Похожие презентации:
1 тоқсан гео 2 БЖБ
1.
Тірек сөздер• арна
• жайылма
• саға
• сала
• терраса
• каньон
• аңғар беткейі
• суайрық жота
• өзен торы
• атырау
• лиман
• эстуарий
2.
Өзен құрылысына қатысты терминдерӨзен – өзінің табиғи арнасы арқылы ағатын су.
Өзеннің бастауы – өзен басталатын бұлақ немесе су айдыны.
Өзен сағасы – басқа су айдынына құятын орын.
Арна – өзен ағатын табиғи терең ойпаң жер.
Салалары – басты өзенге құятын өзендер.
Жайылма – су тасу кезеңінде су басатын өзен алқабының
бөлігі.
Өзен алабы – өзеннің су жинайтын құрлық аумағы.
Суайрық жота – екі өзеннің алаптарын бөліп тұрған биіктеу
жер бедері.
Өзен жүйесі - негізгі өзен өзінің салаларымен бірігуінен
құралады.
Өзеннің коректену типі – өзеннің сумен (қар, мұздық, жерасты
сулары, жаңбыр, қар) толығу түрі.
Өзеннің режимі – өзен жағдайының белгілі бір факторларға
(климаттық, антропогендік) байланысты өзгеруі.
3.
1. ӨЗЕНДЕР ҚАЛАЙ ПАЙДА БОЛАДЫ4.
Суретпен жұмыс. 5 минут.1. Суреттегі сандардың атауларын анықта.
Жауап: 1 – бастау; 2 – арна; 3 – атырау; 4 – оң жақ сала; 5 –
сол жақ сала; 6 – терраса; 7-жағажай, 8 – өзен арнасы, 9 –
меандр; 10 – жайылма.
5.
Өзен террасасы-өзеннің ежелгі жайылмасы, ол қазіргі жайылмадеңгейінен жоғары орналасқан көлденең немесе сәл көлбеу аймақ
Өзеннің жайылмасы-өзен аңғарының арнадан жоғары
орналасқан бөлігі және су тасқыны немесе су тасқыны кезінде
мезгіл-мезгіл су басады
6.
2-сурет. Өзен тораптарыныңтүрлері
7. Өзен аңғарының көлденең қимасы және жоғарыдан көрінісі: 1) жоғарғы; 2) орта; 3) төменгі ағысы
8.
ӨЗЕН ДАМУЫНЫҢСАТЫСЫ
Жас өзен (тереңдік эрозия)
Орта жастағы өзен (жағалық эрозия)
Ескі өзен (эрозия базисіне дейін)
9.
Зерттеу жұмысы. 15 минут. Өзен аңғарларыныңпішінін сипатта
Дескрипторлар. Өзен
аңғарларының пішінін
сипаттай алады.
Жоғарғы, орта және
төменнгі ағыстың
ерекшелігін сурет арқылы
анықтай алады
1.3-суретті және АКТ-ны пайдаланып, өзеннің жоғары, орта, төмен
ағыстарындағы аңғарларының пішіндерін сипаттап жаз.
Әр бөліктің ерекшеліктерін талда.
2. Әр бөлікке тән шаруашылық түрлерін анықта.
10.
Жауаптар1. Өзеннің жоғары ағысы: аңғары V-тәрізді. Тар, жіңішке арна,
тереңдік эрозиясы жүреді. Судың гидравликалық күші жоғары болады.
Шоңғалдар, ірі кертпештенген жерлерінде сарқырама болады.
Өзеннің ортаңғы ағысы: өзеннің арнасы жайылады, аңғар кеңейеді,
астау тәріздес немесе U-тәріздес пішіндерге өзгереді. Бүйірлік эрозия
жүреді. Өзен жазық жерге шыққан соң өз арнасын өзгертіп отырады,
нәтижесінде меандр, ескі арналар пайда болады.
