Похожие презентации:
БШАЫЖ-ге кіріспе. Балалық шақ ауруларын ықпаластыра жүргізу: науқастарды басқару процесі
1.
БШАЫЖ-ге кіріспе. Балалық шақауруларын ықпаластыра жүргізу:
науқастарды басқару процесі.
2.
Бала жасындағы ауруларды ықпаластыра жүргізу(БШАЫЖ)
- бұл ДДСҰ-ның Денсаулық сақтау және даму бөлімі ДДСҰ-
ның басқа он бағдарламасымен және ЮНИСЕФ-пен бірлесіп
әзірлеген, балалар өлімін, аурушаңдық пен мүгедектікті
азайтуға бағытталған денсаулық сақтау мекемелерінде , үйде де
кең ауқымды іс-шаралар стратегиясы, сонымен қатар
балалардың өсуі мен дамуын жақсартуға ықпал етеді
3.
БШАЫЖ стратегиясын енгізу процесі үшбөлімнен тұрады:
1.Жергілікті жағдайларға бейімделген балалар жасындағы
ауруларды ықпаластыра жүргізу жөніндегі нұсқаулықтарды
ұсыну және оларды пайдаланудға енгізу жөніндегі ісшараларды жүргізу арқылы науқастарды басқару жөніндегі
медицина мамандарының дағдыларын жақсарту қажет.
2.Балалық шақтағы ауруларды тиімді жүргізу үшін денсаулық
сақтау жүйесін жақсаруды ұйымдастыру.
3.Отбасы мен қоғамдастықтағы тәжірибені жақсарту.
4.
Кез-келген баланы ауруханада жүргізу кезеңдері:шұғыл іріктеу;
шұғыл көмек көрсету (қажет болған жағдайда);
анамнез жинау;
тексеру; зертханалық зерттеулер (қажет болған жағдайда);
диагноз қою немесе дифференциалды диагностика жүргізу;
емдеу;демеуші ем;
бақылау;ауруханадан шығаруды жоспарлау;кейінгі бақылау.
5.
Науқас баламен байланыс орнатуБаланы қажетсіз мазаламаңыз.Бала ананың немесе басқа туыстың қолында болсын.
Балаға қол тигізбестен бұрын мүмкіндігінше көп белгілерді тексеруге тырысыңыз:
Бала сөйлей ме, жылай ма, әлде қандай да бір дыбыс шығарады ма?
Бала өзін қаншалықты белсенді ұстайды, айналасындағыларға қарап, қызығушылық
таныта ма?
Бала енжар, ұйқылы болып көрінеді ме?
Тітіркенудің күшею белгілері бар ма?
Құсу бар ма?Бала емшек еме алады ма?
Бала көк немесе бозғылт болып көрінеді ме?Оның тыныс алу жеткіліксіздігінің
белгілері бар ма?Бала тыныс алу кезінде көмекші бұлшықеттерді қолдана ма?Кеуде
қуысының төменгі бөлігінің ішке тартылуы бар ма?Балада ентігу бар ма?Тыныс алу
жиілігін санаңыз.
6.
Зертханалық зерттеулергемоглобин немесе гематокрит;
АИТВ-ға тестілеу.
клиникалық қан талдауы;
Жаңа туған нәрестелерге (1 аптаға
дейін) көмек көрсету кезінде қандағы
билирубин деңгейін анықтау өте
маңызды.
безгек паразиттерін анықтау үшін
қан жағындысы;
қандағы глюкоза деңгейі;
ЦЖС микроскопиясы;
зәр анализі (микроскопияны қоса);
қан тобын және қанның
үйлесімділігін анықтау;
пульсоксиметрия;
кеуде қуысының рентгенографиясы;
нәжістің микроскопиясы;
бактериологиялық қан себу.
7.
