1.67M
Категория: ГеографияГеография

Меандр атырау

1.

А-?
Б-?

2.

Меандр - өзен айналымы, жазық өзендер арнасының баяу ағысты иіндері.
Меандрдың қисықтық радиусы өзендегі судың молдығы мен ағыс жылдамдығына
тәуелді. Меандрдың қалыптасуына негізгі өзен ағынымен сәйкес емес ағыстар
себепші болады: беткі ақпалар ойыс жағаға, ал тасындыға қаныққан түптік акпалар
шығыңқы жағаға карай бағытталады.

3.

Ойыс жаға,әдетте, тік әрі биік, шығыңқы жаға
қайырланған, көлбеу болып келеді. Өзен иіндері
біртіндеп тұзақ сипатқа ауысады. М. — шектелген,
еркін, бітпеген болып жіктеледі.

4.

Ағын суға кесек немесе қатты тау
жынысының бөлігі кездескен жағдайда ол өз
бағытын еңіс жаққа өзгертеді, оның арнасы
иірленеді. Тартылыс күші агысты өз қалпына
қайтарады, өзен бұрынғы ақан жаққа бұрылса
да , бағытты инерция бойынша тағыда
бұрады. Бұл процесс қайталанады.
Кедеркілерді шаю барысында меандрлар
ағыстың төмен жағына жылжып өзенің
аңғарын кеңітеді.

5.

Меандрдың
ғарыштан
фотобейнесі

6.

Қарасулар-орақ тәрізді пішінді өзеннің меандрлық
аймақтарында кездеседі.
Ең ірі қарасу-Узбой Амударья өзенінің ескі арнасы

7.

Ескі арна — өзеннің негізгі арнасынан әр
түрлі физикалық-географиялық
жағдайларға байланысты бөлініп оқшау
қалған бөлігі. Ол орақ не таға тәріздес
доғалдана келген батпақты-сазды
көлдер тізбегін құрайды, не құрғақ
күйінде қалады. Сырдарияның далалық
бөлігінде көп кездеседі

8.

9.

Атырау - өзеннің сағасындағы, негізінен, өзен
шөгінділерінен түзілген және оның тарамдары мен
тармақтарының жүйесімен тілімденген ойпат. Ол өзен
ағысының, теңіз толқуының және жел көтермежелқума ағыстардың өзара әрекеттерінің әсерінен
пайда болады. Атыраудың тез ұлғайып қалыптасуына
өзенмен ағып келген тасындылардың молдығы мен
ірілігі, суқойма деңгейінің төмендеуі, өзен сағасының,
шығанақтың үшкір шетінде
немесе лагунада (коршалған атырауда) болуы, сондайақ өзен құятын алаптың таяз болуы жақсы жағдай
жасайды.

10.

Атыраудың беті негізінен тегіс, ортасы
дөңестеу болып келеді. Оның өсу
жылдамдығы әр өзенде әр түрлі болады және
жылына бірнеше метрден жүздеген метрге
жетеді. Атырау пішіні үш бұрышты
(Ніл, Ілеөзендері), қалақ лопастная(Миссисипи өзені), доға
(Лена өзені), құстұмсық (Тибр өзені) болады.
Амазонка, Ганг өзендерінің атырауы 100000
км², Еділ өзенінде13000 км², Іленің атырауы
5,0 мың км²-ге жетеді.

11.

12.

Құстұмсық-ағыстың төмендеуінен
пайда болады. Олар кішіғұрым жас
өзендерге сәйкес келеді.
Қалақ- өзен арнасының 2-3
тармақтарына бөлінуі. Жердің еңіс
тартуы, геологиялық құрамы, бірақ
ең маңызды себеп- аллювиальды
әрекет.

13.

Миссисипи өзенінің атырауы- (лопастная)

14.

Теңіз толқынының шарпынының әсерінен пайда болған атырау
түрі (доға тәрізді)
English     Русский Правила