Похожие презентации:
2-дәріс (2)
1. Дәріс 2. Атқа міну мәдениетінің генезисі Темір дәуірі
2. Дүние жүзінде жылқының 250–түрі бар, оның 58–түрі ТМД елдерінде, ал Қазақстанда 17–түрі өсіріледі.
Атқа міну мәдениетінің генезисі қай дәуірден бастау алды?3. Энеолиттік Ботай-Терсек мәдениеті
Солтүстік қазақстандық археолог В.Зайберт бастаған экспедиция1981-1983 жылдары Ботай қонысын ашқалы бері, әлемдегі ең
алғашқы жылқышыларға қатысты деректерге өзгеріс енді. Өйткені
оған дейін Днепр бойындағы көнешұңқырлық мәдениетке жататын
(б.з.б. 3500-2400жж.) Дереивка қонысынан 52 жылқы сүйегі
табылғанына орай,ол әлемдегі ең байырғы жылқышылар отаны
ретінде танылып келсе,бір өзінен 70 000 жылқының сүйегі табылған
энеолиттік Ботай қонысының дәйектері - жылқыны ең алғашқы бас
білдірушілер қатарында қазіргі қазақ жерін мекендеген
қауымдардың да аса зор үлесі бар екенін паш еткен болатын.
/Таймағамбетов, 1996: 85–99. Зайберт, 1989;171–179. 1993; 145–159/.
4. Энеолит дәуірінде жылқы малы қолға үйретілсе, темір дәуірінде жылқы көшпелілердің негізгі міну көлігі, шаруашылықтың басты
табысы, қарым-қатынас құралы және жауынгердің жансерігіне айналған кезеңі.
Өзіңіз үшін жылқы малына қатысты қызықты ақпараттар:
Жылқының жасы мен жынысына байланысты атаулар.
№
Жасы
2
3
4
Жаңа туған төл
Ерклетіп атауы
Мерзімінен ерте туғаны
Мерзімнен кеш туғаны
Алты айдан 1 жасқа дейін
Бір жастан 2 жасқа дейін
Екі жастан 3 жасқа дейін
Жынысы
Еркек
Құлын
Құлыншақ
Марқа құлын
Кенже құлын
Жабағы
Тай
Құнан
5
Төрт жасар
Дөнен
6
7
8
9
10
11
12
13
Бес жасар
Алты жастан 8 жасқа дейін
Тоғыз жастан 11 жасқа дейін
Он бір жастан 14 жасқа дейін
Он бес жастан 18 жасқа дейін
Он сегіз жастан 20 жасқа дейін
Жиырма жастан 22 жасқа дейін
Жиырма екіден асқаны
Бесті
Ат,айғыр
Қартаң
Кәртамыс
Кәрі
Ласқа
Жасаған
Жасамыс
1
Ұрғашы
Құнажын
байтал
Дөнежін
байтал
Бесті бие
Жөнен
5.
№1
Жылқының түсіне байланысты атаулар.
Түсі
Түсін сипаттайтын белгілер.
Ақжол сары Жылқының бүкіл денесі ақшыл,сары,ал құйрығы мен жалы–сары немесе ақ түсті
2
Ала
Денесі,жалы,құйрығы мен аяғының едәуір бөлегін қоса ала–ала болып келеді
3
Боз
Қартая келе,түгі ағарудан барып жылқы бозғылт тартады. Туылғанда жирен,торы,қара болады
4
Бурыл
5
Жирен
Жалпы денесінің түгі қара,торы,жирен т.б түстес болып, денесінің жалы мен құйрығының едәуір
жері ақ болады.
Денесі,жалы,құйрығы мен аяқтары жирен түсті.Боз қоңыр және қызыл жирен деп бөлінеді
6
7
Қара
Қарагер
Бүкіл денесі,жалы,құйрығы мен аяқтары қара
Қара түсті жылқыдан айырмасы:Қарагердің танауы мен көзінің айналасы,қолтығы қоңыр түсті
8
Қара күрең
Денесі,жалы,құйрығы мен аяқтары қара күрең.Әдетте жалы мен құйрығы қара қошқыл болып келеді
9
Құла
Құла сұр жылқыдан айырмасы:Құла жылқының төменгі жағы қара емес,теңбіл–теңбіл
10
Құласұр
Басы мен денесі сарғылт,топырақ түстес қызғылтым,ал жалы мен құйрығы және аяқтары қара
11
Сұр
Денесі сұр түсті,басы,жалы,құйрығы мен аяғының төменгі жағы қара
12
Торы
Басы мен денесі құбылып тұратын қызыл қоңыр,жалы, құйрығы мен аяқтары қара
13
14
Шабдар
Шұбар
Денесі аяқтары күрең,ал жалы мен құйрығы сұрғылт
Денесінің өн бойында қара немесе қара күрең теңбілдер болады
15
Күрең
Басы,денесі,құйрық–жалы күрең түсті болып келеді.Күрең үшке бөлінеді:Қызыл–күрең,ашық–
күрең,сарғылт алтын түстес күрең
6.