Іріктеу– науқас балалардың ауруханаға түсу кезінде,төмендегілерді анықтау үшін, олардың жағдайын жедел
бағалау процессі:
шұғыл белгілерінің болуына байланысты, өмірлік көрсетілімдер
бойынша жедел көмекті қажет ететін балалар;
кезек күтіп отырғандардың ішінен, басым назар аударуды талап
ететін және қажетті емдік-диагностикалық шараларды
кешіктірмей өткізу қажеттілігін көрсететін, басымды белгілері
бар балалар.
шұғыл , басымды белгілері жоқ мерзімсіз жағдайлар.
8.
Шұғыл белгілері:тыныс алудың обструктивті бұзылыстары немесе оның болмауы
(асфиксия/тұншығу);
жіті тыныс алу жеткіліксіздігі
орталық цианоз;
шок белгілері (қолдың мұздауы, 3 секундтан асқан капиллярды
толтыру уақыты, жиі, әлсіз тамыр соғуы, артериялық қан
қысымының төмендеуі);
кома (сананың бұзылыстары);
құрысулар;
диареясы бар баланың ауыр дәрежелі сусыздану белгілері
(сананың тежелуі, көз шүңіреюі, су ішпеуі немесе нашар ішуі, тері
қатпарының өте баяу жазылуы – жоғарыда көрсетілгендердің кез
келген екі белгісі).
9.
Алдымен, бұл процесті үш сатыға бөлу арқылышұғыл белгілерді анықтаңыз:
1 – сатысы. Тыныс жолдарының өткізгіштігінде немесе тыныс
алуында мәселелер бар-жоғын тексеріңіз; шұғыл түрде тыныс
функциясын қалыптастыру үшін емдеуді бастаңыз. Тыныс алу
жолдарының өткізгіштігін қамтамасыз етіп, ылғалдатылған оттегін
беріп отыру керек.
2 - сатысы. Тез арада сана бұзылыстары (шок), ауыр сусызданған
диарея бар-жоғын анықтаңыз. Болған жағдайда ылғалды оттегімен
қамтамасыздандырып, жедел инфузиялық терапияны бастау қажет.
Сыртқы қан кету, жарақат алған жағдайда, одан әрі қан жоғалтудың
алдын алу үшін жараға қысым таңғышын тағыңыз.
3 - сатысы. Баланың санасы анық екенін және құрысулар бар-жоғын
тез арада анықтаңыз. Гипогликемия болған жағдайда көктамыр ішіне
глюкозаны және/немесе құрысулар болған жағдайда — құрысуға
қарсы препараттарды енгізіңіз.
10.
Егер шұғыл белгілер болмаса, басымды белгілері бар –жоғын анықтаңыз:
Екі айға дейінгі кез-келген науқас бала;
Тыныс алу бұзылыстары;
Дене қызуы: баланың денесі өте ыстық;
Жарақат немесе басқа жедел хирургиялық жағдай;
Жедел жолдама бойынша басқа медициналық мекемеден түскен
бала;
Тамақтану бұзылыстарының белгілері: ауыр жүдеу көрінісі;
Tерінің айқын бозаруы;
Қатты ауырсынулар;
Мазасыздық, тұрақты тітіркену немесе тежелу;
Улану
Күйіктер (едәуір);
Екі табанының ісінуі.
11.
Тыныс алу жолдарының өткізгіштігін және тынысалу функциясын бағалаңыз (А,В)
Балада тыныс алу жолдарының бітелу (обструкция) белгілері бар ма?
Тыныс алу жолдары арқылы ауаның өтуіне кедергілердің бар-жоғын
анықтау үшін кеуде қуысының қозғалысын қадағалаңыз және тыныс алу
дыбыстарын тыңдаңыз. Стридордың болуы обструкцияны көрсетеді.
Орталық цианоздың белгілері бар ма? Тілдің және ауыз қуысының
шырышты қабығының көгілдір немесе күлгін бояуы бар-жоғын қараңыз.
Баланың тынысы бар ма? Бала дем алып жатқанын қарап, тыңдаңыз.