Өзеннің төменгі ағысы: өзен арнасы кеңейеді. Сағаға жақындаған
жерде сулар тарамдалады. Себебі судың күші азайғандықтан,
тасымалданып жатқан қатты жыныстар тұнып, аккумуляция түзіле
бастайды. Нәтижесінде аралшалар пайда болады. Атырау, лимандар
түзіледі.
2. Өзеннің жоғары ағысы: электр энергиясын өндіруге қолайлы;
Өзеннің ортаңғы ағысы: мал шаруашылығына және егістікке қолайлы.
Өзеннің төменгі ағысы: өте құнарлы болғандықтан өсімдік көп өседі.
Сондықтан егіншілікке және шабындыққа пайдалануға болады, балық
шаруашылығы.
11.
1.верховья реки: долина V-образная. Узкий, тонкий канал,происходит эрозия глубин. Гидравлическая сила воды будет
выше. Шонгалы, на больших уступах есть водопад.
Среднее течение реки: русло реки расширяется, долина
расширяется, меняя форму дна или U-образной формы.
Происходит боковая эрозия. Когда река выходит на равнину, она
меняет свое русло, в результате чего образуются меандры,
старые каналы.
Нижнее течение реки: русло реки расширяется. По мере
приближения к устью воды расходятся. Это связано с тем, что по
мере уменьшения силы воды переносимые твердые породы
оседают и начинают накапливаться. В результате образуются
островки. Дельта, лиманы образуются.
2. вверх по течению реки: подходит для производства
электроэнергии. ;
Среднее течение реки: подходит для животноводства и
земледелия.
Нижнее течение реки: из-за высокой плодородности растение
растет в изобилии. Поэтому его можно использовать для
земледелия и сенокосов, рыболовство.
12.
ТІРЕК СӨЗДЕР:• өзен эрозиясы
• абразия
• үгілу
• корразия
• гидравликалық әрекет
• механикалық абразия
• химиялық абразия
• термиялық абразия
• өзен жүктемесі
• тірі күш
13.
Зерттеу сұрағы ?Тұрақты су ағыны эрозиясының жер бедерін
қалыптастырудағы рөлі қандай?
14.
НЕГІЗГІ ҰҒЫМДАР:Эрозия (еrosion) – тау жыныстарының
бұзылып, сумен тасымалдануы.
Жағалық эрозия немесе бүйірлік эрозия
(lateral erosion) – өзен, теңіз, көл
жағалауларының суға шайылуы,
жағалаудың кеңеюі.
Түптік эрозия немесе тереңдік эрозия
(deep erosion) – судың арнаны төмен қарай
қазу үдерісі.
15.
Оқулық 29 бет16.
Өзендер 4 түрлі үдеріс арқылы жербедерін эрозияға ұшыратады
Абразия
Гидравликалық
әрекеттер
Үгітілу/корразия
Коррозия
17.
Терминдерге жауаптарАбразия (қирату, қыру) – өзенде немесе теңіз
жағалауларында судың жағаға соқтығысып, тау жыныстарын
опырып алып кетуі.
Гидравликалық әсер – судың күші. Оның өзенде немесе
теңізде, мұхиттарда жағаға соғуынан кейін, сол жердегі
жарықшақтарға еніп, тау жыныстарын әлсіздендіріп, опырып
алып кетуі.
Үгітілу/корразия (қажау) – өзенде тасымалданып жатқан
тау жыныстарының соғылу, үйкелу, қажалу нәтижесінде ұсақ
бөлшектерге бөлінуі.
Коррозия (жемірілу) – қышқылданған судың әктас, гипс
тәрізді еритін жыныстар арқылы аққанда, оларды біртіндеп
ерітуі.
18.
Абразия үдерісінен қалыптасқан жер бедерініңпішіндері
19.
Оқулық 31 бет20.
Жауаптар1. Абразия – мұхит немесе теңіз, көл, өзен жағалауындағы жыныстардың
толқындармен бұзылу үдерісі. Абразия толқындардың әсерінен жағалауда ең
қарқынды өтеді.
