Похожие презентации:
64-65_№3_ЖМБҮ_10_2_2_3_жасушалардың_бақылауға_бағынбайтын_бөлінуі
1.
Б.Момышұлы атындағы №6 МГБиология
10Ә сынып
Тақырыбы:Онкологиялық жаңа түзілулердің пайда болуы.
Обыралды жағдайлардың туындауына әсер етуші факторлар
Пән мұғалімі: Ж. Кенжеева
Жетісай қаласы -2026ж
2.
І.Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу. ТүгендеуПсихологиялық ахуал қалыптастыру.
«Жүректен жүрекке» тренингі арқылы оқушылар бір біріне тілектер білдіреді. Сәлеметсіздер
ме, оқушылар! Көңіл-күйлерің қалай?
Сыныпта тәртіп сақтап, бір-бірімізге құрметпен қарайық. Бүгінгі сабақта денсаулық тақырыбын
қозғаймыз, сондықтан әрқайсыңның белсенді, жауапты қатысуларың маңызды.
Алдымен түгендеу жүргіземін. (оқушыларды түгендейді)
Енді психологиялық ахуал қалыптастыру үшін «Жүректен жүрекке» тренингін жасаймыз:
шеңберге тұрып, қасыңдағы досыңа қысқа тілек айт.
Құндылықтар
Бірлік және Ынтымақ: бір-біріне жылы сөз айту, қолдау көрсету.
Әділдік және Жауапкершілік: сабаққа дайындық, тәртіп, уақытты сақтау.
Заң және Тәртіп: сынып ережесін сақтау, қауіпсіз орта қалыптастыру.
Еңбекқорлық және Кәсіби біліктілік: сабаққа жинақталып, мақсатқа бағытталу
3.
Принтер әдісі арқылы үй тапсырмасы сұраладыМұғалім сөзі: Сәлем, достар! Қазір үй тапсырмасын «Принтер» әдісімен тексереміз.
Ереже: мен сұрақ қоямын, сендер жауапты қысқа, нақты айтып бересіңдер. Жауаптар бірінен кейін
бірі “принтерден шыққандай” тез әрі ретімен айтылады.
Бір-біріміздің сөзін бөлмейміз, кезекпен сөйлейміз, қажет болса досымыздың жауабын
толықтырамыз. Дайынбыз ба?
Құндылық (Жауапкершілік және Ынтымақтастық)
Жауапкершілік: үй тапсырмасын толық орындап келу, нақты дәлелмен жауап беру.
Ынтымақтастық: бір-бірін тыңдау, кезек күту, толықтыру кезінде құрметпен сөйлеу.
4.
1-СҰРАҚГамета деген не?
Жауап: Гамета —
ұрықтануға қатысатын
жыныс жасушасы: аталық
гамета
(сперматозоид/спермий)
және аналық гамета
(жұмыртқа жасушасы).
ЖАУАПТЫ
БАСПАҒА ШЫҒАР
Келесі сұрақ
5.
2-СҰРАҚГаметогенез деген не?
Жауап: Гаметогенез —
жыныс жасушаларының
(гаметалардың) түзілуі
және жетілу үдерісі.
ЖАУАПТЫ
БАСПАҒА ШЫҒАР
Келесі сұрақ
6.
3-СҰРАҚЖануарларда аталық гамета
қалай түзіледі? (сперматогенез)
Жауап: Аталық безде
жүреді: сперматогоний →
мейоз → сперматид →
жетіліп сперматозоидқа
айналады.
ЖАУАПТЫ
БАСПАҒА ШЫҒАР
Келесі сұрақ
7.
4-СҰРАҚЖануарларда аналық гамета
қалай түзіледі? (оогенез)
Жауап: Аналық безде
жүреді: оогоний → ооцит
(I/II) → мейоз нәтижесінде
1 ірі жұмыртқа жасушасы
және полярлы денешіктер
түзіледі.
ЖАУАПТЫ
БАСПАҒА ШЫҒАР
Келесі сұрақ
8.
5-СҰРАҚГаметогенездің негізгі кезеңдері
қандай?
