнер туралы
ойын концепциясын біртұтас түрде
тұжырымдаған
Голландияның
тарихшысы Йохан Хейзинга «Homo
ludens» («Ойыншы адам») атты еңбегінде
13.
ӨНЕРДІҢ ШЫҒУ ТЕГІ ТУРАЛЫ МАГИЯТЕОРИЯСЫ
Бұл теорияның негізін қалаушы С.
Рейнак: «өнердің түп тамыры көптеген
алғашқы қауымдық магиялық әдетғұрыптарда жатыр.
Бақсы-шамандар
алғашқы
биші,
суретші, әнші, музыкант қызметін
атқарған
14.
ӨНЕРДІҢ ШЫҒУ ТЕГІ ТУРАЛЫПРАГМАТИЗМ ТЕОРИЯСЫ
Джон Дьюи: «өнердің туындысы –
әлеуметтік теңсіздік жағдайда адамдар
араласуының жалғыз тәсілі»
Өнердің алғашқы шығармаларын
жасау ру-тайпаны анық әлеуметтік
мақсатқа жетуді көздеген: араласу,
қауымды біріктіру, дүние туралы білімді
ұрпақтан ұрпаққа жеткізу.
15.
ӨНЕРДІҢ ТАРИХИ ТИПТЕРІҚоғамның тарихи дамуына сәйкес
өнердің тарихи типтері қалыптасқан:
- алғашқы қауымдық қоғамның өнері
- Ежелгі Шығыс және антикалық өнер
- ортағасырлық өнер
- Қайта Өрлеу дәуірінің өнері
- Жаңа заман өнері
- XIX ғ. екінші жартысындағы өнер
- қазіргі заман (XX-XXI ғғ.) өнері
16.
ӨНЕРДІҢ НАҚТЫ-ТАРИХИСИПАТЫ
Ипполит Адольф Тэн
(1828-1893) ,француз
философы, өнертануда
мәдени-тарихи мектептің негізін қалаушы
«Өнер философиясы »
(1869)
Ипполит Тэн: «…қайсы-бір
көркем шығарманы, сүретшіні немесе сүретшілер мектебін
түсіну үшін, сол замандағы
ақыл-ойдың және өнегеліліктің даму деңгейін дәлмедәл көз алдымызға елестетуіміз керек»
17.
ӨНЕРДІҢ ТҰЛҒАЛЫҚ СИПАТЫӨнерді тұлға жасайды және өнердің
үндеуі тұлғаға бағытталады. Өнер адамның
барлық сезімдерін, уайымдарын жеткізеді,
адамның мінез-құлқысының, қылықтарының себептерін ашып береді.
Суретші құбылыстардың, оқиғалардың
ішкі мән-мағынасын индивидуалды бітім,
кейіп түрінде көрсетеді.
Өнер
философиясының
мәселелері
адамның психикасы мен психология
мәселелерімен тығыз байланысты
18.
КӨРКЕМ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚТЫҢСУБЪЕКТІСІ
Бұл
- жасаушы, суретші; егер
өзінің
жасампаз
қасиеттері
ең
жоғарғы деңгейде көрініс берсе, ол гений. Ол суреттерде, фрескаларда,
мүсіндерде,
музыкада,
әдебиетте
әсемдікке ұмтылысты білдіреді
Оның дарындылығы, таланты –
оның
көркем
әрекетінің
алғышарты. Оның шығармашылығының стимулы қиялында
қалыптасқан бейнелерді сезімдермен
қабылданатын түрде бейнелеп жеткізуге рухани қажеттілік
19.
АНТИКАЛЫҚ МӘДЕНИЕТТЕГІ ӨНЕРАнтика мәдениетінде өнер мимезис (еліктеу)
деп түсіндіріледі. Мүсін және сурет салу,
қолданбалы
өнерде, әдемі және үйлесімді
дамыған азамат, ерлік көрсеткен жаунгер,
патриот бейнеленген. Оның атлетикалық
жаттыққан денесінің сұлу-лығы оның рухани
байлығымен,
әдептілігінің
тазалығымен
тіркеседі. Грек сүретшілер адам денесінің
құрылымын, оның мүшелерінің үйлесімділігін,
әсіресе,
Олимппиялық
ойын
кезіндегі қимылда-рының пластикасын зерттеп
бейнелеген.