Ат – ер қанаты.Алпамыстың Байшұбары,
Бөгенбайдың Қызылаты,
Қобыландының Тайбурылы,
сол сияқты Тілеу батырдың Кезқұлағы,
Бармақ батырдың Сандалкөгі,
Исатайдың Ақтабаны,
Қамбар батырдың Қарқасқасы,
Сегізсерінің Бозжорғасы,
Ерқосайдың Торысы,
Қарабектің Қарасы
секілді қазақ халқы ұмытпайтын, тарихта есімдері
батырмен қатар аталып, ердің қазынасына баланған
аттар иесіне адалдығымен, киелілігімен, тектілігімен
құнды.
7.
Жоспары3.1. Көшпелілер тарихын кезеңдеу. Көшпеліліктің қалыптасуының
алғышарттары: табиғи-географиялық және әлеуметтік-мәдени
факторлар. Әлеуметтік құрылымы мен қоғамдық құрылысы.
3.2. Ерте темір дәуірі хронологиясы мен археологиялық мәдениет
ескерткіштері. Тасмола мәдениеті: күні, ауқымы, қорғандар мен
материалдық мәдениеттің ерекшеліктері. Жазба деректер.
Қазақстандағы ерте темір дәуірінің зерттелуі.
3.3. Ерте темір тайпаларының этносаяси және әлеуметтік тарихы.
Сақтар. Массагеттер. Савроматтар мен сарматтар. Сақтар мен
сарматтардың саяси құрылымдары.
8. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
Акишев К.А.,Кушаев Г.А. Древняя культура саков и усуней долины реки Или. - Алматы.1963.Акишев А. Искусство и мифология саков. Алма-Ата, 1984.
Герадот История в 9-ти книгах. – Л., 1994.
Гумилев Л.Н. Хунну. – А., 1997.
Баһаеддин Өгел Ұлы Хұн империясы. – Алматы, 2005.
Таскин В.С. Материалы по истории Сюнну (по китайским источникам). – М., 196
Қазақстан тарихы (Қазақ елі). 1-2 кітап. – Алматы:Қазақ университеті, 2016 – 458б.
Кляшторный С. Г., Султанов Т. И. Государства и народы Евразийских степей. Древность и средневековье. - СПб.: Петербургское
Востоковедение2004 -368 с.,
Толеубаев, А. Т. Раннесакская шиликтинская культура [Текст]: научное издание / А. Т. Толеубаев. - Алматы: ИП «Садвакасов А. К.», 2018. - 528 с.
Китов Е.П., Тур С.С., Иванов С.С. Палеоантропология сакских культур Притяншанья (VIII – первая половина II в.до н.э.). – Алматы: «Хикари»,
2019. 300 с.
Акишев А. Искусство и мифология саков. Ин-т истории, археологии и этнографии Академии наук Казахской ССР. - Алма-Ата: Наука, 1984. - 176
с.
Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. Бес томдық. – Т. 1 том. – Алматы: Атамұра, 2010.
Самашев З. Берел. - Алматы: Таймас, 2011. - 236 б.
Омаров Ғ.Қ. Сақ-скиф археологиясы: хрестоматия. – Алматы: Қазақ университеті, 2021. – 342 б.
Ежелгі Үйсін елі. Қытай деректері мен зертеулер. /Құрастырушы: Ш. Ахметұлы. – ҚХР Үрімжі, «Шыңжаң Халық Баспасы», 2005.
Акишев К. А., Кушаев Г. А. Древняя культура саков и усуней долины реки Или. - Алма-Ата: Изд-во АН КазССР, 1963. - 298 с.
9.
Көшпелі қоғамның пайда болуыКөшпелілік бірден пайда болмаған. Оның пайда болуының, дамуының өзіндік заңдылықтары, себептері бар.
Малшылықтың алғашқы түрі — үй маңында мал өсіру болды. Ал "Көшпелі мал шаруашылығы қалай пайда болды?"
