1.42M
Категория: ОбразованиеОбразование

№1 лек ҚХДПМТ

1.

Қ.ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ
ТАРИХ ФАКУЛЬТЕТІ
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖӘНЕ БАСТАУЫШ ОҚЫТУ КАФЕДРАСЫ
ПӘН: ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ДӘСТҮРЛІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ
МӘДЕНИЕТІНІҢ ТАРИХНАМАСЫ
БАХТИЯРОВА ГҮЛШАТ РАХМЕТЖАНҚЫЗЫ
ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ, ПРОФЕССОР
aibol04@mail.ru

2.

Дәріс тақырыбы:
Кіріспе. Қазақ халқының дәстүрлі педагогикалық
мәдениеті қалыптасуының алғы шарттары
Жоспар:
1. Кіріспе. Оқу курсының мақсаты, міндеттері, маңызы.
2. Қазақ халқының өзіндік тарихи-мәдени даму жолы туралы.
3. «Қазақ» атауының пайда болуы туралы ғылыми көзқарастар мен
пайымдаулар.
4. Дәстүрлі педагогикалық мәдениет және оның қалыптасуы туралы
түсінік.
5. Қазақстан тарихы мен мәдениеті дамуының кезеңдері.
6. Қазақ халқының дәстүрлі педагогикалық мәдениетінің қалыптасып,
дамуына ықпал еткен әлеуметтік-тарихи шарттар.

3.

Қазақ халқының дәстүрлі педагогикасы тарихи-мәдениет
тәжірибесі ретінде де, рухани мұра ретінде де барша оқырман үшін
аса қызығушылық туындатары сөзсіз. Өйткені халықтың және түрлі
тарихи кезеңдерде халық арасынан шыққан ұлы ғұламалардың
дүниетанымдық көзқарастары мен құнды идеяларын дәстүрлі
педагогикалық мәдениетімізді терең, жүйелі зерттеу арқылы танып,
білуге ғана болады.
Бұл пәнде қазақ халқының дәстүрлі педагогикалық мәдениетінің
қалыптасып, дамуына ықпал еткен әлеуметтік-тарихи шарттар
мазмұндалып, тарихи даму кезеңдері ғылыми деректер негізінде
анықталады, дәстүрлі педагогикалық мәдениеттің қазақ отбасы
тәрбиесіндегі көрінісі мен тәрбие жүйесінің кезеңдері ажыратылып,
мазмұндалады және оған ұлттық дүниетанымды қалыптастыру
факторы ретінде түсінік беріледі.

4.

Кез келген мәдениеттің деңгейін анықтаушы басты
өлшем – тәрбие болып табылады, нақтырақ айтқанда, білім
беру мен тәрбие мәдениеті. Қоғам дамуын, оның рухани
өмірін тарихи-педагогикалық талдау барысы мәдениетті –
дәстүрлі және жаңа формалардың өзара байланысы, ескінің
жойылуы мен жаңаның пайда болуын көрсететін
диалектикалық, қарама-қайшылыққа толы үздіксіз жүйе

5.

Қ.ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ
ҰЛТТЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІН АЙҚЫНДАЙТЫН ҚҰНДЫЛЫҚТАР
«Адал азамат»: отбасы, мектеп және қоғам үндестігін орнататын – жаңартылған тәрбие
бағдарламасының осы оқу жылынан бастап қолға алынуы бүгінгі уақыт талабына жауап берудегі
нақты қадам деп білеміз.

6.

Қ.ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ
ҰЛТТЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІН АЙҚЫНДАЙТЫН ҚҰНДЫЛЫҚТАР

7.

Қазақтар – Қазақстан Республикасының негізгі
тұрғындары, ...исламдық суперөркениеттің солтүстік-шығыс
жағын мекендейді, діні жағынан ханифиттік мағынадағы
мұсылман суниттер, Алтай тіл бірлестігінің түрік тобының
қыпшақ топтамасына жатады.
Тарих ғылымының соңғы кезеңдердегі жетістіктері қазақ
жерінен
табылған
мұралардан
көне
жазу
үлгілерінің
кездесетіндігін дәлелдейді. Бұл орайда сөзіміз дәлелді болу үшін,
Алматы маңындағы сақ обасын қазған кезде Есік қорғанындағы
«Алтын адам» көмбесінен түбіне 26 таңба ойып жазылған күміс
тостағанның табылғандығын атап өтуге болады

8.

