Похожие презентации:
Бекітілген халықтың арасында иммундық профилактика мәселелері бойынша, соның ішінде вакцинациядан бас тартқан адамдармен
1.
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрікуниверситеті ЖОО кейінгі медициналық білім беру факультеті
БӨЖ
Бекітілген халықтың арасында иммундық профилактика мәселелері бойынша, соның ішінде
вакцинациядан бас тартқан адамдармен түсіндіру
жұмыстарын жүргізу
Алсеитова Айдана
2.
ЖоспарыКіріспе
Классификация
Вакцинациядан бас тартқан адамдармен түсіндіру
жұмысын жүргізу.
Статистика
Вакцинация пайдасын дәлелдейтін тарихи мәліметтер.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
3.
КіріспеВакциналар - бұл белгілі бір инфекциялық аурудың қоздырғышы болып
табылатын микроорганизмдерден немесе осы микробтардың тіршілік
ету өнімдерінен дайындалған сертификатталған препараттар.
Вакциналарды өндіру кезінде оларды қажетсіз және зиянды заттардан
тазартып, тек аурудан қорғау үшін қажет нәрселерді ғана қалдырады.
Ревакцинация - бұл ағзаның сол ауруға (ауруларға) төзімділігін арттыру,
инфекция қоздырғыштарына толық жүйелі иммунитетті қайта жасау
және оның қарқындылығын арттыру үшін кезекті егу.
4.
КлассификацияТірі вакциналар.
Полиомиелит,
қызылша,
қызамық,
тұмау, эпидемиялық
паротит, желшешек,
туберкулез,
ротавирустық
инфекциядан қорғайды.
Инактивирленген
вакциналар.
Тұмауға, іш сүзегіне,
кене энцефалитіне,
құтыруға, А гепатитіне,
менингококк инфекциясына
және т.б. қарсы егулер.
Анатоксиндер
бактериялардың ерекше
өңделген токсиндері.
Олардың негізінде
көкжөтел, сіреспе,
дифтериядан егу
материалдарын жасайды.
5.
ҚР тұрғындарды вакцинациялауға жыл сайын 28,5 миллиард теңгежұмсалады. Оған 20 жұқпалы ауруға қарсы профилактикалық егу
жұмыстары жүргізіледі.
6.
Профилактикалық екпелерді жүргізу мерзімдерібұзылған адамдарды вакцинациялауға және толықтыра
вакцинациялауға қойылатын талаптар
Пневмококк инфекциясына қарсы толықтыра иммундау жүргізу кезінде
бірінші және екінші дозалар арасында кемінде 1 ай, екінші және үшінші
дозалар арасында кемінде 2 ай интервал сақталады.
Пневмококк инфекциясына қарсы толықтыра вакцинациялау мынадай
үлгіде жүргізіледі:
БҰРЫН ВАКЦИНАЦИЯЛАНБАҒАН БАЛАЛАР:
7 айдан 11 айға дейінгі балалар бір ай интервалмен екі доза алады,
үшінші доза екі жасында екінші дозадан кейін кемінде 2 ай интервалмен
енгізіледі;
12 айдан 23 айға дейінгі балалар екі ай интервалмен екі доза алады,
үшінші доза енгізілмейді;
2 жастан 5 жасқа дейін балалар бір дозаны алады.
7.
БІР ДОЗАСЫ БАР БҰРЫН ЕГІЛГЕН БАЛАЛАР:7 айдан 11 айға дейінгі балалар кейінгі екі дозаны екі ай интервалмен алады,
үшінші доза өмірінің 15 айына дейін енгізіледі;
12 айдан 23 айға дейінгі балалар 1 жасқа толғанға дейін вакцинацияланған жағдайда
екі дозаны екі ай интервалмен алады, 1 жастан асқаннан кейін вакцинацияланған
жағдайда 1 доза алады;
2 жастан 5 жасқа дейінгі балаларға, егер алдыңғы доза 2 жасқа дейін енгізілсе, онда
екі ай интервалмен бір доза енгізіледі; егер алдыңғы доза 2 жастан асқан кезде
енгізілсе, онда қосымша дозаларды енгізу талап етілмейді;
ЕКІ ДОЗАСЫ БАР БҰРЫН ПЕГІЛГЕН БАЛАЛАР:
12 айдан 23 айға дейінгі балалар алдыңғы дозаларды 1 жасқа дейін алса, үшінші доза екінші дозадан
кейін екі ай интервалмен енгізіледі;
12 айдан 23 айға дейінгі балалар алдыңғы дозаларды 1 жастан асқан кезде алса, қосымша дозаларды
енгізу талап етілмейді;
2 жастан 5 жасқа дейінгі балаларға, егер алдыңғы дозалар 2 жасқа дейін енгізілсе, онда екі ай
интервалмен бір доза енгізіледі; егер алдыңғы дозалар 2 жастан асқан кезде енгізілсе, онда қосымша
дозаларды енгізу талап етілмейді.