деген мәселеде әр түрлі пікір бар. Кейбір ғалымдар: "Отырықшы малшылық біртіндеп дамып, мал басы өседі. Мал
басы өскен сайын жайылымды кеңіту, жайылым ауыстырып отыру қажеттілігі туады. Бұрынғы отырықшы малшылар
біртіндеп жайылым ауыстырып, жылжып көшуге мәжбүр болады. Сөйтіп, көшпелілік қалыптасты", — дейді. Ал енді
бір зерттеушілер бұл жағдайды қола дәуірінің соңындағы климат жағдайының өзгеруімен — Еуразия даласындағы
қатты құрғақшылықтың басталуымен түсіндіреді. Көшпелі қоғам тарихын зерттеуші ғалымдар басқа да көптеген
себептер бар дейді. Олар: мал басының өсуі, ерте темір дәуірінің басында бақташының атқа мінуі, біртіндеп
жылқыны мініске үйретіп, алдымен, сүйек ауыздықты, содан соң қола, кейініректе темір ауыздықты, одан үзеңгіні,
ертоқымды пайдалануы көшпелі мал шаруашылығының дамуына, ғасырлар бойғы мал бағудың тәжірибесінің
қалыптасуына негіз болды. Көшпелілік тек шаруашылықты жүргізудің түрі ғана емес, бұл тұрмыс-тіршіліктің де түрі.
Көшпеліліктің шығуы, көпшілік жағдайда, географиялық ортаның тікелей әсерімен байланысты. Сондықтан да
көшпелілік белгілі бір нақты тарихи кеңістіктерде ғана таралды. Көшпеліліктің пайда болуы — белгілі бір климаттық
жағдайлар, экологиялық ұяның (ниша) шектеулі мүмкіндіктері, табиғи ресурстардың сол өлкеде өмір сүруші
этностың алдына қоятын табиғи талаптарына байланысты. Көшпелілік белгілі бір геофизикалық, табиғиклиматтық аймақтарда қалыптасады. Әдетте, бұл — далалы, жартылай шөлейт, шөл және құрғақ далалар, тау бөктері,
тау аймақтары.Көшпелілер туралы түсінік алдымен отырықшы халықтар арасында қалыптасты. Б.з.д. V ғасырда өмір
сүрген тарихшы Геродот көшпелі скиф тайпаларының тұрмысын мадақтап жазды. Көшпелілердің табиғат аясындағы
өмірін басқа да антик тарихшылар, философтар, орта ғасырлар ойшылдары сипаттады. Оларға табиғаттың төл баласы
сияқты көшпелілер өмірі таза, қулық-сұмдықтан, отырықшы-қалалық өркениеттің жаман қасиеттерінен ада болып
көрінді. Қазақ халқы мал шаруашылығының жағдайына және табиғат жағдайына байланысты қыста
қыстауға, көктемде көктеуге, жазда жайлауға, күзде күздеуге көшіп жүрген. Көшудің белгілі бір бағыттары да
болған.
10. Төрт түлік түрлері мен дала, жартылай дала және шөлейтті аймақтарды игеру.
Төрт түлік – мал: түйе, жылқы, қой, сиыр. Қазақ халқы осытөртеуін төрт түлік деп атаған. Қазақстанның табиғи
жайылымыды дала, шөлейт, шөл зоналарында және биік таулы
аудандарында қой шаруашылығы дамыған. Еліміздің
солтүстігіндегі орманды дала және дала зоналарында,
сонымен бірге биік таулы аймақтарда етті – сүтті мүйізді ірі
қара малы өсіріледі. Себебі бұл жерлер малды шырынды
азықпен қамтамасыз етуге қолайлы.
11.
Әр түрлі аймақтардағы малшаруашылығының дамуы мен тұқым
түрлерінің үлес салмағына қатысты
аудандардың жер, су, ауа райы
ерекшеліктері үлкен әсерін тигізеді. Сиыр
өсіру ежелден – ақ топырағы құнарлы,
шалғынды аймақтарда нәтижелі жүргізілсе,
шөл және шөлейт жерлерде малдың негізгі
бөлігін (80 % -дан аса) уақ малдар ( қой,
ешкі) құрады.
12.
Түйе шаруашылығы еліміздің неғұрлым шөлді аудандарында Атырау, Маңғыстау, Қызылорда және ОңтүстікҚазақстан облыстарында өсіріледі. Шөл, шөлейт және дала зоналарындағы аудандарда түйе өсірумен
айналысады. Өйткені олар жыл бойы жайылымда болады. Түйе шөлге төзімді, тікенекті, сораңды
шөптермен коректенеді. Бірнеше күн су ішпей, ауыр жүк тарта алады. Қазақстанда 92 мыңнан астам түйе
бар.
13. Ерте темір дәуірі (б.з.б VIII-б.з V ғғ.)
Тас құралдарды өндірістен толық ығыстырып шығарған дәуір- ерте темір дәуірі:Ерте темір дәуірі 2 кезеңге бөлінеді:
Алдыңғы ерте темір дәуірі
- б.з.б VIII ғ-б.з.б III ғ.
