Excel формуласын қолдану арқылы деректерді талдау
Кіріспе
1 тапсырма
2 тапсырма
3 тапсырма
4 тапсырма
5 тапсырма
6 тапсырма
7 тапсырма
Қорытынды
64.51K

презентация ексел

1. Excel формуласын қолдану арқылы деректерді талдау

Excel формуласын
қолдану арқылы
деректерді талдау

2. Кіріспе

Кірісп
е
Бұл презентацияда Excel формуласын қолдану
арқылы деректерді талдау тәсілдері
көрсетіледі.
Жұмыстың мақсаты — кестелермен тиімді жұмыс
істеу, автоматты есептеу және шартты
амалдарды меңгеру.
Негізгі формулалар: VLOOKUP (ВПР), DATEDIF
(РАЗНДАТ), IF (ЕСЛИ), TEXT (ТЕКСТ), COUNTIF
(СЧЁТЕСЛИ), LARGE (НАИБОЛЬШИЙ), FILTER
(ФИЛЬТР).
Бұл тәсілдер деректерді жылдам әрі дәл
талдауға мүмкіндік береді.

3. 1 тапсырма

1 тапсырмада VLOOKUP (ВПР) функциясы
қолданылады.
Мақсаты — қызметкердің ID нөмірі
бойынша аты-жөнін табу.
Формуласы:=ВПР(A7; A2:B4; 2; ЛОЖЬ)
Бұл функция A7 ұяшығындағы ID мәнін
A2:B4 диапазонынан іздеп, екінші
бағандағы сәйкес атын шығарады.
VLOOKUP (ВПР) функциясы — кестеден
ақпаратты солдан оңға қарай іздеу
үшін қолданылады.

4. 2 тапсырма

2 тапсырмада DATEDIF (РАЗНДАТ) функциясы
қолданылады.
Мақсаты — қызметкердің жұмыс өтілін жыл және
ай түрінде есептеу.
Формуласы:=РАЗНДАТ(B2; СЕГОДНЯ(); "Y") & " ж.
" & РАЗНДАТ(B2; СЕГОДНЯ(); "YM") & " ай«
Бұл формула B2 ұяшығындағы күн мен ағымдағы
күннің айырмасын есептейді.Бірінші бөлігі —
жыл санын, ал екіншісі — ай санын
шығарады.DATEDIF (РАЗНДАТ) функциясы екі
күннің арасындағы айырманы табу
үшін пайдаланылады.

5. 3 тапсырма

3 тапсырмада IF (ЕСЛИ) және AND (И)/ OR(ИЛИ)
функциялары қолданылады.
Мақсаты — қызметкердің жасы мен тәжірибесіне
байланысты қабылданған-қабылданбағанын анықтау.
Формула:=ЕСЛИ(И(B2>30; C2>3); "Қабылданды";
"Қабылданбады")
Бұл формула екі шартты тексереді: егер қызметкердің
жасы 30-дан үлкен және тәжірибесі 3 жылдан көп болса,
нәтиже — «Қабылданды».
Ал шарттардың бірі орындалмаса, нәтиже —
«Қабылданбады».
IF (ЕСЛИ) функциясы шартты тексеру үшін, ал AND (И)
бірнеше шартты біріктіру үшін қолданылады.

6. 4 тапсырма

4 тапсырмада TEXT (ТЕКСТ) функциясы
қолданылады.
Мақсаты — күнді «15-шілде-2003» сияқты
форматта шығару.
Формула:=ТЕКСТ(A2; "ДД-ММММ-ГГГГ")
Бұл формула A2 ұяшығындағы датаны мәтін
түріне айналдырады және оны күн-ай-жыл
форматында көрсетеді.
TEXT (ТЕКСТ) функциясы датаны, сандарды
немесе уақытты өз қалауыңдағы мәтін түріне
түрлендіруге мүмкіндік береді.

7. 5 тапсырма

5 тапсырмада COUNTIF (СЧЁТЕСЛИ) функциясы
қолданылады.
Мақсаты — белгілі бір қала атауы неше рет
кездесетінін анықтау.
Формула:=СЧЁТЕСЛИ(A2:A6; "Алматы")Бұл
формула A2:A6 диапазонында “Алматы” сөзі
неше рет кездескенін санайды.
COUNTIF (СЧЁТЕСЛИ) функциясы берілген
шартқа сәйкес келетін ұяшықтардың санын
табу үшін қолданылады.

8. 6 тапсырма

6 тапсырмада LARGE (НАИБОЛЬШИЙ) функциясы
қолданылады.
Мақсаты — кестеден ең жоғары ҰБТ балдарын
анықтау.Формула:=НАИБОЛЬШИЙ(B2:B5; 1)

ең үлкен балл =НАИБОЛЬШИЙ(B2:B5; 3)
→ 3орындағы балл
Бұл формула берілген диапазондағы ең үлкен
мәндерді табады.Мысалы, 1 — ең жоғары, 2 —
екінші, 3 — үшінші орын.LARGE (НАИБОЛЬШИЙ)
функциясы мәліметтер арасындағы ең үлкен
көрсеткіштерді анықтауға мүмкіндік береді.

9. 7 тапсырма

7 тапсырмада FILTER (ФИЛЬТР) функциясын қолдану көзделген еді.
Мақсаты — IT бөлімінде 3 жылдан көп тәжірибесі бар қызметкерлерді шығару.Бірақ
Excel-дың барлық нұсқаларында FILTER функциясы қолжетімді бола бермейді, сондықтан
тапсырманы қолмен сүзгі (фильтр) және сорттау арқылы орындауға болады.Қолмен істеу
тәсілі:
1.Барлық кестені белгілеп, «Сортировка и фильтр» батырмасын басу керек.
2.Әр бағанның үстінде фильтр белгілері (стрелка) пайда болады.
3.«Бөлім» бағанынан тек IT бөлімін таңдау керек.
4.«Тәжірибе (жыл)» бағанында сандық фильтр арқылы “>3” шартын қою керек.
Нәтижесінде тек IT бөлімінде жұмыс істейтін және 3 жылдан артық тәжірибесі бар
қызметкерлер қалады.
Бұл тәсіл FILTER (ФИЛЬТР) функциясының баламасы болып саналады.
Ал егер Excel 365 және одан жаңа нұсқаларында болса, оны формула арқылы да жасауға
болады:=ФИЛЬТР(A2:C4; (B2:B4="IT")*(C2:C4>3))

10. Қорытынды

Қорытынд
ы
Қорытынды:Бұл жұмыста Excel бағдарламасындағы негізгі формулалар мен функциялар
қолданылды.Олар арқылы мәліметтерді іздеу, есептеу, шарт бойынша тексеру және сүзу
тәсілдері орындалды.Практикалық тапсырмалар Excel мүмкіндіктерін жақсырақ түсінуге
көмектесті.Нәтижесінде деректермен тиімді жұмыс істеу және талдау
дағдылары қалыптасты.
English     Русский Правила