82.98K

Ляпидевскийдің айтуы бойынша клиникалықпедагогикалық топтастыруда тіл кемістіктерін үш жақтан қарастыруға болады

1.

С.С. Ляпидевскийдің айтуы бойынша клиникалықпедагогикалық топтастыруда тіл кемістіктерін үш жақтан
қарастыруға
болады: медициналық аспекті сөйлеу
анализаторының қайсысы зақымдалған, қай бөлігінде
және күрделігі қандай денгейде екенін қарастырады.
Осыған байланысты тіл кемістіктері
орталық немесе
шеткі; фукционалды немесе органикалық бұзылыстар деп
бөлінеді.
Сөйлеу тілінің бұзылуы қай уақыттан бері болғаны
ескеріледі ( баланың тілі шыққанға дейін (алалия), сөйлеу
тілі қалыптасу кезінде, әлде шықаннан кейін - афазия).
Психологиялық аспекті – сөйлеу тілініңкоммуникативтік
қызметі қаншалықты бұзылғанын; әр түрлі тіл кемістіктері
бар балалардың тұлғалық ерекшеліктерін; болжауы
қандай болатынын қарастырады.
Логопедиялық аспекті – сөйлеу тілінің қай құрылымы
зақымдалғанын қарастырады.

2.

• Логопедиялық аспекті
• Бұл топтастыру бойынша барлық сөйлеу тілі
бұзылыстары екі топқа бөлінеді: 1-ші топ ауызша сөйлеу тілінің бұзылуы, 2-ші топ жазбаша сөйлеу тілінің бұзылуы.
• Ауызша сөйлеу тілінің бұзылуы өзара екі
топқа бөлінеді:
• 1. сөйлеу тілінің сыртқы ( фонациялық )
өңделуінің бұзылуы;
• 2. сөйлеу тілінің ішкі ( семантикалық )
өңделуінің бұзылуы;

3.

• Сөйлеу тілінің сыртқы (фонациялық) өңдеуінің бұзылуы
бұзылған бөлігіне қарай төменгідегідей топтарға бөлінеді: а)
дауыс шығару, ә) сөйлеудің жылдамдығы мен ырғақтылығының
ұйымдастырылуы, б) интонациялық-әуенді, в) дыбыс айтуының
ұйымдастырылуы. Бұл бұзылыстар жеке немесе әр түрлі
комбинацияларда кездесуі мүмкін. Осыған байланысты
логопедияда дәстүрлі бекітілген терминдермен аталған келесі
сөйлеу тілі бұзылыстары ажыратылады:
• а) Дауыстың бұзылуы (афония, дисфония, фонестения).
• ә) Сөйлеу тілінің жылдамдығы мен ырғақтылығының бұзылуы
(тахилалаия, брадилалия, тұтықпа).
• б) Тіл дыбыстарының айтылуының бұзылуы (дислалия,
ринолалия, дизартрия).

4.

Сөйлеу тілі бұзылуының екінші тобына /ішкі
(семантикалық) өндеуінің бұзылуы/ алалия
және афазия кіреді.

5.

• Жазбаша сөйлеу тілінің бұзылуы: дислексия,
дисграфия, дизорфография
• Дислексия- оқу процесінің спецификалық жартылай
бұзылуы.
• Дисграфия –жазу процесінің спецификалық
жартылай бұзылуы.
• Дизорфография - «Қажетті ережелерді білуіне
қарамастан, орфографиялық дағдыларды
қалыптасып, меңгере алмаудың салдарынан жазуда
байқалатын тұрақты, ерекше қателердің түрлерін
дизорфография деп атауға болады»(А.Н. Корнев).

6.

• Психологиялық- педагогикалык топтастырукейіннен
сөйлеу тілінің бұзылыстарын клиникалық тұрғыдан
қарастырып, талдау нәтижесінде пайда болған. Бұл
топтастырудың негізіне сөйлеу тілі жүйесінің құрылым
компоненттері (сөйлеу тілінің дыбыстық, лексикалық,
грамматикалық жағы), сонымен қатар сөйлеу әрекетінің
түрлерінің қатынасы (ауызша және жазбаша түрі)
ескерілген.
• Осы топтастыру бойынша сөйлеу тілінің бұзылыстары
екі топқа бөлінеді:
• қарым-қатынас құралының бұзылуы;
• қатынас құралының қолдану кезінде бұзылуы.
English     Русский Правила