Жауап: 1) көбею (митоз),
2) өсу, 3) жетілу (мейоз), 4)
қалыптасу
дифференциация (әсіресе
сперматогенезде айқын).
ЖАУАПТЫ
БАСПАҒА ШЫҒАР
Келесі сұрақ
9.
6-СҰРАҚЖауап: Сперматогенезде
мейоз тең бөлінеді → 4
сперматозоид. Оогенезде
цитоплазма тең
бөлінбейді → 1 жұмыртқа
жасушасы + 3 полярлы
денешік.
ЖАУАПТЫ
БАСПАҒА ШЫҒАР
Неге сперматогенезде көп
гамета, ал оогенезде аз гамета
түзіледі?
Келесі сұрақ
10.
7-СҰРАҚЖауап: Гүлді өсімдіктерде:
аталық гаметалар тозаңда
(тозаңқапта түзілген тозаң
түйірінде), аналық гамета
тұқымбүршіктегі
ұрыққапта (жатын ішінде)
түзіледі.
ЖАУАПТЫ
БАСПАҒА ШЫҒАР
Өсімдіктерде гаметалар қайда
түзіледі?
Келесі сұрақ
11.
8-СҰРАҚӨсімдіктердегі гаметогенездің
ерекшелігі неде?
Жауап: Өсімдіктерде
алдымен спора мейоз
арқылы түзіледі
(спорогенез), содан кейін
спорадан гаметофит
дамып, сол гаметофитте
гаметалар түзіледі.
ЖАУАПТЫ
БАСПАҒА ШЫҒАР
Келесі сұрақ
12.
9-СҰРАҚЖауап: Тозаңқапта
микроспора → тозаң түйірі
(еркек гаметофит) →
генеративті жасуша
бөлініп 2 спермий түзеді.
ЖАУАПТЫ
БАСПАҒА ШЫҒАР
Гүлді өсімдіктерде аталық
гаметаның түзілуі қалай жүреді
(қысқаша)?
Келесі сұрақ
13.
10-СҰРАҚЖауап: Тұқымбүршікте
мегаспора → ұрыққап
(аналық гаметофит) →
оның ішінде жұмыртқа
жасушасы қалыптасады.
ЖАУАПТЫ
БАСПАҒА ШЫҒАР
Гүлді өсімдіктерде аналық
гаметаның түзілуі қалай жүреді
(қысқаша)?
Келесі сұрақ
14.
«Сабақ жұмбағы» – суретпен тақырып ашуКөрсетілім: Суретті 10–15 секунд көрсетіп,
атауын айтпайсыз.
Мұғалім сөзі Сәлем, оқушылар! Бүгін мен сендерге 3 белгі
көрсетемін.
Бұлар бір-біріне ұқсамайды, бірақ ортақ бір құпиясы бар.
Сұрақ: Бұл суреттерді біріктіретін ортақ тақырып қандай?
Неліктен?Өз ойларыңызды айтарсыздар!
15.
Жұмбақ сұрақтар (тақтаға)1.1-сурет (тері): Бұл нені еске салады?
Қай жағдайда қауіпті болуы мүмкін?
2.2-сурет (өкпе): Мұнда қандай өзгеріс
болуы ықтимал? Қандай фактор әсер
етуі мүмкін?
3.3-сурет (көз/балалық): Неге бұл сурет
“ерте анықтау” ұғымын еске салады?
16.
«Құпия жауап»Бұл суреттердің ортақ тақырыбы:
онкологиялық жаңа түзілімдер (обыр)
және қауіп факторлары + ерте анықтау.
Тері: UV/күнге күйю тәуекелді
арттыруы мүмкін
Өкпе: темекі түтіні тәуекелді
арттырады
Көз/балалық: кейбір жағдайларда
тұқымқуалаушылық/мутация және
ерте байқап, уақытында қаралу
маңызды
https://youtube.com/shorts/XYxoRKRkq
qQ?feature=share
17.
Сабақтың тақырыбы:Онкологиялық жаңа түзілулердің пайда болуы. Обыралды жағдайлардың
туындауына әсер етуші факторлар
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту
мақсаты:
10.2.2.3 - жасушалардың бақылауға бағынбайтын бөлінуі нәтижесінде обырдың
түзілуін түсіндіру
Сабақтың мақсаты: (Негіздеме:
Жасушалық циклдің бақылауы бұзылғанда жасушалар бақылаусыз бөлініп, ісік (обыр)
түзілу механизмін түсіндіру.