Жағалаудың тау жыныстарының бұзылуы мынадай факторлардан тұрады:
• толқын соққысы (күші дауылда 30–40 т/м2-ге жетеді);
• толқын арқылы келетін сынған материалдардың абразивті әсері;
• жыныстарды еріту;
• жоғары қысымның әсерінен жыныстардың жарылуына алып келетін
толқындардың соққысы кезінде жыныс қуыстары мен қуыстарындағы ауаны
сығу;
• қатып қалған жыныстар мен мұз жағалауларын ағызуда көрінетін
термоабразия және жағалауға әсер етудің басқа да түрлері.
Абразия үдерісінің әсері бірнеше метрге дейін, ал мұхиттарда 100 м-ге дейін
жетеді.
Жағалауға соққан толқындар біртіндеп тау жыныстарын шайып, жағалауды
қазып тереңдете береді. Нәтижесінде әртүрлі жер бедерінің пішіндерін
түзеді.
21.
2. Клиф – толқынның әсерінен жағалаудың бұзылуы нәтижесіндепайда болған тіктелген абразиялық жар. Клиф бірте-бірте
жағалауға қарай жылжып, жағалық абразиялық террасаларды
үлкейте береді.
Бенч – толқынның әсерінен жағалауда пайда болатын тегістелген
террасалы үлескі. Бенч кейде аз қуатты борпылдақ шөгінділермен
жабылады.
Кекур – әдетте өзендерде, теңіздерде немесе олардың
жағалауларында табиғи сипаттағы баған тәрізді немесе конус
тәрізді жартастар. Бұл атау көбінесе Сібір және Қиыр Шығыс
өңірлерінде қолданылады, атап айтқанда, Лена, Индигирка және
Яна өзендері алаптарының су бөліктеріндегі жартастарды айтады.
Бухта – ашық сулардан құрлықтың бөліктерімен (жағалаулардың
шығанақтарымен, жартастармен және жақын аралдармен)
оқшауланған және олар толқындар мен желден қорғалған теңіздің,
шығанақтың, көлдің, суқоймасының шағын бөлігі.
22. ТІРЕК СӨЗДЕР:
•меандр•ескі арна
•атырау
•эстуарий
•сағалық жазықтар
•аллювийлі жазықтар
•жайылма
•терраса
23.
Өзен аңғарының құрылысы24.
25. Терминдерге шолу
• Меандр (meander) – өзеннің су айналымының салдарынан пайдаболатын ирелеңдеуі.
• Ескі арна (oxbow lake) – негізгі арнадан бөлініп қалған ескі су
арналары.
• Бифуркация (bifurcation) – өзен арналарының екіге бөлінуі.
• Жайылма (Floodplain) – өзеннің су көтерілген кезде ғана су басатын
жағалық бөлігі.
• Терраса (terrace) – өзеннің су көтерілмей қалған ескі жайылмасы.
Өзен жағасының беткейлерінде горизонталь орналасқан сатылы жер
бедері.
• Атырау/дельта (river delta) – өзендердің құятын жеріндегі
шөгінділерден пайда болатын, тарамдалған ойпат немесе жазық жер.
• Эстуарий (river estuary) – өзеннің енсіз тар шығанақтан теңізге
қарай кеңейген, құйғы тәріздес сағасы.
• Лиман (firth) – аса биік емес астау тәріздес саға.
26. Өзен иілімі
27. Өзен ирелеңі (Меандр) - өзен суының айналымы салдарынан пайда болатын, өзен арнасының жоғарыдан қарағанда байқалатын иіні,
бүгілісі. Өзен ирелеңі үлкенжайылмасы бар жазық жердегі өзендерге тән бұрылыстар,
өзен ирелеңінің екі түрі бар:
- тосын өзен ирелеңі — өзен аңғарындағы шайылмайтын
берік телімдерді тасқынның айналып өтуінен пайда
болады;
- еркін өзен ирелеңі — тұрақты пішін жасамайды, уақыт
өткен сайын арнасын өзгертіп және өзеннің ағыс
бағытымен орын алмастырып отырады.
28.
МЕАНДР29.
ЕСКІ АРНА КӨЛДЕРІ30.
