Семинар тақырыбы: "Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру жолдары"
Мақсаты: Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған әдіс-тәсілдермен таныстыру, білімдерін тәжірибеде
2. Теориялық бөлім Функционалдық сауаттылық түрлері: Оқу сауаттылығы Жазу сауаттылығы Математикалық сауаттылық Жаратылыстану
3. Практикалық бөлім (60 минут) 1-тапсырма: "Логикалық есептер" Қатысушыларға логикалық есептер беріледі (математикалық
2-тапсырма: "Ойындар мен тапсырмалар" Қатысушыларға белгілі бір ақша теңге беріледі, олар оны қалай тиімді жұмсайтынын
4. Қорытынды бөлім Семинарда қарастырылған мәселелерді қорытындылау. «Кері байланыс» әдісі: Қатысушылардың пікірлерін тыңдау.
552.70K
Категория: ОбразованиеОбразование

Семинар

1. Семинар тақырыбы: "Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру жолдары"

Семинар тақырыбы:
"Оқушылардың
функционалдық
сауаттылығын арттыру
жолдары"

2. Мақсаты: Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған әдіс-тәсілдермен таныстыру, білімдерін тәжірибеде

қолдануға үйрету.

3.

Күтілетін нәтиже:
Функционалдық сауаттылық туралы түсінік
қалыптасады;
Оқу, жазу, математикалық, қаржылық,
жаратылыстану және цифрлық сауаттылықты
арттыру әдістерін меңгереді;
Әдістемелік ойындар мен тапсырмалар арқылы
тәжірибе алмасады.

4.

Семинар құрылымы:
1.Кіріспе бөлім
Таныстыру. Қатысушылармен амандасу, семинар мақсатын
түсіндіру.
«Миға шабуыл» (Сұрақтар қою):
Функционалдық сауаттылық дегеніміз не?
Ол не үшін қажет?
Қандай салада қолдануға болады?
Қатысушылардың жауаптарын талдау.

5.

1. Функционалдық сауаттылық дегеніміз не?
Функционалдық сауаттылық – адамның
білімін өмірлік жағдайларда қолдана білу
қабілеті. Яғни, бұл тек оқи білу немесе есеп
шығару ғана емес, сонымен қатар алған
білімді күнделікті өмірде, кәсіби қызметте
және қоғамда тиімді пайдалану дағдысы.

6.

Функционалдық сауаттылықтың негізгі компоненттері:
Оқылым сауаттылығы – мәтінді түсіну, ақпаратты
саралау, қорытынды шығару.
Математикалық сауаттылық – сандарды, диаграммаларды,
түсіну және қолдану.
Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық – табиғи
құбылыстарды түсіну және оларды күнделікті өмірде
пайдалану.

7.

2. Функционалдық сауаттылық не үшін
қажет?
Қоғамға бейімделу: Қазіргі заманғы
ақпараттық қоғамда жылдам өзгерістерге
бейімделу үшін қажет.
Кәсіби жетістік: Әртүрлі мәселелерді шешуге
көмектеседі. • Сын тұрғысынан ойлау:
Ақпаратты талдау, дұрыс шешім қабылдау.

8.

3. Оны қандай салада қолдануға болады?
Функционалдық сауаттылық өмірдің барлық саласында
қажет, әсіресе: • Білім беру (оқушылардың өз бетімен
білім алу қабілетін дамыту);
Денсаулық сақтау (медициналық ақпаратты түсіну,
дұрыс тамақтану, алғашқы көмек көрсету);
Функционалдық сауаттылық – адамның қоғамда
табысты болуына, саналы азамат ретінде дамуына
көмектесетін маңызды дағды.

9. 2. Теориялық бөлім Функционалдық сауаттылық түрлері: Оқу сауаттылығы Жазу сауаттылығы Математикалық сауаттылық Жаратылыстану

сауаттылығы
Әрбір сауаттылық түріне қысқаша сипаттама беру рөлі
мен маңыздылығын талқылау.

10.