«Қазақ» деген атаудың пайда болуы туралы
Қазақ халқының дәстүрлі педагогикалық мәдениетінің
қалыптасып, даму тарихын зерделеп тануға деген талпыныс осы халық
атының тарих бетінде танылу үрдісімен сабақтас екендігі әрі табиғи, әрі
ғылыми заңдылық. Сондықтан бұл мәселені біз өз зерттеуімізде жанжақты талдап түсіндіруде «қазақ» деген атаудың пайда болып, оның
шығу тарихына да жете көңіл бөлу керек.
Халық атауы ХVІІІ ғасырдан бастап ХХ ғасырдың 30
жылдарына дейін «қырғыздар» - «киргизы» немесе «қара
қырғыздар», «киргиз-казаки» немесе «киргиз-кайсаки» деп
бұрмаланып та келді.
Алғаш 1935 жылы «қазақ», «Қазақстан» деген атаулар ресми
қабылданған.

9.

Дәстүрлі педагогикалық мәдениеттің даму кезеңдері
Біз қазақтың дәстүрлі педагогикалық мәдениеті дамуының
кезеңдерін анықтап, талдау бағытында біз тарих ғылымының ел
тарихының қалыптасып, даму кезеңдерін ажыратудағы қол жеткізген
жетістіктеріне сүйене отырып, белгілеуге талпынамыз.
Осы орайда, біз ең алдымен өз ойымызға арқау болып отырған
«кезең» ұғымының ғылымдағы қолданылу мәніне түсінік беруіміз қажет.
Ғылымда «кезең – белгілі бір тарихи жүйе ішіндегі жағдайдың
ауысуын көрсететін тарихи процестегі уақыт кесіндісі» деп
түсіндіріледі (С.Кентебеков). Халқымыздың тарих сахнасында жүріп
өткен жолын танытатын, саяси-әлеуметтік, мәдени-экономикалық
жағдайларының ауысып отыруы нәтижесінде, ел басынан өткен тарихи
кезеңдердегі уақыт кесіндісін ажыратудағы ғалымдардың көзқарастары
да түрліше.

10.

Тарихи кезеңдер:
● «Қазақстан Ұлттық энциклопедиясының» мазмұнында Қазақстан
тарихындағы ел өміріне бірқатар өзгерістер әкелген нақты кезеңдер
ажыратылып, көрсететілген ғылыми пайымдаулар мен деректер
негізінде құрылады (9 кезең);
● Ғалым М.Қ.Қозыбай тегі «Ата тарихы туралы сыр» атты ғылыми
мақаласында: «Мен бүкіл қазақ тарихын бірнеше асқаралы белестерге
бөлер едім» деп қазақ тарихын 9 белеске (кезең) бөліп, әр кезеңге
мазмұнды түсінік береді;
● Ғалым, педагог С.Қ.Қалиевтің пайымдауынша, «қазақ халқының
ұрпақ тәрбиелеу жөніндегі сонау көне ғасырлардан келе жатқан
тәжірибесін, қазақ хандығы құрылған кезеңнен (XІV-ХVғ.ғ.) бастап
қарастыру, тарихи-әлеуметтік тұрғыдан алып қарағанда дұрыс емес»,
халық тәлімінің тарихи кезеңдерін шартты түрде 8 кезеңге бөліп
қарастыру қажет дейді;

11.

Қазақ халқының дәстүрлі педагогикалық мәдениетінің
қалыптасып, даму жолы:
Қазақ халқының дәстүрлі педагогикалық мәдениетінің қалыптасып,
даму жолының бастауын Түркі қағанатының әбден күшейіп, көне
түркілерге тән ауыз әдебиеті мәдениетінің кең тарала бастаған дәуірі
ретінде VІ ғасырдан бастап шартты түрде мынадай тарихи
кезеңдерге бөліп көрсетуге талпындық: бірінші кезең (VI–IХ ғғ.) – қазақ
жеріндегі
халықтардың,
тайпалық
бірлестіктердің
дәстүрлі
педагогикалық мәдениетінің түрлі мәдениеттер тоғысындағы (сақтар,
ғұндар, үйсін, қаңлы, Түрік және Түргеш қағанаттары және т.б) көне
түркі дәстүрлерінің ықпалында қалыптасуы;
екінші кезең (Х–ХV ғ. бірінші жартысы) – қазақ жеріндегі
халықтардың дәстүрлі педагогикалық мәдениетінің көне түркі
мәдениеті мен үстемдік еткен ислам дініне негізделген ұлттық
дүниетаным аясында дамуы;

12.