Обырдың пайда болуына әсер ететін қауіп факторларын жіктеу және инфекциялық
факторларға мысал келтіру (мысалы, HPV, В/С гепатиті вирусы, т.б.).
Онкологиялық аурулардың алдын алу жолдарын сипаттау (темекіден бас тарту, UV
қорғаныс, вакцина, дұрыс тамақтану/қозғалыс, скрининг).
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың
Ұлттық құрылтайдың ІІ,ІІІ, ІV
отырыстарында берген тапсырмасы, ҚР Құндылықтар
Оқу-ағарту министрлігінің №123
Әділдік және Жауапкершілік
бұйрығы)
– Өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау; зиянды әдеттерден (темекі, алкоголь) бас
тарту, тексерілуге (скрининг) саналы қатысу.
Заң және Тәртіп
– Денсаулық сақтау ережелері мен қауіпсіздік нормаларын сақтау: вакцинация, еңбек
қауіпсіздігі, күннен қорғану (UV), зиянды химиялық әсерден сақтану.
Еңбекқорлық және Кәсіби біліктілік
– Ғылыми дерекпен жұмыс істеу: қауіп факторларын жіктеу, дәлелге сүйеніп қорытынды
жасау, профилактика жоспарын құра білу.
Бірлік және Ынтымақ
– Қоғамдық жауапкершілік: жақындарын қолдау, ақпаратты дұрыс тарату,
вакцина/скрининг туралы дұрыс түсіндіру, бір-бірінің денсаулығына жанашыр болу.
18.
Онкологиялық жаңатүзілулердің пайда болуы
Канцерогенез – қатерлі ісік ауруының пайда
болу процесі. ХХ ғасырдағы адамзат үшін ең
қауіпті аурулардың бірі болып саналатын обыр
организмде жасушалардың бақылауға
бағынбайтын бөлінуі нәтижесінде пайда
болады.
Қатерлі ісік ауруының жасушаларының кәдімгі дене
жасушаларынан екі ерекшеліктері болады.
1. Кәдімгі дене жасушалары санаулы рет қана бөлініп,содан
кейін бөлінуін тоқтатып өліп қалатын болса, қатерлі ісік
жасушалары шексіз бөлініп өсуге қабілетті. Сондықтан олар
организмге механикалық зиян келтіріп , өсіп көбейе береді,
ақырында өлімге әкеледі.
2. Обыр жасушалары жайылып метастаз береді, яғни оның
кейбір жасушалары лимфа мен қантамырлар арқылы басқа
мүшелерге ,ұлпаларға таралып, сол жерде жаңа ісіктер
пайда болады.
19.
Канцерогенез: қатерлі ісіктің даму механизміКөптеген мутагендік факторлар канцерогендік әсер етеді.
Қатерлі ісік жасушалары кәдімгі дене жасушаларынан
түбегейлі ерекшеленеді және организмге айтарлықтай
қауіп төндіреді.
Организмдегі бөлінуге қабілетті кез келген жасуша ісікке
айналуы мүмкін. Қатерлі ісік гендер қызметінің реттелу
механизмінің бұзылуы салдарынан пайда болады.
Шексіз бөліну
Қалыпты жасушалар белгілі бір мөлшерде ғана бөлініп,
кейін өледі. Ал қатерлі ісік жасушалары шексіз бөлініп,
өсуге қабілетті, организмге механикалық зиян келтіріп,
ақырында өлімге әкелуі мүмкін.
Метастаз беру
Қатерлі ісік жасушалары лимфа немесе қан тамырлары
арқылы басқа мүшелер мен ұлпаларға таралып, сол
жерлерде жаңа ісіктер түзеді. Бұл процесс емдеуді
қиындатады.
20.
Сомалық мутациялар: обырдыңнегізгі себебі
Қатерлі ісіктердің көпшілігі сомалық мутациялардан басталады. Бұл
мутациялар адамның дене жасушаларында әртүрлі мутагендік
факторлардың әсерінен пайда болады.
