Похожие презентации:
Фармакотерапия 10-апта
1.
«Фармакология,фармакотерапия және клиникалық фармакология» кафедрасыТақырыбы:Қан айналымның жетімсіздігінің фармакотерапиясы.
Кардиотоникалық дәрілер
Орындаған: Ғалымжанқызы А.
Тобы: ФҚҚ 01-24
Тексерген: Пернебекова Р.К.
Шымкент 2025
2.
Жоспары:I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
2.1. Қан айналымның жетімсіздігі туралы түсінік
2.2. Қан айналымның жетімсіздігі фармакотерапиясының жалпы мақсаттары
2.3. Аритмиялар туралы жалпы түсінік
III. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
3.
КіріспеЖүрек-қантамыр жүйесі ағзаның барлық мүшелерін оттек пен қоректік заттармен қамтамасыз
етеді. Оның қызметі бұзылғанда қан айналымның жетіспеушілігі мен аритмия сияқты аурулар
дамиды. Қан айналымның жетіспеушілігі – жүректің ағза қажеттілігін қанағаттандыратындай қан
айдай алмауы,ал аритмия – жүрек соғу жиілігі мен ырғағының бұзылуы. Бұл екі ауру өзара
байланысты және адам өміріне қауіпті. Сондықтан олардың дұрыс фармакотерапиясы жүрек
қызметін жақсартып, асқынулардың алдын алуға бағытталады.
4.
Қан айналымның жетімсіздігітуралы түсінік
Қан айналым жетімсіздігі — жүрек-қантамыр жүйесінің
ағза тіндерін қажетті мөлшерде қанмен және оттекпен
қамтамасыз ете алмауымен сипатталатын патологиялық жағдай.
Яғни, жүректің сорғы (насостық) қызметі ағзаның
метаболикалық қажеттіліктерін өтей алмайды. Қан айналым
жетімсіздігі көптеген жүрек пен тамыр жүйесінің ауруларынан
дамиды.
Басты себептері:
Миокард инфаркті – жүрек бұлшықетінің зақымдануы.
Артериялық гипертония – ұзақ уақыт жоғары қан қысымы.
Кардиомиопатиялар – жүрек бұлшықетінің туа біткен
немесе жүре пайда болған аурулары.
Миокардиттер – жүрек бұлшықетінің қабынуы.
Аритмиялар – жүрек соғысының бұзылуы.