Білім беру курстары
15.13M
Категория: СоциологияСоциология

ДАРА кайырымдылык коры

1.

Орындаған: Сексенбай Ботагөз 603 ЖТД

2.

Қордың миссиясы және құрылымы
«Дара»
қорының миссиясы балалар медициналық
мекемелеріне, балалар үйлеріне, сонымен бірге мүмкіндігі
шектеулі балаларға арналған мектеп-интернаттарға
бағытталған жобаларды жүзеге асыру болып табылады.
«Дара» жетім балалардың, мүмкіндігі шектеулі балалардың
және науқас балалардың өмір жағдайларын жақсарту және
даму мүмкіндігін кеңейту үшін қызмет етеді.
Қордың екі филиалы бар – «Дара Алматы» және «Дара
Астана» . Барлық филиалдар Қордың ортақ стратегиясына
сәйкес өзінің географиялық аумағында және кең көлемде
қарамағындағы балалар мекемелеріне көмек көрсете
отырып жұмыс істейді.

3.

Қордың қызметкерлері
Мәдина Бакиева
Президент
Қорды 2013 жылдан бастап
басқарып келеді. Ірі халықаралық
ұйымдардағы көмек көрсету,
коммуникациялар және PR
бағдарламаларын даярлау және
жүзеге асыру саласында 10
жылдан астам жұмыс тәжірибесі
бар.

4.

Директор филиалы, Алматы
Филиалда 2013 жылдың маусым
айынан бастап қызмет атқарады.
Бірқатар жобаларды бақылауды
тамаша жүзеге асырып келеді,
сонымен бірге серіктестер мен
бенефециарлармен байланысты
жүзеге асырады. ҚазМУ халықаралық
қатынастар дипломы бар, сонымен
бірге «Психология негіздері»
мамандығы бойынша аттестаты бар.
Қазіргі таңда филиал директоры
міндетін атқарып келеді.
Айнур Аймурзина

5.

Жобалар
Әртүрлі
Түзету
және тең
кабинеттері
Барлық балалар дарынды және толыққанды білім алу мен
дамуға бірдей құқылы, ал мамандардың уақытылы және
кәсіби көмегі кез келген баланың өмірін жақсы жаққа
өзгертуі мүмкін және кемел, бақытты болашаққа мүмкіндік
бере алады, әсіресе — мүмкіндігі шектеулі баланың өмірі
үшін бұл маңызды.

6.

7.

*Жоба мақсаты – әр облыстық
орталықта ең аз дегенде бір орталықтан ашу.
*Екі жылда жоба шеңберінде
Қазақстанның 9 қаласында орталықтар
ашылды, олардың көбісінде мұндай түзету
мекемелері болмаған.
*Бүгінгі таңда жоба 1800 ерекше баланы
қамтиды.

8.

9.

10.

11.

ЖОБА ДЕМЕУШІЛЕРІ:
Көкшетау, Қарағанды, Ақтөбе, Астана, Тараз және Өскемен
қалаларында — «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобалар
Қоры
Қызылорда қ. —«ҚОР» мұнай компаниясы» АҚ
Құрық ауылы – «ЕР САЙ Каспиан Контрактор» ЖШС
Алматы қ. — «Fashion for Charity» аукцион демеушілері
Талдықорған қ. — Әйелдердің халықаралық клубы және
«Бернс кеші» шарасының демеушілері
Сонымен бірге демеушілер көмегімен Орталықтарды ашу
бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр:
Алматы – демеушілер жеке тұлғалар
Атырау және Павлодар қ.— «East Trade Solutions» ЖШС

12.

ОТБАСЫН ҚОЛДАУ:
баланың дамуында отбасы маңызды рөл
атқарады. Орталықтардың мамандары
ерекше балалардың ата-анасына көмекті
жүзеге асыруға, әсіресе, психологиялық
көмекті беруге ерекше көңіл бөлінеді

13.

