Сабақтың тақырыбы: Отбасы құқығы
Үй тапсырмасын тексеру
2-кезең
3-кезең
Сабақтың тақырыбы: Отбасы құқығы
Сабақтыңмақсаты: Білім алушыларға отбасы құқығының ұғымын, пәнін, қағидаттарын түсіндіру, неке, отбасы мүшелерінің құқықтары
«Отбасы дегенде ойыңа не келеді? Әр адам отбасы құруға міндетті ме? Отбасысыз қоғам болуы мүмкін бе? Неке мен отбасының
Жаңа сабақтың жоспары:
Отбасы — қоғамның негізі, ал отбасы құқығы оның тұтастығы мен әл-ауқатын қамтамасыз ететін заңды негіздерді қалайды. Бұл
Қазақстан Республикасының “Неке және отбасы” туралы заңы 1998 ж. 17 желтоқсанда №321-I қабылданды. Ол 7-бөлім, 28-тарау,
Кері байланыс
Үй тапсырмасы
Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіздер
3.70M
Категория: ОбразованиеОбразование

Отбасы құқығы ашық сабақ1

1.

• БМ 04 «Қоғамда және еңбек ұжымында әлеуметтену
және бейімделу үшін әлеуметтік ғылымдар негіздерін
қолдану»
ОН 4.3 «Құқықтың негізгі салалары туралы
мәліметтерді меңгеру»

2.

Миға шабуыл Осы суреттің берілуі себептері туралы ойланыңдар.
Бұдан қандай тақырып шығуы мүмкін деп ойлайсыңдар?
- Мына суреттер
топтамасынан
не
көріп
тұрсыздар?
- Бұл
суреттер
топтамасына
қандай
атау
беруге болады?
Бүгінгі
өтілетін
сабақтың
тақырыбы қандай
болады
деп
ойлайсыздар?

3. Сабақтың тақырыбы: Отбасы құқығы

4. Үй тапсырмасын тексеру

«Еңбек құқығы»
1-кезең
«Сұрақтар шеңбері»

5. 2-кезең

««Сен өз құқығыңды
білесің бе?» »
сұрақ-жауап сайысы

6. 3-кезең

«Білгенге маржан»
Терминдермен жұмыс

7. Сабақтың тақырыбы: Отбасы құқығы

8. Сабақтыңмақсаты: Білім алушыларға отбасы құқығының ұғымын, пәнін, қағидаттарын түсіндіру, неке, отбасы мүшелерінің құқықтары

мен міндеттерін анықтау
отбасы құқығының негізгі институттарымен таныстыру және ҚР неке
және отбасы туралы заңының негізгі нормаларын меңгерту. Құқықтық
ойлау қабілетін дамыта отырып, нормативтік-құқықтық актілермен
жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру сонымен қатар өмірлік
жағдаяттарды құқықтық тұрғыда талдай білуге үйрете отырып,
азаматтық жауапкершілік пен құқықтық мәдениетті қалыптастыру.

9. «Отбасы дегенде ойыңа не келеді? Әр адам отбасы құруға міндетті ме? Отбасысыз қоғам болуы мүмкін бе? Неке мен отбасының

айырмашылығы
бар ма? деген сұрақтарға ассоциация
жасайық (1 сөзбен жауап)

10.

Ата-анамыз
Бауырларымыз
Өскен үйіміз
Жылылық
Сағыныш
Балалық шақ
отбасы
Туғантуысқандарымыз
Ата-әжеміз

11.

Ата-анамыз
Бауырларымыз
Өскен үйіміз
Жылылық
отбасы
Туғантуысқандарымыз
Сағыныш
Балалық шақ
Ата-әжеміз
Тәрбие

12. Жаңа сабақтың жоспары:

Отбасы құқығының ұғымы мен пәні
Отбасы қатынастарының субъектілері
Отбасы құқығының негізгі қағидаттары
Неке шарты: түсінігі, түрлері, мазмұны
Ерлі-зайыптыларды құқықтары мен міндеттері
Балалардың құқықтары
Отбасы және неке қатынастарын құқықтық реттеу

13. Отбасы — қоғамның негізі, ал отбасы құқығы оның тұтастығы мен әл-ауқатын қамтамасыз ететін заңды негіздерді қалайды. Бұл

презентацияда біз отбасылық қарым-қатынастарды
реттейтін негізгі аспектілерді қарастырамыз.

