115.69K
Категория: ПедагогикаПедагогика

Педагогика ғылымы және оның ғылымдар жүйесіндегі орны

1.

Пән: Жоғары мектеп педагогикасы
1 дәріс: ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМЫ ЖӘНЕ
ОНЫҢ ҒЫЛЫМДАР ЖҮЙЕСІНДЕГІ ОРНЫ
Оқытушы: педагогика ғылымдарының
кандидаты,
доцент
Ботабаева
Адеми
Еркебаевна

2.

Жоспар
1.1 Педагогика адамның рухани, интеллектуалды
және әлеуметтік өсуі туралы ғылым ретінде.
Педагогика ғылымының ұғымдары (категориялары)
1.2 Педагогиканың құрылымы
1.3 Педагогиканың пәнаралық сипаты
1.4 Жоғары мектеп педагогикасы – кәсіби
педагогтарды тәрбиелеу туралы ғылым. Жоғары
мектеп педагогикасының атқаратын міндеттері мен
қызметтері.

3.

Тарихи шолу
Педагогика өзінің атауын гректің «paidagogas» - баланы
жетектеуші сөзінен алған. Ең алғашқысында бұл сөз құл
қожасының баласын мектепке жетектеп апарушы дегенді
білдірсе, кейін келе ол тәрбие туралы ғылымның аты
ретінде калды. Тәрбие - қоғамның кейінгі ұрпақтарда
өзін қайта көрсетумен байланысты атқаратын негізгі
қызметтерінің бірі. Ал педагогика пәні - индивидтің
өткен ұрпақтарының әлеуметтік тәжірибені меңгеруі оқу
және оқудан тыс уақыты бірлігіндегі біртұтас
педагогикалық процесс.
Педагогика пәнін және оны зерттейтін салаларын толық
түсіну үшін ең алдымен негізгі педагогикалық
ұғымдарды білу керек.

4.

• Ұғымдар – объективтік құбылыстағы,
олардың өзара байланысын танимыз
Педагогика ғылымының негізгі ұғымдары:
- тәрбие
- білім беру
- оқыту
- педагогикалық үрдіс
Педагогика ғылымының қосымша ұғымдары:
- әлеуметтендіру
жеке тұлға
- іс-әрекет
- даму
- қалыптастыру, т.б.

5.

Педагогиканың негізгі ұғымдары
1. Тәрбие. Тар мағынада тәрбие деп педагогтің және
тәрбиешінің ата-аналармен бірігіп, мақсатты түрде
жүргізетін жұмыстарын айтады. Тәрбие – көптің ісі. Демек,
тәрбиені кең мағынада табиғат және әлеуметтік ортаның,
мектеп пен ата-аналардың, бүкіл бұқараның тұлғаның
дамуы мен қалыптасуына ететін ықпалы деп түсіну керек.
2. Педагогикалық процесс. Қандай да болмасын жүйе
(биологиялық, техникалық, әлеуметтік) жағдайының өзгеруі
процесс деп аталады. «Ұстаздар – білім алушылар» жүйесі
жағдайының өзгеруі педагогикалық процесс деп аталады.
Тек қана педагогикалық процестегі ұстаздар мен білім
алушылардың өзара әрекетінде тұлғаның қайта өзгеруі
жүзеге асады. Ал педагогикалық шындық педагогиканың
ұғымдарының жүйелері арқылы бейнелене алады.

6.

Педагогиканың негізгі ұғымдары
Білім беру – бұл ұғымын педагогика ғылымына енгізген
И.Г. Песталоцци. «Білім беру» лексикалық мағынасы
бойынша индивидтің дене және рухани қасиеттерінің
қалыптасуын,
индивидтің
қоғамдық
болмыстың
нақтылы әлеуметтік-экономикалық және мәдени-тарихи
жағдайларында дамуға, өзін жүзеге асыруға және
ынталандыруға қабілетті тұлғаға айналуын білдіреді.
Тұлғаға білім беру үшін оқыту қажет, ол оқыту ұстаздар
мен білім алушылардың өзара әрекет процесі, білім беру
мен оқу орындарында оқылатын ғылымдар мазмұнын
меңгеру барысындағы оқудың бірлігі. Сабақ берудің ролі
оқылатын материалдарды ғылыми білім мазмұнынан, ісәрекеттер тәсілдерін айқындап көрсету.

7.

Педагогиканың қосымша ұғымдары:
1. Әлеуметтендірудің негізі белгілі бір білімдер, құндылықтар, мінезқұлық нормалары жүйесін меңгеру деген сөз, ол тұлғаға сол қоғамның
толық жарамды мүшесі ретінде қызмет етуіне мүмкіндік береді.
Тұлғаның әлеуметтену процесі стихиялы түрде болуы мүмкін, онда
оның нәтижесін болжау қиын және қоғам үшін зиянды болуы ықтимал.
2. Жеке тұлғаның ең басты белгісі - оның әлеуметтік мәнінің болуы және
оның әлеуметтік функцияларды (қызметтерді) (болмысқа, адамдарға,
өзіне, еңбекке, жалпы қоғамға катысты) атқаруы. Жеке тұлға, сондай-ақ,
психологиялық дамудың белгілі бір деңгейіне ие (темперамент, мінезқұлық, қабілеттілік, ақыл-ой дамуының деңгейі, қажеттіліктер, мақсатмүдделер). 3. Даму табиғатқа, қоғамға және әрбір жеке тұлғаға тән
жалпы қасиет болып табылады. Жеке тұлғаның дамуы дегеніміз, ең
алдымен, оның қасиеттері мен сапасындағы сандық өзгерістер процесі.
4. Педагогика мен психологияда жеке тұлғаның «қалыптасуы» термині
жиі қолданылады. Қалыптастыру (қалыптасу) дегеніміз бір нәрсеге
пішін (форма) мен тұрақтылық беру; толықтық пен нақты бір түр беру.

