19.09M

Бахытбекова_Азиза_7_сынып_Рыскулов 1

1.

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЫЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ
ТАРБАҒАТАЙ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ
«Т.РЫСҚҰЛОВ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕБІ» КММ
Этнохиимя:Қазақтың дәстүрлі
бояуларының химиялық құрамы мен
қасиеттері
Жоба авторы: Бахытбекова Азиза
7 «А» сынып оқушысы
Жоба жетекшісі: Соғысбекова Мейрамгүл
Пәні:Химия
2025-2026 оқу жылы

2.

Жобаның мақсаты:
Қазақ халқының дәстүрлі табиғи бояуларын зерттеу арқылы олардың химиялық құрамыналыну әдістерін және қасиеттерін анықтау,
сондай-ақ табиғи бояулардың экологиялық және мәдени маңызын көрсету.
Өзектілігі:Қазақ халқы ерте заманнан табиғаттағы өсімдіктер мен минералдарды пайдаланып, киім, жүн, тері және тұрмыстық
бұйымдарды әр түрлі түстерге бояған. Бұл — халқымыздың тұрмысында, мәдениетінде және өнерінде маңызды орын алған дәстүр.
Қазіргі уақытта көпшілік синтетикалық бояуларды қолданады, бірақ олардың кейбірі адам денсаулығына және қоршаған ортаға зиянды.
Сол себепті табиғи, экологиялық таза бояуларды зерттеу және қайта қолдану — өте өзекті мәселе.

3.

4.

Қазақтың дәстүрлі бояуларының тарихы
Қазақ халқының материалдық және рухани мәдениетінде бояулардың орны ерекше. Ежелгі заманнан бері табиғи бояулар тек сәндік
мақсатта ғана емес, сонымен қатар халықтың дүниетанымын, эстетикалық талғамын, өмірлік ұстанымдарын айқындайтын құндылық
ретінде қолданылып келген. Түстер әлемі көшпелі қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымында, тұрмысында, әдет-ғұрпында және
қолөнерінде айрықша мәнге ие болды.
Әрбір түс халық санасында белгілі бір ұғымды білдіріп, өзіндік семантикалық мәнге ие болған:
Ақ түс – адалдықтың, тазалықтың.
Жасыл түс – табиғаттың оянуы, көктемгі жасару,
мәңгілік өмір идеясымен байланысты;
Қызыл түс – өмірдің қуаты, оттың ыстығы,
батырлық пен қайсарлықтың белгісі;
Көк түс – аспан кеңістігінің, рухани еркіндіктің
нышаны.
Қара түс – жердің құдіретіні жағынан күшқуат пен тұрақтылықтың белгісі болған.

5.

Дәстүрлі бояулардың тарихына зер салсақ, қазақтар бояуды көбіне өсімдік тектес шикізаттардан алғанын көреміз.
Қызыл түсті бояуларды – тобылғы, бозжусан, қына (лишайник), жабайы қызылша сияқты өсімдіктерден;
Сары түсті – пияз қабығы, қалақай, жусаннан;
Жасыл түсті – жапырақ пен шөп түрлерінен;
Көк және күлгін реңктерді – қырыққабат, қарақат, жүзімнен;
Қоңыр және қара түсті – емен, шетен, тал қабығынан алған.
Қазақ шеберлері табиғи бояулардың маталарға жақсы сіңуі мен ұзақ сақталуы үшін арнайы тәсілдер қолданған.

6.

Зерттеу нәтижелері:
Зерттеу барысында қазақ халқының дәстүрлі бояуларының химиялық құрамына байланысты қасиеттері жан-жақты қарастырылды.
Табиғи пигменттерді (пияз қабығы, қызылша, жүзім, апельсин қабығы) пайдаланып жасалған тәжірибелер олардың жууға, жарыққа
төзімділігіне және рН өзгерісіне байланысты түс трансформациясын бағалауға мүмкіндік берді. Алынған нәтижелерді сандық деректер
мен графиктер арқылы талдау олардың практикалық құндылығын айқындады.
Жууға төзімділігі:
Мата үлгілеріне сіңірілген табиғи бояулар бірнеше жуу циклынан кейін әртүрлі деңгейде тұрақтылық көрсетті.
Табиғи бояулардың күн сәулесіне тұрақтылығы да айтарлықтай ерекшеленді.
Жарыққа төзімділігі:
Пияз қабығы мен қызылша бояулары басым түссе, қырыққабат антоциандары өте тұрақсыз болды. Бұл деректер халықтың ашудас
(алюм калийлі квасцы) сияқты мордент қолдану дәстүрін ғылыми тұрғыдан түсіндіреді, себебі ол бояуды талшыққа берік бекітеді.

7.

Пияз қабығы мен қызылша — жуу мен жарыққа ең төзімді табиғи бояулар болып шықты. Қара жүзім рН ортасына байланысты түсін
өзгертеді, сондықтан оны табиғи индикатор ретінде қолдануға болады. Апельсин қабығы ашық, сары-қызғылт түс беріп, экологиялық
таза бояу көзі ретінде бағаланды. Барлық бояулар адамға зиянсыз және табиғи болғандықтан, оларды балалар киімінде немесе тұрмыстық
бұйымдарда қолдануға болады.
Нәтижелер кестесі
Шикізат
көзі
Мата түрі
Бастапқы түс Жуудан кейін Күн астында
(1–5)
(1–5)
(1–5)
Пияз
қабығы
Мақта дискі
4.5
3.8
3.5
Қызылша Мақта дискі
4.2
3.9
3.7
Қара
жүзім
Мақта дискі
4.3
3.7
3.5
Апельсин Мақта дискі
қабығы
4.0
3.5
3.2

8.

Салыстырмалы нәтижелер

9.

Практикалық бөлім

10.

Қортынды
Зерттеу барысында алынған нәтижелер қазақ халқының дәстүрлі табиғи
бояуларды тұрмыста пайдалану тәжірибесінің ғылыми тұрғыдан орынды
екенін дәлелдеді. Табиғи пигменттердің экологиялық қауіпсіздігі, адам
денсаулығына зиянсыздығы және қолжетімділігі оларды қазіргі кезде
синтетикалық бояуларға балама ретінде қолдануға болатынын көрсетті.
Сонымен қатар, бұл зерттеу ұлттық мәдени мұраны сақтаудың ғылыми
негізін қалыптастырып, табиғи бояуларды қазіргі заманғы сән индустриясы
мен тоқыма өндірісінде қайта жандандырудың мүмкіндігін айқындады.
Осылайша, дәстүрлі білім мен қазіргі ғылымның сабақтастығы табиғи
бояуларды болашақта кеңінен қолдануға жол
English     Русский Правила