Балада жіті тыныс жеткіліксіздігінің белгілері бар ма? Қиын, жиіленген,
ыңырсыған тыныс, кеуденің үйлесімді жерлерінің тартылуымен, мұрын
қанаттарының ісінуімен және көмекші бұлшықеттердің қатысуымен (бала
тыныс алу соққысына басын иіп тұрғандай), тыныс алу жеткіліксіздігінің
салдарынан бала тамақтана алмайды және тез шаршаңқырайды.
12.
Қанайналым жағдайын бағалаңыз (шок диагнозынқою мақсатында) (С)
Шок күйіндегі балаларға инфузиялық ерітінділерді ағысты енгізу
талап етіледі. Сонымен қатар, олар тежеледі, олардың терісі суық,
капиллярларды толтыру уақыты ұзарады, жиі әлсіз тамыр соғуы
және қан қысымы төмендейді.
Баланың қолдары суық па тексеріңіз? Егер солай болса, баланың
шок күйінде екенін тексеріңіз
Капиллярларды толтыру уақыты 3 секундтан аспайтынын
тексеріңіз. Ол үшін, бас бармақтың немесе аяқтың тырнағын 5
секунд басыңыз, сонда оның астындағы тері ақ болады. Басқан
сәттен бастап, тырнақтың қызғылт түсі толық қалпына келгенге
дейінгі уақытты анықтаңыз.
13.
Егер капиллярларды толтыру уақыты 3 секундтан асса, тамырсоғуын тексеріңіз. Тамыр соғуы әлсіз және жиіленген? Егер
кәріжілік артериядағы тамыр соғуы жақсы толтырылса және
анық білінбесе, бұл баланың шок күйінде емес екенін білдіреді.
Егер сіз 1 жасқа толмаған баланың кәріжілік артериясында
тамыр соғуын сезе алмасаңыз, иық артериясында немесе
жамбас артериясында тамыр соғуын сезіңіз. Егер ересектеу
балада кәріжілік артериясында тамыр соғуын сезіну мүмкін
болмаса, каротид артериясындағы тамыр соғуын анықтаңыз.
14.
Егер бөлме өте суық болса, баланың шок күйіндеекенін анықтау үшін тамыр соғуын өлшеу
нәтижелерін қолданыңыз.
Баланың қан қысымын өлшеп, оның жасына қарай
систолалық қысым деңгейінің төмен екенін
бағалаңыз (төмендегі кестені қараңыз). Шок
кезінде қан қысымы қалыпты болуы мүмкін, бірақ
өте төмен қан қысымы баланың шок жағдайында
екенін көрсетеді
15.
Емшек жасындағы және ересектеу балалардың артериялыққан қысымның нормадағы көрсеткіштері
Жасы
Систолалық артериялық қысым
Шала туылған нәрестелер
55–75
0–3 ай
65–85
3–6 ай
70–90
6–12 ай
80–100
1–3 жас
90–105
3–6 жас
95–110
16.
Құрысулардың, комалық (коматозды) жағдайдың немесебасқа да сананың бұзылуының болуын анықтаңыз (С).
Летаргиялы (ұйқылы) немесе ес-түссіз бе? Сана деңгейін
AVPU/БДАЕ шкала бойынша бағалаңыз:
A
(alert) белсенділік
Б (белсенді)
V
(voice) дауысқа жауап береді
Д (Дауыс)
P
(pain) тек ауырсынуға жауап береді
А (Ауырсыну)
U
(unconcious) ес-түссіз.
Е (ес-түссіз)
17.
Құрысулар бар ма? Балада сыртқы тітіркендіргіштерге жауапбермейтін спазмолитикалық қайталанатын қозғалыстар байқалады
ма?
Диареясы бар баланың жағдайын ауыр дәрежелі сусыздану болу
мүмкіндігіне бағалаңыз (Д)
Балада көз алмасының түсуі байқалады ма? Анасынан нәрестенің
көзі әдеттегіден гөрі шүңірейгенін сұраңыз.
Тері қатпарының өте баяу жазылуы байқалады ма (> 2 сек.көп)?