Сақ (б.з.б. VIII – б.з.б. III)
Кейінгі ерте темір дәуіріб.з.б III ғ-б.з V ғ.
Ғұн (б.з.б. III – б.з. IV)
Үйсін (б.з.б.III – б.з.V)
Қаңлы (б.з.б.III – б.з.V)
Сармат (б.з.б. VIII – б.з. V)
14.
ГиппократГиппократ(бзб 460-356)грек
медигі,Эгей теңізіндегі Кос
аралында тұған,бұл Кіші
Азияның оңт батыс
жағалауындағы Родос пен
Патмос аралдарының
арасында,ата-бабасынан
дәрігер Гераклид пен
Фенаретаның баласы
Сақтардың табиғаты, шаруашылығы туралы пікірі.
15.
“Скиф шөлі” деп аталатын жер-шөбішүйгін,бірақ ағаш өспейтін және суы
мол жазық дала:онда даладан бастау
алатын үлкен өзендер ағып жатыр.Осы
жерде скифтер тұрады;олардың
көшпенділер деп аталуының себебіолардың үйі жоқ,арбаларда
тұрады,оның ең кішісі төрт
доңғалақты,ал кейбіреулері –алты
доңғалақты;оларды айнала киізбен
жауып,үйге ұқсас етіп жасайды,одан су
да жарық та жел де өтпейді.Олар
піскен ет жемейді,бие сүтін
ішіп,”иппака”жейді”бие сүтінен
жасалған ірімшік)
16.
Темір дәуіріне сипаттамаТемір дәуірі – адамзат тарихында қола дәуірін
алмастырған, аса маңызды әлеуметтікэкономикалық, саяси, демографиялық,
технологиялық өзгерістерді дүниеге әкелген жаңа
кезең Қазақстандағы ерте темір дәуірінің басы б.з.д.
VIII - VII ғасырларына жатады
Егіншілік, "көшпелі "жартылай көшпелі” мал
шаруашылығы болған. Малшылықтың жылжымалы
түріне ауысуына даланың құрғақтануы
(аридизация) ықпал етті.
Тарихи сахнада скифтер, сактар,
савроматтар,үйсіндер, қаңлылар, ғұндар деп
атаған тайпалар пайда болды. Ерте темір
дәуірінде металл өндірісі, сауда
айырбасы гүлденді.
Шаруашылығы
Қоғам
Тарихы
Темір дәуірі
Мәдениеті
Ерекшелігі
Сатылар
Тұрғындардың негізгі бөлігі таулы өңірлерде
шоғырланды. Тасмола тайпалары мекендеген ерте
темір дәуірінде шаруашылықтың жаңа прогрессивті
түрі кеңінен тараған. Көшпелілер өзінің күшті
көшпелі орталықтарын құрды, олар келешек
империялардың бастамалары болды
Темір дәуірі 2 кезеңге бөлінген:
Әлнуметтік-экономикалық
саяси, демографиялық,
технологиял
ық өзгерістерді дүниеге әкелген жаңа кезең
ірі тайпалық бірлестіктер қалыптасты.
ірі обалар тұрғызылды . Темір кеңінен
қолданылды.
17. Темір дәуірінің ескерткіштері
18. Темір дәуірінің Орталық Қазақстандағы сақ мәдениеті
Тасмола мәдениеті-Орталық және СолтүстікҚазақстан өлкелерінде ерте темір дәуірінде
өркендеген.1930 ж белгілі болғанымен,негізгі
зерттеу жұмыстары Орталық Қазақстанда 1946 ж
кейін басталды.
Тасмола мәдениетінің негізгі ескерткіштері түріне
обалар «мұртты обалар»,қоныстар, кен орындары,
петроглифтер жатады.Тасмола қоғамында қола
құю
ісінің үздік шеберлері болды.Тасмола
мәдениетінде
металлургия гүлденді.
19.
Тасмола мәдениетінде тән археологиялық ескерткіштері «мұртты» қорған деп аталады. Бұлкүрделі ғұрыптық – жерлеу кешендері тастан қаланып, әдетте үш негізгі бөлшектерден:
үлкен, кішкентай қорғандар мен ұзындығы 60-тан 200 метрге дейін жететін жартылай доға
тәріздес жолдардан құрастырылған. Бұл «мұрттар» қорғанмен жанасып, үнемі шығысқа
қарай бағытталған.Үлкен қорғанның астында, тереңдігі екі метрге жететін шұңқырда
қайтыс болған адамның мәйіті жерленген. Кішігірім қорғаныда жылқы қаңқаларының
қалдықтары, қыш ыдыстардың сынықтары кездеседі. Кейде тек қана қөмір түріндегі және
күйдірілген топырақтың ізі байқалады
20. Мұртты қорғандар не үшін салынған?
