Похожие презентации:
Балалардың тыныс алу жолдарының бұзылысының семиотикасы және синдромдары
1. Балалардың тыныс алу жолдарының бұзылысының семиотикасы және синдромдары
С.Д.Асфендияров атындағы ҚазақҰлттық Медицина Университеті
Казахский Национальный Университет
им. С.Д.Асфендиярова
Кафедра:пропедевтика детских болезней
Орындаған:Жакыпбек К.
Тобы:ЖМ14-015-1к
Курс:3
Қабылдаған:Мусабекова Р.К
2. Жоспар:
I. Кіріспе;II. Негізгі бөлім;
III. Балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты
тыныс алу жүйесінің бұзылысы;
IV. Тыныс алу жүйесінің қосымша әдістері;
V. Әр жастағы балалардың тыныс алу жүйесі;
бұзылысының синдромы және семиотикасы;
VI. Тыныс жетіспеушілі синдромы;
VII. .Бронхообструкция синдромы
VIII.Асфексия
3. Кіріспе
Тыныс алу деп- ауадан оттегінсіңіріп, көмірқышқыл газын
шығаруын камтамасыз ететін өзара
байланысты көптеген үрдістерді
айтады. Тыныс алу мүшелерінде
жас ерекшеліктеріне байланысты
айырмашылықтар болады.
Сондықтан да оларда дамитын
аурулардын да ерекшеліктері мен
айырмашылықтары бар.
Жалпы, тыныс жолдарын біз 3
бөлікке бөліп карастырамыз:
1.Жоғарғы тыныс жолдары: мұрын
қуысы, жұтқыншақ;
2.Ортаңғы: кеңірдек, бронхтар;
3.Төменгі: бронх, алвеолалар.
4.
Балалардағы өкпе зақымдануы әртүрлі себептерден болуы мүмкін,
яғни ол тұқымқуалаушылық немесе
құрсақ ішіндегі бұзылыстардан
болуы мумкін.
5.
Шағымдар:Негізгі: жөтел, қақырық, қанды қақырық,
еңтігу, тұңшығу, кеуде қуысындағы ауырсыну.
Қосымша:тершеңдік, бас ауыруы, әлсіздік,
ыстық көтерілуі, баланың қатты
мазасыздануы, тоқтаусыз жылауы.
6.
Жөтел – тыныс алу жүйесі ауруларының ең жиікездесетін белгілерінің бірі. Жөтел өкпе
қабынуы, туберкулез, тыныс жолының
(көмекей, кеңірдек т. б.) қабынуы кезінде, сондай-ақ
тыныс жолдарына шаң-тозаң, улы газ, суға шашалғанда,
негізінен, тыныс органдарының ішкі қабатына
орналасқан сезімтал жүйке талшықтарының
тітіркенуінен болады.
Жөтел 2-ге бөлінеді:
1.Құрғақ азапты жөтел, сөйлегенде, жылағанда
күшейеді, бронхит жаңа басталып келе жатқанда
кездеседі.
2.Ылғалды жөтел- қақырық шыққанда,
трахеобронхитте, бронхитте кездеседі.
7. Қақырық:
Қақырық-5 жасқа дейінгі балалар қақырық түсірүдібілмейді. Жалпы қақырықтың болуы патологиялық
жағдайды көрсетеді.
Қурамына байланысты қақырық:
іріңді(бронхитте,бронхеолитте, абсцесте); кілегейлі,
кілегейлі-іріңді, қан аралас болып бөлінеді.
8.
ЕңтігуЕңтігу(тахипноэ)-тыныстың күрделі бұзылуы немесе тыныс
алу, не тыныс шығару ұзарады. Ауру ентіккенде тыныс
тереңдеп, жиілеп және ырғақтылығы да өзгереді.
Еңтігудің бірнеше түрлері болады:
Инспираторлы ентігу-жоғарғы тыныс жолдарының
обструциясында болады. Қиналып тыныс алу кезінде
қабырға аралығы, бұғана үсті, төс ойығы және басқа да
қосымша еттер тартылып, керіледі.
Экспираторлы ентігу-кеуде қуысы жоғары көтеріліп, тыныс
алуға қатынаспайды. Керісінше іштің тік еттері тартылып
керіледі.Тынысты баяу шығарады, кейде ысқырылып
естіледі. Бронхиолды астмада, бронхтар басылып калғанда
байқалады.
9.
Шик ентігуі-экспираторлы ентігу туберкулезді инфильтраттармен өкпе түбіріндегі, кңірдек пен бронхтардың төменгі
жағындағы лимфа түйіндерінебайланысты болады, тек тыныс
шығарғанда ауа еркін, бос өтеді.