Іштің тері қатпарын бүктемесін кіндік пен дененің бүйір бөлігінің
жартысынан ұстап, 1 секунд ұстаңыз, содан кейін босатып,
бақылаңыз.
18.
Басымды белгілерді бағалаңызШұғыл белгілердің болуын бағалау кезінде сіз кейбір басым
белгілерді байқай аласыз:
Тыныс алу жеткіліксіздігінің белгілері бар ма (ауыр емес)?
Бала тежелген болып көрінеді ме, әлде керісінше ол үнемі
тітіркеніп мазасыз ба?
Баланы комалық (коматозды) жағдайға бағалау кезінде сіз
соңғы сұраққа жауап берген боларсыз.
19.
Тыныс алу жолдарының өтімділігі бұзылған немесетыныс алу функциясының басқа да ауыр
бұзылуымен түскен бала
Анамнез
Симптомдардың басталуы: баяу дамыды немесе кенеттен пайда болды.
Бұрынғы ұқсас жағдайлар.
Жоғарғы тыныс жолдарының инфекциясы (жұқпасы).
Жөтел және оның ұзақтығы, күндері.
Сыртартқысында (анамнезінде) тұншығу ұстамаларының болуы.
Бұзылыстары туғаннан байқалады немесе жүре пайда болуы.
Вакцинациялар: көкжөтел, дифтерия, сіреспе (АКДС), қызылша.
Анықталған АИТВ инфекциясы.
Отбасылық сыртартқысында бронх демікпесінің (астмасыны) болуы.
20.
Физикалық зерттеп-қарау:Жөтел және оның сипаты.
Цианоз.
Тыныс алу жеткіліксіздігі.
Ыңырсып дем алу.
Стридор, тыныс алу кезіндегі ерекше дыбыстар.
Мұрын қанаттарының кернелуі.
Мойын бөлігінің қалындауы.
Крепитацияланған сырылдар.
Экспираторлық ысқырық сырылдар (астмоидты тынысалу): жайылған;
локализацияланған.
Аускультацияда әлсіреген тыныс:жайылған;локализацияланған.
21.
Тыныс алу жолдарының өткізгіштігінің бұзылуымен немесе тынысалу функциясының басқа да ауыр бұзылуымен түскен балада
(сараланған) дифференциалды диагностика
Диагноз немесе негізгі
себебі
Симптом
Пневмония
Жөтел, жиілеген тыныс алу және қызба
Ыңырсып дем алу немесе тыныс алудың қиындауы
Баланың жағдайының біртіндеп нашарлауымен бірнеше күн ішінде симптомдардың
дамуы
Аускультацияда крепитацияланған сырылдар
Өкпе тінінің тығыздалу немесе плевралық эффузия белгілері
Бронх демікпесі
Анамнезде астмоидты тыныс алудың қайталануы
Дем шығарудың ұзаруы
Тексеру кезінде астмоидты немесе әлсіреген тыныс алудың болуы
Бронхолитикалық терапияның оң нәтижесі
Бөгде дененің
аспирациясы
Тұншығуды сезімінің кенеттен пайда болуы
Стридордың немесе тыныс алу жеткіліксіздігінің кенеттен дамуы
Аускультацияда тыныс алудың локализацияланған әлсіреуі немесе ысқырған сырылдар
22.
Тыныс алу жолдарының өткізгіштігінің бұзылуымен немесе тынысалу функциясының басқа да ауыр бұзылуымен түскен балада
(сараланған) дифференциалды диагностика
Диагноз немесе негізгі
себебі
Симптом
Жұтқыншақ арты
абсцессі
Баланың жағдайының біртіндеп нашарлауы мен бірнеше күн ішінде симптомдардың
баяу дамуы
Жұтудың қиындауы
Қызба
Жалған қыспақ (круп)
Құрғақ, дөрекі «үрмелі» жөтел
Дауысының қарлығуы
Жоғарғы тыныс жолдарының инфекциясы кезінде дамуы
Стридорлы тыныс
Тыныс жеткіліксіздігі
Дифтерия (шынайы
круп)
Мойын лимфа түйіндерінің ұлғаюы және ісінуі салдарынан «бұқа мойын» симптомы
Тыныс алу жолдарының өткізгіштігінің бұзылу белгілері, стридор және кеуде қуысының
төменгі бөлігінің тартылуы
Жұтқыншақтың сілемейіндегі сұр жабындылар (пленкалар)
АКДС вакцинациясы жүргізілмеген
23.