8.
№ 612 қаулымен бекітілген мерзімдерге сәйкес ВВГ-ға қарсыегілмеген адамдар мынадай схема бойынша егіледі:
Туған кезде вакцинацияланбаған 6 жасқа дейінгі балалар –
екпелер арасында екі ай интервалмен 0-2-4. Егер 6 жасқа дейінгі
балалар туған кезде ВВГ-ға қарсы вакцинацияланбаған болса, осы
инфекцияға қарсы вакцинация курсын ВВГ-ға қарсы моновакцинамен аяқтауға жол беріледі;
Бұрын вакцинацияланбаған 6 жастан асқан балалар мен ересектер – бірінші және екінші екпелер арасында бір ай, екінші
және үшінші екпе арасында бес ай интервалмен 0-1-6;
15 жастан асқан адамдарды ВВГ-ға қарсы вакцинациялау ВВГ-ға
алдын ала маркерлік диагностикадан кейін жүргізіледі. ВВГ-ға
зерттеудің оң нәтижесі бар адамдар вакцинациялауға жіберілмейді.
9.
Дифтерияға, сіреспеге және көкжөтелге қарсы вакцинация құрамында АбКДС бар вакциналармен, сондай-ақ АДС-М-мен жүргізіледі.БҰРЫН ЕГІЛМЕГЕН БАЛАЛАР:
4 жастан 7 жасқа дейінгі балалар дифтерия анатоксині бар құрамында АбКДС бар аралас
вакцинамен мына схема бойынша егіледі: 2 ай интервалмен 3 екпе және төртінші екпе 6-12
айдан кейін;
7 жастағы және одан үлкен балалар, ересектер мынадай схема бойынша егіледі: 1 ай
интервалмен дифтерия анатоксині мөлшері азайтылған екі АбКДС екпесі және үшінші екпе 612 айдан кейін.
Дифтерия анатоксині бар құрамында АбКДС бар аралас вакциналар 7 жасқа дейінгі
балаларға,
Дифтерия анатоксині мөлшері азайтылған құрамында АбКДС бар вакциналар 4 жастан асқан
балаларға,
АДС-М – 7 жастан асқан балаларға және ересектерге қолданылады.
10.
Көкжөтел компонентіне қарсы көрсетілімдер болған жағдайда7 жастан асқан балалар үшін вакцинация АДС-М-мен жүргізіледі:
1) Егер құрамында АбКДС бар вакцинамен бірінші вакцинациялауға реакция
дамыса, онда екінші екпені АДС-М-мен 3 айдан ерте емес уақытта жүзеге асырады;
2) Егер құрамында АбКДС бар вакцинамен екінші вакцинациялауға реакция
дамыса, онда дифтерия мен сіреспеге қарсы вакцинациялау курсы аяқталды деп
саналады. Екі жағдайда да АДС-М-мен алғашқы ревакцинациялауды 12 айдан кейін
жүргізеді;
3) Егер құрамында АбКДС бар вакцинамен үшінші вакцинациялауға реакция
дамыса, АДС-М-мен алғашқы ревакцинациялауды 12-18 айдан кейін жүргізеді.
11.
