Похожие презентации:
Қ.Айзере - Томирис
1. Сақ тайпасының атақты билеушісі (б.з.д. VI ғасыр) Құрастырған: Қайсариева Айзере 5 “А” сыныбы
Томирис патшайымСАҚ ТАЙПАСЫНЫҢ АТАҚТЫ БИЛЕУШІСІ
(Б.З.Д. VI ҒАСЫР)
ҚҰРАСТЫРҒАН: ҚАЙСАРИЕВА АЙЗЕРЕ 5 “А” СЫНЫБЫ
2. Томирис кім?
ТОМИРИС КІМ?Томирис – сақ-
массагет тайпасының
патшайымы
Б.з.д. VI ғасырда өмір
сүрген
Әйел болса да ел
басқарған, қол
бастаған батыр тұлға
Тарихта ержүрек, әділ
басшы ретінде
танылған
3. Томирис патшайымы туралы жалпы мәлімет
ТОМИРИС ПАТШАЙЫМЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТомирис – б.з.д. VI ғасырда өмір сүрген. Сақ-
массагет тайпасының атақты патшайымы. Ол
ежелгі дүниедегі ең белгілі әйелбилеушілердің бірі саналады. Томирис тек ел
басқарушы ғана емес, әскери қолбасшы, батыр
әрі ақылды саясаткер болған. Оның есімі әлем
тарихында әйел адамның ер-азаматтармен тең
дәрежеде мемлекет басқарғанын дәлелдейтін
тұлға ретінде сақталған.
4. Томиристің билікке келуі
ТОМИРИСТІҢ БИЛІККЕ КЕЛУІТомирис билікке күйеуі қайтыс болғаннан кейін
келген. Сол заманда әйел адамның ел басқаруы
сирек құбылыс болса да, ол халықтың қолдауына
ие болды.
Томирис:
* ел ішіндегі тәртіпті сақтады
* тайпаларды біріктірді
* сыртқы қауіпке қарсы дайындық жасады
Бұл оның ақылды әрі беделді басшы болғанын
көрсетеді
5. Томирис пен Кир арасындағы қақтығыс
ТОМИРИС ПЕН КИР АРАСЫНДАҒЫ ҚАҚТЫҒЫСКир Томириске үйленуді ұсынып, елді бейбіт жолмен
бағындырмақ болды. Томирис бұл ұсынысты
қабылдамады. Кейін Кир айламен:
Томиристің ұлы Спаргаписсті тұтқындады
ұлы тұтқында өзін-өзі өлтірді
Бұл оқиға Томиристің ашу-ызасын туғызып, шешуші
соғысқа әкелді
6. Шешуші шайқас
ШЕШУШІ ШАЙҚАСТомирис бастаған сақ әскері парсылармен
шайқасты.
Бұл шайқас өте қанды әрі ауыр болды.
Нәтижесінде:
парсы әскері талқандалды
Кир патша қаза тапты
Аңыз бойынша, Томирис Кирдің басын қан толы
торсыққа салып: “Қанды аңсадың – енді тойып
іш!” деген сөзі тарихта қалған.
7. Парсы мемлекеті және Кир патша
ПАРСЫ МЕМЛЕКЕТІ ЖӘНЕ КИР ПАТШАКир – парсы мемлекетінің негізін қалаушы. Ол:
Мидияны
Лидияны
Вавилонды жаулап алған атақты жаулаушы.
Кирдің басты мақсаты – сақ жерін бағындыру.
Ол Томириске алдымен бейбіт келісім, кейін айлашарғы қолданған.
8. Тарихи деректер
ТАРИХИ ДЕРЕКТЕРТомирис туралы ең
негізгі деректі грек
тарихшысы Геродот
жазған. “Тарих” атты
еңбегінде Томирис
пен Кир соғысы
баяндалады. Бұл –
Томирис туралы ең
негізгі жазба дерек.
9. Тұмар (Томирис) туралы аңыз.
ТҰМАР (ТОМИРИС) ТУРАЛЫ АҢЫЗ.Тұмар патшайым деген кім?
Сақ патшайымы Тұмар (Томирис) ханшайым әлемдегі ең атақты
әйел патшалардың бірі. Ержүрек батыр, әділ ел билеуші ретінде
әлем тарихында қалған. Тұмар ханшаның есімі өз заманында “төрт
құбыланың тұтас билеушісі” атанған парсы патшасы Кирдің Орта
Азияға жасаған басқыншылық жорығымен тікелей байланысты.
Тарихи деректерде қанқұмар Кирдің соғыс ашу мақсатында жесір
қалған Томирис патшайымға өзіне әйел болу туралы ұсынысты
елшілер арқылы әдейі жібергендігі баяндалады. Кирдің өзіне емес,
елі мен жеріне “құда түскелі отырғанын” жақсы түсінген патшайым
оның ұсынысын қабылдамайды. Осылайша, қулығын іске асыра
алмаған Кир массагеттерге ашық соғыс жариялайды. Алғашқыда
айла-шарғымен массагет әскерлерін уландырып, қолға түсірген Кир
жеңіске жеткендей болады. Бірақ, негізгі әскери күшінен, оған қоса
ұлы Спаргапестен айырылғанына қарамастан Томирис дереу
басқыншыларға қарсы қол жинап, шабуылға шығады. Нәтижесінде
массагеттер жеңіске жетіп, Кирдің өзі қаза тауып, әскерінің
көпшілігі қырылады.
10. Тұмар (Томирис) туралы аңыз.
ТҰМАР (ТОМИРИС) ТУРАЛЫ АҢЫЗ.Томирис торсықты қанға
толтырып, оған Кирдің
басын салуға бұйрық
береді: “Сен қанға
құмартып едің, енді шөлің
қансын!” дейді. Томирис
патша өз елінде бұдан
кейін де талай жылдар
билік етіп, қара қылды қақ
жарған әділдігімен,
данышпандылығымен,
көрегенділігімен халқын
талай таң қалдырды. Олар
Тұмар ханшайым туралы
жыр толғап, оның атын
жырға айналдырған.
11. Томирис бейнесі бүгінгі күні
ТОМИРИС БЕЙНЕСІ БҮГІНГІ КҮНІТомирис бейнесі:
әдеби шығармаларда
тарихи романдарда
поэмаларда
кино өнерінде кеңінен көрініс тапқан.
2019 жылы “Томирис” атты тарихи көркем
фильм түсірілді. Бұл фильм арқылы Томирис
тұлғасы әлемге кеңінен танылды.
Томирис – қазақ халқының рухани мұрасы
Биографии