Аллювий (Аллювий шөгінді) — өзен менжылғалардағы ұдайы немесе уақытша тасқынның
нөтижесінде пайда болатын әр түрлі қиыршық
тастардың, құм мен балшықтың шөгіндісі. Аллювий,
аллювийлік шөгінділер – тау жыныстары үгінділерінің
өзен аңғарларында жиналуынан пайда болатын
борпылдақ шөгінділер.
31.
ӨЗЕН АТЫРАУЫ9 ТҮРЛІ АТЫРАУҒА
бөлінеді
Атырау/дельта (river delta) – өзендердің құятын жеріндегі
шөгінділерден пайда болатын, тарамдалған ойпат немесе жазық
жер.
Эстуарий (river estuary) – өзеннің енсіз тар шығанақтан теңізге
қарай кеңейген, құйғы тәріздес сағасы.
Лиман (firth) – аса биік емес астау тәріздес саға.
32.
АтырауЛиман
Эстуарий
33.
А – тұмсық тәріздес атырауӘ – құс табаны тәріздес атырау
Б – көп салалы атырау
В – бірнеше сағалы атырау
Г – бұғатталған атырау
34.
Ніл өзенінің атырауы(дельтасы) үшбұрышты;
Лена өзенінің атырауы
(дельтасы) доға тәріздес;
35.
АЖайық өзенінің
атырауы (дельтасы)
- қалақша тәріздес;
Ә
Кубань өзенінің атырауы
(дельтасы) жайылмалы;
36. Сабақтың тақырыбы: Өзен аңғарларының даму кезеңдері
• Сабақтың мақсаты: Өзен аңғарларының дамукезеңдерін білу және анықтау
• Бағалау критерийлері: Өзен аңғарларының даму
кезеңдерін сипаттай алады.
• Сурет және карта бойынша өзен аңғарларының даму
кезеңдерін анықтай алады (симметриялы және
ассиметриялы аңғарлар)
37. Негізгі ұғымдар
• Антиклинальдыаңғарлар –
антиклинальды аймақтар
немесе биік жартастардың
арасында орналасқан
аңғарлар.
Грабенді аңғарлар –
грабендердің ортасында
орналасқан аңғарлар.
Синклинальды аңғарлар– синклинальды
ойыстарда немесе жердің төмен түскен
үлескілерінде орналасқан аңғарлар.
38.
Өзен аңғарының жасыЖас аңғар
өзеннің басталатын жағында
және жаңадан басталған
кезінде қалыптасқан аңғар.
Жетілген аңғар
өзеннің даму барысында пайда
болғанына
біраз уақыт кеткен, қалыптасқан және
ортаңғы бөлігіндегі аңғар. Аңғардың
барлық элементтері айқын байқалатын
бөлігі.
Кәрі ( ескі) аңғар
өзеннің соңғы ағысы бөлігіндегі арналары
тарамдалған немесе шайылған, кей жерлері
жайылып кеткен анық емес аңғар.
39.
Өзен беткейлері орналасуына қарайбөлінеді
Симметриялы
екі беткейі бірдей, бір жағына
ауытқымаған, жайылмалары
мен террасалары бірдей
аңғарды айтады
Асимметриялы
жағалауының бір беткейінде
ауытқуы байқалған аңғар.
40.
Өзен аңғарын сипаттау жоспары1.Өзеннің арнасы ( кең немесе тар, өзен ағысын – жоғары, орта, төмен
анықтау);
2. Өзеннің жайылмасын сипаттау ( бар немесе жоқ)
3. Өзен террасы бар немесе жоқ; (неше террасадан тұрады);
4. Өзеннің беткейлерін сипатта ( биік немесе аласа, тік немесе жайпақ
тәріздес, симметриялы, асимметриялы анықтау);
5. Өзеннің бастауы мен сағасын сипатта;
6. Өзеннің салалары ( оң және сол салаларын ата);
7. Өзен аңғарының түрін анықтау ( жазықты немесе таулы);
8. Өзен аңғарларының көлденен қимасын анықтау (саңылау, шатқал, Uтәріздес, астау тәріздес, трапеция, жәшік, айқын емес)
9. Өзен аңғарының жасын анықтау ( жас, жетілген, кәрі аңғарлар)
10. Өзендегі су эрозиясының түрін анықта
41.
