6.66M
Категория: ОбразованиеОбразование

Киелі жерлер

1.

Ақтөбе облысы бойынша «Қазақстанның киелі жерлері
географиясына» республикалық деңгейде енгізілген
10 нысан
1. Абат-Байтақ қорымы
2. Қобыланды батыр мемориалдық кешені
3. Исатай батыр кесенесі
4. Әбілқайыр хан жерленген «Хан моласы» қорымы
5. Кенесары ханның қарындасы – Бопайдың моласы
6. Досжан ишан мешіті
7. Есет-Дәрібай Көтібарұлының кесенелері
8. Есет батыр Көкіұлының мемориалдық кешені
9. Ойсылқара қорымы
10. Жаманшың метеорит кратері.

2.

Абат-Байтақ қорымы
Ақтөбе облысы, Қобда ауданы,
Талдысай елді мекенінен
12 км жерде орналасқан.
Сипаттамасы:
Зират сәулетті – жоспарлық және
көркем өнер шешімімен
ерекшеленетін әртүрлі мемориалдық
құрылыстардан тұрады. Зираттың
ортасында 9,52×9,8 м көлемді, екі
бөліктен тұратын 11 – қырлы дағыра
мен конустық күмбезді Абат – Байтақ
кесенесі орналасқан. Кесене
күйдірілген кірпіштен салынған. Ішкі
қаланған қабаттарда қаттама кірпіш
қолданылған. Кесенеге жақын жерде
XVIII ғасырда Абат – Байтақ
кесенесіне ұқсас шитті күйдірілмеген
кірпіштен салынған басқа кесене
орналасқан. Халық арасында оны
«Қыз моласы» немесе «Әулие Қыз»
деп атайды.

3.

Қобыланды батыр мемориалдық кешені
Қобда ауданы, Жиренқопа ауылында орналасқан. Қобыланды батырға арналған
мемориалдық кешен 2007 жылы 8 қыркүйек күні ашылды. Мемориалдық
кешен орнатылған жерде ежелден Қобыланды батырдың моласы болған.
Кешеннің сәулетшісі Бек Ибраев. Кешеннің құрамына Қобыланды батырға
арналған мазар (пішіні батырдың дулығасы сияқты, оның биіктігі айшығына
дейін қосып есептегенде- 16м 89см, диаметрі 16 метр), пішіні садақ сияқты
ғимарат (онда батырға арналған «Данқ» бөлмесі және қосымша қызмет
бөлмелері орналасқан) және бірнеше белгі тастар кірді. (Олар 1996 жылы
орнатылған табиғи 2 тас, 2006 жылы қайта жерленгенде қойылған арнайы белгі
тас және Қобыланды батыр табынған, сиынған қасиетті деп есептеген меңгір тас
– «Қайрақ тас»).

4.

Исатай Тайманұлы кесенесі
Исатай батыр кесенесінің авторы- маңғыстаулық шебер-сәулетшіНұрсұлтан Имашев. Кесененің биіктігі 10,5 метрді, ені 6 метрді құрайды.
Кесене ішінде Исатай Тайманұлы мен оның ұлы Оспанның өмір сүрген
жылдары мен Исатай батырдың бейнесі салынған. Махамбет ақынның
Арыстан туған Исатай,
Дегеніне жете алмай,
Арманда өтіп кетті деп,
Қиналсаңыз біздерге,
Мың сан рахмет сіздерге!»
деген шумақ өлеңі қашалып жазылған.

5.

Кенесары ханның қарындасы
Бопай ханым қорымы
Бопай ханым арнайы жасақталған 600 адамнан тұратын қолды бастап,
көтерілісшілерді азық-түлікпен, қару-жарақпен, киім-кешекпен
қамтамасыз етуде айрықша қажыр-қайрат көрсеткен. Ол сын сағаттарда
қол бастап, қару алып, соғысқа да қатысады, тұтқынға да түседі. Соның
бәрінде де ерлік-табандылығымен, ақыл-парасатымен танылып отырған.
Кенесары ханның қырғыз жеріндегі ақтық шайқасында Бопай ағасымен
бірге шабуылға қатысқан.
Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Кілемжайған ауылынан солтүстікбатысқа қарай 15 км жерде.

6.

