1.19M
Категория: ОбразованиеОбразование

Лекция №3

1.

Кафедра педагогика
Зерттеу түрлері мен
стратегиялары
Арай Аманова
PhD, қауымд. профессор

2.

Кафедра педагогика
Жоспар:
1.Сандық зерттеу (сипаттамалық, корреляциялық, эксперименттік)
2.Сапалық зерттеу (интервью, бақылау, кейс-стади)
3.Аралас әдістер (mixed methods) және олардың артықшылықтары
4. Қорытынды

3.

Кафедра педагогика
а) Мақсатына қарай:
Ғылымипедагогикалық
зерттеулерді
бірнеше өлшем
бойынша
жіктеуге болады
Негізгі (іргелі) зерттеу – жаңа теориялық білім өндіру, заңдылықтарды
анықтау.
Қолданбалы зерттеу – білім беру процесіндегі нақты проблемаларды
шешу.
Эмпирикалық зерттеу – фактілер жинақтап, тәжірибелік мәліметтер
негізінде қорытынды жасау.
ә) Мазмұнына қарай:
Теориялық зерттеу – ұғымдар жүйесін, модельдерді, концепцияларды
дамыту.
Эксперименттік зерттеу – тәжірибелік-эксперименттік тексерулер
арқылы ғылыми болжамды дәлелдеу.
б) Уақытына және көлеміне қарай:
Ұзақ мерзімді (лонгитюдтік) – оқушыларды бірнеше жыл бақылау.
Қысқа мерзімді – белгілі бір уақыт аралығында жүргізілетін зерттеу.

4.

Кафедра педагогика
1.Сандық зерттеу (сипаттамалық, корреляциялық, эксперименттік)
Сандық деректерді жинаудың ең кең тараған
“және
ең қол жетімді әдістерінің бірі сауалнама
(survey) болып табылады.
Сауалнама – деректерді сандық бағалауды
қамтитын және оларды құпия түрде жинайтын
әдіс.

5.

Кафедра педагогика
1.Сандық зерттеу (сипаттамалық, корреляциялық, эксперименттік)

Сауалнаманы сәтті жүргізу үшін сізге:
Сауалнама - сандық
деректерді
стандартты
түрде жинаудың ең кең
тараған әдісі. Ол алынған
мәліметтерді
статистикалық талдауға
септігін тигізуде жауап
алу үшін респонденттерге
ауызша немесе жазбаша
түрде жіберіледі, сол
арқылы
мәселені
зерттеуге көмектеседі.
⮚ деректерді жинауға арналған сауалнама әзірлеу керек;
⮚ әлеуетті респонденттерді анықтау (іріктеу) қажет;
⮚ сауалнаманы сынамадан өткізу керек;
⮚ сұрақтарға жауаптардың белгілі бір пайызын алу (response rate)
қажет.
Сауалнама жүргізу кезеңдері:
⮚ концептілерді іске қосу (1-тарауды қараңыз);
⮚ сауалнаманы және дизайнын әзірлеу;
⮚ іріктеуді тізбелеу;
⮚ сауалнаманы сынамадан өткізу;
⮚ сауалнама жүргізу;
⮚ жиналған деректерді статистикалық бағдарламаға енгізу.

6.

Кафедра педагогика
1.Сандық зерттеу (сипаттамалық, корреляциялық, эксперименттік)

Дайын сауалнаманы берілген тақырып бойынша жарияланған
мақалалардан табуға болады. Дайын сауалнаманы таңдағанда, оған
сілтеменің қаншалықты жасалғаны, пікір/шолулардың болуы, оның
шынайылығы мен сәйкестілігі туралы ақпараттың болуы сияқты
өлшемдерге назар аудару қажет. Сонымен бірге егер дайын сауалнама
зерттеуіңізге
бейімделген
болса,
оның
алдыңғы
зерттеулердегі
шынайылығы мен сәйкестілігі енді жарамсыз болатынын ескеру қажет.
Дайын сауалнаманы пайдалану мүмкіндігі болмаса, зерттеуші оны өзі
әзірлей алады, бірақ сауалнаманы құрастыру біршама ұзақ уақыт алатынын
ескеру қажет. Сонымен қатар зерттеуші сауалнаманың тұжырымдамалық
анықтығын, сондай-ақ оның шынайылығы мен сәйкестілігінің қандай
екендігін көрсетуі керек.

7.

Кафедра педагогика
1.Сандық зерттеу (сипаттамалық, корреляциялық, эксперименттік)

Шынайылық (reliability) - сауалнаманың көмегімен алынған
деректердің дәйекті әрі тұрақты екендігін растау.
Сәйкестілік (validity) - алынған деректердің алға қойған
міндеттерге сәйкестік дәрежесі

8.

