Похожие презентации:
seminar ptezentasia
1. "Психология жанға дауа"
"Психологияжанға дауа"
Психологиялық бағыттардың мақсаты,
қолданылатын әдістері
2. Психолог деген кім?
3. Психолог жұмысының мақсаты мен міндеттері:
Баланың психикалықдамуын қолдау,
эмоционалдық саулығын
сақтау және оны
қоршаған ортаға
табысты бейімдеу.
Міндеттері
● Баланың даму ерекшеліктерін анықтау
● Мінез-құлықтағы қиындықтардың себептерін түсіндіру
● Танымдық процестерді дамыту (зейін, ойлау, есте сақтау)
● Эмоцияны реттеу және қарым-қатынас дағдыларын
қалыптастыру
● Жағымсыз мінез-құлықтың алдын алу және түзету
● Ата-ана мен педагогқа психологиялық қолдау көрсету
● Қолайлы психологиялық орта қалыптастыру
4.
Психолог жұмысыныңбағыттары:
1.Психодиагностика
3.Психопрофилактика
4.Психологиялық кеңес
беру
2.Психокоррекция
5.Психологиялық ағарту
(психобілім беру)
5. Психодиагностика — баланың психикалық дамуын, жеке ерекшеліктерін және қиындықтарының себептерін анықтауға бағытталған кешенді
зерттеу жұмысы.Мақсаты:
Даму деңгейін анықтау
Қиындықтың нақты себебін табу
Дұрыс түзету бағытын жоспарлау
Психолог нені зерттейді:
зейін (тұрақтылығы, көлемі)
есте сақтау
ойлау және қабылдау
сөйлеу түсінуі
эмоциялық күйі
мінез-құлық ерекшелігі
қарым-қатынас дағдылары
сенсорлық ерекшеліктері
6. Психокоррекциялық жұмыс
Психокоррекция — баланың дамуындағы ауытқулардытүзетуге, жетіспейтін дағдыларды қалыптастыруға және
мінез-құлқын әлеуметтік ортаға бейімдеуге бағытталған
жүйелі психологиялық ықпал ету процесі. Жұмыс
барысында эмоционалдық реттеу, қарым-қатынас,
нұсқауды түсіну, танымдық белсенділік және дербестік
дағдылары
кезең-кезеңімен
қалыптастырылады.
Нәтижесінде бала қоршаған ортамен әрекеттесуді
үйреніп, мінез-құлқы тұрақтанып, күнделікті өмірге
бейімделуі артады.
7. Психопрофилактика
Психопрофилактика — мүмкін болатынпсихологиялық қиындықтардың алдын алуға
және баланың эмоционалдық саулығын
сақтауға бағытталған алдын алу
шараларының жүйесі. Бұл бағытта қауіпсіз
психологиялық орта құру, бейімделуді
жеңілдету, күйзеліс факторларын азайту және
жағымды мінез-құлық үлгілерін
қалыптастыру көзделеді.Соның нәтижесінде
бала өзін қауіпсіз сезінеді, мазасыздық
төмендейді, әлеуметтік ортаға бейімделуі
жеңілдейді және даму процесі тұрақты жүреді.
8. Психопрофилактикалық жұмыстың мақсаты
MONDAYКоммуникативті
дағдыларды
дамыту; сөйлесу,
ым-ишара,
көзқарас арқылы
қарым-қатынас
TUESDAY
Әлеуметтік
бейімделу; бірлесіп
ойнау, топтық
сабақ терапия,
тренингтер.
WEDNESDAY
THURSDAY
FRIDAY
Эмоциямен жұмыс;
ашу, қуаныш,
қорқыныш сезімін
ажыратып үйрену.
Тәуелсіздікке
баулу өзін-өзі
күту, күнделікті
жүйелі тәртіпті
қайталап
орындау
Мінез-құлық
коррекциясы;
қайталанатын
қимылдар,
агрессия,
қорқынышты
азайту.