Туған кезінде туберкулезге қарсы вакцинация алмаған балалар(өмірінің 1-4-күні) тұрғылықты жері бойынша амбулаториялықемханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында
егіледі: 2 айға дейін Манту сынамасын қоймай, 2 айлық және одан
үлкен кезде зерттеу нәтижесі теріс Манту сынамасын қойғаннан
кейін егіледі. Туған кезде туберкулезге қарсы вакцинация алмаған
балаларға осы инфекцияға қарсы вакцинация 15 жасқа дейін
жүргізіледі. Манту сынамасы мен БЦЖ вакцинасымен
вакцинациялау арасындағы интервал кемінде үш күн және екі
аптадан артық емес. Манту сынамасын қою алдында басқа
вакциналардан 2 ай интервал сақталады.
11 жасында адам папилломасы вирусына қарсы жоспарлы
профилактикалық екпені өткізіп алған 15 жасқа дейінгі қыз
балалар вакцинаны медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулыққа
және ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына
сәйкес кесте бойынша егіледі. Вакцинациялау білім беру
ұйымдарының және тұрғылықты жері бойынша
амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау
ұйымдарының егу пункттерінде жүргізіледі.
12.
Вакцинацияның пайдасын растайтынтарихи мәліметтер
1995 ж ҚР дифтерия ауруының 1105 жағдайы, 66-сы өліммен аяқталды. Вакцинация
басталғаннан бері науқастардың саны азая бастады. 2009 жылдан бері бірде-бір жағдай
тіркелген жоқ.
1980 ж 1995 жылға дейін Қ-да полиомиелиттің 142 жағдайы тіркелді. Вакцинациядан
бастап (1996 жылдан бүгінгі күнге дейін) – аурудың бірде-бір жағдайы тіркелген жоқ.
2002 жылы ДДҰ Қазақстанды полиомиелитсіз ел деп таныды.
40 жылдан астам уақыт бойы бүкіл әлемде оба жоқ. Шешектің соңғы екі жағдайы 1978
жылы Сомалиде тіркелді. Екі жылдан кейін ДДҰ ауруды толық жою туралы мәлімдеді, содан
бері вакцинация мүлдем жүргізілмейді.
1998 жылдан бастап ҚР Ұлттық егу күнтізбесіне В гепатитіне қарсы вакцина қосылды. 2012
жылдан бастап вакцинацияланған адамдар арасында ауру ешқашан болған емес.
13.
Менингеальды құбылыстар паротитвакцинасынан басқа белсенділігі жойылған
вакциналарды, анатоксиндерді және тірі
вакциналарды енгізгеннен кейінгі
асқынуларға тән емес;
Энцефалопатия паротит және
полиомиелит вакциналарын және
анатоксиндерді енгізгеннен кейінгі
реакцияларға тән емес;
Вакцинадан кейінгі энцефалит" диагнозы,
ең алдымен, жалпы ми симптоматикалы
аурула-рының – орталық жүйке жүйесі (бұдан
әрі - ОЖЖ) ісіктерінің, тұмаудың,
пневмонияның, менин-гококк
инфекцияларының болмауын қажет етеді;
14.
Ішек, бүйрек симптомдары, жүрек функциясының жеткіліксіздігі,тыныс алу жеткіліксіздігі асқынуларға тән емес және бірге өтетін
аурулардың белгілері болып табылады;
Катаральдық синдром егуден кейін бесінші күннен ерте емес және 1214-күндерден кешіктір-мей пайда болған жағдайда қызылшаға,
қызамыққа және паротитке қарсы және осындай бір немесе бірнеше
комноненттері бар вакциналарға берілген өзіндік реакция болуы мүмкін,
бірақ ол басқа вакциналарға (БЦЖ, барлық өлі вакциналар) тән емес;
Вакцинамен байланыстырылған параличті полиомиелит (бұдан әрі –
ВБПП) полиомиелитті тірі вакцинамен иммундалған адамдарда
төртінші күннен бастап 30 тәулікке дейін және қарым-қатынаста
болғандарда 60 тәулікке дейін дамиды. Бұл ретте, барлық ВБПП
оқиғала-рының 80%-ы полиомиелитке қарсы тірі вакцинаны бірінші
егуге байланысты, аурудың иммуни-тет тапшылығы бар адамдарда
даму қаупі оның сау адамдарда даму қаупінен 3-6 мың есеге жоғары.
ВБПП қалдықты құбылыстармен (сылбыр перифериялық парездер
және/немесе сал ауруы және бұлшық ет атрофиясы) бірге өтеді.