Бізге мұртты қорғандардың астрономиялық жағынан тағайындалутуралы тұжырым белгілі. Биолог және археология (энтузиасты) П.И.
Мариковскийдың пікірі бойынша, мұртты қорғандар ежелгі
обсерваториялар болған, жұлдызды аспан, күн мен айды бақылап, жыл
мезгілін аңықтау үшін пайданылған.«Мұртты» кешендер
астрономиялық болжамдар үшін пайдаланылуы мүмкін, бірақ бұл оның
құрылысында маңызды болмаған. Кейде осындай қорғандар бір-бірінен
бірнеше шақырым қашықтықта орналасқан, кейбір обаларда екі мұртты
қорғандар болған.
Аспанды бақылау үшін бір
обсерватория бар кезде екіншісін
тұрғызудың қажеті қандай?
М.К. Қадырбаевтың пікірі бойынша тастан қаланған
мұртты кешендер жерлеу ғұрыптарына арналып салынған
және тасмола тайпаларының күнге табынушылығын
айқындады.Қазіргі уақытта шартты болса да, "мұртты"
обалардың негізгі ауқымы анықталды. Бүгінгі таңдағы
мәліметтерге жүгінсек, Қазақстан аумағында 300-ден астам
ескерткіштер анықталған. Аталмыш мәліметтер жыл сайын
толықтырылуда.
21. Сақ тайпаларының 3 тобы
Сақтар (сақалар) — б.з.б. 1мыңжылдықта Орта Азия мен Қазақстан,Шығыс Түркістан аумағын мекен еткен
ежелгі тайпа. Олар қуатты тайпалық
одақтары массагеттер, исседондар,
аландар, каспийлер, сарматтардан
тұрған.
1.Парадарая ( теңіздің арғы жағындағы сақтар)
2. Тиграхауда(шошақ бөрікті сақтар)
3.Хаомоварга(хаомо сусынын дай/дар)
22.
23.
Сармaттар туралы деректер өтe аз. Бұл тайпаның аты б. з. б. III ғ. бастап тарихқакірген. Саpмат тaйпалар oдағы Батыс Қазaқстан өңірінде өміp сүрген. Б. з. б.III - б. з.
-дың IV ғaсыры aралығында Тобыл мен Дунай арaлығын мекендеген тайпалар. Олар
алғашындa б. з. б. VIII ғacырда «савроматтap» деп аталған. Б. з. б. II ғaсыpдан
бастaп Оңтүстік Орaлды, Еділ бойын, Қазақстанның батыс аумaғын қоныстанғaн. Б.
з-дың IVғ. ғұндардан жеңіліп батыcқа қаpaй қоныс аударған. Жауынгер саpмaт
тайпaлаpы дах (дай) - мaссагет, исседондармен тyыстас болып келген. Сарматтар
тілі иран тілінeн түрік тіліне ауысқaн. Сарматтаpдың құрaмында роксоландаp,
алаңдaр, аорстар, cирактар т. б. тайпaлар болған.
Сарматтар мәдениеті 3 кeзеңді қамтиды.
eрте саpматтaр мәдениеті (прохор)
орта сармaттар мәдениеті (суслов)
кейінгі сарматтaр мәдениеті.
24. Дәріс 2.1Мемлекеттіліктің қалыптасуының бастапқы кезеңі, Ұлы Жібек жолы аумағындағы көшпелі және отырықшы мәдениеттің
урбандалуы мен өзарақатынастары (б.з.б.III – б.з. II ғғ)
25.
Жоспары4.1. Прото және ежелгі түріктердің мәдениет
генезисі.Прототүрік және протомоңғолдық элементтердің
ежелгі байланыстары мәселесі.
4.2..Ғұн тайпаларының шығу тегі мен этникалық тарихы
мәселесі. Ғұндардың (сюнну) империясының саяси тарихы.
4.3. Қаңлылардың тарихи-мәдени мұрасы. Қаңлылардың
шығу тегі және этностық тарихы. Б.з.б. ІІ- б.з. V ғ.бірінші
үштігіндегі қаңлылардың тарағанаумағы мен қоныстанған
жерлері.
26. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
Акишев К.А.,Кушаев Г.А. Древняя культура саков и усуней долины реки Или. - Алматы.1963.Акишев А. Искусство и мифология саков. Алма-Ата, 1984.
Герадот История в 9-ти книгах. – Л., 1994.
Гумилев Л.Н. Хунну. – А., 1997.