20.
СОФИСТЕРДІҢФИЛОСОФИЯСЫ
АНТИКАЛЫҚ
ӨНЕР
Софистердң
сұлулықты
түсінуінің
ерекшеліктері:
- субъективизм: «әркім сұлулықты өзінше
түсінеді»,
- релятивизм: «сұлулық салыстырмалы
сипатта»
- гедонизм: «сұлулық – бұл көзге және
құлаққа жағымды нәрсе»
Софистер әсемдіктің көзі деп «дүние емес,
бір нәрсенің сұлулығын қабылдауға қабілеті
бар адам», - деп санаған. Өнер софистер үшін
«елес, иллюзия, сағым, «алдап көтермелейтін
өтірікті»
жасау.
Өнердегі
образдарды
(бітімдерді, кейіптерді) адам жасағандықтан,
олар дүниенің бейнесі емес»
21.
СОКРАТ ӨНЕР ТУРАЛЫСократ
б.д.д.
470- 399
Сократтың пікірінше,
«өнер - бұл
құбылыстарды жәй көшіру емес, ол дүниені
еліктеу арқылы бейнелеу. Суретші дүниені
зерттеп,
көптеген
жалқы
заттардың
белгілерін таңдап, жинақтап, жалпылайды.
Осындай әрекет арқылы өзгертілген табиғат
идеалға дейін көтеріледі. Сократ өнерде
адамның рухани қасиеттерін, яғни түрі-түсі
де, пропорциясы да болмайтын жанның
қалпысын бейнелеу мүмкін бе? - деген сұрақ
қояды.
Сократ
өнер
философиясына
«калокагатия» ұғымын (грекше: «калос» –
«әдемі; «кагатос» – «ізгі») еңгізді
22.
АРИСТОТЕЛЬДІҢ ӨНЕР ФИЛОСОФИЯСЫАристотель: «Әдеміліктің негізгі
белгілері
–
кеңістіктегі
тәртіп,
ұйқастық
және
анықтылық»
(Аристотель «Метафизика»)
Өнер, Аристотельдің пікірінше,
дүниені «мимесис», яғни еліктеу
арқылы
бейнелейді
Аристотель
өнердің
өнеге-тәрбиелік
маңызын
«катарсистен» (адам жанын күйзеліске
түсу арқылы тазартудан) көрген.
Аристотель
(б.д.д.
384-322жж. )
23.
ХРИСТИАНДЫҚ ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ӨНЕРҚасиетті азапкер
әулие Меркурий
(III ғ)
Романдық стиль
Батыс еуропалық ортағасырлық көркем сананың
ерекшелігі – азапкер адамның кейіпі. Өнер сюжеттері
қарапайым адамның, қайыршының, елкезбенің азап
шегуімен байланысты.
Ортағасырлық өнер Құдайдан берілген нұрлану
ретінде түсіндірілген, діни сипатта болған.
Сәулет өнерінде екі негізгі стиль қалыптасты:
романдық ((X-XII ғғ.) және готикалық (XII-XVI ғғ.
Романдық стильдің ерекшелігі —оның аласа, тапал,
салмақты сипатында. Үйлердің негізгі типтері
серілердің қамалы, монастыр жүйесі, шіркеу болған.
Готика стилі құдайға табынушылықты білдіріп,
жоғарғы құдіретті күшке, мәңгілікке бағытталған.
Сондықтан готика стиліндегі негізгі ғимарат көпшілік жиналатын шіркеу, яғни «собор» - болған.
Собор – қаланың қоғамдық өмірінің орталығы
болатын. Ол Христос патшаның жоғарғы билігінің
көрінісі ретінде танылған.
Шартрдағы собор (XII-XIV ғғ.),
24.
АВРЕЛИЙ АВГУСТИННІҢ ӘДЕМІЛІКТУРАЛЫ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
Августин
Аврелий
(354-430
жж.)
Августин Құдайды абсолютті әдемілік
ретінде түсінеді. Құдай дүниені сұлулық пен
парасат-тылық тәртіп заңдары бойынша
жаратқан.