15.
Вакцинациядан бас тартқан адамдарментүсіндіру жұмыстарын жүргізу
Вакцинаға қарсы болу себебін анықтау, артықшылықтары мен
маңыздылығын түсіндіру.
Вакцинация бала үшін пайдасын, инфекциялық аурулардың ауыр асқынуларынан, мүгедектіктен тіпті өлімнен құтқаратынын ескерту.
Екпе кағазынсыз баланы мемлекеттік мекемелерге (бала бақша, мектеп сияқты мекемелерге ) қабылдау мүмкіншілігінің төмендейтінін ескерту.
Сонымен қатар шет елдерге шығуға, білім алуына кедергі болатынын ескерту.
Егер вакцинапрофилактикаға қарсылық жоғарыласа инфекциялық аурулар өршу қаупі
жоғарылайтынын , бұл эпидемиологиялық жағдайға, халық денсаулығына кері әсер беретінін ескерту керек.
Егер екпеден бас тарту діни көзқарасқа байланысты болса, теонтолог мамандардың көмегімен түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек. БАҚ арқылы халықты ақпараттандыру керек.
16.
Статистика17.
Медицина қызметкері тексеру кезінде ИКҚК туындағанжағдайда медициналық көмекке жүгіну қажеттігі туралы
егілетін адамға немесе егілетін балалардың ата-аналарына
түсіндіру жұмысын жүргізеді.
ИКҚК-ны дифференциалды диагностикалау кезінде мыналар клиникалық критерийлер болып табылады:
Белсенділігі жойылған вакциналармен иммундаудан кейін жоғары температурамен,
фебрильді құрысумен бірге өтетін жалпы ауыр реакциялар егуден соң алғашқы 3 күнде пайда
болады;
Тірі вакциналарға реакциялар (егуден кейін алғашқы сағаттарда пайда болатын шұғыл
түрдегі аллергиялық реакциялардан басқа) қызылша вакцинасынан кейін төртінші күннен
ерте және 12-14-күндерден, қызамық вакцинасынан кейін 20-25-күндерден, полиомиелит,
паротит және паротит компоненті бар құрамдастырылған вакциналардан кейін отыз
күннен кеш пайда бола алмайды;
18.
Профилактикалық егілуге жататын контингентті есепкеалуға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
және орындалған профилактикалық егуді есепке алу.
Иммундалуы тиіс контингентті профилактикалық егулермен толық қамтуды
қамтамасыз ету үшін медициналық ұйымдардың (фельдшерлік акушерлік пункт, селолық
дәрігерлік амбулатория, емхана) медицина қызметкерлерінің күшімен жылына екі рет (көктемкүз) санақ журналына балалар құрамына өзгерістерді енгізе отырып, аумақта тұратын
балаларды есепке алу жүргізіледі.
Санақ журналына туылған, қайтыс болған, келген немесе кеткен адамдардың тегі бойынша
деректерді енгізе отырып, балалардың динамикасына ай сайын бақылау жүргізіледі.
Қызмет көрсетілетін учаскеге келген балаларды белсенді анықтауды медицина қызметкері
науқастардың үйлеріне баруы кезінде, олардың денсаулық сақтау ұйымдарына,
консультациялық-диагностикалық орталықтарға медициналық көмекке жүгінуі кезінде,
балаларды есепке алудың дұрыстығын ішінара бақылау кезінде жүзеге асырады.
19.
Қорытынды20.
Пайдаланылған әдебиеттер тізіміҚазақстан Республикасының Әділет министрлігінің Халыққа профилактикалық егуді жүргізу бойынша санитариялық-эпидемиологиялық талаптар"
туралы 2018 жылғы 13 маусымдағы № 361 бұйрығы.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің Халыққа профилактикалық екпелерді ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялықэпидемиологиялық талаптар" туралы 2023 жылғы 26 қыркүйекте № 33463
бұйрығы.
ҚР ДСМ Клиникалық протокол– 2018 (Қазақстан) Иммунокомпромирленген
пациенттердің вакцинопрофилактикасы.
Ø https://informburo.kz/kaz/eld-batysy-ekpege-arsy-vakcinaciyany-mndetteukmn-yyn-shekteyd-.html
Медицина