Баһаеддин Өгел Ұлы Хұн империясы. – Алматы, 2005.
Таскин В.С. Материалы по истории Сюнну (по китайским источникам). – М., 196
Қазақстан тарихы (Қазақ елі). 1-2 кітап. – Алматы:Қазақ университеті, 2016 – 458б.
Кляшторный С. Г., Султанов Т. И. Государства и народы Евразийских степей. Древность и средневековье. - СПб.: Петербургское
Востоковедение2004 -368 с.,
Толеубаев, А. Т. Раннесакская шиликтинская культура [Текст]: научное издание / А. Т. Толеубаев. - Алматы: ИП «Садвакасов А. К.», 2018. - 528 с.
Китов Е.П., Тур С.С., Иванов С.С. Палеоантропология сакских культур Притяншанья (VIII – первая половина II в.до н.э.). – Алматы: «Хикари»,
2019. 300 с.
Акишев А. Искусство и мифология саков. Ин-т истории, археологии и этнографии Академии наук Казахской ССР. - Алма-Ата: Наука, 1984. - 176
с.
Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. Бес томдық. – Т. 1 том. – Алматы: Атамұра, 2010.
Самашев З. Берел. - Алматы: Таймас, 2011. - 236 б.
Омаров Ғ.Қ. Сақ-скиф археологиясы: хрестоматия. – Алматы: Қазақ университеті, 2021. – 342 б.
Ежелгі Үйсін елі. Қытай деректері мен зертеулер. /Құрастырушы: Ш. Ахметұлы. – ҚХР Үрімжі, «Шыңжаң Халық Баспасы», 2005.
Акишев К. А., Кушаев Г. А. Древняя культура саков и усуней долины реки Или. - Алма-Ата: Изд-во АН КазССР, 1963. - 298 с.
27. Прототүрік және протомоңғолдық элементтердің ежелгі байланыстары мәселесі.
Археологиялық мәдениет бір уақытта, белгілі бір территорияда пайда болған материалдықескерткіштердің бірлігін, бірдейлігін білдіреді. Бірақ
осынау ескерткіштердің иегерлерінің этнографиялық, әлеуметтік, психологиялық тұрпатын
археологиялық емес фактілер жәрдемінде құрастыруға болады.
Ғылымда үндіевропалық немесе үндіирандық мәдениет деп қате қабылданған далалық мәдениет
Тұранда пайда болып, оны мыңдаған жылдар
бедерінде далалықтар-прототүріктер ғана жаратқан. Ол Евразияның барлық региондарына тарады.
Бұл жерде алғаш рет қоғам топ-тапқа бөлініп, алғашқы қауымдық құрылыс ыдырап жеке меншік пен
мемлекеттер пайда болған.
Тұран мәдениеті мен тілі өзінің бастауын жоғарғы палеолит дәуірлерінен алады.
Түркі халықтарының тарихи бастауы ерте темір дәуірінің тайпалық-мемлекеттік бірлестігі тұсында
тереңдей түсті. Әсіресе Ғұн мемлекетінің қалыптасуы кезеңінде түркілену процесінің алғышарттары
орын алды.
28.
Б.з.б. І мыңжылдықтың ортасында Алтай, Оңтүстік Сібір мен Шығыс Қазақстан аумағында “Ғұн”деген атпен тайпа одағы қалыптаса бастады.
Қытайлар хунну, кейде сюнну деп атаған бұл тайпалар “халықтардың Ұлы қоныс аударуы”
дәуірінде белгілі болды.
29.
Мөде – Ғұн мемлекетінің негізін қалаушыІІІ ғасырда Мөде Қытаймен кескілескен ғұн
тайпаларын біріктіріп, ғұндардың билеушісі – шанью
деген атақ алады. Ол шексіз билікке – “Аспан ұлы”
деген атаққа ие болды.
Ғұндардың әскері
Ғұндар жақсы ұйымдастырылған атты әскер
үлкен маңызға ие болды.
Олар негізінен садақпен, найзамен қаруланған.
30.
Ғұндардың құдіреттілігін шығыста Қытай, көршілесүйсіндер мен қаңлылар, солтүстікте Саян-Алтай тайпалары
мойындады
Ғұндар мен Қытайдың Хань династиясы арасындағы
соғыс б.з.б. 188 жылы Хань әскерінің жеңілісімен аяқталды.
Қытайлықтар жыл сайын алым-салық төлеуге және қытай
ханшасын әйелдікке беруге мәжбүр болды.
31. Ғұндардың саяси-тарихы
32.
Ғұн империясында б.з.б. 71 жылы дағдарыс басталып, олақыры б.з.б. 55 жылы ғұн мемлекетінің екіге бөлінуімен
аяқталды (оңтүстік және солтүстік).
