80.13K

615 овп

1.

Пациент: 3 айлық Ернұр
Шағымы: Баласы емгенде тез шаршайды, жиі тыныс
алады, салмақ қосуы нашар.
Анамнез: Жүктілік 38 аптада, асқынусыз. Туған
кездегі салмақ – 2900 г.
Объективті қарау:
Жүрек аускультациясында II-III дәрежелі систолалық
шу
Тыныс жиілігі – 60 рет/мин
Жүрек жиілігі – 160 рет/мин
Цианоз жоқ, бірақ шаршаңқылық байқаладыЭхоКГ
қорытындысы:
Қарыншалар арасындағы перде ақауы – 4 мм
Сол жақтан оң жаққа қан ағымы
Өкпе қанайналымы күшейген

2.

• СҰРАҚТАР:
• 1.Бұл жүрек ақауының толық атауы қандай?
• 2. Негізгі клиникалық белгілері қандай?
• 3. Диагностика әдісі қандай?
• 4. Ақау өздігінен жабыла ма?

3.

• Пациент: 5 айлық Айым
• Шағымы: Баланың физикалық дамуы жақсы, бірақ
профилактикалық тексеруде жүрек шуы
анықталған.
• Анамнез: Жүктілік 39 аптада, салмақ – 3200 г.
Симптомсыз, тек шулы жүрек дыбысы.
• Жалпы жағдайы жақсы
• Терісі, шырышты қабықтары – қалыпты
• Аускультация: жұмсақ систолалық шу
• Тыныс және жүрек жиілігі – нормаЭхоКГ:
• Жүрекшелер арасында 6 мм дефект
• Қан ағымы – солдан оңға
• Оң жүрекшеде көлемдік жүктеме байқалады

4.

• СҰРАҚТАР:
1. Бұл ақаудың толық атауы қандай?
2.Неліктен бұл ақау ұзақ уақыт симптомсыз өтуі
мүмкін?
3. Жүрек шуын қандай кезеңде естуге болады?
4. Бұл балаға қандай диагностикалық бақылау
қажет?
5. Қандай жағдайда хирургиялық ем қажет
болады?

5.


Пациент:
1 айлық Нұрислам (шала туған)
Шағымы: Қатты тыныс алады, көкірек тұсында шу естіледі
Анамнез: Жүктілік – 34 аптада, шала туған. Туғаннан бастап
әлсіз, жиі ентігеді.
Қарау кезінде:
Тыныс жиілігі – 68 рет/мин
Сатурация – 92%
Аускультацияда: машина тәрізді үздіксіз шу
Пульс – жылдам, бірақ әлсізЭхоКГ:
Қан ағымы аортадан өкпе артериясына
Сол жүрек бөлімдері кеңейген

6.

• СҰРАҚТАР:
• 1.Бұл жүрек ақауының толық атауы
қандай?
• 2. Қандай балаларда жиі кездеседі?
• 3. Негізгі аускультациялық белгісі қандай?
• 4. Қандай асқыну болуы мүмкін?
• 5. Бұл балаға қандай тактика қажет?
English     Русский Правила