Похожие презентации:
Маркетинг задачи6
1. Маркетинг Задачи 6
2.
Төменде келтірілген пікірлердің дұрыс немесе жалғанекенін анықтаңыз, егер пікір дұрыс болса «иә» деп, жалған
болса «жоқ» деп жауап беріңіз
1. Тауарлардың сатылу көлемінің тұрақты өсуін қамтамасыз ету үшін
кәсіпорын қабылдай алатын шешімдердің бірі тауардың ассортименттік
орын санын кӛбейту болып табылады.
2. «Минский завод холодильников» АҚ «Атлант» тоңазытқышы шынайы
орындалған тауар болып табылады.
3. Тіс пастасы күнделікті сұраныс тауары болып табылады.
4. Жиһаз алдын-ала таңдалған тауарға жатпайды.
5. Факс өндірістік тауар болып табылады.
6. «Русское радио» радиостанциясының дабылдары тауарлық белгі болып
табылады.
7. Тауарлық белгі ретінде жеке жануарлар суреттері болуы мүмкін.
8. Сағыз резеңкесі импульстік тҥрде сатып алынатын тауар болып
табылады.
9. Сатылатын нарығына байланысты кәсіпорынның бір тауары өмірлік
циклдің әр түрлі кезеңдерінде болуы мүмкін.
10. Жеке тауарлар бірмезгілде өндірушінің тауарлық белгісін де,
сатушының сауда маркасын да иемденуі мүмкін.
3.
Төменде келтірілген пікірлердің дұрыс немесе жалғанекенін анықтаңыз, егер пікір дұрыс болса «иә» деп, жалған
болса «жоқ» деп жауап беріңіз
11. Кәсіпорынның барлық ӛндіретін тауарларында бірегей тауарлық белгі
болмайды.
12. Кейбір кәсіпорындар ӛмірде бар тауарлық белгінің жалған тҥрін
шығаруға барады, кейбір кезде оны заңсыз түрде қолданады.
13. Тауарлық белгіні қолдану кезінде оның сақтандыру деңгейін көрсету
үшін алдын-ала маркалауды қолданған жӛн.
14. Қаптаманы сапалы қолдану арқылы тауардың нарықта тез жылжуы
қамтамасыз етілуі мүмкін.
15. Қаптама тұтынушыға артықшылықты қамтамасыз етуі мүмкін.
16. Кейбір жағдайларда қаптаманың бағасы оның ішіндегі тауар бағасынан
асып түседі.
17. Штрихтік кодтауды қолдану өндіріс пен тауарлар сатылуын есепке алу,
талдау және жоспарлау үшін ішкімен қатар, сыртқы нарықта да бастапқы
база болып табылады.
18. Тауарлық белгі кәсіпорынның фирмалық блогына жатпайды.
19. Слоган – бұл әдейі өңделген, кәсіпорынның толық немесе
қысқартылған атауының өзіндік сызбасы.
20. Автомобильдер жасаушы кәсіпорындар сервистік қызмет көрсетуді
жасамауы мүмкін.
4.
Келесi тауарлар үшiн қаптама варианттарын жасаңыз(қаптаманың формасын, қандай материалдан
орындалатынын, оның фактурасы мен түсін, тауарды
пайдалану ыңғайлы болуы үшін функционалдық құралсаймандарды пайдалану, тауардың таңбалануы және оның
қаптамада орналасуы):
1) Жас әрі өзіне сенімді әйелдерге арналған иіс су;
2) Ер адамдарға арналған зергерлік бұйымдар;
3) Балаларға арналған шоколадты драже;
4) Балалар конструкторы;
5) Кестелеуге арналған жiптер жиыны.
Қаптамалардың қандай сипаттамасы оның алдына
қойылған мәселелерді шешуге көмектеседi?
5.
Сұрақтарға жауап беріңізСiз терезелiк рамалар шығаратын фирмаға
қандай тауарлық белгіні ұсынар едiңiз?
Фирма қызметiнің бағыттық сәйкестігі, есте
қалатындығы, оңайлығы, бейнелілігі,
өзгешелігі жағынан өз ойыңызды талдаңыз.
6.
Сұрақтарға жауап беріңізТөменде аталған тауарлар (қызметтер) қазіргі
кезде өмірлік циклдің қандай кезеңiн өтуде:
1) роликтi тақтай («скейт-боард»);
2) «Кока-кола» салқындатқыш сусыны;
3) жеке серуен яхталары;
4) кiлем жамылғыларын химиялық тазалау
бойынша қызмет;
5) аудио компакт-дискілер;
6) минералды су…
Ұсынылған тiзiмдi өз мысалдарыңызбен
толықтырыңыз.
7.
Төменде айтылған пікірлер дұрыс немесе бұрыс екенінанықтаңыз, егер пікір дұрыс болса «ия», қате болса
«жоқ» деп жауап беріңіз
1. Нарықта жаңа тауарлардың сәтсіздікке ұшырауының негізгі себептерінің
бірі тауардың дұрыс позицияланбауы болып табылады.
2. Біреудің идеясын бейресми түрде ала тұруға болады, сонымен бірге
ақпаратты таратудың заңды жолдарын қолдануды ұмытпау және заңды,
қорғалған патентті, тауарлық белгіні және интеллектуалды жеке меншікті
бұзбауды қолдану керек.
3. Алдымен жаңа тауардың нақты үлгісі дайындалады, содан кейін мүмкін
сауданың талдауы мен экономикалық талдауы жүргізіледі.
4. Жаңа тауарларды өндірістік немесе коммерциялық игеруді қамтамасыз
ету арқылы кәсіпорын байқалмалы маркетинг жүргізеді.
5. Абсолюттік бәсекеқабілеттілік немесе бәсекеқабілетсіздік жоқ және
болуы мүмкін емес: бұл екі түсінік нарық пен уақытқа, сонымен қатар
нарыққа әсер ететін басқа да әртүрлі факторларға байланысты.
6. Көптеген тауарлардың тҧтыну бағасы сатылу бағасынан әлдеқайда
жоғарырақ.
7. Кәсіпорынның ұтымды тауар номенклатурасы әртүрлі өмірлік цикл
кезеңіндегі тауарлардан тұрады.