Оңтүстік ғұндар Хань империясына (Қытай) бағынды. Ал
Чжи-чжи шаньюй бастаған солтүстік ғұндар тәуелсіздігін
біраз уақытқа дейін сақтап қалды
33.
Үйсін мемлекетіҚазақстан аумағында б.з.д. ІІ – VІ
ғасырларда өмір сүрген байырғы
мемлекеттердің бірі.
Астанасы Ыстықкөл
жағалауындағы Чигучэн қаласы
болды.
34. Негізгі территориясы
Қазақстанның Жетісу өлкесіШекаралары батысында Шу
мен Талас өзені, шығысында
Тянь-Шаньның шығыс
атырауларына, солтүстігінде
Балқаш көліне, оңтүстігінде
Ыстық көлге дейінгі аумақты
алып жатты.
Үйсін мемлекеті батысында
қаңлылармен, шығысында
ғұндармен, ал оңтүстігінде
Ферғанамен шектесіп жатты.
35.
Астанасы Чигу-Чэн (Қызыл аңғар ) қаласыболған. Ол Ыстық көлдің жағасында
орналасқан.
36.
Мемлекеттің ең жоғарғы билеушісі Г уньмо (күнби) Үйсіндердің120 мың түтіні, 630 мың адамы, 188 мың 800 әскері болған.
37. Жерлеу орындары
Жерлеу орындары Бейіт басына тұрғызылғанобаның үлкен-кішілігі марқұмның қоғамдағы
алған орнының, байлығының қандай болғанын
білдірген. Қазба жұмыстары кезінде үлкен
обалардан үлкен ə шекейлер, қару-жарақ,
ыдыс-аяқ түрлері көп шығады.
Қару-жарақтан темір қанжар, пышақ, үш
қырлы жалпақ жебе ұштары бар. Кішкентай
обалардан бір-екі қыш ыдыс, темір пышақ,
қола сырға, моншақ табылды.
Теңлік қорымындағы қабірден киімге тігілген
алтын қапсырмалар, алтын сырғалар, алтын
сыммен оралған темір түйреуіш, қола айна
табылды. Көлемі жағынан орташа обадан
бірнеше қыш құмыралар, ағаш тостаған, қола
сырға, түйреуіш, білезік шықты.
38.
Қаңлылардың шығу тегі және саяситарихы
39.
Қаңлы мемлекеті біздің заманымызданбұрын ІІІ ғасырда Қазақстанның
оңтүстігінде құрылған алғашқы мемлекеттік
бірлестіктердің бірі. Қаңлылар қазақ
халқының негізін құраған ең ежелгі
тайпалардың бірі болып саналады. Тарихшы
Бернштамның пікірінше олар түркі тілді
халық болған. Қаңлылар ұлы жүз руының ең
байырғы тайпасының бірі.
Қытай деректері бойынша «Қаңлылардың халық саны
- 600 мың адам жетті немесе
120 мың үй шаруашылығы»
Сыма Цянь
Б.з. дейін 139 ж.-86ж.
40.
Қаңлылар мекендеген аумақ41.
Қаңғылылар орналасуыАумағы
Сырдарияның орта
ағысынан бастап
Қаратаудың етегі
Астанасы
Битянь (Туркестан
жанында)
42.
Қаңлы мемлекетінің қуатты болғандығы соншалық, олар сол кезде Ханьәулеті билеген Ұлы Қытай империясын да мойындамаған. Атақты
тарихшы Н.Я.Бичуриннің қытай жазбаларынан аударған дерегінде
қаңлылар туралы былай делінген: «Қаңлы ханы өркөкірек, тәкаппар және
елшілер алдында ешқашан бас имеген. Олар қытай елшілерін үйсіндердің,
тіпті одан да төмен халықтар елшілерінің қатарына отырғызды. Хань
императоры сенім артып жіберген елшілерді қаңлы ханы мен оның
кеңесшілері ас-су ішіп болғаннан кейін ғана дастархан басына шақырған.
Бұдан олардың Хань мемлекетін мойындамайтындарын, тіпті оларды
өзімен көршілес халықтардан төмен қоятынын көреміз» делінген.
43.
Саяси тарихы1
Қытаймен,
Парфиямен, Риммен
және Закавказьемен
(Кушан)
экономикалық және
мәдени
байланыстары
2
3
Ғұндармен,
үйсіндермен
соғыстар;
Бұхараны,
Хорезмді
бағындырды.
Олар Ұлы Жібек
жолының
жекелеген
учаскелерін
бақылап отырды
44.