1. Оқу сауаттылығы
сипаттамасы:
Оқу сауаттылығы – адамның жазбаша мәтінді түсіну, сараптау
және өз көзқарасын білдіру қабілеті. Бұл тек сөздерді оқу ғана емес,
олардың мағынасын ұғып, ақпаратты дұрыс пайдалану
мүмкіндігі.
Білім берудегі маңызы мен рөлі:
Оқушылардың ақпаратты дұрыс қабылдауына және оны
талдауына көмектеседі.
Басқа пәндер бойынша материалдарды меңгеруді жеңілдетеді.
Шығармашылық ойлауды дамытады.

11.

Жазу сауаттылығы сипаттамасы:
Жазу сауаттылығы – ойды анық, грамматикалық
және логикалық тұрғыдан дұрыс жеткізе білу
қабілеті. Бұл дағды адамға өз ойын жазбаша түрде
құрылымдап жеткізуге мүмкіндік береді.
2.
Білім берудегі маңызы мен рөлі:
Оқушылардың жазбаша жұмыстарды дұрыс
орындауын қамтамасыз етеді.
Шығарма жұмыстарын жазуда көмектеседі.
Ойын жүйелеп, тұжырым жасауға үйретеді.

12.

3.Математикалық сауаттылық сипаттамасы:
Математикалық сауаттылық – сандарды, логикалық
байланыстарды түсіну және оларды күнделікті өмірде
қолдана білу қабілеті.
Білім берудегі маңызы мен рөлі:
Логикалық және сын тұрғысынан ойлауды дамытады.
Күнделікті өмірде (ақша санап үйрену, сауда жасауға
қажет).
Математика сияқты пәндерді меңгеруге негіз болады.

13.

4.
Жаратылыстану сауаттылығы сипаттамасы:
Жаратылыстану сауаттылығы – қоршаған ортаны түсіну,
табиғи құбылыстарды зерттеу.
Білім берудегі маңызы мен рөлі:
Экологиялық мәселелерді түсінуге және шешуге көмектеседі.
Қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды үйретеді.
Оқу, жазу, математикалық және жаратылыстану
сауаттылықтары – функционалдық сауаттылықтың негізгі
элементтері. Оларды дамыту білім алушылардың өмірге
бейімделуін жеңілдетіп, олардың өз білімін түрлі салаларда
қолдану қабілетін арттырады.

14.

Функционалдық сауаттылық –оқушының алған білімін
күнделікті өмірде тиімді қолдана білу қабілеті.
Бүгінгі оқушы –ойлай алатын,талдай білетін,өз ойын еркін
жеткізетін жеке тұлға.
Функционалдық сауаттылықты арттыру арқылы:* сыни
ойлау дамиды* өмірлік жағдаяттарды шешу дағдысы
қалыптасады* оқушының өзіне деген сенімі артады.
Бұл жолда мұғалімнің рөлі зор:
бағыт беруші,ынталандырушы,шәкірттің қабілетін
ашушы.
Функционалдық сауатты ұрпақ –ел болашағының берік
негізі.

15. 3. Практикалық бөлім (60 минут) 1-тапсырма: "Логикалық есептер" Қатысушыларға логикалық есептер беріледі (математикалық

3. Практикалық бөлім (60 минут)
1-тапсырма: "Логикалық есептер"
Қатысушыларға логикалық есептер беріледі
(математикалық сауаттылықты дамыту үшін).
Мысал: «Екі әкесі мен екі баласы 3 алманы тең
бөліп жеді. Бұл қалай мүмкін?»

16. 2-тапсырма: "Ойындар мен тапсырмалар" Қатысушыларға белгілі бір ақша теңге беріледі, олар оны қалай тиімді жұмсайтынын

2-тапсырма: "Ойындар мен тапсырмалар"
Қатысушыларға белгілі бір ақша теңге беріледі,
олар оны қалай тиімді жұмсайтынын
жоспарлайды.
Арнайы сценарийлер: «Жалақы алдыңыз, қалай
жұмсайсыз?», «Сатып алу кезіндегі есеп».

17.

18. 4. Қорытынды бөлім Семинарда қарастырылған мәселелерді қорытындылау. «Кері байланыс» әдісі: Қатысушылардың пікірлерін тыңдау.

English     Русский Правила