Похожие презентации:
9 Owncloud
1.
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіИнформатика кафедрасы
Дәріс тақырыбы
Сервердегі бұлттық қоймаға ауқымды желі арқылы қатынауды
ұйымдастыру. Owncloud сервисінің көмегімен виртуалды
серверде деректердің бұлттық қоймасын құру
2.
Дәріс мақсаты:Жоспар:
Білім
алушыларға
Owncloud
сервисінің мүмкіндіктері туралы
мағлұмат беру, виртуалды серверде
бұлттық қойма құруды үйрету
• Owncloud сервисі туралы жалпы
түсінік
• VPS виртуалды серверін құру
• Owncloud деректердің бұлттық
қоймасын виртуалды Serverге
орнату
• Owncloud деректердің бұлттық
қоймасымен
жұмыс
жасау
негіздері
3.
1. Owncloud сервисі туралы жалпы түсінік• OwnCloud - деректерді синхрондауға, файлдарды ортақ
қолдануға және құжаттарды қашықтағы «бұлтта» сақтауға
арналған еркін әрі ашық веб-сервис.
• 16KDE құрастырушыларының бірі Франк Карличек Owncloud-ты
құрастыруды 2010 жылдың қаңтар айында бастады. Ол
деректерді бұлттық сақтаудың коммерциялық қызметтеріне тегін
альтернатива ретінде құру идеясын қолға алды. Олардан
ерекшелігі бұлтты қосымша шығындарсыз өз серверіңізге орната
аласыз. Owncloud-тың бастапқы кодтары AGPLv31 лицензиясы
бойынша еркін таратылады
• Owncloud PHP және JavaScript бағдарламалау тілдерінде
жазылған және SQLite, MariaDB, MySQL, Oracle Database және
PostgreSQL деректер қорларымен жұмыс жасайды. Windows
(ownCloud 7 нұсқасына дейін), Linux, соның ішінде Raspberry Pi
серверлерімен басқарылады [29].
• Windows, OS X немесе Linux басқаруындағы ДК және iOS және
Android негізіндегі мобильді құрылғылар үшін деректерді
синхронизациялау клиенттері қолжетімді.
4.
Сонымен қатар сақталынған деректер Owncloud веб-интерфейсіарқылы кез-келген браузерде қолжетімді.
Енді бұлттық қойманың негізгі ерекшеліктеріне тоқталып өтейік:
• Қашықтағы Owncloud каталогтарын локальды файлдық
жүйенің бөлігі ретінде көрсетуге болады, ол үшін WebDAV2
хаттамасының мүмкіншіліктерін қолдану жеткілікті;
• Электронды құжаттарды қарау. Owncloud қызметінің webинтерфейсіне .odfжәне .pdf форматындағы құжаттарды қарау
мүмкіншіліктері біріктіріліп енгізілген.
• түрлі плагиндер (музыкалық файлдарды ойнату, суреттерді
қарау, pdf оқу және т.б.). Қосымша плагиндерді
http://apps.owncloud.com сайтынан жүктеуге болады. Бұл
сайтта плагиндер ай сайын жаңартылып отырылады
5.
Owncloud мүмкіндіктері6.
Орнатылған жеке бұлттық қоймада оқытушы менбілім алушылардың ақпарат алмасу схемасы
7.
2. VPS виртуалды серверін құруКез келген сайтта VPS
виртуалды
серверін
әзірлейміз,
біздің
жағдайымызда
Fozzy.com сайтында
8.
Дискіліккеңістіктегі
қажеттілікке
байланысты
сервер
таңдаймыз.
Бұлтты
Owncloud
базасында
құратын болғандықтан,
Linux және осы типті
операциялық
жүйелердің
негізінде
құру ыңғайлы болады
9.
Сіздің серверге қоятынталаптарыңызға байланысты сервер
конфигурациясын таңдаймыз:
Егер Сізге домен аты қажет болса,
сәйкес алаңды таңдайсыз немесе
«домен не нужен» алаңын
көрсетесіз. Біздің жағдайымызда ол
қажет емес
10.
Аккаунтқа қажетті мәліметтердікөрсетесіз:
Төлем түрін таңдайсыз:
11.