«Әсемдік және соған сәйкестік» атты
еңбегінде Августин адам жанының әсемдігі
ізгілікте көрініс береді және игілікпен
ажыратылмас байланысты дейді. Августин,
Аристотельдің іліміне негізделіп, әсемдіктің
негізгі белгілерін - форма, тәртіп, ұйқастық
пен бірліктен - көреді.
Августиннің ілімі бойынша, әсемдікті
қабылдаудың негізгі жолдары - құлақпен
есту және көзбен көру
25.
АВГУСТИННІҢ ӨНЕРФИЛОСОФИЯСЫ
Августин Аврелий
(354-430 жж.)
Августин аспандағы Жоғарғы суреткер
Құдайдың шығармашылығы мен жер бетіндегі
суреткер
шығармашылығының
ұқсастығын
көрсетеді.
Христиандық өнер, бір жағынан, Құдайдың
даңқын, атын шығарады, екінші жағынан,
адамды
Құдай
берген
қағидаларға
сүйіспеншілікке,
ізгілікке,
әділдікке,
қайырымдылыққа шақырудың тиімді тәсілі
ретінде қызмет атқаруы керек.
Августиннің пікірінше, адамның ақыл-ойы
өнерді шығару жолына сөзден бастап құлақпен
естуге, естуден көзбен көруге, грамматикадан диалектика мен риторикаға, әрі қарай - музыка
мен поэзияға жетеді
26.
ИОАНН ДАМАСКИННІҢ ӨНЕРФИЛОСОФИЯСЫ
Иоанн
Дамаскин
(Мансур ибн
Серджун атТаглиби)
675-753 гг
Иоанн Дамаскин – Қасиетті бейне туралы теорияның
негізін қалаушы, икона салу өнерінің ережелерін ресми
түрде бекіткен:
- Әулие адамның суретін салуға болады, бірақ
символдық және аллегориялық түрде.
- Әулиенің өмірінде шын болған (Қасиетті кітапта
баяндалған) оқиғаларды бейнелеуге болады және керек.
- Христосты жер бетінде, адамдар арасында жүрген
түрінде суретке салуға болады, бірақ Құдай-Әкені
бейнелеуге болмайды.
- Әулиелердің бейнелері адамдарға керек – олар
шіркеуді әсемдейді, сауатсыздарға кітаптың орнын
толтырады, Құдайға сенім үшін көрсетілген ерлікті еске
салып тұрады. Біз иконаны көргенде суреткердің
шеберлігіне емес,
суреттелген қасиетті «алғашқы
кейіпке» құрмет көрсетеміз
- Иконалар ғажайып іс жасайды, өйткені оларда
суреттелген әулиенің құдіретті күшінің бір бөлігі бізге өз
әсерін тигізеді
27.
МҰСЫЛМАН ӘЛЕМІНДЕГІӨНЕР
VII ғ. пайда болған ислам сурет пен мүсін өнерінде
адамдар мен Аллаh кейіпін бейнелеуге тыйым салды
Оның екі негізгі себебі:
1) табынушылықты
тудыратын
пұттарды
(идолдарды) жасауға жол бермеу;
2) «Жаратушыға ұқсатуды» айыптау.
Бұл тыйым салу Мухаммед-пайғамбардың
хадистерінде айтылған:
«Әрине, адамның және Құдайдың суретін
салғандар, Құдай Соты күні азап шегеді. Оларға
айтылады: «Өздерің жасағандарыңды, тірілтіңдер»
«Құдай Соты күні бітім жасау қабілеті жағынан
өздерін Құдайға ұқсататындар ең ауыр азап шегеді»
Бұл тыйым салу нәтижесінде сәулет өнері,
каллиграфия,
мозаика,
миниатюра,
өрнектер
салынған керамика, көркем шыны, кілем тоқу өнері
гүлденіп шықты
28.
ӘЛ-ФАРАБИДІҢ ӨНЕРФИЛОСОФИЯСЫ
Абу Насыр
ибн
Мухаммед
әл-Фараби
(870-950)
Әл Фараби әдеміліктің көзін шын дүниеден,
табиғаттан, адамнан көрген. Ол «еліктеу» мен
«үйлесімділік» деген ұғымдарды талдайды,
әсіресе,
«Музыка
туралы
үлкен
кітапта» музыкалық үйлесімділікке көп көңіл бөледі.
