24.66M
Категория: ХимияХимия

Химия негізінде 7 сынып оқушыларының өмірлік дағдыларын дамытуға арналған тапсырмалар

1.

Химия негізінде 7 сынып
оқушыларының өмірлік
дағдыларын дамытуға
арналған тапсырмалар

2.

БАЯНДАМА ЖОСПАРЫ
1. Кіріспе
2. 7 сынып химия курсының
мазмұны мен мүмкіндіктері
3. Тапсырмалар жинағының
құрылымы
4. Тәжірибелік нәтиже мен талдау
Қорытынды және ұсыныстар

3.

Кіріспе
Білім беру – тек пәнді үйрету емес, тұлғаның қабілетін
ашып, өмірлік жолына бағыт беретін құрал.
Өмірлік дағдылар – адамға күнделікті өмірде дұрыс
шешім қабылдауға көмектесетін жеке және әлеуметтік
қабілеттер.
Оған ойды нақты жеткізу, сыни ойлау, эмоцияны басқару,
топпен жұмыс жасау сияқты дағдылар жатады.
Бұл дағдылар жан-жақты тұлға қалыптастыруда
маңызды рөл атқарады, әсіресе жаратылыстану пәндері
оларды дамытуға кең мүмкіндік береді.

4.

Баяндама нұсқаулығы
Баяндаманың мақсаты – химия пәні арқылы
оқушылардың өмірлік дағдыларын дамытуға бағытталған
тапсырмалар жинағын құрастыру, оны оқу процесіне енгізудің
жолдарын ұсыну және тәжірибе арқылы тиімділігін көрсету.
Баяндаманың жаңалығы – тапсырмалар тек пәндік
біліммен шектелмей, оқушыны өмірлік жағдайға бағыттап, нақты
дағдыны қалыптастыруды көздейді. Мысалы, суды сүзу тәжірибесі
арқылы экологиялық сана қалыптастыру, тұрмыстық химиялық
заттардың қауіпсіз қолданылуын талдау арқылы жауапкершілікке
үйрету, топпен тәжірибе жасау кезінде ынтымақтастық дағдысын
дамыту сияқты мақсаттар көзделеді.

5.

7 сынып химия курсының мазмұны мен мүмкіндіктері
Заттар және олардың қасиеттері
Химиялық реакциялар
Ас тұзы мен қанттың айырмашылығы
Ас содасы мен сірке қышқылының
Мақсаты: Физикалық қасиеттерді салыстыру,
әрекеттесуі"
тұрмыста қолдану жолын түсіну
Мақсаты: Химиялық реакцияны бақылау,
Жағдаят: Анасы ас тұзы мен қантты бірдей
тұрмыста қолдану.
банкаға салып қойған. Сен оларды шатастырмай
Жағдаят: Тоңазытқыштағы иісті кетіру үшін
ажырату керексің.
атасы ас содасы мен сірке суын қолдануды
ұсынды.
Өмірмен байланысты
тапсырмалардың маңызы
«Ас содасы мен сірке суының әрекеттесуі»
арқылы газ бөліну процесін бақылау;
Сабын мен жуғыш заттардың әрекеті» арқылы
беттік керілу мен майлардың қасиеттерін
түсіну;
«Қайнау және булану» ұғымдарын шәйнек
немесе үтіктеу процесі арқылы талдау.

6.

Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру бағыттары
1.
Проблемалық жағдайды шешу: мысалы, «Қандай тазартқыш зат экологиялық әрі тиімді?» деген сұрақ арқылы оқушы
таңдау жасап үйренеді.
2.
Ақпаратпен жұмыс: қаптамадағы заттың құрамын зерттеп, пайдалы немесе зиянды тұстарын ажыратады.
3.
Болжам жасау және дәлелдеу: «Егер қышқыл мен негізді араластырсақ не болады?» деген сұрақ арқылы тәжірибе
жасауға қызығады.
4.
Коммуникация және топтық жұмыс: шағын зерттеу жобасын орындап, постер қорғау, сынып алдында баяндама жасау.
5.
Сын тұрғысынан ойлау: жарнамада көрсетілген "био-тазартқыш" шын мәнінде қаншалықты қауіпсіз екенін тексеру.

7.

Химия кабинетіндегі практикалық тапсырмаларды өмірлік жағдаймен
байланыстыру жолдары
1. Тұрмыстық химияны зерттеу
Оқушылардың күнделікті өмірінде жиі кездесетін заттар: сабын, жуғыш зат, сірке суы, ас содасы, ағартқыш, газдалған сусындар
химиялық табиғаты бар өнімдер. Осы тұрмыстық заттарды зерттеу арқылы оқушылар тек заттың құрамы мен қасиетін танып
қоймай, олардың денсаулыққа әсері, қауіпсіз қолдану ережесі, экологиялық салдары туралы ой түйеді.
Мысалы, сабын мен жуғыш заттардың рН деңгейін анықтау арқылы оқушылар теріге қауіпсіз өнімді таңдай білуге дағдыланады.

8.

2. Тәжірибелерді нақты жағдаятқа
негіздеу
Әрбір практикалық жұмыстың мазмұнын өмірлік
жағдаятпен байланыстырып ұсыну – оқушы үшін пәннің
маңызын арттырады.
Мысалы:
«Суды тазарту әдістері» тәжірибесін «ауыз судың
сапасын жақсарту» мәселесімен байланыстыру;

9.

