7В Қазақ тілі
1.
Тынымбай Нұрмағамбетов туралы дұрыс емес ақпаратты тауып түзет1) Т.Нұрмағамбетов 1845 жылы 10 маусымда Қызылорда облысы Жаңақора ауданында
туған
2) 1968 жылы шет тілі мен әдебиеті факультетін бітірген
3) “Кітап” баспасында редактор қызметін атқарған
4) “Қазақ тілі” газетінде редактордың орынбасары болған
5) Алғашқы әңгімелер жинағы 1981 жылы “Қарбыз иісі” деген атпен шыққан
6) Оның “Қош бол, апа”, “Қарлығаштың ұясы”, “Атақоныс” деген кітаптары бар
7) “Тырналар ұшып келді” телефильмі сценарийінің авторы
8) Ол Жаңақорған ауылының құрметті азаматы
2.
...Елуінші жылдардың ортасында Бура екеуміз Бөрлібастауыш мектебінің төртінші класында бірге оқыдық.
«Бастауыш мектеп» деп ауыз толтырып айтып отырған
мектебімізде сол жылы жиырма алты бала оқитын да,
төртінші класта төрт бала едік. Көзіне қалың көзәйнек
киетін Найзабек деген жас шамасы елудің маңындағы
мұғаліміміз бар еді. Оны кейде «Көзәйнек ағай», кейде
«Найзабек ағай» дейміз. Бура екеуміздің үйлеріміз
Найзабек ағайдікімен көрші еді. Төрт кластың
оқушыларын Найзабек ағай кейде екі-екіден бөліп,
кейде бәрін біріктіріп оқытады. Оның бұл ісіне
араласып жатқан ешкім жоқ. Кейде «бүгін аңға баратын
едім, қайта беріңдер. Қалған сабақты үйден оқып
келесіңдер» дейтін де кездері бар. Ондайда оқушылар
шуылдасып, қуанып, мәре-сәре болып үйлеріне қайтып
бара жатады.
(Мәтін бойынша 10 сұрақ құрастыр)