9. Психологиялық кеңес беру
Психологиялық кеңес беру — баладамуындағы немесе мінез-құлқындағы
ерекшеліктердің себептерін ғылымипрактикалық тұрғыда түсіндіріп, ата-ана
мен педагогқа тиімді әрекет жолдарын
анықтауға көмектесетін кәсіби өзара әрекет
процесі. Бұл бағыттың негізгі мәні —
баланың мүмкіндіктерін дұрыс түсіну, оған
қойылатын талаптарды сәйкестендіру және
барлық ересектердің бірізді қолдау
көрсетуін қамтамасыз ету.
10. Психологиялық ағарту (психобілім беру)
Ата-аналар мен педагогтардың психологиялық білімінарттыруға, баланың даму ерекшеліктерін дұрыс түсінуге
және онымен тиімді қарым-қатынас орнатуға бағытталған
ақпараттық-түсіндіру жұмыстары. Бұл бағытта мамандарға
және ата-аналарға практикалық дағдыларды үйрететін
семинарлар мен тренингтер өткізіледі.
Не қамтиды:
• семинарлар
• тренингтер
• дәрістер
• шеберлік сағаттары
• ақпараттық кездесулер
11. Релаксация бөлмесі
Релаксация бөлмесі — баланың эмоционалдық кернеуінтөмендетуге, тыныштануына және өзін қауіпсіз сезінуіне
арналған арнайы ұйымдастырылған психологиялық
орта.Бұл кеңістікте жарық, дыбыс және жұмсақ сенсорлық
әсерлер арқылы баланың жүйке жүйесі қалыпқа келтіріліп,
сабаққа дайындық жағдайы жасалады.
12. Проекциялық-интерактивті бөлме — визуалды және қозғалысқа негізделген технологиялар арқылы баланың танымдық белсенділігін,
Проекциялық-интерактивті бөлмеПроекциялық-интерактивті бөлме — визуалды
және қозғалысқа негізделген технологиялар
арқылы баланың танымдық белсенділігін, зейінін,
координациясын және қарым-қатынас
дағдыларын дамытуға арналған заманауи
психологиялық жұмыс кеңістігі.
Интерактивті орта баланың қызығушылығын
арттырып, күнделікті сабақтағы тапсырмаларды
ойын түрінде тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік
береді.
13. Нейропсихологиялық жаттығулар
Нейропсихологиялық жаттығулар — миқұрылымдарының өзара байланысын белсендіру арқылы
баланың зейінін, есте сақтауын, ойлауын, сөйлеуін және
қозғалыс үйлесімділігін дамытуға бағытталған арнайы
тапсырмалар жүйесі.Бұл жаттығулар ми жарты
шарларының үйлесімді жұмысын қалыптастырып, оқу
әрекетіне дайындықты және ақпаратты қабылдау
сапасын арттыруға көмектеседі.
14. Сенсорлық интеграция
Сенсорлық интеграция — бұл баланың барлық сезімдікжүйесін дамытуға бағытталған, оның ішінде біз тактильді
қабылдау жүйесін жетілдіруге ерекше көңіл бөлеміз.
Бала дамуы үшін тактильді сезімдер өте маңызды. Бала
саусақтары — ойлау әрекетін дамытуға жауап беретін
маңызды орган.
Әртүрлі текстурадағы заттармен ойнау арқылы бала
қоршаған ортаны қабылдауды үйренеді, ұсақ моторикасы,
координациясы және зейіні дамиды. Бұл жаттығулар жаңа
әсерлерге төзімділігін арттырады, мазасыздықты азайтады
және әлеуметтік ортаға бейімделуге көмектеседі.
CREDITS: This presentation template was created by Slidesgo, and includes
icons by Flaticon, and infographics & images by Freepik
15. Негізгі әдістер мен тәсілдер
01 Арт- терапия02
сурет салу, бояу,
пластелинмен жұмыс.
Ойын терапиясы
- қарапайым рөлдік ойындар,
әлеуметтік жағдайларды модельдеу.
03 Музыка терапиясытыныш әуен тыңдау , ән айту,
музыкалық аспапта ойнау.
04
Құм терапиясықұмда сурет салу, пішін жасау
арқылы эмоцияны шығару.
05
АВА-терапия
элементтері-
дұрыс әрекетті ынталандыру
арқылы бекіту.
16.
Баланың әр қадамы — біздіңүлкен жетістігіміз. ✨
Назарларыңызға рахмет!
Психология