ЖОСПАРЫ:
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.48M
Категория: МедицинаМедицина

Әр түрлі этиологиялы тері ауруларының патоморфологиясы

1.

Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік
медицина университеті
Факультет: Жалпы медицина
Кафедра: Патологиялық анатомия
СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ
Тақырыбы: Әр түрлі этиологиялы тері ауруларының
патоморфологиясы.
Орындаған: Әжіғұл Ф.Ж.
Тобы:311Б
Тексерген: Раманкулова А.Б.
Ақтөбе, 2017 жыл

2. ЖОСПАРЫ:

КІРІСПЕ.
Теріге анықтама.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ.
А) Тері ауруларының жалпы этиологиясы .
Ә) Тері қабынулары.
ҚОРЫТЫНДЫ.

3.

Тері - адам денесінің сыртқы жабыны. Тері ағзада
әр түрлі қызмет атқарады. Ішкі мүшелерді сыртқы
ортаның механикалық әсерінен (соғылудан,
жарақаттанудан) қорғайды. Тері микробтарды,
еріген улы және зиянды заттарды өткізбей
қорғаныштык қызмет атқарады. Тері ағзадағы зат
алмасу үдерісіне қатысады. Негізінен су мен жылу
алмасуда
маңызы
бар.
Сыртқы
ортаның
температурасы
қаншалықты
ауытқығанымен,
адамның дене температурасы үнемі тұрақты
болады. Дене температурасының үнемі тұрақты
деңгейде
болуын
қамтамасыз
ететін
физиологиялық үдерістерді жылу реттелу дейді.

4.

Тері арқылы сумен бірге түрлі тұздар (хлорлы), сүт
қышқылы, азоттық алмасу өнімдері сыртқа шығарылады.
Тері қанайналым үдерісінде қан сақталу қоймасының да
қызметін
аткарады.
Ересек
адам
терісінің
қылтамырларында 1 литрдей қан болады. Теріде көптеген
жүйке талшықтары, сезгіш жасушалар шоғырланған.
Сондықтан тері сезім мүшесінің қызметін де атқарады.
Адам тері арқылы бір заттың жанасқандығын,
температураны, ауырғанды сезеді.
Терінің витаминдер алмасуына да қатысы бар. Теріде
болатын
ерекше
заттардан
күннің
ультракүлгін
сәулелерінің әсерінен Д витамині түзіледі. Теріде аздаған
мөлшерде газ алмасу үдерісі жүреді, яғни оттекті сіңіріп,
көмірқышқыл газын бөледі. Адам терісіндегі тер, май
және сүт бездері арқылы ыдырау өнімдері бөлінеді. Теріде
ағзадағы артық май қор ретінде жиналады.

5.

Тері
аурулары көптеген себепкер ықпалдардан
дамиды. Бұл себепкер ықпалдар экзогендік және
эндогендік болып екі топқа бөлінеді.
1. Экзогендік ықпалдарға:
Механикалық және физикалық(механикалық қажалу,
үйкелу, тырнау, ыстық немесе суық температуралар,
күн сәулелері, электр тогы) ықпалдар.
Химиялық(қышқылдар мен сілтілер, үй тұрмысында
қолданылатын және өндірістік заттар, дәрі
дәрмектер, тағамдық өнімдер және т.б.) ықпалдар.
Биологиялық(бактериялар, майда саңырауқұлақтар,
қышыма қотыр кенесі, жануарлар құрттары)
ықпалдар жатады.

6.

1. Эндогендік себепкер ықпалдарға:
Тұқым қуалаушылыққа бейімділік.
Иммундық бұзылыстар.
Зат алмасуларының бүзылыстары.
Гипо және авитаминоздар.
Теріде
қан және лимфа айналымдарының
бұзылыстары.
Жүйке жүйесінің бүліністері.
Эндокриндік бездердің бұзылыстары.
Ішкі
ағзалардың(ас
қорытужолдарының,
бауырдың, бүйректің) аурулары.
Қан өндіру жүйесінің дерттері т.б.-жатады.

7.

Тері бөртпелерінің морфологиялық элементтері шартты
түрде біріншілік және екіншілік болып ажыратылады.
Біріншілік элементтерге дерттік үрдістің алғашқы
көрінісі жай көзге қарағанда сау теріде, ал салдарлық
морфологиялық элементтер біріншілік элементтердің
нәтижесінде дамиды. Біріншілік элементтерге: дақ,
қышыма бөртпе, күлдіреуікше, пустула, папула,
күлдіреуік, түйіншек жатады.
Теріде бұрын болған іріңді бөртпелердің, түіншектер
мен төмпешіктердің орнында тері түсінің өзгерістерін
салдарлық дақтар дейді. Салдарлық бөртпелер гипер
және гипопигментация, сызат, жалақ жара, ойық жара,
қабыршақ, тыртық, атрофия, вегетация, лихенификация
түрлерінде көрінеді.

8.

Дақ
терінің немесе
шырышты
қабықтың
орныққан түрде боялу
түсі
өзгерістерімен
көрінетін бөртпе. Дақ
түрінде бөртпе шығуы
жұқпалы аурулар және
әр түрлі тері дерттері
кезінде,
қан
тамырларының
даму
ақауларында,
теріде
өспе
өсуінде
байқалады.

9.