Бұл кітаптың негізгі идеясы - музыканы
қабылдауда
сезімнің
және
эмоциялық
қабылдаудың рөлін көрсету. Адамның дауысы
барлық музыкалық аспаптар үшін үлгі ретінде
қарастырылады.
Әуеннің
үйлесімділігі
дыбыстардың үндестігіне байланысты. Осыған
қарап, жетілген және жетілмеген әуендерді
ажыратады.
Абу Насыр
әл-Фараби өзі
«кипчаги» деп атаған музыкалық аспапты жасап
шығарған.
29.
ОМАР ХАЙЯМНЫҢ ӨНЕРФИЛОСОФИЯСЫ
Омар Хайям
(1048-1131), фарсы
философы
Омар Хайямның поэзиясында шарап пен
махаббаттың бейнелері өмірдің рәміздері
ретінде қолданылады. Шарап бейнесінде
болмыстың шын құндылығы көрсетіледі.
Шарап – өмірге қуаныштың, көңілденудің,
жастық шақтың, ақсақалдар даналығының
рәмізі. Шарап құмырада сақталады. Адам
денесі де қыштан жасалған құмыра. Ерте ме,
кеш пе, дене топыраққа айналады, одан жаңа
құмыра жасалады. Осылай даналық ұрпақтан
ұрпаққа өтіп жатады.
Омар Хайям кез-келген жағдайда адам
болуға шақырады
30.
ИБН-РУШДТЫҢ ӨНЕРФИЛОСОФИЯСЫ
Абдуль Валид
Мухаммад
ибн Ахмад
ибн Рушд
(1126-1198)
Ибн-Рушд поэзия өнерінің тәрбиелік рөліне
назар аударады: ол «кең әлеуметті» тура жолға
салуға
пайдалы,
адамдарды
дұрыс
қылықтарды жасауға бағыттайды және жаман
қылықтардан бас тартқызады.
Поэзия мен риториканың айырмашылығы
мынада: егер біріншісі «ол қандай» десе,
екіншісі «ол не болып табылады» дейді.
Риторикамен
салыстырғанда,
поэзияда
рационалдық дәлелдердің орнын бейнелер
алады. Сондықтан, поэзия сөзінің ақиқат пен
жалғандыққа ешқандай қатысы жоқ
31.
ИБН-АРАБИДІҢ ӨНЕР ФИЛОСОФИЯСЫИбн-Араби
Мухйиддин Абу
Абдулла́х Муха́ммад
ибн Али альАндалуси
1165-1240
«Суфизмның аса
ұлы шайқысы»
Ибн-Араби өнерді шеберлік (арабша:
сан*ат) ұғымы арқылы сипаттайды, оны көзге
көрінетін мен жасырындының бірігетін орны
деп есептейді. Өнер - ақиқаттың көрінісі:
«Болмыстағы шеберлік арқылы ақиқат
көрінеді»(Ибн-Араби.
Хекмат,
211
бет).
Сондықтан өнердің негіздері табиғаттан тыс,
құдайлық, мистикалық мән-мағынада және
білімде.
Өнердің маңызды рөлі - адамды рухани
дамытуда. Өнерде Құдай жаратқан адамның
мәні көрінеді. Құдайдың бейнесі ретінде, адам
бір уақытта Құдай өнерінң шығармасы ретінде,
екінші жағынан, өзі де суреткер ретінде
шығады.
Өнер – бұл адамның шексіз мәңгі ақиқатты
терең түсуінің нәтижесі
32.
ДЖАЛАЛАДДИН РУМИДІҢ ӨНЕРФИЛОСОФИЯСЫ
Джалал ад-Дин
Мухаммад Руми
(1207-1273жж)
«Ішкі мән-мағына
туралы поэма»
(Маснави -и
манави)
Д. Руми – иран ойшылы, суфизм поэзиясының
өкілі. Оның дүниеге көзқарасына Абу Хамид альГазалидің философиясы ықпал еткен. Поэзия
арқылы Руми Қудайға махаббатын білдіреді. Құдайы
мәнімен адамның мистикалық сипатта бірігіп сіңіп
кету үрдісі (Фана) шексіз:
«Сенің бейнеленген нұрың - менің жанымның
нұрын тудырады,
Басқаларға жүректің соққанындай көрінбейді.