Бопай ханшайым — Абылай ханның немересі, Қасым төренің қызы, Кенесары ханның қарындасы,
1837-1847 жылдардағы Ресей отаршылдығына қарсы жүргізілген көтерілістің көрнекті тұлғасы.
Қасым төреден туған Санжар, Есенгелді, Ағатай, Көшек, Кенесары, Наурызбай сияқты алты ұлдың
ортасында ерке де еркін өскен Бопай ел ісіне ерте араласып, ақыл-көркімен жұрт аузына ілінген.
Төре Әбілқайырдың Сәмеке деген ұлына тұрмысқа шыққан Бопай одан алты перзент көрген. Ағасы
Кенесары Ресей отаршыларына қарсы ашық күреске шыққан кезде, яғни 1837 жылы Бопай өзінің
түскен жұртын көтеріліске қосылуға үгіттейді. Алайда қолдау таппаған соң, алты баласын ертіп
көтерілісшілерге келіп қосылады. Ел тағдыры сынға түскен шақта Бопай өзінің есейген балаларын
жорыққа баулып, жауапты шайқастарға салып отырған. Бұған Бопайдың он жеті жастағы баласы
Төреханның (Нұрхан) қанды шайқаста ауыр жараланып, орыстардың қолына түскені айғақ
(Е.Бекмаханов. Казахстан в 20-40 годы ХIХ века. − Алматы, 1947. 211-стр).
Бопай арнайы жасақталған 600 адамнан тұратын қолды бастап, көтерілісшілерді азық-түлікпен,
қару-жарақпен, киім-кешекпен қамтамасыз етуде айрықша қажыр-қайрат көрсеткен. Ол сын
сағаттарда қол бастап, қару алып, соғысқа да қатысады, тұтқынға да түседі. Соның бәрінде де
ерлік-табандылығымен, ақыл-парасатымен танылып отырған.
Кенесары ханның қырғыз жеріндегі ақтық шайқасында Бопай ағасымен бірге шабуылға қатысқан.
Батыр Бопайдың жерленген жері Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Кілемжайған ауылынан
солтүстік-батысқа қарай 15 шақырым жерде деген деректі тарихшы Серік Әжіғали өз
монографиясында жазған.
Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданында, Ырғыз бойында Бопай есімімен аталатын ауыл бар.

7.

Әбілқайыр хан жерленген «Хан моласы» қорымы
Ақтөбе облысы,
Әйтеке би ауданы,
Толыбай ауылынан
90 км жерде
Кешеннің авторы — сәулетші Бек Ыбыраев.
Кешен Әбілқайыр хан кесенесі мен үш
бөлікті алып ескерткіштен тұрады.
Ескерткіштің биіктігі — 23 метр. Әр бөліктің
астыңғы жағында «Әбілқайыр хан» деген
жазу бар және Ұлы Даланы жайлаған
барлық қазақ руларының таңбалары
салынған.

8.

Есет батыр Көкіұлының мемориалдық кешені

9.

КӨКІҰЛЫ ЕСЕТ БАТЫР МЕМОРИАЛДЫҚ КЕШЕНІ
Ақтөбе облысы Алға ауданы, Ақтөбе-Астрахань тас жолының бойында,
Бестамақ елді мекенінің күншығыс жағында, Елек өзенінен өткен жерде биік
қырдың басында батыр бабаның еңселі кесенесі тұр. Қыр етегінде қонақ үй,
тілеухана, музей, шаруашылық бөлмелері бар. Есет Көкіұлы – батыр, қолбасшы,
тархан, Жетіру тайпасының аға биі, батасы қабыл болған әулие. Тама Есет батыр
Көкіұлының еліміздің тәуелсіздігі жолындағы ерлік істері көне тарихтан белгілі.
Жоңғар шапқыншылығы кезінде Кіші жүздің қалың қолын басқарып, басқыншы
жауға қасқиып қарсы тұрған батыр бабамыздың ерлігі ұрпақтан-ұрпаққа өнеге
болып қалды. Қанша ғасыр өтсе де ерлігіне бас иген халқымыз Есет батырдың
зиратына тәу етіп, дертіне шипа іздеп келіп жатады. Батыр бабамыздың даңқына
сай бұл жерді рухани-мәдени орынға айналдыру қолға алынды. Шығыс үлгісінде
күмбезделіп салынған мемориалдық кешен заманауи үлгіде жабдықталған, алысжақыннан келетін қонақтар үшін барлық жағдай жасалған. Осында Есет батырдың
мұражайы да орналасқан. Қазір таңда осы мұражайды батыр өміріне қатысты
жәдігерлермен толықтыру ісі үздіксіз жүргізіп келеді.
Есет – «Тархан» шеніне ие болған үш батырдың бірі. Қазақтың әйгілі батыры
Есет Көкіұлы туралы тарихи деректер Орынбор облыстық мемлекеттік
мұрағатында, Санкт-Петербургтегі Орталық мемлекеттік мұрағатта, Мәскеудегі
орталық мемлекеттік әскери мұрағатында, Алматыдағы және Ташкенттегі орталық
мемлекеттік мұрағаттарында сақталған. Орыс елші-офицерлері Тевкелеевтің
күнделіктерінде, Неплюевтің жазбаларында, сонымен қатар ауыз әдебиеті мен
фольклорлық нұсқаларда батыр есімі кездеседі.