Әлемді ашамыз
2014 жылы Қордың қолдауымен көзі нашар көретін
және мүлдем көрмейтін балалар үшін түзету
кабинеті ашылды.
2015 жылы ең алғаш Алматы қаласының №10
мектеп-гимназияда зағип балалар үшін дайындық
сыныптары ашылды.

14.

Демеушілердің көмегімен дайындық сыныптары
мектеп жиһазымен, арнайы әдебиеттер мен
оқулықтармен, рельефті-нүктелік жазба және
Л.Брайль шрифті бойынша оқуды үйренуге арналған
жинақтармен, арнайы құрал-жабдықпен (оның ішінде
Брайль шрифтімен басатын принтермен) және
қағазбен жабдықталған.

15.

Тәлімгер
«Дара»
Қоры «Бала отбасында тұруы керек» деп
аталатын қоғамдық қозғалыспен бірге 2014 жылдан
бастап Алматы және Астана қалаларының балалар
үйлерінде «Тәлімгер» жобасын жүзеге асырып
келеді.
Тәлімгер баланың өзіне деген сенімінің артуына және
өз күшіне деген сенімділіктің дамуына көмектеседі,
өзін жақсы танып білуге, өміріндегі мақсаттарын
түсінуге және оларды жүзеге асыруға
жауапкершілікті өз мойнына алу үшін жағдай
жасауға тәлімгердің көмегі тиеді.

16.

«Тәлімгер»
жобасы үш бағыт бойынша жұмыс істейді:
Біріншісі – 10–14 жас аралығындағы балаларға тәлімгерлік.

17.

Екінші
бағыт – коучинг, 14 жастан асқан балалармен жұмыс
істеу.
• Үшінші маңызды бағыт — корпоративтік тәлімгерлік.

18.

Дарындарды
Балалар
дамыту
театры
Инклюзивті
театр студиясы «Дара» қорының
қолдауымен Астана қаласының №65 мектептің жанында
мүлдем естимейтін және нашар еститің балалары
жалпы білім беретін сыныптардың балаларымен қатар
сахналық шеберлікке үйренуі мақсатымен ашылды.

19.

Би
студиясы
Алматылық №9 сөйлеу қызметі бұзылған балалар оқитын
мектеп-интернатының тәрбиеленушілерінен тұратын екі топ
бишілерге аптасына үш рет кәсіби хореограф Марат
Бекбергеновпен би үйренуге мүмкіндіктері бар. Би студиясы
2009 жылдан бастап жұмыс істеп келеді.

20.

Футбол командасы
Алматылық №5 есту қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп-интернатының
жанында Футбол секциясы жұмыс істейді. Жаттықтырушы – кәсіби футболшы,
есту бойынша мүгедек және ұлттық құраманың мүшесі Асыл Ибраимов.
Аптасына үш рет 11-17 жас аралығындағы саңырау балалардан тұратын екі топ
футболмен айналысады. Осыдан басқа Қор команданың республикалық және
халықаралық сайыстарға тұрақты қатысуын қамтамасыз етеді. Секцияның
көптеген түлектері үшін футбол тек қызығушылық пен хоббиге ғана емес,
өздерінің болашағымен байланыстыратын кәсіби іске айналды.

21.

Мэри О’Коннордың қолдауымен команда жыл сайын Словакияда өтетін
нашар еститін жастардың Халықаралық турниріне қатысады. 2015 жылы
команда алғаш рет осы Турнирден алтын алып келді! Біздің футбол
секциямыздың үлгісі мүгедек балалардың да дарынды болатынын, бірақ
олардың дарынын ашу үшін жағдай жасалу қажет екенін көрсетеді. Ал
өнер мен спорт арқылы оларды көрсетудің мүмкіндіктері мол.

22.

Сәбилерді
дамыту
Тұрақты демеушілері
балаларды дамыту
орталығының көмегімен
астаналық Сәбилер үйінің
сәбилері ай сайын ерте
дамыту сабақтарына бара
алады. Орталықтағы
сабақтар кіші моториканы,
ойлау қызметі және
физикалық мүмкіндіктерді
дамытуға бағытталған

23. Білім беру курстары

24.