Аралас ентігу-экпираторлы-инспираторлы ентігу,кеуде қуысы
көтеріліп , жұмсақ жерлері тартылады. Ол бронхиолит және
пневмонияда кездеседі. Стенозды тыныста жоғары тыныс
жолдарымен ауаның жүруі қиындайды(круп, ісік).
10.
Дем алу ырғағының бұзылыстары:1.Биот тынысы терең де сирек дем алу мезгіл мезгіл үзіліс
жасайды.Тыныс орталығының қыртыспен байланысының
бұзылысынан қозғыштығының төмендеуі кезінде болады.
2.Чейн-Стокс дем алудың біртіндеп тереңдеуі мен
біртіндеп баяулауы тән, одан кейін үзіліс болады. Кейін бұл
үдеріс қайталанады.
3. Куссмауль тынысы. Неміс дәрігері Куссмаульмен 1874
жылы диабеттік кома кезінде сипатталды. Терең және күшті
тыныстық шулармен мінезделеді. Куссмауль оны " үлкен
шулы тыныс" деп атаған.
4.Грок тынысы сирек кездеседі. Ол Чейн-Стокс тынысын
еске салады, тек үзілістер болмайды. Бас ми абсцесінде,
базальді менингитте т.б байқалады.
11.
12. Тексеру әдістері:
Сұрап тексеру . Негізні шағымдар және олардыңұстама болу механизмі . Құрғақ және ылғалды
жөтел, жәй-ақырын немесе қатты күшейген ,
ұстама тәрізді әлсін-әлсін немесе тұрақты , пайда
болу уақыты , пайда болу жағдайы және жөтелді
тоқтату түрі және т.б.
13.
ПальпацияКеуде қуысының пальпация әдістері . Ауыру
сезімінің пайда болу аймақтары . Кеуде қуысының
серпімділігін анықтау . Дауыс дірілін анықтау .
Диагнотикалық маңызы .
14.
Перкуссиясалыстырмалы перкуссия -потологиялық өзгерістерді
анықтауға бағытталған. Қалыпты және патолгиялық
жағдайда перкуторлық дыбыстың кеуде қуысының
симметриялық бөліктерінде өзгеру түрлері ( анық
өкпелік , тимпанит дабылды , қорпты , тұйықталған ,
тұйық , тұйықталған – дабылды ). Диагнотикалық
маңызы .
Топографиялық перкуссия –мүшенің шегін, мөлшерін
анықтау.Кеуде қуысының топографиялық сызықтары .
Өкпе ұшының жоғарғы шекрасын анықтау : өкпе
ұшының биіктігін алдынан , артынан , Кренинг
аймағының кеңестігінің . Өкпенің төменгі шекраларын
анықтау және өкпенің төменгі шетінің қозғалғыштығын
анықтау , өзгеруі себептерін анықтау . Диагностикалық
маңызы
15.
16.
АускультацияАускультация (латынша auscultatio – «қазақша»
тыңдаймын деген сөз) – организмдегі өзіне — өзі
пайда болған дыбыстарды тыңдау болып табылады.
Өкпенің аускультация әдістері . Негізгі және
қосымша тыныс шулары , олардың пайда болу
механизмі және диагностикалық маңызы .
Визикулярлы тыныс , оның әлсіреуі немесе күшеюі .
Бронхиалды тыныс және оның түрлері .
Сырылдар , олардың пайда болу механизмі . Құрғақ
сырылдар – төмен темберлі ( басовые) , жоғорғы
темберлі (дискантты ). Ылғалды сырылдар : ұсақ ,
орташа және үлкен көпіршікті , ашық және ашық
емес . Сырылдардың орналасуы және таралуы .
17.
18. Тыныс жетіспеушілі синдромы
Организмде қанның газдық құрамының қалыптыжағдайда болуы қамтамасыз етілмегенде, немесе
газдың құрамы қалыпты жағдайдағы тыныс
жүйесінің жұмысының бұзылуымен қамтамасыз
етілетін болғандағы жағдай тыныс жетіспеушілігі
деп аталады .
Тыныс жетіспеушілігі 4 дәрежеге бөлінеді .
19.
Бронхообструкция синдромыЖоғарғы тыныс жолдарының обструкциясы-патологиялық
процесстер әсерінен кеңірдек пен бронхтың тарылуына
байланысты тыныс жолдарындағы ауа жүрісіне кедергі пайда
болуы. Бронхообструкция синдромы- жедел тыныс
жетіспеушілігінің көп кездесетін себептерінің бірі .
Тыныс жолдарының бронхообструкция синдромыөменлегі
жағдайларда кездеседі. Көмей стенозы. Стридор- қатқыл дірілдейтін
кейде қорыл сияқты шулы тыныс, ішіне тартқанда күшейеді. Тыныс
жолын ісік басып қалғанда тағы басқа тыныс жолының туа біткен
ақауларында кездеседі. Туа болған көмей стридоры (исператорлы
көмей коллапсы)- тілшіл улкейгенде болады.