Шок күйінде түскен балаАнамнез
Жіті немесе кенеттен басталуы.
Жарақат.
Қан кету.
Анамнезінде туа біткен немесе ревматикалық жүрек ақауы.
Анамнезінде диарея.
Кез-келген қызба ауруы.
Аймақта Қырым геморрагиялық қызбасының өршуі.
Аймақта менингококкты инфекцияның өршуі.
Қызба.
Өздігінен тамақтана алуы
24.
Физикалық зерттеп-қарау:Сана деңгейі.
Сыртқы қан кету.
Аяқ-қолдар жылы немесе суық.
Мойын тамырларының үрілуі.
Тамыр соғуының толтыру және жиілігі.
Артериялық қысым.
Бауыр көлемінің ұлғаюы.
Петехиялар - (нүкте тәріздес қан кұюлар).
Пурпура - (қанталаған бөртпелер).
25.
Шок жағдайында түскен балада дифференциалдыдиагностика
Диагноз немесе
негізгі себебі
Симптом
Геморрагиялық
шок
КҚГҚ кезіндегі
шок синдромы
Алдыңғы жарақат
Сыртқы қан кету
Аймақта КҚГҚ өршуінің болуы немесе КҚГҚ-мен
сырқаттанушылықтың мауысымдық артуы
Алдыңғы күндері жоғары қызбаның болуы
Пурпура (қанталаған бөртпелер)
Кардиогенді шок
Анамнезінде жүрек ауруы немесе жүрек шуы
Мойын тамырларының үрілуімен бауыр көлемінің ұлғаюы
Өкпенің барлық беткейінен крепитацияланған сырылдар
естілуі
26.
Шок жағдайында түскен балада дифференциалдыдиагностика
Диагноз немесе
негізгі себебі
Симптом
Септикалық шок
Алдыңғы күндердегі қызба ауру
Баланың жағдайы өте ауыр
Тері жабындарының жылы болуы мүмкін, бірақ қан қысымы
төмен, немесе тері жабындары суық болуы мүмкін
Балада пурпураның пайда болуы немесе аймақта менингококк
инфекциясының өршуі
Ауыр
сусызданудан
туындаған шок
Алдыңғы күндердегі профуздық диарея
Аймақта тырысқақ ауруының өршуі
27.
Ес-түссіз, тежелу жағдайында немесе құрысуларментүскен бала
Анамнез
Қызба.
Басжарақаты.
Дәрілік заттардың артық дозалануы немесе уытты заттарды қабылдау.
Құрысулар: қанша уақытқа созылады? Бұрын фебрильді тырысулар
болған ба? Эпилепсия?
Егер бала 1 аптаға толмаған болса, сіз мынаны ескеруіңіз керек:
босану кезіндегі асфиксияны (тұншығуы);
мидың гипоксиялық зақымдануын
Физикалық зерттеп-қарау:
28.
Жалпы тексеруСарғаю.
Алақанның айқын бозаруы.
Перифериялық немесе бет ісінуі (бүйрек жеткіліксіздігіне күдік).
Сана деңгейі.
Петехиалды бөртпелер.
Артериялық қысым.
AVPU шкаласы бойынша сана деңгейін бағалаңыз
Бас пен мойын
Шүйде бұлшық еттерінің тартылуы.
Бас жарақаты немесе басқа жарақат белгілері.
Көз қарашығының мөлшері және жарыққа реакциясы.
Үлкен еңбегінің ісінуі немесе керілуі.
Дененің мәжбүрлі жағдайы (ригидтілігі), әсіресе опистотонустың болу.