2.СапалықКафедра
зерттеу (интервью,
бақылау, кейс-стади)
педагогика

⮚ Cұхбатқа қатысушыларды іріктеудің стратегияларын ажырата білу;
⮚ Зерттеу мақсатына байланысты сұхбаттың негізгі түрлерін
білу және оларды қолдану;
⮚ Сұхбат хаттамасын жаза білу және алынған деректерді
транскрипциялай білу.
Кілт сөздер: сұхбат, онлайн-сұхбат, фокус-топ, мұқият
тыңдау, сұхбатқа қатысушы, тану, транскрипция.

9.

2.СапалықКафедра
зерттеу (интервью,
бақылау, кейс-стади)
педагогика

Зерттеушілер сапалық зерттеулердің көбінде уақыттарын табиғи ортада
өткізіп, деректерді түрлі әдістер арқылы жинайды. Сапалық зерттеуде
мәліметтерді жинаудың негізгі әдіс-тәсілдеріне бақылау, сұхбат,
құжаттарды жинау, аудиовизуалды материалдарды жинау жатады
(Creswell, 2013). Бақылау – сапалық зерттеулерде қолданылатын ең көне
әрі ең іргелі тәсілдердің бірі. Ол адамдар мен оқиғаларды бақылауды немесе
олардың табиғи ортасындағы адамдардың физикалық ерекшеліктерін түсіру
жолымен мәлімет жинауды көздейді. Субъектілер жағдайдың бақыланып
жатқанын білетін болса, бақылау тәсілі ашық жүргізіледі, сонымен қатар
жасырын да болуы мүмкін (McKechnie, 2008). Бақылаушылар сапалық
зерттеуде әртүрлі рөл атқарады, соның ішінде толық қатысушы ретінде де
қатыса алады. Әдетте бақылау ашық болады, себебі зерттеуші
қатысушыларға өз пікірін еркін жеткізуге мүмкіндік беретін жалпылама
сұрақтар қо яды (Creswell, 2009).

10.

2.СапалықКафедра
зерттеу (интервью,
бақылау, кейс-стади)
педагогика

11.

2.СапалықКафедра
зерттеу (интервью,
бақылау, кейс-стади)
педагогика

12.

2.СапалықКафедра
зерттеу (интервью,
бақылау, кейс-стади)
педагогика

Кейс-стади әлеуметтік ғылымдарда, оның ішінде білім беру са
ласында сапалық зерттеудің жиі қолданылатын тәсілдерінің (әді
стерінің) бірі болып табылады. Аталмыш тәсіл медицина,
психоло гия, заң, саясаттану және журналистика секілді басқа
салаларда да кеңінен қолданылады. Кейс-стадидің тек әдіс қана
емес, сонымен бірге осы әдісті қолдану арқылы жүргізілетін
зерттеудің өзін де біл діретіндігін айта кету керек.

13.

2.СапалықКафедра
зерттеу (интервью,
бақылау, кейс-стади)
педагогика

Кейс-стади әдіснамалық таңдау емес, зерттелетін құбылысты
таңдау. Сіз таңдалған кейсті зерттеу үшін кез келген әдістің таңдай
алатындығыңызды» айта кету керек (Stake, 2005, 443-б.).

14.

Кафедра педагогика
3.Аралас әдістер (mixed methods) және олардың артықшылықтары

15.

Кафедра педагогика
3.Аралас әдістер (mixed methods) және олардың артықшылықтары

Аралас
(құрамдастырылған)
зерттеу
әдіскерлері
зерттеудің сандық және сапалық әдістерін біріктірудің
негізгі үш тәсілін бөліп көрсетеді:
⮚ параллельді дизайн
⮚ түсіндірмелі дизайн
⮚ барлау дизайны

16.

Кафедра педагогика
3.Аралас әдістер (mixed methods) және олардың артықшылықтары

17.

Кафедра педагогика
3.Аралас әдістер (mixed methods) және олардың артықшылықтары

Зерттеу түрлері мен стратегияларының байланысы
Іргелі зерттеулерде көбіне теориялық, модельдік стратегиялар
қолданылады.
Қолданбалы зерттеулерде эксперимент, сауалнама, педагогикалық
бақылау тиімді.
Қазіргі педагогикада аралас әдіс кеңінен қолданылады, себебі ол
проблеманы жан-жақты қарастыруға мүмкіндік береді.

18.

Кафедра педагогика
4. Қорытынды

Зерттеу түрлері мен стратегиялары ғылымда маңызды рөл атқарады.
Сандық зерттеу нақты деректер мен статистикалық талдауларға сүйеніп,
құбылыстар арасындағы байланыстарды ашуға мүмкіндік береді. Сапалық
зерттеу адамның тәжірибесін, ойы мен сезімін терең түсінуге
бағытталады. Ал аралас әдістер екі тәсілдің артықшылықтарын
біріктіріп, зерттеудің жан-жақтылығын қамтамасыз етеді. Әрбір стратегия
зерттеу мақсатына қарай таңдалып, ғылыми жұмыстың сенімділігін
арттырады. Сондықтан болашақ зерттеулерде осы әдістерді дұрыс қолдану
білім мен ғылымды дамытуға елеулі үлес қоса алады.
English     Русский Правила