Сабақтың тақырыбы: Өзен аңғарларыныңқимасы
Сабақтың мақсаты : Өзен аңғарларының
көлденен қимасының түрлерін сипаттау
Бағалау критерийлері: Қолдану. Сурет
бойынша өзен қимасының түрлерін анықтай
алады
Талдау. Өзен қимасының түрлеріне талдау
жасай алады
42.
ШатқалСаңылау
Астау тәріздес аңғар
Тірек сөздер
Жәшік тәріздес
аңғар
U-тәріздес терең
аңғар
Айқын емес
аңғар
Трапеция тәріздес
аңғар
43.
Негізгі ұғыммен танысайықӨзен аңғары (river valley) – жер бетіндегі ғасырлар
бойы ағынды судың әсерінен қалыптасқан, бастауынан
сағасына қарай ойпаң түрде көрініс беретін жер
бедерінің теріс пішіні.
44.
Өзен аңғарларының түрлеріОқулық 39 бет
45.
Өз-өзің бағалау.1. Пяндж өзені – Орталық Азия,
Ауғанстан мен Тәжікстанда
орналасқан
2. Аңғар қимасы – саңылау
3. Өзен аңғарына 4 мысал –
арнасы тар, тік, биік жартастан
тұрады, жоғарғы ағыс, тереңдік
эрозия тән, террасалар
байқалмайды, жас аңғар
1. Колорадо өзені –АҚШ
орналасқан.
2. Аңғар қимасы – шатқал (каньон)
3. Өзен аңғарына 4 мысал –
арнасы тар, тік, жоғарғы ағыс,
тереңдік эрозия тән, террасалар
байқалады, жас аңғар
1. Еділ өзені –Ресейде
орналасқан.
2. Аңғар қимасы – трапеция
тәріздес
3. Өзен аңғарына 4 мысал –
арнасы кең, жайпақ, ортаңғы
мен төменгі ағыс, бүйірлік
эрозия тән, террасалар анық
байқалады, ескі аңғар
46. Өзеннің көлденең қимасын түсіру үлгісі
47.
Дұрыс жауаптар48.
Сабақтың тақырыбы:Өзен ағысының тасымалдау үдерісі
Сабақтың мақсаты :
Өзен ағысының тасымалдау үдерісімен, флювийлі және
пролювийлі жер бедері түрлерімен танысу
Бағалау критерийлері:
Өзен ағысының тасымалдау үдерісімен, флювийлі және
пролювийлі жер бедері түрлерін біледі, қалыптасу жолын
түсіндіре алады
49.
Тірек сөздер• флювийлік үдерістер
• аллювий
• делювий
• пролювий
• тракция
• сальтация
• суспензия
• седимент
50.
Негізгі ұғымдарТракция (traction) – су түбінен ірі тастарды
сүйретіп сырғыту.
Сальтация (saltation) – тастардың суда секіріп,
қалықтап тасымалдануы.
Суспензия (suspension) – судағы ерітінді түрінде
қатты бөлшектердің тұнбаға айналмай таралып,
тасымалдануы.
Седимент (sediment) – тұнба не ұнтаққа ұқсас
заттардың сұйықтық ішінде қозғалып, шөгуі.
51.
52.
Флювийлік үдеріс. Өзен аңғарында және арнасында үйілген,жинақталған шөгінділерді аллювийлік шөгінділер деп атайды.
Аллювий (шөгінді) – өзендегі су ағынының нәтижесінде тау
жыныстарының үгінділерінен пайда болған борпылдақ
шөгінділер.
Пролювий – судың әсерінен тау етегіне жиналған тау
жыныстары.
53.
54.
Су ағысының тасымалдау үдерісі55.
