Анализаторлар туралы жалпы түсінік.
Анализаторлар бөлімдері
Анализаторлардың ортақ қасиеттері
Анализаторларда бәріне бірдей ортақ қасиеттері де бар:
Көру анализаторы
Құрылысы  бойынша көру анализаторының сезгіш бөлімін 3 топтағы мүшелерге бөлуге болады:
Ішкі торлы қабықтың құрылысы
101.50K
Категория: БиологияБиология

6 дәріс.pptx++

1. Анализаторлар туралы жалпы түсінік.

Сыртқы және ішкі орталардың әсерлерін
қабылдап, талдап, талқылайтын, олардың
жағдайлары туралы сезім тудыратын
мүшелер жүйесін анализаторлар дейді.

2.

Организмде жеті түрлі анализаторлар
бар: көру, есту, иіс, тері, қозғалыс, дәм
және висцеральды (лат.висцералис - ішкі
мүшелерге қатысты), яғни ішкі мүшелерге
байланысты жүйе.

3. Анализаторлар бөлімдері

Барлық анализаторлар 3 бөлімнен тұрады:
1) сезгіш немесе перифериялық бөлім,
шеткі немесе рецепторлық бөлім деп те
аталады;
2) өткізгіш бөлім;
3) орталық, немесе қыртыс бөлімі, яғни ми
қыртысындағы сезім орталықтары, сезім
аймақтары деп те аталады.

4.

• Рецепторлық бөлім сезім және ішкі мүшелерде
орналасқан сезгіш рецепторлардан тұрады. Олар
тітіркендіргіштің әсерін қабылдап, қозуға
айналдырады (рефлекторлы доғаның сезгіш
немесе перифериялық бөлімін есіңізге түсіріңіз),
ең алғашқы талдау — алғашқы саны мен сапалық
қарапайым талдау жүргізіледі.
• Өткізгіш бөлім рецепторларда пайда болған
қозуды сезім мүшелерінен, ми қыртыстарына
тасиды және алғашқы қарапайым талқылау
жасалады
• Анализаторлардың қыртыс бөлімін ми
сыңарларының қыртысында орналасқан сезім
орталықтары құрайды.
Жоғары дәрежелі биологиялық маңызына қарай
талдау мен талқылау жасалады

5. Анализаторлардың ортақ қасиеттері

Анализаторлардың әрқайсысының жекежеке қасиеттері мен қызметтері болады.
Сонымен қатар, олардың ортақ, бәріне
бірдей қасиеттері де бар:

6. Анализаторларда бәріне бірдей ортақ қасиеттері де бар:

• 1. Анализаторлардың рецепторлары өзіне ғана
тән тітіркендіргіштердің әсерін қабылдайды.
Ондай тітіркендіргіштерді адекватты
(лат. адекватус - теңгерілген, лайықты, сай
келетін) тітіркендіргіш деп атайды.
Анализаторлардың рецепторлары адекватты
тітіркендіргіштерге өте сезімтал болады.
• 2. Анализаторлардың рецепторлары
тітіркендіргіштердің күші өзгергенде
тітіркендіргіштің жаңа күшіне тез бейімделеді.
• 3. Анализаторлар бір-бірімен байланысты қызмет
атқарады. Сондықтан бірінің қызметі күшейгенде,
екіншісінің қызметі төмендейді және, керісінше,
біреуінің қызметі нашарлаған кезде екіншісінің
қызметі күшейеді.

7.

• 4. Бір анализатортың қызметі бұзылғанда
қалғандары оның қызметін жартылай болса
да өзіне алады. Мұндай жағдайда ауру
анализатор пен сау анализаторлардың ми
қыртысындағы нерв орталықтарының
арасында тұрақты нервтік байланыстар
(шартты рефлекстердің байланысы іспетті)
пайда болады.
• 5. Анализаторлардың рецепторларының
сезімталдығын жаттықтыру арқылы не
күшейтіп, не төмендетуге болады.

8. Көру анализаторы

• Сезгіш бөлімі көз алмасында орналасқан. Оларға
торлы қабықтағы таяқша және сауытша пішінді
фоторецепторлар жатады.
• Өткізгіш бөліміне көру жүйкесі жатады. Ол көз
алмасынан шығып, сопақша миға барып бағытын
өзгертеді, содан соң оң көзден шыққан нерв сол
жақ ми қыртысының желке тұсындағы көру
аймағына, ал сол көзден шыққан көру нерві оң жақ
ми қыртысындағы көру аймағына қозуды тасиды.
• Көру анализаторының қыртыс бөліміне ми
қыртысының желке тұсында орналасқан оң және
сол жақ көру орталықтары жатады.

