Похожие презентации:
Диализ және бүйректрансплантациясы
1.
2.
3. 1 тапсырма. Суреттер мен көмекші сұрақтарды пайдалана отырып, суды реттеудегі антидиуретикалық гормонның синтезделудегі ролін
түсіндіруСұлба
сұрақ / жауап
Антидиуретикалық гормоны қайда синтезделеді?
Жауабы:
Антидиуретикалық гормоны қайда сақталады?
Жауабы:
Суды реттеудегі антидиуретикалық гормонның синтезделудегі ролінің
нефрондағы процеске әсері
Жауабы:
4. Адам денесіндегі қан мен басқа сұйықтықтарды жасанды тазарту. Созылмалы бүйрек жетіспеушілігі. Диализ және бүйрек
трансплантациясы.5.
6.
Созылмалы бүйрек жетіспеушілігі:• Негізгі мәселе: Бүйрек нефрондарының
зақымдануы немесе өлуі нәтижесінде фильтрация
қызметінің төмендеуі.
• Зиянды әсері: Организмде несепнәр, креатинин,
калий иондары және басқа метаболиттер
жиналады. Бұл гомеостаздың бұзылуына,
ұлпалардың улануына, қышқыл-сілтілік тепетеңдіктің өзгеруіне әкеледі.
7.
8.
Созылмалы бүйрек жетіспеушілігі• Анықтама: Бүйректің ұзақ уақыт бойы қызметін толық
атқара алмауы
• Себептері: Гломерулонефрит, диабеттік нефропатия,
гипертония
• Симптомдары: Сусыздану, зәрдің азаюы, уыттану, қан
қысымы көтерілуі
• Салдары: Организмде токсиндердің жиналуы, өмірге
қауіп
9.
10.
• 1. Адам денесіндегі қан мен басқа сұйықтықтардыжасанды тазарту
• Мақсаты: Бүйректің жұмысын уақытша немесе толық
алмастыру
• Процестер:
• Қаннан токсиндерді, артық тұз бен суды алу
• Қанды сүзу арнайы құрылғылар арқылы жүзеге асады
• Құралдары: Диализ машинасы, гемодиализ аппараты
• Диализге гемодиализ және перитонеальды диализ жатады.
11. Диализ
• – Бүйрек жұмысын уақытша алмастыратын жасанды тазарту әдісі.– Қанда жиналған уыттар, тұздар, артық су мембраналар арқылы
шығарылады.
• Қажет болатын жағдайлар
– Бүйрек жетіспеушілігі (жедел/созылмалы).
– Улану, интоксикация.
– Метаболизм бұзылыстары.
• Артықшылықтары
– Бүйрек қызметін жасанды түрде, бірақ тиімді алмастырады.
– Өмірді ұзартатын негізгі әдіс.
• Кемшіліктері
– Ем үнемі қайталанып отыруы керек.
– Уақытты көп алады.
– Бүйректің толық қызметін алмастырмайды.
12.
Диализ:• Диализ арнайы аппарат (гемодиализ) арқылы қанның
жасанды фильтрациясын жүзеге асырады.
Механизм:
• Жартылай өткізгіш мембрана арқылы қан мен диализ
ерітіндісі арасында диффузия жүреді.
• Токсиндер, артық су, калий иондары мембрана арқылы
диализ ерітіндісіне өтеді, ал маңызды заттар қанда
қалады.
• Нәтижесінде: Қанның химиялық құрамындағы тепетеңдік қалпына келеді.
13.
• Түрлері:• Гемодиализ: Қан арнайы сүзгі арқылы өтеді,
токсиндер шығарылады
• Перитонеальды диализде қарын қуысына арнайы
диализ ерітіндісі енгізіледі, ал токсиндер мен артық су
қаннан ішперде (перитонеум) арқылы осы ерітіндіге
өтеді.
14.
15. Перитонеалды диализ - іш қуысындағы перитонеум (құрсақ пердесі) арқылы токсиндерді шығару әдісі.
Перитонеалды диализ - іш қуысындағы перитонеум(құрсақ пердесі) арқылы токсиндерді шығару әдісі.
Қалай жүргізіледі?
• Науқастың іш қуысына катетер қойылады.
• Арнайы диализ ерітіндісі жіберіледі.
• Перитонеум жартылай өткізгіш мембрана қызметін атқарады.
• Бірнеше сағаттан кейін ерітінді уыттармен бірге шығарылады.
Артықшылықтары
• Үй жағдайында жасауға болады
• Науқас жұмысын жалғастыра алады
• Қан қысымы тұрақтырақ
Кемшіліктері
• Іш қуысында инфекция қаупі
• Дұрыс стерильділік сақталмаса, перитонит дамуы мүмкін
16.
17. Бүйрек трансплантациясы
– Ауру адамның зақымдалған бүйрегін донордың сау бүйрегінеалмастыру.
