Похожие презентации:
Бастауыш сыныптарда оқытылатын пәндерге енгізілетін құндылықтар
1.
«№12 жалпы орта білім беретін мектебі»КММ
БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА
ОҚЫТЫЛАТЫН ПӘНДЕРГЕ
ЕНГІЗІЛЕТІН ҚҰНДЫЛЫҚТАР
2.
Жаңартылған білім мазмұны(ӘНХ) – оқушыны
құндылықтарға негізделген
тұлға ретінде тәрбиелеуге
бағытталған. Функционалдық
сауаттылық, сын тұрғысынан
ойлау, шығармашылық, және
практикалық дағдылар жүйелі
дамытылады.
3.
ӘНХ-тағы басты жаңалықтар- Құндылыққа бағытталған білім беру
- Нақты, өлшенетін оқу мақсаттары
- Интеграцияланған оқу мазмұны
- Қалыптастырушы бағалау
- Цифрлық трансформация (ЖИ)
- Жаңа педагогикалық ұстаным
4.
1.Қазақ тілі мен әдебиеті пәніҚұндылықтарды кіріктірудің алгоритмі:
Тақырып пен құндылықтарды байланыстыру: Тақырыпты
таңдап, мысалы "Тәуелсіздік", "Ана тілі", "Батырлық" және т.б.
ұлттың негізгі құндылықтарымен байланыстырамыз.
Сабақ мақсаты: Мысалы, "Қазақ халқының салт-дәстүрін
түсіну" арқылы — отансүйгіштік пен ұлтжандылықты насихаттау.
Оқыту әдістері: Әдеби шығармаларды талдау, эссе жазу,
пікірталас арқылы оқушыларға құрмет, әділдік, адалдық,
шыдамдылық сынды моральдық қасиеттер үйретіледі.
5.
2.МатематикаЕңбекқорлық және кәсібилік: Есептерді ұқыпты орындау,
жүйелі ойлау — оқушылардың тиянақтылығы мен жауапкершілігін
дамытады.
Әділдік: Ресурстарды әділ бөлуге байланысты тапсырмалар
— әділетті ойлауға тәрбиелейді.
Ынтымақтастық: Топтық жобалар (мысалы, "Сыныптың
ауданын есептеу") бірлік пен өзара көмекке баулиды.
Патриоттық: Ақша бірліктері мен валюталар арқылы елдің
тәуелсіздігін тануға мүмкіндік береді.
Креативтілік: Қозғалыс формулаларын өмірмен байланыстыру
— шығармашылықты дамытады.
Тәртіп пен заң: Санитарлық нормалар бойынша есептер —
құқықтық сана мен тәртіпке үйретеді.
6.
3.ЖаратылыстануТабиғатқа құрмет: Қоршаған ортаны зерттеу
арқылы балаларда экологиялық сана қалыптасады.
Жауапкершілік: Тәжірибе жүргізу мен бақылау
логикалық ойлау, ұқыптылықты дамытады.
Ізденімпаздық пен зерттеушілік: Ақпарат
көздерімен жұмыс, экологиялық жобалар — сыни
ойлау мен ғылыми көзқарасты дамытады.
7.
4. ДүниетануОтбасылық және ұлттық құндылықтар: Отбасы, дәстүр
тақырыптары арқылы балаларға құрмет пен патриотизм сіңіріледі.
Экологиялық жауапкершілік: Табиғатты қорғау және тәртіп
сақтау жайлы білім — тұлғалық жауапкершілік пен этикалық
құндылықтарды дамытады.
Қаржылық сауаттылық: Бюджет, қажеттілік тақырыптары —
экономикалық ойлау мен үнемшілдікті тәрбиелейді.
Әдеп пен мәдениет: Әдеп нормаларын рөлдік ойындар
арқылы меңгеру — коммуникативтік және мәдени дағдыларды
қалыптастырады.
8.
5. ТехнологияЕңбекке құрмет: Материалмен жұмыс істеу,
қауіпсіздік техникасы — жауапкершілік пен дәлдікке
баулиды.
Ұлттық мұра: Қазақтың қолданбалы өнері арқылы
эстетикалық және ұлттық танымды қалыптастыру.
Шығармашылық: Жобалық жұмыс — өз бетінше
шешім қабылдау, идеяны іске асыру дағдыларын дамытады.
9.
6. Бейнелеу өнеріЭстетикалық талғам: Көркемдік экспрессивтілік пен
композиция жасау арқылы — өнерді түсіну мен сезіну
қабілеті артады.
Ұлттық құндылық: Қазақ мәдениеті элементтерін
бейнелеу — тарихи сананы тәрбиелейді.
Жаңашылдық: Жаңа техника, заманауи әдістермен
жұмыс — креативтілік пен көркем ойлау қалыптастырады.