• Иондаушы радиация: Рентген сәулелері, радиоактивті заттар
ДНҚ құрылымын бұзады
• Ультракүлгін сәулелер: Күн сәулелерінің шамадан тыс әсері тері
жасушаларын зақымдайды
Химиялық заттар: Канцерогенді химикаттар жасушалық мутацияларға әкеледі
Егер мутацияланған жасуша өліп қалса, мутация да жойылады. Ал
егер жасуша бөлініп, көбейе берсе, мутация сол жасушаның барлық
ұрпақтарында сақталады. Осылайша организмде жасушалық
мозаицизм қалыптасады.
Сомалық мутациялар нәтижесінде мутантты жасушаларда
хромосомалардың тұрақтылығы бұзылады, бұл делеция,
транслокация, дупликация сияқты әртүрлі мутацияларға әкеледі.
Нәтижесінде жасушалар жедел өсіп, ісік пайда болады.
21.
Тұқым қуалайтын қатерліісіктер
Қатерлі ісіктің тұқым қуалауы әлі толық шешілмеген мәселе болып
табылады. Қазіргі кезде қатерлі ісіктің кемінде 3-4 түрі тұқым қуалайтыны
дәлелденген.
Ретинобластома: Балалардың көз тор қабығының қатерлі ісігі.
Аутосомды-доминантты жолмен беріледі. 13-хромосоманың ұзын иінінде
орналасқан ген мутациясымен байланысты.
Фанкони анемиясы: Қаңқа сүйектерінің, әсіресе саусақ сүйектерінің
дамуы бұзылады. Сүйек кемігінде қан жасушалары толық жетілмейді,
эритроциттер аз түзіледі.
Пигменттік ксеродерма: Тері жасушаларының ДНҚ-сын жөндеу
механизмі бұзылған тұқым қуалайтын ауру. Күн сәулелеріне өте
сезімтал.
Нейрофиброматоз: Жүйке жүйесінде көптеген ісіктердің пайда болуына
әкелетін генетикалық бұзылыс.
22.
Канцерогенездің вирустық болжамыВирустардың қатерлі ісік туғыза алатыны ХХ ғасырдың
ортасында дәлелденді. 1950 жылы американдық ғалым Р.
Дельбрюк кемірушілерді вирустармен зақымдап, оларда ісік
дамитынын анықтады.
• 1950 жыл: Р. Дельбрюк вирустардың обыр туғызатынын дәлелдеді
• 1970 жыл: Г. Темин мен Д. Балтимор кері транскриптаза ферментін ашты
• Қазіргі заман: Ретровирустар мен онкогендердің рөлі толық зерттелуде
Онкогендер (v-onc): Вирустардың РНҚ құрамында болады және
жасушаны тез бөлінуге итермелейді, обыр жасушасына айналдырады.
Протоонкогендер (c-onc): Адамның қалыпты жасушаларында
кездеседі және қалыпты жағдайда жасушаның дамуын реттейді.
Маңызды: Көптеген қатерлі ісік пен лейкоз аурулары РНҚ-лы вирустардың әсерінен дамиды. Ретровирустар деп
аталатын бұл вирустар РНҚ негізінде ДНҚ синтезделуін қамтамасыз етеді.
23.
Қорытынды: алдын алу – еңтиімді жол
Қатерлі ісік – өте қауіпті ауру
Тез өсіп, организмге жайылып, қантамырлар арқылы басқа
мүшелерге таралады. Метастаздар емдеуді айтарлықтай
қиындатады.
Ерте диагностиканың маңыздылығы
Көп жағдайда науқастар дәрігерге кеш жүгінеді, сондықтан
асқынған обырды емдеу қиын. Үнемі тексерілу өмірді сақтайды.
Профилактика – басты қару
Қатерлі ісікті емдегеннен гөрі, алдын алу әлдеқайда тиімді.
Салауатты өмір салты, зиянды факторлардан аулақ болу керек.
Маңызды ескерту: Канцерогенез туралы білім медициналық
мамандарға обырды ерте анықтауға және тиімді емдеу
стратегияларын әзірлеуге көмектеседі. Зерттеулер жалғасуда.