– Созылмалы бүйрек жетіспеушілігін толық емдеудің ең тиімді жолы.
• Донор түрлері
– Тірі донор (әдетте туыстар).
– Қайтыс болған донор.
• Артықшылықтары
– Бүйрек қызметі толық қалпына келеді.
– Диализ қажеттілігі жойылады.
– Науқастың өмір сапасы айтарлықтай жақсарады.
• Кемшіліктері
– Донор табу қиын.
– Иммундық қабылдамау қаупі жоғары.
– Өмір бойы иммунодепрессант дәрілерін ішу қажет.
18.
19. Қысқаша қорытынды:
• Қысқаша қорытынды:• Созылмалы бүйрек жетіспеушілігі кезінде организм өздігінен
токсиндерді шығара алмайды
• Диализ – уақытша жасанды тазарту
• Бүйрек трансплантациясы – ұзақ мерзімді шешім, өмірлік
маңызды
20. 2 тапсырма
• Ситуация:• Сіз дәрігерсіз. Сіздің 45 жастағы науқасыңызда созылмалы
бүйрек жетіспеушілігі бар. Науқасқа үш емдеу әдісі ұсынылады:
• 1.Гемодиализ
• 2.Перитонеальдық диализ
• 3.Бүйрек трансплантациясы
• Сіз қандай емді таңдайсыз және неліктен? Өз таңдауыңызды 2-3
сөйлеммен түсіндіріңіз.
21. 3 тапсырма. Төмендегі тапсырманың шындық және жалған екендігін анықтаңыз.
Ш1
Қанды бүйрек көмегінсіз тазалау тәсілі диализ деп аталады.
2
Бауырдың зақымдануына байланысты бүйрек жетіспеушілігінің себебі анемия деп
аталады.
3
Бір адамға екінші адамнан – донордан алынған бүйректі ауыстырып салудан
тұратын хирургиялық ота жасау.
4
Дискретті диализді хирургиялық жолмен жасауға болады.
Ж
22. 4 тапсырма. Бүйректі трансплантациялау бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Бұл әдістің басты артықшылығы мен туындайтын
қиындықтарын жазып көрсетіңіз.• А) Артықшылығы
• В) Туындайтын қиындықтары
23. Сәйкестендір
1.Бүйрекжетіспеушілігі
A.Бір адамға екінші адамнан донордан алынған
бүйректі ауыстырып салудан тұратын хирургиялық
ота жасауы.
2.Бүйрек
трансплантанты B.Созылмалы бүйрек жетіспеушілігін жедел емдеудің
жаңа әдісі.
3.Бүйрек
ауыстыру
C.Үш айдың көлемінде немесе одан да көп уақытта
байқалатын бүйрек қызметінің қайтымсыз бұзылу
синдромы.
24. Үй жұмысы. 5 тапсырма
25. Үй жұмысы. 6 тапсырма
26. Қызықты фактілер
• Бір жылда 300 литр қан тазаланады!Гемодиализ кезінде науқастың қаны бір сессияда шамамен 120 литрге жуық тазаланады. Егер диализ аптасына үш рет жасалса, бір жылда
шамамен 300 литр қан сүзгіден өтеді.
• Бүйрек – табиғи "сүзгі"!
Адамның бүйрегі күніне 50 рет бүкіл қанды сүзеді, ал жасанды аппарат мұны тек бірнеше сағатта ғана жасай алады.
• Перитонеальдық диализді үйде жасауға болады.
Перитонеальдық диализ арнайы құрылғысыз, тек ішпердеге сұйықтық енгізу арқылы жүргізіледі. Бұл әдіс науқастың үйде де өзін еркін
сезінуіне мүмкіндік береді.
• Диализ адамның өмірін 20 жылдан астам ұзарта алады.
Гемодиализге сүйенген науқастар диализге қолжетімді болғанда, бірнеше онжылдық бойы өмір сүре алады.
• Бірінші гемодиализ аппараты "жасанды бүйрек" деп аталды.
Бұл аппарат 1940 жылдары Нидерландта дәрігер Виллем Колфф ойлап тапқан. Оның алғашқы үлгісі кір жуғыш машина бөлшектерінен
жасалған!
• Донорсыз өмір сүретін жасанды бүйрек жасалып жатыр.
Замаауи ғылымда ағзаға орнатылатын имплант-бүйректерді әзірлеу қарқынды дамуда, бұл трансплантацияға балама болуы мүмкін.
• Диализ кезінде пациент қаны толығымен сыртқа шығады.
Гемодиализде бір уақытта шамамен 500 мл-ге дейін қан аппаратта болады. Сондықтан пациент тұрақты бақылауда болуы керек.
• Бүйрек тек қанды ғана тазаламайды.
Бүйрек D дәруменін белсендіреді, қан қысымын реттейді және қызыл қан жасушаларын қалыптастыруға көмектеседі.
Медицина