• Дроплетті құрған соң, сіздің emailадресіңізге сіздің сервердің IP-адресі
және оған қатынау құпия сөзі жазылған
хат келеді. Серверге қосылу үшін сізге
SSH-пен жұмыс жасау құралдары қажет.
Linux пен Mac-та бұл орнатылған
Терминал.
Ал
Windows
қолданушыларына Putty сияқты тегін
қосымшаны орнатуға болады
• Host Name алаңына поштаға келген IP
адресті енгізу қажет. Ашылған терминал
терезесінде поштаға келген құпия сөзді
келесі форматта енгізу қажет: ssh
root@111.111.111.111 мұндағы root
деген пароль, ал бірлердің орнына
сервердің IP-адресін енгіземіз. Осылай
өз серверіңізге қосылуға болады.
12.
3. Owncloud деректердің бұлттық қоймасын виртуалдыServerге орнату
Apache, mysql, php5
(LAMP) және OwnCloudтың өзін орнату қажет. Ол
үшін
ретпен
келесі
кодтарды орындаймыз.
sudo apt-get update серверді
жаңарту
командасын енгізу
13.
sudo apt-get upgrade –сол жаңартуларды орнатуsudo apt-get install lamp-server
LAMP-ты орнату. Сонымен бірге MySQL орнатып, суперқолданушы құпия сөзін алу керек
sudo mysql_secure_installation
Бұл кезеңде сізден бірнеше сұраққа "ия/жоқ" жауабын беруді сұрайды. Бірінші сұраққа "Жоқ"
қалған сұрақтардың барлығына "Жоқ" – деп жауап беру қажет
sudo apt-get install php5-gd php-xml-parser php5-intl smbclient curl libcurl3 php5-curl
OwnCloud-қа қажет плагиндерді орнатамыз
14.
sudo a2enmod rewritesudo a2enmod headers\
sudo nano /etc/apache2/sites-available/default
Мәтіндік құжат ашылады. Бұл құжаттта келесі мәтіндерді тауып,
өзгерістер енгізу қажет. AllowOverride None орнына AllowOverride All.
Келесі командаларды ретімен орындау: «Ctrl+X», «Y» және Enter
Осылайша сервердің жұмысына қажетті барлық бағдарламалық
қамсыздандыру орнатылды.
15.
OwnCloud орнатуsudo wget http://download.owncloud.org/community/owncloud-latest.tar.bz2
tar -xjf owncloud-latest.tar.bz2
mv owncloud /var/www сайтынан өз OwnCloud –тың соңғы нұсқасын өз серверімізге жүктеп,
архивтен шығарып және веб арқылы қатынауға қажетті папкаға орналастырамыз.
cd /var/www
sudo chown -R www-data:www-data owncloud
# OwnCloud дұрыс қызмет етуі үшін, оған біздің серверіміздегі негізгі веб папканы қолдануға
құқық беру қажет
16.
mysql -u root -pCREATE DATABASE owncloud;
GRANT ALL ON owncloud.* TO 'owncloud'@'localhost' IDENTIFIED BY 'password';
exit;
# OwnCloud үшін мәліметтер қорын құрамыз. owncloud және password сөздерін өзгертуге болады.
sudo service apache2 restart # Серверді қайта жүктеу.
Адрес бойынша көшіңіз (бірлердің орнына — сіздің серверіңіздің адресі):
111.111.111.111/owncloud
Ашылған терезеде администратордың есеп-жазбасын құрамыз. Завершить установку
батырмасын басып, орнатуды аяқтаймыз
17.
4. Owncloud деректердің бұлттық қоймасымен жұмысжасау негіздері
Құрылған жеке бұлтта орнатылған қосымшалар арқылы, білім алушыларға күнтізбе мен
жоспарлаушыны бірге қолданып, жоспарланған жұмыстар мерзімін көруге, топтық жоба
бойынша тапсырмаларды бірлесе жоспарлауға, өзгерістер енгізуге; мәтіндік құжаттармен
бірге жұмыс істеуге, бейне, дыбыс және фото материалдарды бір уақытта қолдана алуға;
белгіленген топтарға бірге хабарлама таратуға; бұлттағы оқу материалдарын (дәріс,
практикалық тапсырмалар, әдебиет, әдістемелік нұсқаулар т.б.) алуға; өзгертулер тарихынан
ескі файлдарды тауып, енгізілген өзгертулерді көруге; бұлттық есептеулер жүргізіп,
компиляция нәтижесін алуға мүмкіндік алса, оқытушылар бұлтқа оқу материалдарын
орналастырып, білім алушыларға пайдалану құқығын беріп, әрбір білім алушының топтық
жұмысқа қосқан үлесін көріп, айқын бағалай алады. Сонымен қатар сақталынған деректер
Owncloud веб-интерфейсі арқылы кез-келген браузерде қолжетімді.