29.
Ес - түссіз, тежелу жағдайында немесе құрысуларментүскен балада дифференциалды диагноз
Диагноз немесе негізгі себебі
Симптом
Менингит
Тітіркенудің жоғарылауы
Шүйде бұлшық еттерінің тартылуы немесе үлкен еңбегінің ісінуі
Петехиалды бөртпе (тек менингококкты менингит кезінде)
Опистотонус
Церебральды безгек (тек P.
falciparum жұқтыру қаупі бар
балаларда, көбінесе маусымдық)
Безгекке оң жедел тест немесе қан жағындысында безгек паразиттерінің
болуы
Сарғаю
Анемия Құрысулар Гипогликемия
Фебрильді құрысулар
Қызба жағдайы кезінде ұзаққа созылмайтын құрысулардың алдыңғы
жағдайлары
Қызбамен байланысты
6 айдан 5 жасқа дейін пайда болады
Қалыпты қан жағындысы
30.
Ес - түссіз, тежелу жағдайында немесе құрысулармен түскенбалада дифференциалды диагноз
Диагноз немесе негізгі себебі
Симптом
Гипогликемия
Қандағы глюкозаның төмен мөлшері (<2,5 ммоль / л (<45 мг / дл), немесе
<3,0 ммоль / л (<54 мг / дл)); глюкоза препараттарымен емдеуге реакция
бар
Бас жарақаты
Тексеру кезінде немесе анамнезде бас жарақатының белгілері
Улану
Уытты заттарды жұту немесе дәрілік препараттардың артық
дозалануының анамнестикалық көрсеткіштері
Шок
Микроциркуляцияның бұзылуы
Жиі әлсіз тамыр соғуы
Энцефалопатиямен өткір
гломерулонефрит
Жоғары артериялық қысым
Несептегі қан және / немесе ақуыз
Перифериялық немесе бет ісінуі
Олигурия немесе анурия
Диабеттік кетоацидоз
Қандағы глюкозаның жоғары мөлшері
Анамнездегі полидипсия және полиурия
Терең, қиын тыныс алу
31.
Ес-түссіз, тежелу күйінде немесе құрысулармен түскенерте жастағы (2 айға дейінгі жаста) сәбиде
дифференциалды диагноз
Диагноз немесе негізі себебі
Симптом
Босану кезіндегі асфиксия – (тұншығуы).
Гипоксикалық-ишемиялық энцефалопатия
Туылу жарақаты
Өмірдің алғашқы 3 күнінде пайда болады
Анамнездегі қиын босануы
Бассүйекішілік қан құйылу
Өмірдің алғашқы 3 күнінде салмағы аз
немесе шала туылған нәрестеде пайда
болады
Жаңа туған нәрестелердің гемолитикалық
ауруы, билирубиндік энцефалопатия
Өмірдің алғашқы 3 күнінде пайда болады
Сарғаю
Терінің бозаруы
Ауыр бактериялық инфекция
Балаға К витамині тағайындалмаған
32.
Ес-түссіз, тежелу күйінде немесе құрысулармен түскенерте жастағы (2 айға дейінгі жаста) сәбиде
дифференциалды диагноз
Диагноз немесе негізі себебі
Симптом
Жаңа туған нәресте сіреспесі
3-тен 14 күнге дейін пайда болады
Тітіркену
Бала емізу кезіндегі қиындықтар
Тризм (шайнау бұлшықеттерінің тонустық ширығуы);
Бұлшықет жиырылуы Құрысулар
Менингит
Тежелу Апноэ ұстамалары Құрысулар
Аурулы шыңғырған айқай Еңбегінің кернелуі мен ісінуі
Сепсис
Қызба немесе гипотермия
Шок (тежелу, жиі тыныс алу, суық тері жамылғысы,
капиллярларды толтыру уақытының ұлғаюы, жиі әлсіз тамыр
соғуы және артериялық қысымның төмендеуі
Айқын себептерсіз ауыр жағдай
Медицина