Жүсіпбек Аймауытовтың “Психология” ғылымына қосқан үлесі
Назарларыңызға Рақмет!!!
759.32K
Категория: ПсихологияПсихология

Жүсіпбек Аймауытовтың “Психология” ғылымына қосқан үлесі

1. Жүсіпбек Аймауытовтың “Психология” ғылымына қосқан үлесі

Орындаған: Бүргеғұл Лаззат
Қабылдаған: Мырқасымова Мадина

2.

Мазмұны
Кіріспе
1.Ж.АЙМАУЫТҰЛЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ
ЕҢБЕКТЕРІНЕ ТАЛДАУ ЖАСАУ
1.1 «Психология» кітабы туралы
1.2 Ж.Аймауытұлының педагогикалық психологияға
арналған еңбектері
1.3 Ж.Аймауытұлының еңбектеріндегі ұлттық терминология
мәселелері
2.Ж.АЙМАУЫТҰЛЫНЫҢ ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ КӘСІП
ТАҢДАУ МӘСЕЛЕСІ
2.1 Кәсіби бағыт – бағдар берудің психологиялық
астарлары
2.2 Мінездің жіктелуіне байланысты мамандық таңдау
2.3 Кәсіп таңдау жолында жастарға көмек беру
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

3.

4.

Күллі жер жүзі біздің көз алдымызда өзгеруде. Әлемде
бағыты әлі бұлыңғыр, жаңа тарихи кезең басталды. Күн
санап өзгеріп жатқан дүбірлі дүниеде сана-сезіміміз бен
дүниетанымымызға әбден сіңіп қалған таптаурын
қағидалардан арылмасақ, көш басындағы елдермен
тереземізді теңеп, иық түйістіру мүмкін емес. Өзгеру үшін
өзімізді мықтап қолға алып, заман ағымына икемделу
арқылы жаңа дәуірдің жағымды жақтарын бойға сіңіруіміз
керек.

5.

Халқымыздың ғасырлар бойы біртіндеп қорланып
қалыптасқан рухани қазынасы тоталитарлық режим кезінде
орасан зор күйзеліске түсіп, тоқырап қалғаны қазір екінің
біріне мәлім бола бастады. Бұл жағдай өскелең жас
ұрпақтың туған халқының мәдениеті мен салт-дәстүрінен
ажырап қалуына, мәңгүрттер қатарының көбейе түсіуне
мықтап әсер етті. Жас өспірімнің ата-баба мұраларынан
толық қол үзіп қалмауы – елдігіміз бен егемендігіміздің
негізгі критерийлері екендігі даусыз.

6.

Олай
болса,
Ж.Аймауытұлының
жалпы
психологиялық мұрасы, әсіресе оның педогогикалық
психология саласындағы көзқарастары осы кезге
дейін зерттелмей отырғандағы, мұның еліміздегі
ұлттық психология ғылымының тарихына да, қазіргі
күн талабына қажеттілігі зор екендігі туындап, бізді
осы тақырыпты арнайы зерттеуге алып келді

7.

1. Ж.АЙМАУЫТҰЛЫНЫҢ
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ
ЕҢБЕКТЕРІНЕ ТАЛДАУ ЖАСАУ
1.1. “Психология” кітабы туралы
« Психология » кiтабы 12 тарау, 102 параграфтан тұратын
оқу құралы үлгiсiнде жазылған, бұл зерттеу қазақ тiлiндегi,
осы бағыттағы алғашқы жемiстi iзденiстердiң, олжалы
табыстардың қатарына жатпақ.
Ғалым тарихына, пәлсапа тарихына терең бойлай отырып,
көптеген мысалдар, деректер келтiрiп, сан алуан
оқымыстылар туындыларына сүйенiп, кейде келiсiп, кейде
келiспей, психология ғылымының пәнiн зерттеу обьектiсiн
анықтайды, жан, дене, сана, ой, ақыл, сезiм, қиял, түйсiк,
қайрат , серпiлiс, ынта, қабiлет т.б. ұғымдардың мәнiн
ашады.

8.

9.

Жүсiпбек Аймауытұлының жалпы психология туралы
айтқандарын қорыта келе айтарымыз – бұл сол кездегi
психологияның бiраз мәселелерiн баяндай алғандығы
және бұларды қазақ өмiрiмен байланыстыра бiлетiндiгi,
сондай-ақ ғылымның осы саласының терминдiк
жасауымен
айналысқан,
психологиядағы
жалпы
мәселелермен қатар қоғамдық психологияныңда маңызы
көрiнiс тапты. Ж.Аймауытұлының психологиялық
еңбектерiнiң тақырыбы да сан алуан екендiгiн атап өтiп,
оның қазақтың педагогикалық психологияның жалпы
мәселелерiмен қатар оқу, тәрбие, ұстаз, тәлiмгер өнегесi
шәкiрттердiң, олардың жеке-дара қасиеттерiмен санасу,
мамандық
таңдауына
байланысты
өмiршең
проблемаларды сол кездiң өзiнде – ақ күн тәртiбiне
қойған.

10.

