Похожие презентации:
Сайын Мұратбеков «Жусан иісі» хикаясы. Оқу мақсаты
1.
Қазақ әдебиеті 6-сыныпБөлім:
«МЕН БАЛАҢ ЖАРЫҚ КҮНДЕ СӘУЛЕ
ҚУҒАН...»
Сабақтың тақырыбы:
Сайын Мұратбеков
«Жусан иісі» хикаясы
Әзірлеген: Райымбек батыр атындағы
№50 «Қазғарыш» мектеп-лицейінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні
мұғалімі Шыныбекова Айман Сахановна
2.
Оқу мақсатыА/И4. Әдеби көркемдегіш құралдарды
пайдаланып шығармадағы табиғат
көрінісін, оқиға орнын, кейіпкер
бейнесін сипаттап жазу
3.
Бағалау критерийлері- Әдеби көркемдегіш құралдарды
пайдаланады;
- Шығармадағы табиғат көрінісін,
оқиға орнын анықтайды;
- Кейіпкер бейнесін сипаттап жазады.
Кейіпкер бейнесін сипаттап
4.
1-тапсырмаҮзіндіден табиғат көрінісіне қатысты
көркемдегіш құралдарды табыңыздар
...Біздің ауыл Ешкіөлмес деген кішкене қоңыр таудың дәл етегінде еді.
Ұзыннан-ұзақ бір көше боп жоғарыдан төмен қарай созылып жататын.
Қыста осы жалғыз көшенің басынан-аяғына дейін балалар шуылдаса
топырлай жүріп қарды таптап, сырғанақ жасайтынбыз. Қар қалың
түскенмен таулы жердің күні өте жайма-шуақ, жылы болады. Тапталған
қар күні бойы жентектеліп еріп, кешке қарай көк мұз боп қатып қалатын.
Бүгін де сырғанақтағы ойынның сондай бір қызған шағы еді.
Күннің көзі қанталағандай боп ерекше қызарып ұясына қонуға таянған.
Сірескен ақ қардың бетінде бір сәтке жұқалаң қызғылт кілегей тұрды.
Күні бойы Ешкіөлместің күнгейінде жайылған мал ешкім қайырмаса да
бір ізбен шұбырып ауылға қайтқан. Кенет бүкіл ауылды шулыға шыққан
ащы дауыстар селт еткізді. Төбе құйқаны шымырлатып жоқтау айтқан
дауыстар. Аянның үйінен шығып жатыр. Мұндайда балалар еліккіш
келеді ғой. Сырғанақты тастай бере дәл бірдеңеден құр қалатындай
бәріміз бірдей дүрліге дүркіресіп, Аянның үйіне қарай лап қойдық.
5.
«Т-кестесі» әдісі бойынша көркемдегішқұралдарды «иә» бөліміне, жай сөздерді «жоқ»
бөліміне жазыңыздар
«Жоқ»
Дескриптор
Берілген үзіндіні оқиды;
Үзіндіден көркемдегіш сөздерді табады.
«Иә»
6.
ӨЗІҢДІ ТЕКСЕР«Жоқ»
«Иә»
Кенет, Аянның үйі,
сырғанақ,
Ұзыннан-ұзақ көше,
қарды таптап, т.б.
Қоңыр таудың етегінде, топырлай
жүріп, таулы жердің күні жайма-шуақ,
тапталған қар, көк мұз, сірескен ақ
қар, ойынның қызған шағы, ащы
дауыс, қанталағандай, ұясына қонуға
таяған, жұқалаң қызғылт кілегей,
шұбырып ауылға қайтқан, төбе
құйқаны шымырлатып, құр
қалатындай, дүрліге, дүркіресіп лап
қойдық.
7.
2-тапсырмаҮзіндіден оқиға орнын тауып, кейіпкер бейнесін
анықтаңыз
....Жарғақ сары тон киген Аян, күлімдеп тұратын қара көзі
шарасынан шыға жаутаңдап, өңі боп-боз есігінің алдында тұр
екен. Үйінде көрші-қолаң әйелдер бір-бірімен шуылдаса
көрісіп, азан-қазан боп жатқанмен, ол көзіне жас алмапты. Біз
өзара сөйлескеніміз болмаса, оған үн қатқамыз жоқ. Аян да
бізді үнсіз қарсы алды. Сүйреткен шанамызға, конькиімізге көз
салды. Тоңғаннан ба, танауын жиі-жиі тартып, дір-дір етеді.
Күн ұясына еніп бара жатыр. Аян болса сол мелшиген күйде
жалтақ-жалтақ етіп, ауылдың әр тұсынан «әжетайлап» дауыс
қойып келіп жатқан үлкен адамдарға қарайды....
8.
«Қос жазба күнделігі» әдісі бойынша оқиға орнынанықтап, кейіпкердің бейнесін жазыңыз және өз
пікіріңізді білдіріңіз
Тапсырма
атауы
Оқиғалар
Оқиға орны
Аянның
әрекеті
Аянның
бейнесі
Дескриптор:
- берілген үзіндіні оқиды;
- оқиға орнын анықтайды;
- Аянның бейнесін сипаттайды.
Оқушы пікірі
9.
ӨЗІҢДІ ТЕКСЕРТапсырма
атауы
Оқиғалар
Оқушы пікірі
Оқиға орны
Аянның әжесінің қайтыс болған Әжесі қайтыс болып, Аянға
уақыт. Аянның әжесінің үйі.
бұрынғыдан да қиын болды.
Аянның
әрекеті
Ештемені түсінбеген сияқты
кейіпте. Ойын балаларының
шаналары мен конькилеріне
көзі түсіп, қызығып тұр.
Аянның
бейнесі
Жаурап, тоңып тұр. Аянышты.
Жалғыз әжесінен айырылып
қалды. Мелшиіп, төңірекке
жалтақтап қарайды.
Аянның балалығы балалардың
шаналары мен конькилеріне
түсуінен байқалады. Әжесінің
қайтыс болғанына жылап,
қайғырмайды.
Аянға деген аяушылығым
артып кетті. Өмірден көп
қиындық көрді. Балалық шағы
ауыр да аянышты өтіп жатыр.
10.
ОҚУ ТАПСЫРМАСЫhttps://youtu.be/vC-2CE612JU
Сілтеме арқылы Аян туралы видеоны
көріп, Аянға хат жазыңыздар
Литература