Похожие презентации:
Диссертация_презентация 01.12.2018 (1)
1.
І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетіАКАЖАНОВА АЛМАГУЛЬ АМАНЖОЛОВНА
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРЫ АРҚЫЛЫ МЕКТЕП
ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ДҮНИЕТАНЫМЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ
ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗІ
6D011700- «Қазақ тілі мен әдебиеті»
Ғылыми кеңесші:
Әл-Фараби ат. ҚазҰУ проф. ф.ғ.д. К.Н.Смағұлова
І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті
(PhG) А.М.Абызова
Шетелдік ғылыми кеңесші:
Орталық ұлттар университетінің профессоры, доктор
Жаң Диңджиң
(ҚХР, Бейжің қаласы)
Талдықорған, 2025
2. МАЗМҰНЫ
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕРАНЫҚТАМАЛАР
КІРІСПЕ
1 ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ТІЛТАНЫМДЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Ұлттық ойындардың қалыптасуы
1.1.1 Ұлттық ойындардың зерттелуі
1.1.2 Ұлттық ойын атауларының лингвистикалық сипаты
1.1.3 Қазақ ұлттық ойындарының лингвомәдени және дүниетанымдық аспектілері
Бірінші бөлім бойынша тұжырым
2 МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ДҮНИЕТАНЫМЫН ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР АРҚЫЛЫ
ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
2.1 Оқушылардың дүниетанымын ұлттық ойындар арқылы қалыптастырудың философиялық негіздері
2.2 Ұлттық ойындар арқылы дүниетанымды қалыптастырудың психологиялық негіздері
2.3 Білімалушылардың дүниетанымын ұлттық ойындар арқылы қалыптастырудың педагогикалық ұстанымдары
Екінші бөлім бойынша тұжырым
3 ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРЫ АРҚЫЛЫ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ДҮНИЕТАНЫМЫН
ҚАЛЫПТАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІ
3.1 Қазақ тілі сабағында ұлттық ойындарды пайдалануда қолданылатын инновациялық технологиялар
3.2 Ұлттық ойындары арқылы дүниетанымды қалыптастыруға арналған жаттығулар түрлері
3.3 Ұлттық ойындары арқылы оқушының дүниетанымын қалыптастырудың эксперимент нәтижелері
Үшінші бөлім бойынша тұжырым
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
3. Зерттеудің өзектілігі
Қазіргі заманғы білім беру жүйесінде оқушылардың жан-жақты дамуы мен ұлттық құндылықтардыбойына сіңіру маңызды міндеттердің бірі болып табылады. Қазақстан Республикасының «Білім туралы
Заңында» білім беру жүйесінің басты мақсаты ретінде ұлттың мәдениеті мен дәстүрлерін зерделеу, ұлттық сана
мен дүниетанымды қалыптастыру атап көрсетілген. Бұл бағытта мектеп оқушыларының дүниетанымын
қалыптастыруда қазақ ұлттық ойындарының тәрбиелік рөлі ерекше орын алады.
Ұлттық ойындар тек көңіл көтеру ғана емес, сонымен қатар балаларды адамгершілікке, әділеттілікке,
елін, жерін сүюге, мейірімділікке тәрбиелеудің маңызды құралы болып табылады. Бұл ойындар қазақ
халқының тарихы мен мәдениетіне негізделген, олар балаларға ұлттық салт-дәстүрлерді, тіл мен әдебиетті,
халықтық құндылықтарды түсінуге және бағалауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ойындар арқылы жас
ұрпақтың ақыл-ойы дамиды, шығармашылық қабілеттері ашылады, әлеуметтік дағдылары қалыптасады.
Қазақ ұлттық ойындары арқылы балалардың дүниетанымын қалыптастыру тек тәрбиелік тұрғыдан
ғана емес, тіл дамыту аспектісінде де маңызды. Ойындардағы сөздер мен тіркестер, мақал-мәтелдер, ұлттық
ұғымдар қазақ тілінің байлығын ашып, оқушылардың тілдік дағдыларын дамытуға септігін тигізеді. Бұл өз
кезегінде тіл үйрену процесін жеңілдетіп, қазақ тілінің маңызын арттыруға ықпал етеді.
Қазіргі білім беру жүйесінде ұлттық ойындарды оқыту әдістемесін жасау және олардың тілдік
мазмұнын зерттеу аса маңызды. Ұлттық ойындар арқылы балалардың дүниетанымын қалыптастырудың
лингвистикалық және әдістемелік негіздері әлі толық зерттелмеген, бұл өз кезегінде оқу процесінде
ойындардың тиімді қолданылуын қамтамасыз ететін жаңа әдістер мен стратегияларды жасауға мүмкіндік
береді.