3. Зерттеу мен жоба негізіндегі тапсырмалар
Оқушыларға шағын жобалық тапсырмалар ұсыну – практикалық жұмыстың өмірмен байланысын арттырады.
Мысалы:
«Үй жағдайында экологиялық таза сабын жасау» жобасы;
«Пластик бөтелкені қайта қолдану жолдары»;
«Тұрмыстық сірке суының қышқылдылығын анықтау».
Мұндай тапсырмалар оқушылардың зерттеушілік, шығармашылық және жауапкершілік дағдыларын дамытады.

10.

4. Қауіпсіздік және экологиялық мәдениет
Практикалық жұмыстар арқылы оқушылар тек химиялық
құбылысты емес, қауіпсіз жұмыс жасау ережелерін, химиялық
қалдықтармен жұмыс жасау мәдениетін, табиғатқа зиян келтірмеу
дағдыларын игереді.
Бұл бағытта:
«Химиялық қалдықтарды дұрыс жою әдістері»;
«Қайта өңдеуге болатын материалдарды анықтау»;
«Экологиялық таза тазартқыш құрал жасау» сынды тәжірибелер
маңызды.

11.

5. Интеграция және кросс-пәндік байланыс
Химия тәжірибелерін биология, география, технология пәндерімен байланыстыру арқылы өмірлік мазмұн
тереңдей түседі.
Мысалы, «Судың минералдық құрамын анықтау» тәжірибесін география пәніндегі
«Су ресурстары» тақырыбымен ұштастыру пәнішілік байланысты кеңейтеді.

12.

Оқушы жұмыстарынан алынған шынайы үлгілері
1. «Ас содасы мен сірке суының әрекеті» (Жағдаяттық тапсырма)
Оқушы есімі: Алия Т. (7-сынып)
Үлгі: «Мен ас үйдегі сірке суына ас содасын қосып көрдім. Басында жай көбік пайда болды, бірақ кейін бөтелке тығыны өзөзінен ашылып кетті! Бұл маған газ бөлініп, қысым артқанын көрсетті. Бұрын бұл жай "көбіктеу" деп білсем, енді бұл реакция
екенін түсіндім. Көмірқышқыл газы бөлінеді екен. Енді мен тіс пастасында неге сода болатынын білдім – ол микробтарды
кетіреді екен.»
2. «Су – тіршілік көзі» (Тәжірибелік және экологиялық тапсырма)
Оқушы есімі: Әділет Б. (8-сынып)
Үлгі: «Біздің үйдегі құдық суы қатты. Біз оны сүзгіден өткіземіз. Мен тәжірибе жасап, сүзілу алдында және соңында сабынмен
көбік пайда болуын салыстырдым. Фильтрден өткен судың көбігі көп болды. Бұл оның жұмсартылғанын дәлелдеді. Бұрын бұл
жай ғана "таза – лас" деп ойласам, енді судың құрамындағы иондар туралы түсінік алдым.»
3. «Тұрмыстық химия және қауіпсіздік» (Қауіпсіздік жапсырмасын талдау)
Оқушы есімі: Диана С. (7-сынып)
Үлгі: «Мен Vanish тазартқышының сыртындағы белгілерді қарап шықтым. Ол жерде "тітіркендіргіш", "жанғыш" деген белгілер
бар екен. Бұрын ата-анам мұндайға мән бермейтін. Мен сол күні отбасыма осы белгілердің не үшін керек екенін түсіндірдім.
Енді біз бұл өнімді тек қолғаппен қолданамыз. Бұл тапсырма маған жауапкершілік сезімін арттырды.»
4. «Табиғи сабын жасау» (Жобалық жұмыс элементі)
Оқушы есімі: Меруерт К. (9-сынып)
Үлгі: «Біз сабынды табиғи жолмен – зәйтүн майы, сода және эфир майын қосып жасадық. Қатты болды, бірақ көпірігі жұмсақ
әрі иісі жақсы. Құрамында химиялық қоспа жоқ. Бұл сабынды ата-анама да ұнады. Содан кейін сыныптастарымызбен
"экосабын" бренді туралы идея ойладық. Болашақта бизнес ретінде дамытуға болады деп ойлаймын.»

13.

Тапсырма:
• Ғылыми-критикалық ойлау
• Жауапкершілік пен қауіпсіздік
• Зерттеу және дәлелдеу
• Қоршаған ортаны бағалау
қабілеті

14.

Тәжірибелік нәтиже мен талдау
Тапсырмаларды қолдану
арқылы оқушылардың
дағдыларының дамыды
Жобалық жұмыс нәтижелері
мен шығармашылығы артты
Функционалдық сауаттылық
дағдылары дамыды
Оқушылардың пәнге
деген қызығушылығы артты
Сыныпішілік және отбасылық
әрекеттестік күшейді
Экологиялық және
денсаулыққа қатысты
ойлау қалыптасты

15.

Қорытынды
Химия пәні – тұлғаның ғылыми ойлауын, экологиялық
жауапкершілігін және өмірлік дағдыларын қалыптастыратын
қуатты құрал. 7-сыныпқа арналған өмірмен
байланыстырылған тапсырмалар жинағы осы әлеуетті толық
ашуға мүмкіндік берді.
Жоба барысында оқушы бойындағы келесі сапалар дамыды:
Ғылыми-критикалық ойлау;
Жауапкершілік пен қауіпсіздік;
Зерттеу және дәлелдеу;
Қоршаған ортаны бағалау қабілеті;
Шешім қабылдау және болжау дағдысы.
Бұл тапсырмалар мұғалімге шығармашылықпен жұмыс істеуге
мүмкіндік берсе, мектепте жүйелі қолдану – білімді өмірмен
байланыстырудың тиімді жолы.
English     Русский Правила