10.
7. МузыкаҰлттық рух: Қазақтың дәстүрлі күйі мен әндері
арқылы отансүйгіштік пен ұлттық сәйкестік қалыптасады.
Әлеуметтік жауапкершілік: Топтық орындаулар
ынтымақтастық пен өзара құрметке баулиды.
Шығармашылық: Музыкалық композициялар жасау
— креативтілік пен өз ойын жеткізу қабілетін дамытады.
Авторлық құқық: Заңдылықты түсіндіру — әділеттілік
пен құқықтық сана қалыптастырады.
11.
VII. Оқу процесіне жасанды интеллектіні кіріктіруЖасанды интеллект (ЖИ) – биылғы әдістемелік нұсқау
хаттағы ең үлкен өзгеріс.
Мұғалімге ЖИ не береді?
Сабақ жоспарын ≤1 сағатта құрастыру;
Көрнекі презентация, инфографика, бейнематериал
жасау;
Оқушы деңгейіне қарай тапсырма бейімдеу;
Автоматты тест құрастыру және тексеру;
Оқушыға жеке оқу ұсыныстарын беру.
12.
ЖИ құралдарының мысалы:Сабақ жоспарлау: ChatGPT, YesChat, Diffit, Nolej
Презентация: Tome, Gamma, Slidebean
Бағалау: PrepAI, Teachology, Gradescope
Зерттеу: Zotero, Scholarcy, Elicit
Сыныптан тыс жұмыс: Google Arts & Culture, Convai
13.
Практикалық ұсынымдар:Алдымен 1–2 ЖИ құралын ғана қолданып бастаңыз.
ЖИ жасаған материалды міндетті түрде тексеріп,бейімдеңіз.
Оқушыларға ЖИ-мен жұмыс жасаудың қауіпсіздігі мен сыни
ойлауын үйретіңіз.
Қорытынды шешімді әрқашан мұғалім қабылдайды.
Маңызды ереже:
ЖИ – мұғалімді алмастырмайды, тек оның көмекшісі.
Басты құндылық – әрқашан педагогтің кәсіби шеберлігі
мен адамгершілік ұстанымы.
14.
Қазақ тілі сабақтарындағықолдану үлгілері
Тыңдалым және айтылым:
ертегіні қосалқы
кейіпкердің атынан баяндап
беру, ЖИ арқылы сұрақтар
құрастырту.
Оқылым: мәтінге қысқаша
конспект алу.
Жазылым: эссе жазып, ЖИ
көмегімен грамматикалық
қателерін тексеру.
Абай шығармашылығын
өткенде ChatGPT-мен «Қара
сөздер» жайлы сұхбат құру,
пікірталас жүргізу.
Шығармашылық: сурет
генераторлары арқылы
әдеби кейіпкерлердің
иллюстрациясын жасау.
15.
АТАУЛЫ КҮНДЕР• Қазақтың ұлы ақыны, ағартушы, саяси қайраткер Абай (Ибраһим)
Құнанбаевтың туғанына 180 жыл (1845-1904).
• Жазушы, қоғам қайраткерi, Кеңес Одағының батыры Мәлiк Ғабдуллиннiң
туғанына 110 жыл (1915-1973).
• Қазақтың тұңғыш романының авторы, ақын, публицист, мәдениет және қоғам
қайраткерi Мiржақып Дулатовтың туғанына 140 жыл (1885-1935).
• Жазушы, қазақ балалар әдебиетiнiң негiзiн салушы Сапарғали Ысқақұлы
Бегалиннiң туғанына 130 жыл (1895-1983).
• Көрнектi ағартушы, тарихшы, публицист, лингвист, географ, музыка
зерттеушi, археолог, этнограф Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың
туғанына 190 жыл (1835–1865).
• Халық қаһарманы, жазушы Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл
(1910- 1982).
• Қазақ поэзиясының алыбы, ақын, ұлы жыршы Жамбыл Жабаевтың туғанына
180 жыл (1846-1945).
• Қоғам және мемлекет қайраткерi, Алаш қозғалысының жетекшiсi Әлихан
Нұрмұхамедұлы Бөкейхановтың туғанына 160 жыл (1866-1937).
• Педагог, қоғам қайраткерi Ахмет Қуанұлы Жұбановтың туғанына 120 жыл
(1906-1968).
16.
Қорытынды:Бастауыш сыныптағы әр пән баланың тұлғалық және
рухани дамуына бағытталуы тиіс. Құндылықтарды оқыту
мазмұнына кіріктіру арқылы біз тек білімді емес, сонымен
қатар тәрбиелі, адал, мәдениетті және елжанды ұрпақ
тәрбиелей аламыз.
17.
Жаңа оқу жылындабәрімізге
сәттілік тілеймін!
Педагогика