412.00K

Тірек-қимыл жүйесі

1.

Тірек-қимыл жүйесі

2.

Тірек-қимыл жүйесі – адамның
қимыл-қозғалысын қамтамасыз ететін,
жердің тартылу күшіне қарсы
(гравитацияға қарсы) қызмет
атқаратын жүйе, сондықтан оны
антигравитация аппараты деп атайды.
Тірек-қимыл аппаратының бөлімдері:
• пассивті (қаңқа және оның
байланымдары);
• белсенді (бұлшық еттер)

3.

Қимыл-қозғалыстың орындалуына
қатысатын ОЖЖ бөлімдері:
Жұлын – қарапайым қозғалыстарды реттейді.
Ми бағаны – адам денесінің кеңістіктегі дұрыс
қозғалысын мойын және лаберинттік
рефлекстер қатысымен орындалуын және
бұлшықет тонусының қалыпты реттелуін
қамтамасыз етеді.
Мишық – қимылдың дәлме-дәл, үйлесімді
орындалуына қажетті қимыл күшпен
қамтамасыз етеді.
Ми қыртысы мен базальды түйіндер – ерікті
қозғалыстардың координациясын реттейді.

4.

Қаңқа еттері қозғалтқыш жүйке
талшықтарымен жүйкеленеді.
Қозғалыс талшықтары деп – ет
талшықтарының тобын
нервтейтін, мотонейронның
өсінділерін айтады. Ет
талшықтарын нервтейтін
мотонейрон және оның
талшықтары тобын – қозғалыс
(моторлық) бірлігі дейді.

5.

Ет талшықтары
1. Экстрафузальдық ет талшықтары –
еттің жиырылуының барлық
жұмыстарын атқарады.
2. Интрафузальдық ет талшықтар.
Бұлшық еттің ішкі қабатында
орналасқан шағын сопақша
құрылымды бұлшықет ұршығы деп
атайды. Ет ұршығының ішкі
қабатында бұлшықет талшықтары
шоғыры – интрафузальдық ет
талшықтары (3-12 дана) орналасады.
Олар бұлшықет ширығуын
анықтайтын арнайы ет талшықтары
болып саналады.

6.

Бұлшықеттердегі арнайы
рецепторлардың түрлері
1. Ет ұршығының біріншілік
рецепторлары
2. Ет ұршығының екіншілік
рецепторлары
3. Сіңірлердегі Гольджи рецепторлары
Бұл рецепторлар механикалық
тітіркендіргіштерге жауап беріп,
қимылдың координациясына қатысады.

7.

Интрафузальдық ет талшықтарда
біріншілік – І α тобы
екіншілік – II тобы
сезімтал нейрондардың жүйке
ұштары орналасады.

8.

Біріншілік сезімтал талшық
ұштарынан (біріншілік – І α
тобы) шығатын серпіністер
еттің өз мотонейронын
қоздырады, ал антагонист
еттердің мотонейрондарын
тежейді.

9.

Екіншілік сезімтал талшық
ұштарынан (екіншілік – ІІ
тобы) шығатын серпіністер
бүгілу мотонейрондарды
қоздырады және жазылу
мотонейрондарын тежейді.

10.

Жұлынның α және γ
мотонейрондары
α-мотонейрондар – қаңқа
еттерінің ұршықтарын
(экстрафузальдық), ал
γ -мотонейрондар –
интрафузальдық
ұршықтарды (жазылу
рецепторларын)
жүйкелендіреді.

11.

Қозғалыстың ми қатысымен
реттелуі 2 деңгейге бөлінеді:
1. Қыртыс асты деңгейі – туа пайда
болған (шартсыз) және автоматты
қимылдарға жауап береді.
2. Қыртыстық деңгейі - ерікті және
нәзік қимылдардың орындалуына
жауап береді.

12.

Қозғалыстардың орталық
арқылы реттелуі
Қимыл жүйесі мақсатты қимылдарды
орындауына байланысты 4 түрлі қимыл
орындайды:
І. Дене қалпын ұстау;
ІІ. Белгілі бағытпен қозғалу;
ІІІ. Дененің бір орыннан басқа
орынға ауысуы (локомация);
ІV. Манипуляторлық қозғалыс.