Қоғамдық құрылымыҰлы хан
уәзір
Кіші хан
уәзір
Кіші хан
Кіші хан
уәзір
Кіші хан
Кіші хан
Дереккөздерде қаңлы мемлекетін ұлы хан басқарғаны және оның билігі әкеден
балаға мұрагерлікпен берілгендігі жазылған. Қаңлыларды билеген атақты хандар
арасында Найби, Дашби есімді билеушілердің есімі кездеседі.
45.
Қанлылардың археологиялық ескерткіштері№
Негізгі мәдениеті
Ескерткіштері
1
Қаучин мәдениеті
Ақтобе, Шаушықұм, Жамантоғай, Төребай
2
Отырар-Қаратау мәдениеті
Пұшық-мардан, Көкмардан, Қостөбе, Кетмантөбе, Шөптөбе, Ахайтөбе, Мардан-күйік, Ботайтөбе
3
Жетіасар мәдениеті
Жетіасар,Алтынасар, Томпақасар,
Бидайыкасар, Унгирасар
46.
Арыс өзенінің сол жағалауында 100 шаршы км аумақта қаңлылардың қала мәдениетініңорталығы болған Көк-Мардан қалашығының қирандылары табылды.
47.
ШаруашылығыЖер шаруашылығы
Мал шаруашылығы
шаруашылы
ғы
сауда
Темір өңдеу
48.
Қара теңіз аумағыК
А
Н
Л
Ы
Л
А
Р
Сирия
Индия
Сауда жасады
Прибалтика
Мысыр
Китай
Иран
49.
Қаңлылар көршілес тайпалармен: ғұндармен, үйсіндерменсоғысып, Бұхараны, Хорезмді және Орта Азияның кейбір басқа
аймақтарын бағындырды;
Қаңлылар әскери одақ құрып, көрші орналасқан ғұн, үйсін
тайпаларымен соғысты. Бұрын соғыс көбінесе жер үшін және кек
алу мақсатында жүргізілсе, ендігі жерде соғыста барымта жолымен
қолға көп мал мен олжа түсіру бірінші кезекке шықты. Үстем тап
өкілдері соғысты тонау мақсатында пайдаланып, көптеген
байлыққа ие болды. Соғыста қолға түскен тұтқындарды құлға
айналдырды.
кангюи
50.
Көшпелі мал шаруашылығы құл иеленушіліктің дамуы менқалыптасуына бөгет жасады. Байларға құл еңбегіне қарағанда, қауым
мүшесінің еңбегін пайдалану тиімді болған. Себебі, құлды азықтүлікпен, киім-кешекпен қамтамасыз ету керек, ал қауым мүшелері өз
тамағы мен киімін өздері тапты. Құлдар негізінен ас пісіріп, мал күту,
егін егу сондай-ақ әр түрлі шикізаттарды өңдеу жұмыстары мен
қолөнер кәсібіне пайдаланылды. Қаңлы қоғамында мүлік теңсіздігі мен
таптардың пайда болуынан адамды адамның қанауы күшейіп, бай мен
кедей тобына жіктелу айқын көрінді.
51.
Қаңлы, үйсін халықтарының тұсындағы Ұлы Жібек жолының пайда болуы және даму тарихыҰлы Жібек Жолы бойынша қатынас б.э.д III – II мыңжылдықтан басталған еді. Байланыстар Бадахшан қаласындағы лазурит пен
Қотан ауданындағы Яркендария өзенінің жоғары ағысындағы неофиттің арқасында орни түсті.
Б.з.д 1 – ші мыңжылдықтың ортасында Қаратеңіз жағалауынан Донға дейін, кейін Оңтүстік Орал жағалауынан Ішімге одан әрі қарай
Алтайға, Жоғары Ертіс ауданы мен Зайсан көлін мекендеген агриптер еліне дейін созылып жатқан Дала жолы қалыптасты.
Көшпенді сақтар мен скиф тайпалары бағалы жібекті сатты, олар арқылы тауар Орталық Азия мен Жерорта теңізіне жетіп жатты.
Ал, б.з.д. II ғасырдың ортасында Жібек жолы әркез дипломатиялық және сауда өзегі ретінде қызметін жандандыра түсті.
Жібек жолы ежелгіде Сирия порттарынан басталып Ктесифон мен Экбатан арқылы Шығысқа жетті, ал ғасырдың ортасында Бағдат
арқылы Мервке дейін жетіп жатты. Сосын керуендер негізінен солтүстік жол арқылы бағыт алды: Самарқанд, Қашқар, Тұрпан арқылы
Дұнхуанға қарай бет алды.Ары қарай солтүстік және оңтүстік жолдар Ланджоу арқылы түйісіп Қытайдың орталық аймағына дейін
алып барды.
История