10.

11.

«Досжан ишан» мешіті
Мекенжайы: Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Шұбарқұдық ауылы
Досжан Қашақұлы хазірет - белгілі діни қайраткер. Кіші жүз Табын руының Қоңыр
тармағынан. Ел аузындағы әңгімелерде «Досеке хазірет» деп құрметпен айтылады.
Өзінің діндарлығымен, ағартушылығымен, дінге негіздеп халықтың басын бір
орталыққа біріктіруімен, далалық сәулет өнерін дамытумен және қазақ шежіресінің
негізін жинақтаумен қазақ тарихында із қалдырды. Атақ даңқы алты алашқа,тіпті ақ
патшаның өзіне дейін жеткен адам. Ол көптеген мешіттердің бой түзеуіне мұрындық
болды, оның тікелей басшылығымен салынған Доңызтаулық Қарашыңдағы Қайнар
мешітінің, Ойыл аңғарындағы Шилісулық Ишан ата мешіттерінің маңызы зор. Досжан
ишан Меккеге Нұрфайыс ишан және Жұмағали ишанмен (кей дерек бойынша 1874
жылы Құнанбай тобымен) бірге қажылық сапарға барған. Досжан Құран Кәрімді,
Мұқтасарды жатқа оқып, Меккеден 17 жасында жас хазірет деген атпен елге оралады.
Досжан ишан Меккеге үш рет барып, Абайдың әкесі Құнанбаймен танысып, екеуі
бірлесіп Тәкие-қонақ үй салдырған. Аталған қонақ үй Досжан ишан атына жазылады.
Ұлт тұтастығы мен дін тазалығы жолына бүкіл ғұмырын арнаған ұстаз, хазірет, шежіре
жинаушы, құрылысшы, егінші Қашақұлы Досжан қажы – дін тарихында жарқын есімі
қалған ардақты тұлғалардың бірі.

12.

«Есет-Дәрібай» кесенесі
Мекенжайы: Шалқар ауданы
Дәрібай, Есет Көтібарұлы бастаған ұлтазаттық қозғалыстың белсенді мүшесі
болды. Есет-Дарібайдың кесенесі ХІХ
ғасырда (1803-1889 жж.) өмір сүрген
халық батыры Есет Көтібарұлының
ескерткіші болып табылады. Шалқар
қаласынан 65 км қашықтықта
орналасқан, оң жағында Есеттің
мазары, ал сол жақта - ағасы
Дәрібайдың мазары.
«Қасиетті Қазақстан» картасына «Ұлт-азаттық көтеріліс батырларының кесенелері»
тізімі бойынша Ақтөбе облысынан қосылған нысандардың бірі - Есет Көтібарұлы
мазары. ХІХ ғасырда өмір сүрген халық батыры Есет Көтібарұлына (1803-1889) алғашқы
кесене 1890 жылы төртбұрышты шикі кірпіштен күмбезделіп өріліп, қабырғалары
әшекейленіп тұрғызылады. Бірақ уақыт және табиғи факторлардың салдарынан
бұрынғы кесене құлап қалған. Оның орнына 1993 жылы жаңа кесене салынған. Қазақ
шежіресі мен тарихында Шекті Есет Көтібарұлы отаршылардың зорлық-зомбылығына
қарсы ұлт-азаттық көтерілісті ұйымдастырушы тұлға ретінде аталады. Екі тамның
ортасындағы мұнараның биіктігі 16 м. Мұнара бойындағы мрамор тақтаға сол кездегі
тарихи тұлғалардың аттары жазылған. Кесене республикадағы тарихи ескерткіштер
қоғамының есебіне алынды.