Қышыма қотыр (чесотка) терінің жұқпалы
ауруы. Оны тарататын қоздырғыш қышыма
қотыр кенесі. Ол адамның терісіне жұққан
бойда, өзіне орын "қаза" бастайды. Ұрғашысы
сол өзі "мекендеген" тұсқа жұмыртқа салады.
Үш-төрт күннен кейін онысы құртқа (личинка)
айналады. Дененің кей тұсы бой бермей
дуылдап кышиды, үстін түрлі түйіншектер,
көпіршіктер, қанды қабыршақтар, тырнақ ізі
басады. Мұндай жағдай аяқ-қолдың буын
бүгілістерінен де, саусақ аралықтарынан да,
тұла-бойдан
да
байқалады.

10.

Папула тері бөртпесінің теріден шығып тұратын, ішінде
қуысы жоқ, тығыз немесе жұмсақ құрылым іспеттес
түрі. Оның көлемі мен пішіні әр түрлі болады, сыртқы
беті тегіс болып, ондағы эпидерместің түлеп түсуі жиі
байқалады.
Папуланың
түрі
дерттік
үрдістің
ерекшеліктерінен байланысты болады. Ол із қалдырмай
жоғалып кетуі мүмкін.

11.

Теріге қан құйылу қан тамырлары жыртылып
кетуінен немесе олардың қабырғаларының
өткізгіштігі тым көтеріліп кетуінен байқалады.
Бұл кезде басында тері қызарады, артынан
гемоглобин ыдырауына байланысты күлгін, көк,
жасыл және сары түс қабылдайды.

12.

МЕРЕЗ
Мерездің қоздырғышы — бозғылт спирохета (бледная спирохета).
Әлгінде ескерткеніміздей, ол негізінен жыныстық қатынас арқылы
жұғады. Алайда кейде басқа жағдайда да ұшырап қалуыңыз ғажап
емес. Мәселен, мерезге шалдыққан кісімен сүйіскенде, бір ыдысаяқпен ас-су ішкенде, шылымының қалдығын тартқанда, т.б.
Алдымен дененің микроб енген тұсына кішкентай жара шығады. Бұл
жараны "қатты шанкр" дейді. Осы қатты шанкрға таяу лимфа
түйіндері ісініп, ұлғаяды. Мерездің бастапқы кезеңіне тән белгілер,
міне,
осы.
Сырқаттың екінші кезеңінде спирохета қан және лимфа түйіндері
арқылы бүкіл тәнге жайылады. Науқастың денесін кызғылт дақ,
түйін, ұсак ірінді жара басып кетеді. Бөрткендер бір жарым айдай
уақыттан соң өзі-өзінен кетіп қалады. Бұл алайда аурудың айыққаны
емес. Оларға бір жарым, үш айдан уақыт салып, бөрткен қайтадан
қаптайды. 3-5 жылға дейін мерез осылай «тиіп қашып, тиіп қашып»
жүре береді. Байқамаған, сақтанбаған жағдайда ауру басқаларға
жұғады
(науқас
кісіден).

13.

Терінің
қабынуы өте жиі
кездеседі.
Қабыну
терінің
қосалқыларыменбірге
тұтас
теріге,
оның
жекелеген
қабаттарына немесе тек шаш
түйіндеріне, тер және май
бездеріне ғана тарауы мүмкін.
Дерматит
деп
қоршаған
ортадан
физикалық
және
химиялық ықпалдардан тікелей
әсер еткен жерлерінде ғана
дамитын
тері
қабынуын
айтады. Қарапайым дерматит
эпидермис
жасушаларынан
уытты
заттардың
тікелей
бүлдіруінен дамиды.

14.

Гидраденит тері бездерінің іріңді
қабынуы. Дерттің пайда болуының
негізгі себепкері стафилококктар
болып саналады. Стафилококктар
тер бездерінің тер шығаратын
өзекшелері арқылы тікелей безге
өтеді. Кейде олар лимфалық
тамырлалмен
тері
астындағы
шелмайға өтіп, артынан тер безіне
тарайды. Соған жауап ретінде қан
тамырлары кеңіп, қабырғаларының
өткізгіштігі көтеріледі. Қабыну
ошағы іріңдеуден бездің дәнекер
тіндері мен ұлпасы ыдыратылып,
іріңдік пайда болады. Гидраденит
кезінде диаметрі 0.5-1 см ауыратын
тығыз түйін қалыптасады.

15.

БЕЗЕУ
Май бездері әсіресе жыныстық
тұрғыдан жетіле бастаған жас
өспірімдерег «қауырт» жұмыс
істейді. Терідегі тесіктер бітеліп,
сыртқа шығар жол қалмаған май
іріктеліп, жинақталады да соның
салдарынан қабыну туындайды.
Кәдімгі безеу деп аталатын
бөрткендер, міне, осы кезде, нақ
осы себептен қаулайды. Беттегі,
денедегі бөрткеннің басқа емес,
безеу екенін қалай ажыратамыз
дегенге келсек, ол көзге қара –
қоңыр ноқат сияқты көрінеді. Екі
жағынан
сығымдап,
қыссаң
арасынан ұшы қара, құртша
иретілген, тып – тығыз, қоп – қою
қалдырықтай май шығады.

16. Пайдаланылған әдебиеттер:

1. А.И.Струков, В.В.Серов.
«Патологиялық анатомия»
Ақтөбе-2010 жыл;
2. Ә. Нұрмұхамбетұлы. «Патофизиология»
Алматы-2007 жыл;
3. Интернет сайттары: www.wikipedia.ru;
www.medicalplanet.com;
English     Русский Правила