282.39K
Категория: ПедагогикаПедагогика

"Үздік педагог" атағын беру қағидаларын және педагогтер рейтингісін бекіту туралы

1.

"Үздік педагог" атағын беру қағидаларын
және педагогтер рейтингісін бекіту туралы
________________________________________________
Об утверждении Правил присвоения звания "Лучший педагог"
и рейтинге педагогов
Директордың бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары
Алибекова Гульден Зияшевна
Біз үздіксіз даму үшін оқимыз! Мы учимся, чтобы стать лучше!

2.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 16 қаңтардағы № 12 бұйрығы
1 тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Үздік педагог" атағын беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) өткізілген
конкурстың (бұдан әрі – Конкурс) қорытындылары бойынша меншік нысанына және ведомстволық
бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарының педагогтеріне "Үздік педагог" атағын беру
тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) конкурстық комиссия – Конкурстың әрбір кезеңінің жеңімпаздарын айқындау және
Конкурстың келесі кезеңіне қатысу үшін ұсынымдар беру үшін облыстық, қалалық/аудандық
деңгейлерде, сондай-ақ республикалық маңызы бар қалалар мен астанада құрылатын комиссия
(бұдан әрі – Өңірлік комиссия);
3) педагог портфолиосы – педагогтің білім беру қызметіндегі жеке және кәсіби жетістіктері,
оқушыларының оқуы мен тәрбиесі және дамуының нәтижелері, педагогтің белгілі бір уақыт
аралығындағы білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлесі ұсынылған жеке папкасы (электронды
парақша)

3.

2-тарау. "Үздік педагог" атағын беру тәртібі
1."Үздік педагог" атағы білім беру ұйымдарының педагогтеріне
жыл сайын балдық-рейтингтік жүйесі негізінде беріледі.
2."Үздік педагог" атағы бір педагогке он жыл ішінде бір реттен
артық берілмейді.
3."Үздік педагог" атағын беру конкурсына білім беру
ұйымдарының штаттағы педагогтері болып табылатын және
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде кемінде бес жыл
үздіксіз педагогикалық өтілі бар білім беру ұйымдарының
педагогтері қатысады.

4.

4*. Мектептің барлық штаттық мұғалімдері, еңбек өтіліне
қарамастан, балдық-рейтингтік жүйе бойынша мұғалімдердің ісәрекетіне жалпы мониторинг жүргізуге қатыса алады. Бұл ретте
осы Қағидаларға 4-қосымшаның 5,6,7-бөлімдерінің көрсеткіштері
есепке алынбайды.
5*. Жалпы мониторингте «Үздік педагог» республикалық
байқауының көрсеткіштеріне қалалық (облыстық), аудандық және
мектеп деңгейіндегі мұғалімдер мен оқушылардың жетістіктерін
көрсететін көрсеткіштер қосылады.
6*. Рейтингке қарай педагог мектеп директорының, Білім
басқармасының, аудан, қала әкімінің, ҚР ОМ Құрмет
грамоталарымен (Алғыс) марапатталуға, сыйлықақы алуға
(мектептің бюджеттік қаражатын үнемдеуіне қарай) және
ведомстволық наградаларға ұсынылады.

5.

7. Ұсынылған құжаттарда (материалдарда) плагиат
анықталған
жағдайда
Комиссия
педагогке
Конкурстың келесі кезеңінен шеттетілгені туралы
хабарлайды.
8. Тәртіптік жазасы бар мұғалім Конкурсқа қатысуға
жіберілмейді.

6.

«Үздік педагог" атағын беру конкурсының
мектепішілік кезеңін өткізу тәртібі
1.Конкурстың І кезеңі педагогтерінің құжаттарын (материалдарын) бағалау
үшін мектеп басшысы бұйрығымен Қонкурстық комиссия құрылады.
2.Конкурстық комиссия мектеп қызметкерлері қатарынан қалыптастырылады:
әкімшілік мүшелері, педагог-шеберлер, педагог-зерттеушілер, педагогикалық
шеберлік кәсіби конкурстарының жеңімпаздары, кәсіподақ ұйымының
төрағасы.
3.Комиссия мүшелерінің саны кемінде тоғыз адамды құрайды. Комиссияның
отырыстары оның мүшелерінің кемінде үштен екісі болған кезде заңды деп
есептеледі.

7.

4. Комиссияның төрағасы мен төраға орынбасары
комиссия мүшелерінің арасынан сайланады. Комиссияның
хатшысы мектеп қызметкері болып табылады, комиссия
мүшесi болып табылмайды және шешiмдер қабылдау
кезiнде дауыс беруге құқығы жоқ.
5. Конкурс жыл сайын оқу жылында өткізіледі,
қорытындысы 31 мамырда шығарылады.
6. Мұғалімдердің құжаттары (портфолио) конкурс
комиссиясына 12 мамырдан кешіктірілмей ұсынылады.

8.

7. Конкурстың I кезеңіне қатысу үшін қатысушы осы Қағидаларға 1қосымшаға сәйкес нысан бойынша мынадай құжаттарды (материалдарды)
ұсынады:
1) оқыту тіліндегі портфолионы (педагог портфолиосының құрылымы
осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылады);
2) сабақ (оқу) жоспарын ұсына отырып, ұзақтығы 15 (он бес) минут
бейнесабақ орта білім беру ұйымдарының педагогтері үшін, сондай-ақ осы
Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бейнероликке қойылатын
талаптар мен техникаық шарттарға сәйкес озық педагогикалық тәжірибені
(ұзақтығы 5 (бес) минутқа дейінгі бейнеролик) трансляциялауды;
3) Министрлік айқындайтын тақырыптағы 500 (бес жүз) сөзден
аспайтын эссені қоса бере отырып, Конкурсқа қатысуға өтінім береді.

9.

8. Конкурстың І кезеңін бағалау тетіктері:
1)бағалау осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан
бойынша үміткердің жұмысын бағалаудың сапалық және
сандық көрсеткіштеріне сәйкес жүргізіледі;
2)конкурсқа қатысушылардың балдары тең болған
жағдайда шешім комиссия мүшелерінің көпшілік
дауысымен қабылданады;
3) комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді.

10.

9.Конкурс нәтижелері конкурс аяқталғаннан кейін 10 (он)
күнтізбелік күн ішінде мектеп сайтында және әлеуметтік
желілерде жарияланады.
10. Конкурс қорытындысы бойынша жеңімпазға тамыз
педагогикалық кеңесінде «Үздік педагог» атағы және куәлігі
беріледі.
11. Мектепішілік конкурстың жеңімпазы келесі кезеңге
қатысуға жіберіледі.

11.

Қосымшалар,
толықтырулар

12.

Ұсыныстар
1.Педагогтерге
«Үздік
педагог»
республикалық
конкурсының мектеп кезеңінің қорытындысын шығару және
рейтингтік іс-шараларға мониторинг жүргізу үшін белгіленген
мерзімде объективті материалдарды ұсыну.
2. Материалдарды беру кезінде Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігінің №514 бұйрығымен бекітілген
конкурстар, олимпиадалар және жарыстардың тізбесіне сүйену.

13.

Назарларыңызға рақмет!
English     Русский Правила