Сенің сұлулығыңнан- махаббатқа үйренемін,
Сенің лебізіннің негізінде менің өлеңдерім
шығады»
Руми үшін адам денеден, жаннан, ақыл-ойдан
және «өте жіңішке рухтан тұрады». «Өте жіңішке
рух» пайғамбарларға және «Құдайдың достарына»
тән. Руми осындай Құдай таңдағандарды «Құдайдың
сұңқарларымен» салыстырады. Оларға қудайы
сипаттағы шабыт жоғарыдан ауық-ауық жіберіледі.
33.
ҚАЙТА ӨРЛЕУ ДӘУІРІНІҢ ӨНЕРІ(XIII-XVI ҒҒ.).
Антикалық
мимезис
принципінің
жаңғыруы - Қайта Өрлеу дәуіріндегі
өнердің басымды белгісі. Әдеміліктің
мәнін үйлесімділік және грация (сымбат,
мәнерлік) құрайды. Өнер шеберліктен
бөлініп
кетеді
және
көркем
шығармашылық
рухани
тәжірибенің
саласына шығарылады. Адам оның дене
мен рухы күштерінің үйлесімділігінде
өнердің негізгі тақырыбына айналады.
Суреткер «құдайы сипаттағы гений» деп
аталады
34.
Л.Б.АЛЬБЕРТИДІҢ ӨНЕРФИЛОСОФИЯСЫ
Леон Баттиста
Альберти
(1404-1472)
Ренессанс дәуіріндегі XVғ. өнер философиясының
орталығында итальяндық ойшыл-гуманистт Леон
Баттиста Альбертидің ілімі тұрған: «Сұлулық» – бұл
барлық бөліктердің қатаң ұйқасқан гармониясы
(үйлесімділігі)». «Сұлулық», «үйлесімділік» ұғымдармен
қатар
Альберти
«абыройлылық»,
«нәзіктік»,
«пайдалылық» деген ұғымдарды қолданады. Ол ұсынған
үйлесімді тұлға идеалы сол кездегі Италияның сурет
өнеріндегі, графика мен мүсін өнеріндегі кейіптерде
жүзеге асырылған. Альберти сәулетшінің өнерін өте
жоғары бағалаған. «Сәулет өнері туралы он кітаптарда»
ол үйлердің, көшелердің, алаңдардың әдемі сыртқы
келбетімен ерекшеленетін кемел қаланы суреттеп берген.
«Сурет өнері туралы» трактатта Л.Б. Альберти сурет
өнерін табиғатқа ұқсас бола алатын асыл өнер деп
сипаттайды. Сурет әдемілігінің құрамдас бөліктері:
силуэт, композиция ((орналасу тәртібі) және жарық –
дейді.
35.
ЛЕОНАРДО ДА ВИНЧИ ӨНЕР ТУРАЛЫЛеонардо да Винчи
(1452-1519)
Құпиялы кешкі ас (1498 т. )
Леонардо да Винчи сурет өнерін бірінші орындағы өнер деп
есептейді. Сурет өнері барлық өнерлерден гөрі ең көрнекі, және де ең
интеллектуалды өнер, яғни ғылымға тең. Сондықтан Леонардо сурет
өнерін мүсін өнерінен жоғары қояды. Леонардо суреткердің ақылын
құдайдың ақылына теңестіреді, өйткені жануарлардың, өсімдіктердің
қасиеттерін өктем түрде және еркін сипаттайды(Леонардо да Винчи
Сурет салу өнері туралы трактат)
36.
А.ДЮРЕРДІҢ ӨНЕР ФИЛОСОФИЯСЫАльбрехт Дюрер
1471-1528
неміс суреткер,
гравер, график,
ксилографияның
шебері, алғашқы
батыс-европалық
өнер ғалымы
Дюрер пікірінше, сұлулық заңдарын
математика тұрғысынан есептеп шығару
мүмкін емес, олар бір адамның қиялына емес,
табиғаттан
берілген
шын
нәрсеге
негізделеді.«Өйткені, әрине, өнер табиғатта
жасырынады; кім оны одан іздеп тауып алса,
сол оған ие болады». Өнердің екі тең
нүктелерден есебін бастайды : шын дүние мен
ақыл-ой.