Акциялар
және іс-шаралар
Тілектер шыршасы
Қор өзінің балаларын Жаңа жылмен құттықтау үшін жыл
сайын «Тілектер шыршасы» жаңа жылдық акциясын
өткізеді.

25.

Ауруханалық клоундар
Күлкітерапия — психотерапияның ең жас және болашағы
зор әдістерінің бірі, ол жылдан жылға бүкіл әлемде кең
танылып келеді, себебі күлкі — бұл табиғи емдеуші
механизм. Әсіресе ол ұзақ уақыт емдеу мекемелерде
болатын балаларға өте қажет. Көбіне ауыр науқаспен
күресіп жүрген балалар мен олардың ата-аналары
емделуден басқа, ойнап, шаттанып, даму қажет екендігін
ұмытып кетеді!

26.

27.

Күлімдеу
күні
1 маусым – бұл тек балаларды қорғаудың халықаралық күні
ғана емес, сонымен бірге жазғы демалыстың басталатын,
ұзақ оқу жылынан кейінгі көптен күткен демалыс
уақытының басталатын кезеңі

28.

«АртСпортФест» фестивалі – бұл ерекше балаларға арналған
алғашқы инклюзивті бірден-бір фестиваль. Фестиваль барысында
балалар сахнада өнерлерін көрсетіп, көңілді сайыстарға қатысып,
спорт және өнердің әртүрлі мастер-кластарында көптеген жаңа
нәрсені үйрене алады. Фестиваль Қордың ұйымдастыруымен Астана
қаласында 2014 жылдан бастап жыл сайын өткізіліп келеді.

29.

Памперс
Драйв
Бөбектерге жөргек не үшін қажет? Сәбилер үйі мен
интернаттық мекемелерде бұл ең қажетті өнім.
Жыл сайын күз мезгілінде Астананың халықаралық
мектептерінің оқушылары арасында осы акцияны өткізіледі,
бұл біріншіден жасөспірімді қайырымдылыққа және
көмектесуге байлу, ал екіншіден келесі мекемелердің
сәбилерін жөргектердің қажетті санымен қамтамасыз ету
үшін жасалады:

30.

Күлкі
сыйла
«Дара» қоры көптеген жылдар бойы сөйлеу қызметі бұзылған
балаларға арналған алматылық №9 мектеп-интернатымен
жұмысы шеңберінде «Күлкі сыйла» акциясын жүзеге асырып
келеді. Акцияға бет-жақсүйек ақаулары бар және бетке
операциядан кейін тыртықтары бар балалар қатысады
«Күлкіні сыйла» жобасының
аясында көмек алған көптеген
балалар Қордың шығармашылық
студиялары мен би үйірмелерінің
қатысушылары. Олардың
өздеріне деген сенімдерінің
күшеюі мен жоғарылауы
нәтижесінде олардың
шығармашылық мүмкіндігі мен
оны жүзеге асыруы да
жоғарылайды.

31.

Иппотерапия
2013 жыл қазан

32.

Қазақстан, 050000, Алматы қ.,
Қалдаяқов к.,79, 509 офисі
Телефондар:
+7 727 311 68 41
+7 727 311 68 42
+7 727 311 68 43
E-mail:
[email protected]
«Дара» Жеке Қорының
Алматы қ. филиалы
РНН 600 900 554 461
ИИК KZ69920RKAC000700703
БИК KAZSKZKA
БИН 050540010390
Алматы қ. Қазинвест АҚ банкі
Мекен-жай:
Қазақстан, 010000, Астана, Ғабдуллин к.,
4/1, 23 үй
Телефондар:
+7 (7172) 75-52-63
+7 701 932 02 82
E-mail:
[email protected]
«Дара» Жеке Қорының
Астана қ. филиалы
РНН 620200359974
ИИК KZ36920RKAC500700601
БИК KAZSKZKA
БИН 100741000269
"Казинвестбанк" АҚ банкі
English     Русский Правила