Бронхообструкция синдромы 3 компоненттен тұрады: ісіну ,
экссудатция, бронхоспазм .
Өттегі жетіспеушілігіне байланысты көмей стеноз дәрежесімен
ұзақтығы келесідей болып бөлінеді . 1 дәрежесі компенсацияланған , 2
дәрежесі субкомпенсацияланған, 3дәрежесі декомпенсацияланған 4
дәрежесі асфекция .
20. Бронхообструкция синдромы
1-дәрежесі: дауыс қарлығып естіледі, жөтел қатқал үрмелі.Қобалжығанда инсператорлы ентігу пайда болады. Тыныш кезінде
бала ентікпейді.
2-дәрежесі: бала жентігіп жиі қатқыл үрлеп жөтеледі. Бала үнемі
ентігіп отырады, тыныс алуға қосымша бұлшық еттер қатысады
қатты терлиді . Жөтел кезінде мұрын ауыз ұшбұрышы қатты көгереді
де , жөтел басылған сон кетпей қалып қояды .
3-дәрежесі: ауру қатты мазасызданады , өте жиі жөтеледі ерні
менөолдары көгереді. Құрсақ үсті ұшбұрышы , төс ойығы , қабырға
аралықтары ішіне қарай тартылып , инсператорлы қатты шулы ентігу
пайда болады . Тамыр соғысыжиілеп тер көп шығады.
4-дәрежесі: Науқас әлі кетіп құлайды , басын шалқайтып , аузын
ашып ауа жүтқысы келіп тұрады . Кеуде қуысының қосымша бұлшық
еттері тартылады . Күрт көгереді. Тамыр соғысы әлсіз , ырғақсыз
болады , жүрек соғысы әлсіз .Шын круп көмей дифтериясында .
Жаған круп қызылшада , вирусты инфекцияда кездеседі,
21.
ТұншығуТұншығу, асфиксия (грек. asphyxіa; a – жоқ және
sphyxіs – тамыр соғуы) – қанда оттек жетіспеушілігінен
көмірқышқыл газының көбеюінен болатын адам
өміріне қауіпті патологиялық жағдайы.
Тұншығу әр түрлі жағдайларға байланысты, мысалы,
жүрек, бронхы демікпесі кезінде, тыныс жолына бөгде
заттар түскенде, электр тогымен зақымданғанда, т.б.
пайда болады.
Сот медицинасында тұншығуды екі топқа бөледі:
механикалық тұншығу;
токсиндік тұншығу
22. Тұншығу
Механикалық тұншығуМеханикалық тұншығу - тыныс алу жолдары сырттан басылып қалғанда не іштен
тығындалып қалғанда, мысалы, адам асылып өлгенде, адамды (өлтіру
мақсатында) арнайы тұншықтырғанда немесе дифтерия ауруында тыныс
жолдарының қабынуына байланысты қабықшалармен тығындалып қалғанда,
адам суға батып кеткенде, наркоз кезінде тіл тыныс жолдарын бітеп тастағанда
дамиды.
Токсиндік тұншығу
Токсиндік тұншығу - тыныс алу ортасына әр түрлі улы заттар (стрихнин, кураре)
әсер еткенде, тыныс алатын бұлшық еттер зақымданса, кейбір заттар қандағы
оттекпен әрекеттескенде, ауадағы оттек мөлшері азайғанда (биіктікке
көтерілгенде), т.б жағдайларда дамиды.
Тұншығудың ерекше бір түрі – нәресте асфиксиясы деп аталады. Іштегі
нәрестенің тұншығуы анасының денсаулығына байланысты, анасы уланған,
жарақаттанған не нәрестенің кіндік қан айналымының жұмысы бұзылған
жағдайда дамиды.
Тұншығудың даму себептеріне байланысты алғашқы кезде тыныс алу жиіленеді,
қан қысымы көтеріліп, жүрек соғуы күшейеді. Бұдан соң тіндерде оттек
жетіспеушілігінен (Гипоксия) жүрек соғуы баяулап, қан қысымы төмендей
бастайды, тыныс алу сиреп, адам тіпті бірнеше секундтан бірнеше мин-қа дейін
дем ала алмай қалады (мұны терминальды тыныс алу деп атайды), рефлекстер
жойылып, ауру есінен танады. Осы кезде науқасқа шұғыл дәрігерлік көмек
көрсетілмесе өліп кетуі мүмкін. Тұншыққан адамның беті көгеріп, терісі
бозарады, ерні кезеріп, жүзінде қорқыныш үрей пайда болады, суық тер шығады.
Ішкі органдарға қан толады, өкпе ісініп, орталық жүйке жүйесінде ауыр
дистрофиялық өзгерістер дамиды.
23.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒАРАХМЕТ!!!