Дюрер «ғажайып іс жасаушы» бейнелерді
Құдайға теңестіруге қарсы шыққан «иконаға
қарсы күресушілерді» жақтаған
37.
ҚАЙТА ӨНЕР ДӘУІРДІҢ ГУМАНИСТЕРІАНТИКАЛЫҚ ӘДЕБИЕТТІ ОҚЫП БІЛУ
ҚАЖЕТТІЛІГІ ТУРАЛЫ
Антикалық
әдебиетті
оқып
білу
арқылы
үйлесімді
дамыған
Эразм Роттердамский
тұлғаны
қалыптастыру,
(1466-1536)
адам табиғатын жақсарту — РоттердамдықЭразм
және Мишель де Монтень
гуманизмінің іргетасы
Мишель де Монтень
(1533-1592)
38.
XVII-XVIII ҒҒ. ЕВРОПАДАҒЫ ӨНЕРДІҢЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
XVII-XVIII ғғ. Европа өнерінде негізгі
бағыттар
қалыптасты:
сәулет
өнерінде
«классицизм», «барокко», сурет салу өнерінде
(портрет, пейзаж, натюрморт, тұрмыстық жанр,
жануарлардың
бейнелері)
және
көркем
әдебиетте ( Шекспир, Сервантес, Лопе де Вега
шығармаларында) реализм
XVII-XVIII ғғ. классицизм бағыты Р.
Декарттың рационализміне арқа суйенген. Үлгі
– Рим болған.
Классицизм өнерінің
ерекшеліктері: анықтылық, тәртіп, симметрия,
бейненің қисындығы, уақыттан тыс және мәңгі
сұлулықтың идеалы
Жетекші өнер ретінде театр, көркем әдебиет,
музыка танылады, олар сурет салу өнерінен гөрі
өз басымдылығын көрсете бастайды
39.
XVIII Ғ. ӨНЕР ФИЛОСОФИЯСЫЭСТЕТИКА ҒЫЛЫМЫ РЕТІНДЕ
Д. Дидро: Өнер «табиғи жаратылыстарға» еліктеуі керек (Д. Дидро
«Сурет салу
ойлар»)
Дени Дидро
1713-1784
Александр Баумгартен
1714-1762
тәжірибесі.
Өнер
туралы
Александр
Баумгартен
философия саласына «эстетика»
терминін
еңгізді
(грекше
«aisthetikos»
–
сезу,
сезімдік
қабылдау
Эстетиканың
категориялары
анықталды: әдемілік және ұсқынсыздық, асқақтық және төмендік,
трагикалық және комикалык
40.
ЭСТЕТИКА ӨНЕРФИЛОСОФИЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗІ РЕТІНДЕ
Эстетика –
табиғатта, өмірде,
көркем шығармашылықта әдеміліктің
мәні
мен
формалары
туралы,
қоғамдық сананың ерекше түрі
ретіндегі өнер туралы философиялық
ғылым
Өнер, бір жағынан, кәсіпшіліктен
айырылатын адам әрекетінің ерекше
түрі ретінде түсіндіріледі, екінші
жағынан, ғылым ретінде танылады
41.
ДҮНИЕНІ ЭСТЕТИКАЛЫҚТҰРҒЫДАН КӨРУ
Дүниені эстетикалық тұрғыдан көру – бұл
дүниенің әдемілік және ұсқынсыздық, асқақтық
және төмендік, трагикалық және комикалык
жақтарын көру. Бұл тек қана адамға тән
қабілет. Философиялық антропологияның өкілі
Г. Плесснер «күлү мен жылау - адамды
жануардан
айыратын
эксцентрикалық
реакциялар» деген.
И. Канттың пікірінше, дүниені эстетикалық
тұрғыдан көрудің ерекшелігі - «мақсатсыз
мақсатқа сәйкестік», яғни «адам әдемілікті
әдейі қуып жүріп іздемейді, бірақ оны кезкелген жағдайда бірден байқайды» деген. Бұл
эстетикалық объекттердің адамға таза ляззат
әкеліп беруге, адамның қиялына, рухани
әрекетіне дем беруге қабілеті.
42.
