Похожие презентации:
Құмағынды перфорация процесі. Лекция № 28
1.
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлікуниверситеті
Техникалық факультет
“Мұнай - газ ісі” кафедрасы
«Мұнай және газ ұңғыларын бұрғылау »
пәні
Лекция № 28
Құмағынды
перфорация процесі
Ақтөбе,2025ж
2. Құмағынды перфорация (ҚАП) - бұл өнімді қабаттарды қайта ашу әдісі, онда шегендеу тізбегінің, цемент тастың және жыныстың
қабырғаларының бұзылуы абразивті қосындыларыбар жоғары жылдамдықты сұйықтық ағындарының
көмегімен жүзеге асырылады.
Процестің мәні: құммен сұйықтық ағыны
перфоратордың саптамаларынан жоғары
жылдамдықпен ағып, ұңғыма қабырғасына
бағытталады. Қысқа уақыт ішінде шегендеу
тізбегінде ойық, ал цемент тасы мен қабат
жынысында канал немесе саңылау пайда болады.
3. Процесстің қолдану ерекшелігі: -Жоғары қысымды және жоғары температуралы, терең орналасқан қабаттарда -Жарықшақты коллекторлы
қабаттарда.Қолдану тиімсіз:
-ҚСЖ және тұз қышқылы ерітіндісімен
өңделген аймақта
- Суланған және төмен қысымды жоғары
өткізгішті қабаттарда.
4. ҚАП бұрғылаудан шыққан және қазірдің өзінде жұмыс істеп тұрған ұңғымаларда олардың өнімділігін едәуір арттыру үшін, сондай-ақ
сулы немесе газды қабаттардыңнемесе қабаттардың мұнай қабаттарына
жақын орналасқан ұңғымаларда қолданылады.
Шектеулер: егер қабат сұйықтықты сіңірсе
(жыныстардың өткізгіштік қасиеті жоғары),
онда құмағындыперфорацияны қолдануға
болмайды.
5. Ұңғыларды гидроқұмағынды перфорациялау тәсілі сұйық пен құм ағынының кинетикалық энергиясын қолдануға негізделген. Бұл ағын
перфоратор сұғындырмадан үлкенжылдамдықпен шығып, ұңғы
қабырғасына бағытталған. Қысқа
уақыттың ішінде құм және су ағыны
шегендеуші тізбекте саңылау түзеді
(сурет ).
6.
7. Құмағынды перфорация
1- ашу аймағы2 – сорапты компрессорлық
құбыр
3 - гидроперфоратор
4 - перфорациялық
каналдар
8. Перфорация каналдарының ұзындықтары
9. ҚАП перфорациялық канал қалыптастыру схемасы
1 –шегендеу тізбегі2 – цемент тасы
3 – тау жынысы
4 – дөңгелек қима
5 – перфорациялық
канал
10. Гидроқұмағынды перфорацияда қолданылатын жабдықтар: Жерүсті жабдықтары: сорапты агрегаттар, құмараластырғыш машиналар және
басқаларыдақолданылады.
Жерасты жабдықтары: сорапты- компрессорлы
құбырлармен ұңғыға түсірілетін гидроперфоратордан
тұрады.
Гидроперфоратор қалбырында арнайы ұяшықтар
бар.Ұяшықтарда насадкалар орналастырылған.
Насадкалар диаметрі 3мм, 4,5мм және
6мм.Насадкалардағы қысым жоғалулары:
диаметрі 6 мм ( 10-12МПа)
диаметрі 3- 4,5 мм ( 18- 20МПа)
11. Гидроқұм ағынды перфорация мұнайлы ұңғыда құмтасығыш сұйық ретінде-мұнай, ал айдау ұңғыларында-су қолданылады. Түрлендіргіш
материал ретінде фракциясы0,5-0,8мм-лі таңдалған кварцты құмды
пайдаланады. Құмның судағы
концентрациясы 50-100г/л болу керек.
Сұйықтың құммен қоспасы 1 қондырылмаға
айдау жылдамдығы 3,0-4,0 л/с. Бұл жағдайда
қондырылмадан ағынның шығу жылдамдығы
200- 260 м3/с, ал қондырылмадағы қысым
ауытқуы 18-22 МПа.
12. Өнімді қабаттың бір интервалын перфорациялау уақыты 15-20 мин. Теменгі интервал перфорацияланғаннан кейін перфоратор келесі
жоғарығаорналастырылады. Жаңа интервалда
перфораторды орнату сол режимде
процесті жүргізу қайталанады.
13. Гидроперфоратордың техникалық сипаттамасы
ПАРАМЕТРАП6М100
АП-6М80
Диаметр, мм
100
80
Ұзындығы, мм
835
780
Перфорация жүргізілетін тізбектің минимальды
диаметрі, дюйм
5 3/4"
3 1/2"
Салмағы, кг
24
17
Қолдану қысымы, ат
600
600
Қолдану температурасы, 0С
Шектеусіз
шектеусіз
14. Перфорациялау процесінің артықшылықтары: Өнімділіктің арттыруы: Перфорациялау ұңғының өнімді қабаттарына жол ашып, мұнай немесе
газды ағызуғамүмкіндік береді.
Қабаттармен байланыс орнату: Қабаттың сұйықтықтармен
байланысын орнату, оны жер бетіне жеткізу үшін маңызды.
Қоршаған ортаға әсерді азайту: Қазіргі заманғы
технологиялар перфорациялау процесін тиімді және
экологиялық қауіпсіз түрде жүргізуге мүмкіндік береді.
Перфорациялау ұңғылардың жұмысын жақсартуға, өнімділікті
арттыруға және ресурстарды тиімді игеруге көмектесетін
маңызды операция болып табылады.
Промышленность