1.2
Ж.Аймауытовтың
арналған
педогогикалық
психологияға
еңбектерi.
1924 жылы мектеп мұғалiмдерi мен педагогикалық оқу
орындарында оқитындарға арнап «Тәрбиеге жетекшi» (Орынбор,
Госиздат ,86 бет ) атты кiтабы шықты. Абай, Шәкәрiм
шығармаларында
iргесi
қаланған,
қазақи
педагогикалық
психологияның ұғым-түсiнiктерiнiң арнайы тауын кескен, бұларды
қазақ жұртына тұңғыш паш еткен осы еңбек. Кiтаптың бiрiншi
бөлiмiнде тәрбие негiздерi, оның нақты мақсаты мен мүддесi, негiзгi
принциптерi, бұларды жүзеге асырудың жай-жапсары, сондай-ақ,
тәрбиенiң ұлттық және әлеуметтiк болатындығы, заман ағымына
қарай, ол түрлi өзгерiстерге түсiп отыратыны жан – жақты сөз
болады.

11.

1.3 Жүсiпбек Аймауытовтың еңбектерiндегi ұлттық
терминология мәселелері
Жүсiпбек Аймауытұлы жалпы психология мәселелерi
жөнiнде айтқан түйiн-тұжырымдарына қатысты маңызды
мәселенiң бiрi-ғылымның төл атауларын жасау, осы орайда
құлама ғалымның алатын орыны жөнiндегi мәселе. Бiз
төменде оның әсiресе, психологиялық педагогикалық
психологияға қатысты атаулары мен ұғымдарды жасау
жөнiндегi ұстанымдарына тоқталамыз. Халқымыз қай
заманда болмасын сөз қасиетiнiн құдiретiн кәусар бұлаққа
балап, оны сарқылмас рухани байлық ретiнде пайдалана
бiлiп, оның небiр асылдарын халық ұғымында ұрпақтан
ұрпаққа жеткiзiп отырған. Ел намысын оятатын да, елдi
ұйытатын да сөз құдiретi.

12.

2. Ж.АЙМАУЫТҰЛЫНЫҢ ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ КӘСІП
ТАҢДАУ МӘСЕЛЕСІ
2.1 Кәсіби бағыт-бағдар берудің психологиялық
астарлары
Әлеумет тұрғысындағы зор кемшiлiктiң бiрi әлеуметтiк
мүшесi, әр адам «өз орнында» қызмет етпеу. Адам - өзiнiң
ыңғайымен, еркiмен қызмет ететiн зат. Кiсi iштен туғаннанақ белгiлi бiр өнерге, қызметке икем болып табылады.
Басқаша айтқанда, әр адамда бiр нәрсеге талап, ыңғай,
қабiлет яки зеректiк болады. Бiреу бала оқытуға, бiреу етiк
тiгуге, бiреу әкiм болуға, бiреу мал бағуға, бiреу әскерлiкке,
бiреу жазушылыққа, бiреу дәрiгерлiкке, бiреу саудаға, бiреу
сөзге, бiреу дауға ыңғайланып жаралады. Өмiрде түк
жұмысқа икемi жоқ адам сирек болады. Ең болмаса өтiрiк
айтуға зерек болып жаралады.

13.

Әр адамда болатын өзгеше қасиеттерді жіктеудің ең
жабайы, қолайлы жолы сыртқы әсерлерге әрбір адам
жанының қалай тебіренуін, қалай жаңғыруын бақылау.
Айналадағы дүниеге адамның жаңғыруын яки серпілуін
жан ағыны дейміз. Осы серпілудің айырмасы әр адамның
өзгеше қасиеттерін көрсетеді.

14.

2.2 Мінездің жіктелуіне байланысты мамандық таңдау
Адамдарды мінезіне қарай жіктеудің негізгі бір белгісі олардың сыртқы дүниеге тез, яки созалаң серпілуі екен. Тез
яки созалаң қайталаумен қатар, ол қайталаудың күші де еске
алынады. Осы айтылған екі сипаттарды қосқанда бар
адамдар негізгі төрт түрлі мінезді туғызады:
1) Қайталауы тез – күшті холерик.
2) Қайталауы тез – күщсіз сангвиник.
3) Қайталауы созалаң – күшті меланхолик.
4) Қайталауы созалааң – күшсіз флегматик.

15.

2.3 Кәсіп таңдау жолында жастарға көмек беру
Өнер таңдау жолында жастарға көмек көрсетуге, алғашқы
тәжірибе Америкада істелді.
Бұл жұмысқа басшы болған Бостон профессоры
Парсонс. Бастауыш мектепті бітірген балдардың келешектегі
ниеті (жоспары) туралы кеңесуге Парсонс бір кедей
ауданның шәкірттерін жинаған. Алғашқы әңгімеден кейін
мәлім болған: «Келешектің тұтқасы» болады деп үміт еткен
жастардың көбі ьолашақта не істерін болып шыққан.
Келешекте белгілі пікірі барлар өте аз болған; оның өзі де
қандай қызмет, қандай кәсіп барлығынан хабары кем, нені
таңдарын білмейді. Зеректігі, икемі сондай өнерге лайықты
ма, жоқ па? Оны біле алмаған.

16.

Қорытынды
Ж.Аймауытұлының тәрбие-шарттары жөніндегі ойпікірлерінің бүгін де мән мағынасын жоймағанын
байқаймыз. Автор әрбір адамның туу қалыптасу,
жетілуінде тәрбие шарттарының, атап айтқанда кісінің
жаратылысына, үй іші, өскен орта, замандастары, туған
жұртына, оның діні мен тіліне ерекше мән береді.
Жасөскіннің жан дүниесінің қалыптасуы мен
дамуында, іс-әрекеттерінде тәрбие – тәлімінің
ықпалына жататын көптеген деректер талқыланды.

17. Назарларыңызға Рақмет!!!

English     Русский Правила