Қазақ халқының дәстүрлі педагогикалық мәдениетінің
қалыптасып, даму жолы:
үшінші кезең (ХV ғ. екінші жартысы – ХІХ ғ. бірінші
жартысы) – қазақ халқының дәстүрлі педагогикалық
мәдениетінің қазақ хандығы тұсында, Ресей және Батыс
Еуропа ойлары ықпалында дамуы;
төртінші кезең (ХІХ ғ. екінші жартысы – ХХІ ғ. басы)
– қазақ халқының дәстүрлі педагогикалық мәдениетінің елдегі
жалпы білім беру жүйесі мен педагогика ғылымының өзара
әрекеттестігінде және Қазақстанның егеменді жағдайындағы
даму кезеңі.

13.

Әлеуметтік-тарихи шарттар туралы
Бұл жоғарыда аталған кезеңдер қазақтың ұлт болып қалыптасуы,
тұтасып бірыңғай халық болып даралануы, оның өзіне дейінгі
әлеуметтік-тарихи тәжірибені санасына орнықтырып, тұрмыстіршілігінде пайдалана білуі арқасында іске асқандығын зерделеуге
мүмкіндік береді.
Тарихи кезеңдерді ажыратуда негізге алынған әлеуметтіктарихи шарттар: көне жазу және еңбек мәдениеті, ауыз әдебиеті,
дін, ұлттық философиялық және ғылыми (педагогикалық)
көзқарастардың, мектеп жүйесінің қалыптасып, дамуы болды.

14.

Бекіту сұрақтары:
1. «Қазақ» атауы пайда болуы туралы қандай болжамдар
бар?
2. Дәстүрлі педагогикалық мәдениет және оның
қалыптасуы туралы қандай ғылыми мәлімметтер білесіз?
5. Қазақстан тарихы мен мәдениеті дамуының кезеңдері
туралы ғылыми көзқарастар.
6. Қазақ халқының дәстүрлі педагогикалық мәдениетінің
қалыптасып, дамуына ықпал еткен әлеуметтік-тарихи
шарттарды жүйелеңіз.

15.

Негізгі әдебиеттер:
1. Ғабитов Т.Х., Мүтәліпов Ж.М., Құлсариева А.Т. Мәдениеттану.– Алматы:
Қаржы-қаражат, 2003. – 408 б.
2. Қазақстан тарихы. Төрт томдық. І том. – Алматы: Атамұра, 1996. – 544 б.
3. Қазақтың тәлімдік ой-пікір антологиясы: І том. /Құраст. Қ.Б.Жарықбаев,
С.Қ.Қалиев. – Алматы: Рауан, 1994. – 320 б.
4. Махаева А.Ш. Көне түріктердің рухани мәдениеті: Көмекші оқу құралы. 2басылым. – Алматы: Қазақ университеті, 2002. – 68 б.
5. Сейдімбеков А.С. Қазақ әлемі. Этномәдени пайымдау. – Алматы: Санат, 1997. –
464 б.
6. Қазақ халқының ұлттық мәдениеті. – Алматы: РБК. 1997. – 403 б.
7. Майтанов Б. Этнос теориясы және «қазақ» ұғымы //Білім беру жүйесіндегі
Этнопедагогика. 2006. № 04 (10). – Б. 13-18.
8. Маданов Х. Қазақ мәдениетінің қалыптасу кезеңдері. – Алматы: Қаржықаражат, 1995. – 197 б.
9. Әбдәкімұлы Ә. Қазақстан тарихы (ерте дәуірден бүгінге дейін). Оқу құралы. –
Алматы: РБК. 1997, – 402 б.
10. Бахтиярова Г.Р. Дәстүрлі педагогикалық мәдениет тарихы. Электронды оқу
құралы. ҚР Әділет министрлігінде тіркелген. Куәлік №1182. 30.05.2017ж.
11. Бахтиярова Г.Р. Халық тағылымы – тәрбие қайнары. – Алматы: Ғылым, 2002. –
177 б.
English     Русский Правила