18.
Енді құрылған бұлттық қойманың негізгі ерекшеліктеріне тоқталып өтейік:• Сонымен Owncloud қызметімен жұмыс жасау үшін компьютерге қосымша бағдарламалық
қамтаманы орнатудың қажеті жоқ. Қашықтағы Owncloud каталогтарын локальды файлдық
жүйенің бөлігі ретінде көрсетуге болады, ол үшін WebDAV2 хаттамасының мүмкіншіліктерін
қолдану жеткілікті;
• электронды құжаттарды қарау. Owncloud қызметінің web-интерфейсіне .odfжәне .pdf
форматындағы құжаттарды қарау мүмкіншіліктері біріктіріліп енгізілген. Электрондық
оқулықтарды, дәрістерді және оқу құралдарын локальды жүйеге жүктемей ақ оқуға болады
• күнтізбе және жоспарлаушы. Owncloud қызметтерінің құрамында тапсырмаларды және
жоспарларды жүргізу және синхронизациялау үшін арналған қосымша бар. Бағдарламалардан
мекен-жай кітапшасы және жоспарлаушы күнтізбені CardDAV және CalDAV3 хаттамалары
арқылы синхронизациялау мүмкіншілігін қолдайды
19.
OwnСloud бұлттық қоймасына администратор менқолданушының қатынас жасау терезелері
а –администратор терезесі ;
қолданушы терезесі
20.
21.
22.
WebDAVNetDrive
WebDAV Navigator
23.
Күнтізбенітелефон/планшеттен
ownCloud-ға
экспорттау
үшін
тиісті
күнтізбе
жеткізушісімен ұсынылатын
қол әдістерін пайдалану
қажет. Синхрондау құралы
ретінде мен DAVdroid (FDroid,
Play)
қолданамын,
балама
ретінде
CalDAV-Sync
(Google Play) қарастыруға
болады
24.
Тапсырмалар.Tasks
Enhanced
–
күнтізбеге
қарағанда бірнеше өзге
функционалды
есептер
құрастыруға
интерфейс
ұсынады:
міндеттерді
орындау
прогресі,
ownCloud
пайдаланушыларының
пікірлері,
оқиғаларды
маңыздылығы/уақыты/стат
усы бойынша топтастыру,
оқиға туралы нақты уақытта
еске салу
25.
Бақылау сұрақтары• OwnCloud бұлттық қоймасымен қандай жұмыстар жасадыңыз?
• OwnCloud бұлттық қоймасымен қандай тапсырмалар орындауға
болады?
• OwnCloud туралы негізгі түсініктер туралы айтыңыз және қандай
мүмкіншіліктері бар?
• KDE SC (K Desktop Environment Software Compilation) деген не?
• Виртуалды серверді қалай құруға болады?
• Виртуалды серверге кіру жолдарын көрсетіңіз?
• OwnCloud бұлттық қоймасын виртуалды серверге орнатудың жолдарын
атаңыз?
• Серверді қандай командалар арқылы жартуға болады?
26.
Қолданылған әдебиет:• Серік М., Садвакасова А.К., Сенбай Д. Бұлттық технологиялар негіздері: оқу құралы. – Астана, 2017. 111б.
• Серік М., Садвакасова А.К., Бұлттық есептеулер. Бұлттық қойма құру: оқу құралы. – Астана, 2018. 203 б.
• Серік, М. Клиент-сервер технологиясын жүзеге асыру (SQL Ортасы): / Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2015.93б.
• Чуновкин Ф. Д. Разработка среды для облачных вычислений. – Спб,2012. – 64с
• Безмалый В. «Облачные» технологии в антивирусной защите. http://www.osp.ru/win2000/2013/06/13036028/
• Owncloud ресми сайты https://owncloud.com/