Өзеннің қатты ағыны дегеніміз - түбінен сырылғанжәне секіріп тасымалданған тау жыныстары
Өзеннің жоғары ағысында сүйретілген тастар өзен арнасын
жыртып, тереңдік эрозиясын
тудырады. Әрі қарай өздері де
сынып, жұмырлана бастайды.
Орта ағысында - ағын энергиясы
майдаланған тастарды тасымалдауға
кетеді. Осы кезде жеңілдеген тау
жыныстары секіріп қозғалады да, тау
жыныстарын әрі қарай ұсақтайды
Төменгі ағысында энергия азайғандықтан
ұсақталған тау жыныстары тұнбаға
айналып, аккумуляция пайда болады.
56.
57.
Өзендегі қатты жыныстардыңтасымалдануы
Жер бедерінің эрозиялық және аккумуляти
пішіндерінің дамуы
58. Сабақтың тақырыбы:
• Жер бедері пішінінің өзгеруіне өзеннің әсері• Жер бедерінің қалыптасуына антропогендік
факторлардың әсері
59. Қызықты дерек
• 14 наурыз – Халықаралық өзен күні. Ол 1997жылы Бразилияда өткен экологтардың
конференциясында қабылданған
60.
Жер бедерінің антропогендік өзгерген түрлері техногендікнемесе антропогендік пішіндер деп аталады
Осындай жерлерді ғылыми тұрғыда биосфераның техносфера
аймағы деп атайды
61. Техногенді жолмен өзгерген жер бедерін мынадай топтарға бөледі:
• Гипергипсометриялы жер бедері: дамба, террикон, асфальт• жолдар, жасанды аралдар;
• - Гипогипсометриялы жер бедері: карьер, шахта, катакомба,
• террасалар, қазындылар;
• - Аралас гипсометриялық жер бедері: магистральды
құбырлар,
• қолдан төселген беткейлер.
62. АДАМДАРДЫҢ ЖЕР БЕДЕРІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ҚОНЫСТАНУЫ
• Солтүстік жартышардың 60% халқы теңіз деңгейінен 200 мбиіктікте орналасқан.
• Халық теңіз жағалауларындағы жазықтарда көбірек
қоныстанады. Адамдардың 1/3 бөлігі теңізден 50 км
қашықтықта тұрады, бұл аймақтар жердің 12%-ын алып жатыр.
• Халықтың таралуы жер бетінде бірдей емес, Азияда – 59,5%,
Африкада – 13,5%, Еуропада – 12%, ал басқа аймақтарда 15%дан аз.
63. АДАМДАРДЫҢ ЖЕР БЕДЕРІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ҚОНЫСТАНУЫ
• Солтүстік жартышардың 60% халқы теңіз деңгейінен 200 мбиіктікте орналасқан.
• Халық теңіз жағалауларындағы жазықтарда көбірек
қоныстанады. Адамдардың 1/3 бөлігі теңізден 50 км
қашықтықта тұрады, бұл аймақтар жердің 12%-ын алып жатыр.
• Халықтың таралуы жер бетінде бірдей емес, Азияда – 59,5%,
Африкада – 13,5%, Еуропада – 12%, ал басқа аймақтарда 15%дан аз.
64.
Жер бедеріне байланыстыадамдардың шаруашылық
түрлері де ерекшеленеді
Тьерра фриа – Оңтүстік Америка тауларындағы биік
орман белдеуі; температурасы жылы, жауын-шашын
жыл бойы біркелкі түседі, егіншілік пен мал
шаруашылығына қолайлы.
Тьерра темплада – Оңтүстік Америка тауларындағы
орташа орман белдеуі; температурасы жылы, жауыншашын көп.
Егіншілік үшін жарамды үлескілерде жүгері және
кофе бұтасы өсіріледі.
Тьерра кальенте – төменгі орман белдеуі. Өсімдікке
өте қолайлы, топырағы құнарлы аймақ.
Тьерра элада – тропиктік ендіктердегі таулы суық
белдеудің жалпы атауы.
Парамос – биік Андының ылғалды биік шалғынды
аймақтары.
География