24.
DEAL әдісі бойынша 3 топқа арналған дайын тапсырмалар(мақсат: жасушалық цикл бақылауы бұзылса → бақылаусыз бөліну → ісік/обыр механизмі).
Әр топта D–E–A–L қадамдары бар.
1-топ: «Checkpoint істемей қалды»
D (Define): Жасушалық циклдің бақылау нүктесі (checkpoint) деген
не? 1–2 сөйлем.
E (Explain): Checkpoint не үшін керек? Егер “тоқта” сигналы жұмыс
істемесе не болады?
A (Apply): Жағдаят: ДНҚ-да қате бар, бірақ жасуша бәрібір бөлінуді
тоқтатпады.
→ Неліктен тоқтамады? Қандай нәтиже береді? (қысқа себепсалдар)
L (Link): Мұның ісікке әкелетінін 1 сөйлеммен байланыстырыңдар.
Алдын алудың 1 жолын атаңдар.
2-топ: «Сыртқы факторлар – ішкі бұзылыс»
D (Define): Обырдың қауіп факторлары деген не? 3 мысал жазыңдар
(темекі, UV, вирус, т.б.).
E (Explain): Бұл факторлар жасушада нені бұзуы мүмкін? (ДНҚ
зақым/мутация, бақылаудың бұзылуы)
A (Apply): Жағдаят:
•Адам ұзақ уақыт темекі шегеді немесе жиі күнге күйеді.
→ Қай жерде (қай мүше/ұлпа) қауіп артады? Неге?
L (Link): Фактор → ДНҚ зақым → бақылаусыз бөліну → ісік
тізбегін “жебелі схема” түрінде көрсетіңдер.
3-топ: «Ерте анықтау – өмірге мүмкіндік»
D (Define): “Ерте анықтау (скрининг)” деген не? 1 сөйлем.
E (Explain): Неге ісікті ерте кезеңде табу маңызды? 2 себеп.
A (Apply): Жағдаят: Дәрігер күмәнді түйін/дақты байқап, тексеруге жіберді.
→ Қандай әрекет дұрыс? (кемі 3 қадам: дәрігерге бару, тексерілу, әдетті өзгерту т.б.)
L (Link): Алдын алу жолдарын “3 қадам” ретінде ұсыныңдар: әдет–қорғаныс–тексеру.
Топ жұмысының форматы (қысқа)
•5 минут талқылау
•1 минут қорғау (спикер)
•30 секунд сұрақ-жауап
25.
ҚұндылықӘділдік және Жауапкершілік – денсаулыққа жауапкершілікпен қарау, қауіп факторларын дұрыс
бағалап, алдын алу әрекеттерін таңдау.
Бірлік және Ынтымақ – топта тыңдау, қолдау, ортақ қорытындыға келу, бірін-бірі толықтыру.
Заң және Тәртіп – қауіпсіздік ережелерін сақтау (UV қорғаныс, зиянды әдеттен бас тарту), жүйелі
ойлау және дәлелмен сөйлеу.
3 баллдық дескриптор (топтық бағалау)
3 балл
DEAL (D–E–A–L) қадамдарының барлығын орындайды;
Бақылаусыз бөліну → ісік түзілу механизмін себеп–салдармен дұрыс түсіндіреді;
Кемі 1 қауіп факторын және 1 алдын алу жолын нақты атайды, топ жұмысы үйлесімді.
2 балл
DEAL қадамдарының көбі бар, бірақ бір бөлігі толық емес (мысалы, Apply немесе Link әлсіз);
Механизм жалпы дұрыс, бірақ дәлел/мысал жеткіліксіз.
1 балл
DEAL құрылымы сақталмаған немесе жауап өте қысқа;
Механизмде қате бар, қауіп факторы/алдын алу нақты көрсетілмеген;
Топтық қатысу әлсіз.
26.
LearningApps: Matching pairs (Жұптарды сәйкестендір)https://learningapps.org/watch?v=ptrgyuu4n26
Атауы: «Обырға әсер етуші факторлар – мысал/әсер»
Нұсқау: Сол жақтағы қауіп факторын оң жақтағы мысал/әсерімен сәйкестендір.