4. Зерттеудің мақсаты:
Қазақ тілі сабақтарында ұлттық ойындарды қолдану арқылы оқушылардыңдүниетанымдық көзқарасын қалыптастырудың ғылыми-әдістемелік жүйесін әзірлеу
және оның тиімділігін педагогикалық эксперимент арқылы дәлелдеу.
Алға қойылған мақсатқа сәйкес келесідей міндеттер шешілді:
• ұлттық ойын атауларының қалыптасу және зерттелу кезеңдерін айқындау;
• ұлттық ойындардың ономасиологиялық негіздерін сипаттау;
• ұлттық ойын атауларына лексика-семантикалық тұрғыда талдау жасау;
• ұлттық ойындарды пайдалану арқылы оқушылардың зияткерлік шығармашылық
әлеуеттерін арттыру және дамыту әдістерін ұсыну;
• ұлттық ойындарды оқу бағдарламасы барысында орынды пайдалана білу білім берудің
қазіргі парадигмаларына, оқыту стратегияларына сәйкес оқушылардың танымдық
белсенділіктерін дамытатындығына зерттеу жасау;
• ұлттық ойындарды пайдалануда оңтайлы әдіс-тәсілдер, технологиялар арқылы
оқушылардың
дүниетанымдық
көзқарасын
қалыптастыруға
болатындығын
эксперимент арқылы дәйектеп, ғылыми-әдістемелік тұрғыдан тұжырымдау.
5. Зерттеудің нысаны. Жалпы білім беретін мектептерде қазақтың ұлттық ойындары арқылы оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру
үдерісі.Зерттеу пәні. Қазақтың ұлттық ойындары
дүниетанымын қалыптастыру әдістемесі.
арқылы
оқушылардың
6. Зерттеу әдістері: Зерттеу жұмысын жүргізуде теориялық тұрғыда: философия, әлеуметтану, психология, педагогика ғылымы бойынша
тақырыпқабайланысты әдебиеттерге талдау жасау, тұжырымдау әдісі, салыстыру және
жобалау
әдісі,
модельдеу,
индуктивті-дедуктивті
талдау
әдістері
пайдаланылды. Сонымен қатар, тәжірибелік зерттеу жүргізу барысында:
сауалнама жүргізу, әңгімелесу, бақылау, материалдарды саралау әдісі мен
тәжірибелік-эксперименттік әдістер іске асырылды; статистикалық зерттеуді
қорытындылауда нәтижелерді математикалық-статистикалық өңдеу әдісі
қолданылды.
7.
Зерттеудің негізгі кезеңдеріБірінші
кезеңде
Шетелдік
(2018-2019)
ғалымдар
Зерттеу барысында мектеп оқушыларының
арасында қазақ ұлттық ойындары арқылы
дүниетаным қалыптастырудың лингвистикалық негізін анықтау мақсатында сауалнама
жүргізілді. Бұл сауалнама оқушылар мен
мұғалімдердің
ұлттық
ойындардың
лингвистикалық мәні мен мазмұны, атауы
туралы
білім деңгейлерін
анықтауға
бағытталды.
Сонымен
қатар,
қазақ
Дж.Равен, Р.Уайт, Н.Хомский,тілі
сабақтарында
ұлттық
құндылықтарды
А.В.Хуторской
Г.В.Вайлер,
танытудың тәрбиелік құралы ретінде ұлттық
Ю.В.Койнов,
ойындарды
қолдану Я.И.Лефстед,
деңгейі зерттелді.
Зерттеу
жұмысының
теоретикалық
негізінде
Н.В.Матяш,
Р.Уайт,
В.Чинапах.
отандық және шетелдік ғалымдардың
еңбектері
қарастырылып,
теориялық
материалдар
сарапталды,
нәтижесінде
зерттеу бағыттары айқындалып, болжамдар
жасалды.
Ресейлік
ғалымдар
.
Үшінші
кезеңде
Отандық
(2020-2021)
ғалымдар
К.С.Кудайбергенова
И.Агапов, С.Е.Шишов, Н.В.Кузьмина,
А.К.Маркова, И.А.Зимняя,
И.Я.Лернер, А.А.Орлов,
А.А.Вербицкий, Л.А.Петровская,
М.И.Рыжков және т.б. ғалымдар.