9. Құрылысы  бойынша көру анализаторының сезгіш бөлімін 3 топтағы мүшелерге бөлуге болады:

Құрылысы бойынша көру анализаторының
сезгіш бөлімін 3 топтағы мүшелерге бөлуге
болады:
• көздің қосымша құрылымдары,
• жарық өткізгіш және жарық сындырғыш
құрылымдары,
• жарық қабылдағыш құрылымдар.

10.

• Көру анализаторының соңғы екі топ
құрылымдары көз алмасында орналасқан.
Көз алмасы — күрделі құрылысты мүше. Ол
бас сауытының көз шарасында орналасқан,
пішіні шар тәрізді, тек алдыңғы жағы сәл
дөңестеу келеді

11.

Көз алмасының
құрылысы
1 - ақ қабық
2 -тамырлы қабық,
3 - торлы қабық,
4 - алдыңғы қабық,
5 - нұрлы қабық,
6 - кірпікті дене,
7 - көз бұршағы
8 - шыны тәріздес дене
9 - көру жүйкесінің дискі
10 - көру жүйкесі,
11 - сары дақ.

12. Ішкі торлы қабықтың құрылысы

Негізінен алғанда, ол жарық сәулелеріне
сезімтал фоторецептор деп аталатын таяқша
және сауытша тәрізді клеткалардан тұрады .
Фоторецепторлар
торлы
қабықтың
бойында орналасқан. Саны 137 миллион,
оның 130 миллионы таяқша, ал 7 миллионы —
сауытша клеткалар. Торлы қабықтың дәл
ортасында сары дақ, онда тек
сауытша
тәрізді фоторецепторлар болады.
.

13.

Торлы қабықтың шетінде таяқша тәрізді
рецепторлар көп болады.
Сауытша клеткалар күндіз мол жарықта
түсті сәулелерді сезеді де, таяқша клеткалар
ымыртта жарық аз кезінде түссіз жарық
толқындарын қабылдайды.
Осыған байланысты сауытша тәрізді
клеткаларды күндіз көру, таяқша тәрізді
клеткаларды түнгі көру рецепторлары деп
санайды

14.

Көздің қасаң қабығы, бұршағы және шыны
тәрізді денесі-негізгі жарық сындырушы оптикалық
жүйе.
Олар жарық сәулелерін жинақтап, жарық
толқындарын сындыру қызметтерін атқарады.
Жарық сындыру қабілеті диоптрия деп аталатын
сәулелердің
ауытқу
мөлшерін
анықтайтын
өлшеммен есептеледі.
1 диоптрия фокустық нүктесі 1 м қашықтықта
орналасқан линзаның жарық сәулелерін сындыру
күшіне тең. Жарық сындыру күші артқан сайын
фокустық қашықтық азаяды.

15.

Көздің
қарашығы
арқылы
жарық
сәулелері көздің қасаң қабығы, бұршағы,
шыны тәрізді денесі арқылы өтіп фокустық
нүктеде жинақталып заттың нақтылы,
бірақ кішірейген бейнесін торлы қабыққа
түсіреді.

16.

Әртүрлі қашықтықта орналасқан заттың
бейнесін торлы қабыққа түсіру үшін көз
бұршағы аккомодациялық қызмет
атқарады.
Аккомодация деп көзден әртүрлі
қашықтықта орналасқан заттардың
бейнесін қабылдау қабілетін айтады

17.

Алыста немесе жақында орналасқан
заттарды қарағанда көз бұршағының әлпеті
өзгеріп, жарық сәулелерін торлы қабыққа
фокустық нүктеде жинап, заттың бейнесін
дұрыс корсетеді.
Жақындағы затты қарағанда көз бұршағы
дөңестеледі, ал алыста орналасқан затты
қарағанда-жақындатады. Бұл көз
бұршағының Цинн тарамыстарының
аккомодациялық еттерін босатып немесе
тартуы арқылы жүзеге асады.

18.

Көздің торлы қабығындағы таяқша және
сауытша тәрізді клеткаларда фокустық
нүктелерде жинақталған сәулелердің
әсерінен олардың ішіндегі ерекше арнайы
заттар фотохимиялық реакцияларға түсіп,
ыдырай бастайды. Таяқша клеткаларда
родопсин, сауытша клеткаларда иодопсин
деп аталатын заттар болады.

19.

Кейбір адамдар заттың түсін мүлде
анықтай алмайды. Мұндай кемшілікті осы
аурумен ауырған ағылшын ғалымы химик
Дальтонның атымен дальтонизм деп атайды.
Дальтониктер барлық түсті заттарды сұр
немесе
қоңыр
түсте
қабылдайды.
Бұл кемшілік әрбір 100 азаматтардың 4-5 ер
адамында
байқалады.
Әйелдерде
бұл кемшілік өте аз кездеседі, не бары 0,5 %
ғана.
English     Русский Правила