13.

Ойсылқара қорымы
Ақтөбе облысы Хромтау ауданындағы ең
ірі мемориалды-діни кешен болып
табылады. Бұл кешен XVIII-XX ғ.ғ. басына
жататын шығыстан батысқа қарай
созылған 150 бейіт орналасқан дәстүрлі
ескерткіштерден құралған көне қорым
болып табылады. Ойсылқара әулиенің
өмір сүрген уақыты шамамен VII-VIII
ғасырлар деп айтылып жүр. Аңыз
бойынша Ойсылқара әулие Мұхаммед
пайғамдардың сопылық хадисін
орындаушы ретінде сахарадағы жеті
жұртты аралаған тахуа кісі екен.
Пайғамбардың тірісінде жүздесу үшін екі
рет барып, жүздесе алмапты.
Пайғамбарымыз дүниеден өтерде
сахабаларының біріне «сахарадағы
Ойсылқараға» тапсыр деп жидесін
аманатқа қалдырып кеткен дейді.

14.

Жаманшың метеорит кратері

15.

Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданындағы
Жаманшың кратерінің 1 миллион жылдық
тарихы бар. Ақтөбенің Ырғыз ауданында
Қазақстан қазынасы жатыр. Геологтар
миллион жылдық тарихы бар кратерді ең
құнды жер деп санайды. Себебі, метеорит
құлаған жерде қайталанбас табиғи
жыныстар бар. Жарылыс төңірегіндегі
қысым жүздеген килобарға, температура
бірнеше мың градусқа жеткен. Осының
нәтижесінде импактит, тектит (иргизит)
жыныстары пайда болған. Бұл екі
породаның жер бетінде бір жерден
табылуы
алғашқы
рет
Жаманшың
кратерінің үлесіне тиіп отыр. Жаманшың
— аяқ астынан тасқа айналған ұлулар мен
кораллдарды, сонымен қатар шығу тегі
жөнінде ғалымдар жүздеген жылдар
бойында дауласып келе жатқан қара не
қою жасыл түсті шыны тәріздес
тектииттерді кездестіруге болатын өте
ерекше жер.

16.

Жаманшың – метеориттік кратер, Ақтөбе облысының Ырғыз ауылынан оңтүстікке
қарай 50 км қашықтықта орналасқан, жерге метеориттің құлауы нәтижесінде пайда
болған дүние жүзінде теңдесі жоқ бірегей табиғи ғарыштық объект.
"Рухани жаңғыру" бағдарламасын іске асыру және туризмді дамыту мақсатында
метеориттік кратердің әлеуетін пайдалану Ырғыз ауданының ғана емес, Ақтөбе
аймағының дамуына оң ықпалын тигізер еді. Жалпы Жаманшың метеорит кратері өз
алдына дербес заңды тұлға ретінде жұмысын жүргізген жағдайда, Қазақстанның
имиджін көтеретін үлкен туристік орталыққа айналар еді. Бұған кратерде мүмкіндік
мол.
Кратердің "Батыс Европа – Батыс Қытай" халықаралық көлік дәлізіне өте жақын
орналасқандығы шет елдерден көптеп келетін туристер мен ғалымдар үшін өте
қолайлы жағдай туғызары анық.
Жаманшың атауы туралы аңыз көп. Ол жерге өсімдікте шықпай, жәндіктерде жолай
алмағандықтан жұрт "Жаманшың" деп атап кеткен.
Миллион жыл бұрын оңтүстік-батыстан құлдилап келіп құлаған метеориттің
диаметрі 200-400 метр болатын. Ол біздің ғаламшармен соқтығысқан бойда
жарылып, өз-өзін жойып жіберді. Қара жердің түбін төңкерген бұл жарылыстың
қуаты Хиросимаға тасталған ядролық бомбалардың 1000 000-на татитындай еді.
Алып қысым және мүмкін емес жоғары температура ғаламшардың сыртқы
қабатының опан-топаңын шығарды. Бір мезетте жердің қабығы сұйықтыққа
айналды. Балқыған магмада толқындар аласұрды. Екпінді толқын жыныстарды
қопсытып, қабаттарды төңкеріп тастады. Осылайша, Жаманшың кратерінің ішкі
белесі пайда болды.
English     Русский Правила