эксперименттік жұмыс барысында
Г.Ж.Ниязова, , Б.Т.Кенжебеков,
алынған мәліметтердің қорытындысы
Ш.Т.Таубаева,
О.С.Сангилбаев,
шығарылып,
зерттеу
нәтижелері
Г.Ж.Меңлібекова,М.А.Абсатова
талқыланып, қорытындылау жұмыстаУ.Б.Жексенбаева, Б.Қасқатаева,
ры жүргізілді.
І.Р.Халитова, Б.А.Тұрғынбаева
және т.б. ғалымдар.
8.
Зерттеу базасы:Назарбаев Зияткерлік мектебі, Ж.Жабаев атындағы №4 мектепгимназия базасында құрылды.
Қатысқан оқушылар:
Қатысқан мұғалімдер:
Эксперимент тобында 218 оқушы,
Экспериментке 8 мұғалім қатысты
Қолданылған әдістер:
сауалнама, әңгімелесу, тренинг, пікірталастар
Қолданылған
әдістемелер:
Авторлық сауалнама, Ғылыми әдістемелік зерттеудің сипаты
эксперимент арқылы анықталуға тиісті. Сондықтан ұлттық
ойындарды
пайдалану
арқылы
оқушының
дүниетанымын
қалыптастыру мәселесі де эксперимент нәтижесіне тәуелді.
Әдістемелік тәжірибе барысында эксперимент мәселесін зерттеген
әдістемеші мамандардың еңбектері басшылыққа алынды. Мәселен,
П.Б.Гурвич, Э.А.Штульман, В.А.Балдова секілді ғалымдардың
еңбектеріне
сүйендік.
Әдістемелік
эксперимент
ғылыми
болжамдардың қандай дәрежеде екендігін, яғни жұртшылыққа
ұсынатындай елеулі нәтижені анықтауға, кемшілігі болса, оны
түзетуге мүмкіндік беретіндігі белгілі.
9.
Қалыптастырушыэксперимент мақсаты:
Элективті курс
тақырыбы:
Әдістері:
Болашақ әлеуметтік педагогтің деонтологияялық құзыреттілігін
қалыптастырудың теориялық моделін жоғары білім беру жүйесінің
педагогикалық үдерісінде тәжірибелік-эксперименттік байқаудан өткізу
«Әлеуметтік-педагогикалық деонтология негіздері»;
2 кредит, 90 сағат;
Дәстүрлі, мәселелік, эвристиклық, зерттеушілік, иллюстративтік,
дәріс, практикалық т.б.
Формалары:
Аудиториялық және аудиториядан тыс сабақтар, тренингтер,
консультация, педагогикалық практика және т.б.
Құралдары:
Жұмыс оқу бағдарламасы, тақырыпқа сәйкесті пәндер бойынша
оқу бағдарламалары, оқулықтар, ғаламтор ресурстары, аудио,
видео материалдар, т.б.
10.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:• ұлттық ойын атауларының қалыптасу үрдістері, зерттелу кезеңдері
айқындалды;
• дәстүрлі
ойын
атауларының
ономасиологиялық
сипаты,
лингвомәдени негіздері зерделенді;
• тұлғаның ұлттық ойындар негізінде дүниетанымдық мәдениетін
қалыптастырудың теориялық- әдіснамалық негіздері дәйектелді;
• қазақ тілі сабағында ұлттық ойындарды пайдалану арқылы
оқушылардың
дүниетанымдық
көзқарасын
қалыптастыруға
болатындығы дәлелденді;
• қазақ тілі сабағында ұлттық ойындар арқылы оқушылардың
дүниетанымын қалыптастырудың ұтымдылығы эксперимент арқылы
тексеріліп, тұжырымдалды;
• жалпы білім беретін мектептерде қазақтың ұлттық ойындары арқылы
11.
Жұмыстың теориялық маңызы. Зерттеу қорытындылары жалпы тілдіоқыту әдістемесін теориялық тұрғыдан толықтыруға үлес қосады. Қазақ
халқының ғасырлар бойы қалыптасқан этномәдени ерекшеліктерін, салтсанасындағы өзіндік менталитетін, рухани-моральдық құндылықтарын
тереңірек түсінуге, сонымен бірге, қазақ тіл біліміндегі этнолингвистика,
лингвомәдениеттану және когнитивті тіл білімі салаларын кеңейте зерттеуге
мүмкіндік болады.