ӨНЕР ТУРАЛЫ НЕГІЗГІЭСТЕТИКАЛЫҚ ТЕОРИЯЛАР
o әдемілікті жеткізу теориясы
o басқа адамға сезімдерді жұқтыру теориясы (Л.Н.
Толстой)
o суреткердің «Мен» дегенін жеткізу теориясы
o гедонистік теория
o дүниені кейіп, бітім түрінде бейнелеу теориясы—
заттар мен құбылыстардың мәнін ұғындыру
теориясы
43.
НЕМІС КЛАССИКАЛЫҚ ЭСТЕТИКА (И. КАНТ, Ф.ШЕЛЛИНГ,
Г. ГЕГЕЛЬ, )
И. Кант
Ф.Шеллинг
Г. Гегель
Неміс классикалық эстетиканың жетістіктері:
- өнердің қасиетті құндылығын және қоғам
тарихында оның рухани рөлін дәлелдеп берді
(«өнер – адам әрекетінің жоғарғы принципі»).
әдемілік пен өнердің мәнін сипаттайтын
түйінді ұғымдарды ұсынды — «мақсатсыз
мақсатқа сәйкестік» (Кант), «құбылыстағы мән»
(Шиллер), «шектеуліде шексіздіктің бейнесі»
(Шеллинг), «абсолюттік идея оның сыртқы өзге
болмысында» (Гегель)
Гегель эстетика пәнінің анықтамасын берді:
эстетиканың пәні «әдеміліктің кең патшалығы,
дәлірек айтқанда, өнер саласы, немесе, одан да
дәлірек, - көркем шығармашылық».
44.
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ЭСТЕТИКАЛЫҚСАНА ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ:
- «мимезис» - өнердің негізі ретінде танылады:
а) зергерлік өнеріндегі «аң стилі»;
б) халық би өнерінде жануарлар мен құстардың
қымылдарына еліктеу ( мысалы, ежелгі «Өртеке»
биі)
- қазақ мәдениетінің прасимволы - шексіздік,
а) «кең дала» бейнесінде көрініс табады;
-б) киіз үй - ғарыштың бейнесі
- Төтемдердің қасиеттеріне еліктеу
а) қасқырдың сақтығын, батылдығын,
шыдамдылығын үлгі ретінде жоғары бағалау және
оған еліктеу
в) Қошқар-атаның бүгілген мүйізін өрнектің негізі
ретінде алу
- құндылықтардың экзистенциалды сипаты (тіршілікпен байланысы): «Жеті қазына», «Жеті ырыс»
- шешендік өнерінің (айтыс ) және домбырада
орындаған күй өнерінің үстемдігі
45.
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ӨНЕРІӨнер, кең мағынада, кәсіпшілдіктегі
шеберлік (зергердің, темірші ұстаның, киіз
және текемет тоқитын қолы шебер
әйелдердің, мазар құрылысшы ұстаның)
ретінде танылған;
- тар мағынада, көркем шығармашылық
(музыкалық
аспаптарда
ойын
өнері,
шешендік өнері, би өнері) ретінде танылған
Қазақ халқының кеңістіктегі өнер
түрлері: мүсін (даладағы тас балбал), сәулет
өнері (мазар), сәнді-қолданбалы, киіз-текемет
жасау өнері, тоқу, былғары бұйымдарды
жасау өнерде жүзеге асырылған ою-өрнек
Уақыттағы өнер түрлері: сөз өнері және
музыки
Кеңістік-уақыттық өнер түрі: би өнері
46.
ҰЛТТЫҚ АСПАПТАР - КОБЫЗ, ДОМБЫЫРА- КӨШПЕНДІЛЕРДІҢ РУХАНИ
МӘДЕНИЕТІНІҢ КӨРІНІСІ
Домбра және қобыз қазақтардың
неғұрлым
кең
тараған
музыкалық
аспаптары. Домбыра тартудың ерекшелігі
–
соло
(бір
адам
орындайды).
Орындаушылар: күйші, жыршы, сал, серi.
Қазақ халқының жадысында сақталған
есімдер – Кең-Бұга, Асан-Кайғы, ҚартНоғай,
Байжігіт,
Бежен,
Тәттімбет,
Қазанғап, Сейтек, Дина Нурпеисова және
т.б.
47.