8.

Жеке тұлғаның қалыптасуына 3 фактор әсер
етеді:
1. Тұқымқуалаушылық - баланың ата-анасынан немесе атабабаларынан қалған биологиялық ерекшеліктердің жиынтығы.
Адамның тұқымқуалаушылығын 2 түрге бөлуге бөлінеді:
жалпы адамзаттық (тік жүру бейімділігі, сана, ақыл, сезім
мүшелері дамуының бейімділігі, шартсыз рефлекстер, нәсілдік
және ұлттық белгілер) және даралық (жүйке жүйесінің түрі,
анатомия-физиологиялық бейімділіктер).
2. Тәрбие;
3. Қоршаған орта - макро және микро болып бөлінеді.
Қоршаған ортаның адамның дамуына әсерін зерттей отырып,
философиялық және педагогикалық ағымдардың көбісі
адамның жеке тұлға болып қалыптасуы үшін, сөйлеу, ойлау,
тік жүру секілді адамға ғана тән бейімділіктердің дамуы үшін
адами қоғам, әлеуметтік орта қажет дейді.

9.

1.2 Педагогиканың құрылымы
Педагогикалық ғылымдар жүйесі келесі салаларды қамтиды:
•- Жалпы педагогика
•- Жас ерекшелік педагогикасы
•- Мектепке дейінгі педагогика
•- Мектеп педагогикасы
•- Кәсіби-техникалық білім беру педагогикасы
- Пәндерді оқыту әдістемесі
- Жоғары мектеп педагогикасы
- Орта арнайы білім беру педагогикасы
- Өндірістік педагогика
- Әлеуметтік педагогика
- Салыстырмалы педагогика
- Арнайы педагогика
- Әскери педагогика
- Педагогика тарихы
- Халық педагогикасы (Этнопедагогика)
- Коррекциялық педагогика
- Кәсіби педагогика
- Ересектерге білім беру педагогикасы т.б.

10.

1.3 Педагогиканың пәнаралық сипаты
Философия
Психология
Мектеп
гигиенасы
Әлеуметтану
Этнография мен
этнология
Адам анатомиясы
мен физиологиясы
Математика
Тарих, т.б.

11.

• Жоғары мектеп педагогикасы – кәсіби
педагогтарды тәрбиелеу туралы ғылым
Жоғарғы мектеп педагогикасы – тәрбие, білім беру және
ЖОО жағдайында маманды дайындау туралы ғылым.
Жоғары мектеп педагогикасы ғылым ретінде 20 ғасырдың
ортасында анықталды.
Жоғары мектеп
педагогикасының
бөлімдері
ЖОО
дидактика
Жоғары
мектептегі
педагогикалық
технологиялар
ЖОО
тәрбие
Жоғары
мектептегі
ғылыми іс-әрекет
теориясы
ЖОО кіріспе
және ЖОО
менеджмент

12.

Жоғары мектеп педагогикасының міндеттері:
Ғылым
ретінде
жоғары
мектеп
педагогикас
ының
міндеттері:
- жоғары білімнің қазіргі жағдайын саралау мен
дамуын болжау;
- жоғары білімнің даму тарихын зерттеу;
- жоғары кәсіби білім берудің теориялықметодологиялық негізін жасау;
- жоғары білімнің заңдылығын айқындау;
- жоғары білімнің мазмұнын анықтау;
- педагогикалық тәжірибені зерттеу және жалпылау,
педагогикалық инновацияларды ғылыми саралау;
- ғылыми-зерттеу нәтижелерін практикаға енгізу.
- білім беру стандартын, оқытудың жаңа әдістері мен
формаларын жасау;

13.

Жоғары мектеп педагогикасының қызметтері:
Теориялық қызметтер
Технологиялық қызметтер
Жаңашыл тәжірибелерді зерттеу
(сипаттамалық деңгей)
Оқу іс-әрекетінің нормативті
жоспарын айқындайтын
әдістемелік материалдарды
жасау (жоспарлар,
бағдарламалар, стандарттар,
құралдары) (жобалау деңгейі)
Педагогикалық құбылыстардың
жағдайын анықтау
(диагностикалық деңгей)
Тәжірибелік зерттеуді жүргізу
(болжамдық деңгей)
ғылым жетістігін тәжірибеге
енгізу (преобразовательный
уровень);
Ғылыми зерттеу нәтижелерін
саралау (рефлексивті деңгей)
English     Русский Правила