14.

Неке және оның шарттары
Неке – ер мен әйелдің отбасын құру
мақсатында ерікті және тең одағы. Оның
заңды болуы үшін белгілі бір шарттар
сақталуы керек.
• Екі жақтың да келісімі
• Неке жасына жету
• Жақын туыстар арасындағы тыйым
• Ешқайсысының басқа некеде болмауы

15. Қазақстан Республикасының “Неке және отбасы” туралы заңы 1998 ж. 17 желтоқсанда №321-I қабылданды. Ол 7-бөлім, 28-тарау,

213-баптан тұрады.

16.

• Бұл Заң (ресми атауымен — «Неке
(ерлі-зайыптылық) және отбасы
туралы» Қазақстан
Республикасының Кодексі) 2011
жылғы 26 желтоқсанда Қазақстан
Республикасының Парламентімен
қабылданған. Ол 2012 жылғы 18
қаңтардан бастап қолданысқа
енгізілген.
Бұл Кодекс 17 тарау және 283 баптан
тұрады

17.

Отбасы құқығы – неке, туысқандық, балаларды
отбасына тәрбиеге алудан туындайтын отбасы
саласындағы мүліктік және жеке мүліктік емес
қатынастарды реттейтін құқықтың бір саласы.

18.

Неке (ерлі-зайыптылық) – ерлі-зайыптылар
арасындағы мүліктік және жеке мүліктік емес
құқықтар мен міндеттерді туғызатын, отбасын
құру мақсатында заңда белгіленген тәртіппен
талаптардың ерікті және толық келісімімен
жасалған ер азамат пен әйел арасындағы тең
құқықты одақ

19.

Отбасы құқығының
қағидаттары
Ер азамат пен әйелдің некелік
одағының еріктілігі
Отбасындағы ерлі-зайыптылардың
құқықтарының теңдігі
Отбасының ісіне кімнің болса да өз
бетінше араласуына жол берілмеушілік
Балалардың отбасында тәрбиелену
басымдығы,олардың өсіп-жетілуі мен әлауқатты болуына қамқорлық.

20.

Некеге тұру некеге тұрушы ері мен
әйелдің өзара ерікті келісімі және
олардың неке жасына жету болып
табылады. Біздің заңымызға сәйкес
неке жасы – 18 жас.

21.

Неке біздің елімізде тіркеуден
(ЗАГС немесе АХАТ) өтеді.
Ертеректе неке суын ішу мешіт
арқылы іске асырылған. Қазір
әлемнің көптеген елдерінде
шіркеуде тіркеледі. Бұл біздің
өмірімізге де еніп келеді. АХАТ
арқылы некеге тұру қазіргі
азаматтық заңдардан туындаған.
Себебі ажырасқан жағдайда ол
негізгі құжат болып саналады.
Балаға материалдық кепілдеме
алу, дүние-мүлікті бөлісу соның
негізінде, сот арқылы шешіледі.

22.

АХАТ органдары дәлелді себептері болған жағдайда неке жасын екі жылдан
аспайтын мерзімге төмендете алады. Неке жасына жетпеген адамдардың
некеге тұруына ата – аналарының келісімі бойынша ғана рұқсат етіледі.
Жүктілік немесе баланың тууы, әскери қызметке шақырылуы, кәмелетке
толмағандардың нақты отбасын құруы дәлелді себептердің қатарына
жатады. Соның өзінде басқа да дәлелді себептердің болуы мүмкін.

23.

Бір жынысты адамдардың
Олардың біреуі басқа тіркелген некеде
тұратын адамдардың
Жақын туыстардың бала асырап алушылар мен асырап алынған
балалардың, асырап алушылардың балалары мен асырап алынған
балалардың
Соттың заңдық күшіне енген шешімі бойынша олардың біреуі
болса да психикалық ауруы немесе ақыл-есі кемдігі салдарынан
әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдардың арасында жол
берілмейді

24.

Некені тоқтату және оның негізі.
Ерінің немесе әйелінің қайтыс
болуы, соттың ерлі –
зайыптылардың біреуін өлді
деп жариялауы;
Некені тоқтататын оқиғалар
қатарына мыналар жатады:
Неке ерлі-зайыптылардың
біреуінің немесе екеуінің
өтініші бойынша
Сот әрекетке қабілетсіз деп таныған
жұбайының қорғаншысынң өтініші
бойынша тоқтатылуы мүмкін

25.

Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен
міндеттері
Отбасы кодексінің 30бабына сәйкес ерлізайыптылар тең
құқықтар пайдаланады
және тең міндеттер
атқарады.
Ерлі-зайыптылар ана болу,
әке болу, балаларды
тәрбиелеу, оларға білім
беру, ерлі-зайыптылардың
тұрғылықты жер
мәселесін бірлесіп
шешуге міндетті.
Ерлі-зайыптылардың
әрқайсысы қызмет
түрін, кәсібін және
діни сенімін таңдауға
ерікті
Отбасының игілігі мен
нығаюына, өз
балаларының
денсаулығына, өсіпжетілуіне және олардың
әл-ауқат жағдайына
қамқорлық жасауға
міндетті

26.

Некелік шарт деп – некеге тұратын адамдардың немесе ерлі –
зайыптылардың некеде тұрғандағы немесе оны бұзған жағдайдағы мүліктік
құқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісімдері танылады. Некелік
шарт міндетті түрде жазбаша жасалуы және нотариуспен
куәландырылуы қажет.
Некелік шартты некеге отыратын адамдардың тікелей өздері, сондай – ақ
адвокат не нотариус толтыруы мүмкін екендігін айырықша атап көрсету
қажет. Некелік шартты нотариалды куәландыру үшін жекеменшік немесе
мемлекеттік нотариусқа жүгіну керек. Некелік шартты некені тіркегенге
дейін, сондай – ақ некеде тұрған кез келген уақытта жасасуға болады.
Некелік шарттың субъектілері не ерлі – зайыптылар, не некеге енді тұруға
әзірленіп жатқан адамдар болуы мүмкін (күйеу мен қалыңдық).

27.

Қазақстандағы отбасы
құқығының ерекшеліктері
Қазақстан Республикасының отбасы құқығы
халықаралық стандарттар мен ұлттық дәстүрлерді
ескере отырып жасалған.
• Отбасылық құндылықтарды қорғау
• Балалардың мүддесін бірінші орынға қою
• Жұбайлардың тең құқықтары
• Алимент міндеттемелерін қатаң реттеу

28.

Жана тақырыпты
бекіту кезеңі
«
Дұрыс – Бұрыс» ойыны

29.

Жағдаяттық тапсырма
«Заңгерлер» тобы 1-тапсырма(топтық жұмыс)
Ерлі-зайыптылар ажырасқан. Екі баласы анасының
қолында қалған. Әкесі тұрақты табысы жоқ екенін
айтып, алимент төлеуден бас тартады.
Сұрақтар:
1. Әкесінің әрекеті заңды ма?
2. Балалардың қандай құқықтары бұзылды ?
3. Мәселе қалай шешілуі керек ?

30.

«Фемида» тобы
Жағдай:
17 жастағы қыз бен 18 жастағы жігіт некеге тұрғысы
келеді. Қыздың ата-анасы қарсы.
Сұрақтар:
1. Бұл жағдайда неке тіркелуі мүмкін бе ?
2. Неке жасы қалай реттеледі ?
3. Қандай жағдайда неке жасын төмендетуге болады ?

31.

Біліміңді тексер

32. Кері байланыс

Жалғастырыңыз:
• Бүгін мен не білдім ?
• Маған не қызықты болады ?
• Отбасы құқығы маған не үшін қажет ?
• Осы ... мені ойландырды

33. Үй тапсырмасы

• «Отбасы құқығының қоғамдағы маңызы" тақырыбында
кем дегенде 100 сөзден тұратын эссе жазу
• «Егер мен депутат болсам» деген тақырыпта ой-толғау
жазу
• Неке және отбасы туралы заңның 1,3,7,18,24,63,96
баптарын талдау
• Критерийлері:
• Нақты деректер келтіру;
• З.Е.Ағыбаев, «Отбасы құқығы»
• 1-2 бөлім оқулығы, Алматы «Юрист» 2020

34.

Отбасында адам бойындағы асыл
қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады.
Отанға деген ыстық сезім – жақындарына,
туған-туысқандарына деген
сүйіспеншіліктен басталады.
Н.Ә.Назарбаев

35. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіздер

• Қылмыс дегеніміз не?
• Қылмыс қандай болып бөлінеді?
English     Русский Правила