Құндылықтар (3)
1. Әділдік және Жауапкершілік – денсаулыққа қатысты ақпаратты дұрыс қабылдау, қауіп факторларын
бағалап, алдын алу туралы жауапты шешім жасау.
2. Бірлік және Ынтымақ – жұпта келісіп жұмыс істеу, бірін-бірі тыңдау, қолдау көрсету.
3. Заң және Тәртіп – ережені сақтап орындау, уақытты тиімді пайдалану, қауіпсіздік мәдениетін ұстану
(UV қорғаныс, темекіден бас тарту т.б.).
27.
PISA тапсырмаЖағдаят: Жазда сыныптастарыңызбен өзен жағасына/лагерьге бардыңыздар. Күн қатты ыстық. Екі досыңыздың әдеті
мынадай:
Бірі күнге ұзақ жатады, күннен қорғайтын крем жақпайды, кейде терісі қызарып күйіп қалады.
Екіншісі “вейп зиян емес” деп ойлап, вейп/темекіге қызығады.
Ал үйде кейбір үлкендер “скринингке бару міндетті емес” дейді.
Тапсырма: Екі досыңызға және өзіңізге арналған 3 нақты алдын алу әрекетін ұсыныңыз:
1. UV қорғанысқа қатысты 1 әрекет;
2. темекі/вейпке қатысты 1 әрекет;
3. вакцина / дұрыс тамақтану-қозғалыс / скринингтің біреуіне қатысты 1 әрекет.
Әр әрекетке 1 сөйлеммен дәлел жазыңыз: “Неге бұл маңызды?”
Жауап үлгісі (толтырыңыз):
1. UV бойынша: ____________________ Себебі: ____________________
2. Темекі/вейп бойынша: _____________ Себебі: ____________________
3. Қосымша алдын алу: ______________ Себебі: ____________________
Құндылықтар
1. Әділдік және Жауапкершілік – өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау, зиянды әдеттен бас тарту, профилактиканы саналы таңдау.
2. Заң және Тәртіп – қауіпсіздік ережелерін сақтау (UV қорғаныс, қоғамдық денсаулық шаралары: вакцина/скрининг).
3. Бірлік және Ынтымақ – досына дұрыс кеңес беру, қолдау көрсету, денсаулық мәдениетін бірге қалыптастыру.
Бағалау (3 балл)
3 балл: 3 нақты әрекет бар, 3 шарттың бәрі орындалған, әрқайсысына дәлел жазылған.
2 балл: 3 әрекет бар, бірақ 1 шарт толық емес немесе дәлелдері әлсіз/жалпы.
1 балл: 1–2 әрекет қана, дәлел жоқ немесе өте жалпы.
28.
Рефлексия: «Онкологқа хат»Оқушылар! Қазір рефлексия жасаймыз: «Онкологқа хат».
Алдарыңдағы қысқа шаблонды пайдаланып, 4–5 сөйлем жазыңдар.
Міндетті түрде: бүгін не түсінгеніңді, ең қауіпті факторларды, өзің қолданатын алдын алу әрекетін және бір сұрағыңды
көрсет.
Жауаптарың шынайы, нақты болсын. Уақыт — 2 минут. Дайын болсақ, бастаймыз.
Мақсат — бүгінгі сабақтан алған түсінігіңізді және алдын алу бойынша ойыңызды жеткізу.
Құрметті онколог! Бүгін мен __________ түсіндім. Ең қауіпті факторлар: __________. Мен алдын алу үшін
__________ жасаймын. Сұрағым: __________. Құрметпен, __________.
Құндылықтар
Әділдік және Жауапкершілік – өз денсаулығына жауапкершілікпен қарап, алдын алу әрекетін саналы таңдау.
Заң және Тәртіп – қауіпсіздік ережелерін сақтау (UV қорғаныс, темекіден бас тарту, вакцина/скрининг).
Бірлік және Ынтымақ – дәрігер еңбегін құрметтеу, қоғамда денсаулық мәдениетін қолдау, жақындарын да
сақтандыруға ықпал ету.
Психология