КҮЙ - ҚАЗАҚ ӨНЕРІНІҢ ФЕНОМЕНІ«Казақ күйі домбырада орындалатын
музыкалдық пьеса. Күй классикалық
шығармалар мен
импровизацияны
орындау арқылы халықты оның тарихи
түп-тамырларымен және дәстүрмен
байланыстырады.
Күй
отбасының
немесе қауымның той-жиындарында
орындалады. Күйді орындаумен қатар
аңыздар баяндалады.
Домбырада орындалған күй өнері
қазақ
халқының әлеуметтік ынтымақтастығын нығайтуда маңызды рөл
атқарады және ұлттық бірегейлік
сезімді қалыптастырады
48.
ҚАЗАҚ КӨРКЕМШЫҒАРМАШЫЛЫҚТЫҢ
СУБЪЕКТІЛЕРІ - «САЛ» ЖӘНЕ «СЕРІ»
Біржан-сал
Кожағұл-ұлы
1834-1897
Ақан Сері́
Қорамса-ұлы
(1843—1913)
«Сал» және «сері» – қазақ халқының рухани
мәдениетін қолдаушылар және жеткізушілер. Олар
еуропалық мемлекеттердегі «көшпелі жұлдыздар» бард, трубадур, жонглер - сияқты дәл сондай рөлді
ойнайды.
«Сері» – «салдың» жаңа типі. Бұл білімді және
ақын,
әнші,
композитор,
күйші,
актердің
алуантүрлі талантқа ие болған шығармашыл
тұлғалар. Олар шебердің колымен тігілген әдемі
қымбат
киіммен,
еркін
мінез-құлқысымен
ерекшеленетін. Сал өжет, жомарт жанды адам
болатын. Сері шығармашыл тұлға ғана емес,
сонымен бірге саясаткер, аңшы, мерген болатын.
Халқымыздың мәдени жадысында Сегіз сері, Ақан
сері, Біржан сал, Шерке сал, Дәурен сал, Нияз сері,
Толыбай сал, Сейиткерей сері есімдері сақталған.
49.
ЭКЗИСТЕНЦИАЛДЫҚҚҰНДЫЛЫҚТАР - ҚАЗАҚТАРДЫҢ
ӘДЕМІЛІК ТУРАЛЫ ТҮСІНІКТЕРДІҢ
КӨРІНІСІ
«Жеті
қазына»
1. Ер жігіт
2. Сұлу әйел
3. Білім ілім
4. Жүйрік ат
5. Құмай тазы
6. Қыран
бүркіт
7. Берен
мылтық
«Жеті ырыс»
1) адамның ақылы, ой-санасы. Өйткені, адамзат
ақыл арқылы хайуанаттар дүниесінен бөлініп
ерекшеленеді, әрі дүниенің қожасы болды;
2) денсаулық, яғни дененің саулығы;
3) ақ жаулық, яғни үйдегі әйел адам — ердің жары,
балалардың анасы. Халқымыз ежелден “Бас екеу
болмай, мал екеу болмайды” деп, әйелді тіршілік
иесі, адам өмірін жалғастырушы деп қастерлеген;
4) бала. Бала — адам өмірінің жалғасы, қуанышы;
5) көңіл. «Көңіл мен пейіл кең болса, ынтымақ пен
береке орнайды»;
6) жер. «Жерсіз — ел тұл, ерсіз — жер тұл»;
7) ит. Ол әуел бастан-ақ адамға сенімді серік болған
50.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАНӘДЕБИЕТТЕР
Лотман Ю. М. Об искусстве. СПб., 1998.
Гегель Г.В.Ф. Лекции по эстетике. М.: Искусство, 1968.
.Лосев А.Ф. История античной эстетики Т. 1-8 М. 1963-1994
Лапшин И.Е. Лапшин И.Е. Философско-эстетическая
концепция искусства Аврелия Августина // Обсерватория
культуры. Российская государственная библиотека.
Информкультура. - №5, 2012. - с. 80-82.
Касымжанов А.Х. Эстетические взгляды Фараби. Д.1990.
143с.
Эстетика Ренессанса в 2-х томах, Том 1 / Сост. и науч. ред.:
В.П. Шестаков, М., «Искусство», с. 249.
Бычков В.В. Эстетика - М., 2004