13.

І. Дене қалпын ұстау
Дене қалпы – қозғалыс және
тыныштық жағдайда дене мен аяққолдың белгілі бір жағдайда орналасуын
қамтамасыз ететін бұлшық ет
топтарының ұзақ, изометриялық
жиырылуынан пайда болады.
Дене қалпын ұстауға ОЖЖ әр түрлі
бөлімдері қатысады. Бұларға біріншіден
ми бағаны, мишық және базальды
ядролар жатады.

14.

Дене қалпын ұстаудың
механизмдеріне жатады:
мойын, кіреберіс, лабиринт
рефлекстері – тонустық
рефлекстер жатады.
Тонустық рефлекстер бөлінеді:
статикалық
статокинетикалық.

15.

ІІ. Белгілі бағытпен қозғалу
Кеңістікте белгілі бағытпен қозғалу көру
арқылы белгілі бір жерге қарай
қозғалудың негізгі мақсаты көзді бір затқа
қарай бағыттау. Бұл үрдіс көзқозғалтқыш
жүйе арқылы іске асады.
Көздің тез қозғалыстары (саккады) ерікті
және еріксіз болып бөлінеді. Еріксіз
қимылдар мишықпен реттеледі, ерікті
қимылдар ми қыртысымен реттеледі.

16.

ІІІ. Дененің бір орыннан басқа
орынға ауысуы (локомация)
Денені алғашқы қалпынан қозғалту үшін жердің
тартылу күшін, сыртқы ортаның кедергісін, дененің
инерциялық күшін бағындыру қажет. Локомоция
кезінде үнемі дененің тепе-теңдігі сақталуы тиіс.
Локомоцияның негізгі түрлері жүгіру мен жүру.
Олардың реттеу орталықтары жұлын
мотонейрондары болып табылады. Бұл жерлерде
қозу мен тежелу үрдістерінің алмасуы пайда болады.
Жұлын мотонейрондарына мидың басқа жоғары
бөлімдері (ми бағанасы, мишық, таламус,
стриопаллидарлық жүйе, ми қыртысы) ықпал етеді.

17.

ІV. Манипуляторлық қозғалыстар
(ерікті қозғалыстар) –
мотивацияға сәйкес іске асады.
Осыған жауапты мидың
құрылымдары: ми қыртысы,
базальды ганглийлер, мишық.

18.

Гипотонус – бұлшықет тонусының төмендеуі
Гипертонус – бұлшықет тонусының
жоғарылауы
Атаксия – тұрғанда және жүргенде
бағытталған қимылдардың бұзылуы
Асинергия – оң және сол жақтың
қимылының біркелкілігінің бұзылуы
Адиадохокинез – қарама-қарсы
қимылдардың дұрыс ауысуының бұзылуы
Дисметрия – қимыл дәлдігінің бұзылысы
Гиперкинез – қозғалыс белсенділігінің артуы
Гипокинез – қозғалыс белсенділігінің азаюы

19.

Қимыл-қозғалыс қызметтерін реттейтін, ОЖЖ бөлімдері
1. Сопақша ми және варолий көпірі – Дене қалпын ұстау
рефлекстерін қалыптастырады.
2. Ортаңғы ми. Қызыл ядро мен қара зат – Қаңқа еттерінің
тонусын реттейді.
3. Ортаңғы ми. Қара зат – Саусақтардың нәзік және нақты
қимылдарын және шайнау мен жұту үрдістерінің үйлесуін
қамтамасыз етеді.
4. Мишық – Еріксіз және ерікті қимылдардың үйлесуін және
олардың дәлме-дәл орындалуы мен дене тепе-теңдігін
сақтауды қамтамасыз етеді.
5. Базальды ядролар (жолақты дене және бозғылт шар) –
Организмнің ерікті және еріксіз қимыл реакцияларына
қатысады.
6. Ми қыртысы – Қозғалтқыш аймағы (моторлық аймақ) ми
қыртысының алдыңғы орталық қатпарында орналасады.
English     Русский Правила