Жұмыстың практикалық маңызы. Ғылыми зерттеу жұмысынан алынған
нәтижелерді жалпы білім беретін орта мектепте қазақ тілі пәнін оқытуды
жетілдіруде кеңінен қолдануға болады. Орта мектепте оқушылардың
дүниетанымына сай келетін ұлттық ойындарды іріктеу, қолдану
тұрғысындағы шығармашылық ізденіс нәтижелерін оқу құралдары мен
әдістемелік нсұқаулықтарды әзірлеуде үлгі ретінде пайдалануға болады.
12.
Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар:• ұлттық ойын-сауық атаулары – жалпыхалықтық аталымдық лексикалардың өздеріне
тән қолданымдық аясы бар тобы. Ұлттық ойын атаулары салт-дәстүрлермен
байланысты этномәдени, менталдық сипатта болады. Сондықтан ұлттық ойын
атауларының қалыптасуын, әлеуметтік мәнін түсіну орта мектеп оқушысының
ұлттық мәдени құндылықтарды ажырата білуіне мүмкіндік береді;
• ұлттық ойындар арқылы мектеп оқушыларының дүниетанымын қалыптастыруға
бағытталған әдістемелік жүйе дидактикалық ұстанымдарды басшылыққа ала
отырып жүргізілсе, нәтиже сапалы болады;
• ұлттық ойын атауларының этника-тілдік модельдері (лексикалық бірліктер,
фразеологизмдер, мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар т.б.) өз ішінде лексикасемантикалық топтарға жіктеліп, қазақ лексикасының тарихи көне қабатын
құрайды. Сондықтан қазақ халқының өзіндік мәдени ерекшелігін, руханиморальдық құндылықтарын байқататын ұлттық ойын атауларының ұлт жадында
сақталуы үшін, оқушылардың зердесіне салып отыру олардың дүниетанымының
қалыптасуына да ықпал етеді;
13.
• тіл-ұлт-мәдениет үштігі аясында халықтың қоғамдық танымы, менталитеті, ұлттық мінезі,өмір салты, әдет-ғұрыптары, дәстүрлері, моральдық құндылықтар жүйесі, дүниетанымы
рухани мәдениеттің символдары түрінде көрінеді. Бұл белгілер қазақтың ұлттық ойын
мәдениетінің мәнінен айқын байқалады, сондықтан жеткіншек кезеңіндегі мектеп
оқушыларына қазақ мәдениетіндегі ойын түрлерінің ерекшеліктері мен атауларын
меңгерту олардың сөздік қорларын байытады, танымдық қабілеттерін дамытады;
негізі қазақтың этникалық мәдениетінен бастау алған, бабаларымыздан қалған халықтық
мұраны – ұлттық ойын түрлерінің ерекшеліктерін біле отырып, сабақ үдерісінде
пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуде үлкен пайдасы тиеді. Ойын әр
баланың алдынан өмірдің жарқын сәттерін ашып, жеке қасиеттерімен біте қайнасып, әрі
қарай дамуымен ұштасса, жақсы нәтиже береді;
білім алушының дүниені қабылдау кезіндегі әсерленуі балалық шақта жақсы жүреді,
сондықтан ұлттық ойындарды сабақ тақырыбына сәйкестендіре пайдалану баланың
дүниетанымдық ой-өрісін кеңейтіп, көзқарастары мен сенімін жетілдіруге көмектеседі;
• ұлттық ойындар арқылы оқушылардың дүниетанымын қалыптастырудағы кешенді
жұмыстар олардың ұлттық құндылықтар мен қазақ халқының салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын
меңгерулеріне игі ықпал етеді, қазақ тілі пәнін сапалы оқытудың жаңа арналарын ашады.
14.
15.
Қорытынды эксперимент нәтижелеріАйқындаушы эксперименті
бойынша мәліметтер
Деңгейле
р
эксперимент
тобы
Қалыптастырушы эксперимент
бойынша мәліметтер
Эксперим
ент тобы
бойынша
бақылау тобы
эксперимент тобы бақылау тобы
d2
көрсеткі
штердің
айырмас
ы
саны пайызы
саны
пайызы саны пайызы
саны
пайызы
Төмен
20
55,5
18
50
8
22,3
14
8,8
6/33,1
Орта
10
27,2
12
33,7
6
16,6
16
44,4
2/11,1
Жоғары
6
16,3
6
16,3
22
61,1
6
16,8
8/44,8
16.
070%060%
061%
044%
039%
50%
056%
022%
050%
034%
017%
017%
040%
030%
ҚЭБТ
027%
016%
ҚЭЭТ
020%
016%
010%
ЭДБТ
000%
Төмен
ЭДЭТ
Орта
Жоғары
ЭДЭТ
ЭДБТ
ҚЭЭТ
ҚЭБТ
Образование