Похожие презентации:
Тыныс алу жүйесінің анатомиясы: мұрын, көмей, кеңірдек, бронхтар, өкпе, өкпеқап және кеудеорталық
1. С.Р. Қарынбаев атындағы қалыпты анатомия кафедрасы
№ 3 сабақтың тақырыбыЖоғарғы және төменгі тыныс алу жолдары. Мұрын.
Жұтқыншақтың мұрындық бөлігі. Көмей. Кеңірдек.
Бронхтар. Құрылысы, топографиясы, қанмен
қамтамасыз етілуі және нервтенуі. Өкпе: құрылысы,
топографиясы, қанмен қамтамасыз етілуі және
нервтенуі. Өкпеқап. Өкпеқап қойнаулары. Өкпе мен
өкпеқаптың шекаралары. Кеуде бетіндегі өкпе және
қабырғалық өкпеқаптың шекарасының проекциясы.
Қанмен қамтамасыз етілуі және нервтенуі.
Көкірекаралық.
Дайындаған: м.ғ.д., профессор Дюсембаева А.Т.
Аударған: Искакова Л.А.
2. Сыртқы мұрын
Сыртқы мұрын, nasus externus (rinos-nose) түбірі, қырымұрынның қанаттары, ұшы мен танаулары, naris бар. Мұрын
остеохондралық қаңқадан қалыптасады; мұрын арқасы
мұрынның бүйір шеміршектерінен түзіледі; 1-мұрын қанатының
үлкенді-кішілі шеміршектері бар танаулар. Мұрын қуысы сүйекті
және шеміршекті қалқалармен бөлінеді. Сүйектік қалқа торлы
сүйектің перпендикуляр табақшасы мен желбезек сүйектің
перпендикуляр табақшасынан түзіледі. Мұрын қуысы, cavitas
nasi, қалқа арқылы екі жартыға бөлінеді. Шырышты қабығы
кірпікшелі эпителиймен қапталған (кірпікшелер ауаны
тазартады), онда бездер (ауаны ылғалдандырады) және қан
тамырлары (қантамырлар кеңейгенде ауа қызады, қан
тамырлары тарылғанда салқындайды) бар. Мұрын қуысында
тыныс алу аймағы, regio respiratoria және иіс сезу аймағы, regio
olfactoria бар. Мұрын қуысының бүйір бетінде қосымша
қойнаулармен байланысатын үш мұрын жолы бар. Жоғарғы
мұрын жолына торлы сүйектің артқы ұяшықтары мен
сынатәрізді қойнау ашылады.Торлы сүйектің алдыңғы және
ортаңғы ұяшықтары, маңдай қойнауы мен жоғарғы жақсүйек
қойнауы ортаңғы мұрын жолына ашылады.Мұрын-көзжас өзегі
төменгі мұрын жолына ашылады
3. Мұрын қуысының қанмен қамтамасыз етілуі және нервтенуі
Мұрын қуысының қанмен қамтамасызетілуі және нервтенуі. Мұрын қуысының
қабырғаларын қамтамасыз ететін негізгі
артерия а.sphenopalatina (A. maxillaris-тен).
Қуыстың алдыңғы бөлігінде, аа.
ethmoidales anterior et posterior тармағы (a.
ophthalmica-дан). Сыртқы мұрынның
веналары v. facialis және ѵ. оftalmicus-ке
құйылады. Сыртқы мұрынның да, мұрын
қуысының да нервтері үшкіл нервтің
бірінші және екінші тармақтарының
тармақталу аймағына жатады. Мұрын
қуысының алдыңғы бөлігінің шырышты
қабығы n. ethmoidalis anterior (n. trigeminus
бірінші тармағынан n. nasociliaris-тен),
оның мұрын қалқасының қалған бөлігі мен
мұрын қалқаны ganglion pterygopalatinum
және үшкіл нервтің екінші тармағынан
(nn. nasales posteriores) және n.nasopalatine-
4. Көмей, Larynx, тақ шеміршектері
Көмей, larynx — ауаның өтуі мен дыбыс түзілуінеқызмет ететін таңғажайып музыкалық аспап.
Көмей тіласты сүйегінің астында, IV, V және VI
мойын омыртқалары деңгейінде орналасқан. Ол
буындармен, байламдармен және
бұлшықеттермен байланысқан шеміршектерден
тұрады, қуысы бар.Көмейдің шеміршектері: Тақ
шеміршектер:
1.Қалқанша шеміршек
(cartilago thyroidea) екі табақшадан тұрады, олар
белгілі бір бұрышпен қосылған (ерлерде
бұрышы үшкір – «көмей шодыры», әйелдерде
тегістелген). Табақшаның жоғарғы жиегінде тілік
бар. Артқы жиегі жоғарғы және төменгі мүйізге
өтеді. Сыртқы бетінде қиғаш сызық байқалады.
2.Жүзік тәрізді шеміршек (cartilago
cricoidea) сақина пішінді болып келеді және
табақшадан (артқы жағы) және доғадан
(алдыңғы және бүйір жақтары) тұрады.
3.Көмей қақпашығы (cartilago
epiglottica) жапырақ тәрізді, төменгі жағы
жіңішкеріп, сабақша (petiolus) түзеді
5. Көмейдің жұп шеміршектері
Жұп шеміршектер:4.Ожау тәрізді шеміршектер
(cartilagines arytenoideae) — пирамида
тәрізді пішіні бар, шыңы мен негізі
болады. Негізінде екі өсінді бар:
алдыңғысы — эластикалық
шеміршектен тұратын дауыстық
өсіндісі, бүйірдегі — бұлшықеттік
өсіндісі.
5.Мүйіз тәрізді шеміршектер
(cartilagines corniculatae) — ожау
тәрізді шеміршектің ұшында
орналасады.
6.Сына тәрізді шеміршектер
(cartilagines cuneiformes) — ожаукөмей қақпашығы қатпарларының
қалыңдығында орналасады.
7.Дән тәрізді шеміршектер (cartilagines
triticea) — латералды қалқаншатіласты байламында орналасады.
6. Көмейдің байламдары
II.Көмейдің байламдары. Көмей тіл асты сүйегіне ілініптұрады, оны алдыңғы жағынан тіл асты сүйегі мен
қалқанша шеміршегінің жоғарғы жиегі арасында
тартылған қалқанша-тіласты жарғағы (membrana
thyrohyoidea) ұстап тұрады. Бұл мембрана келесі
байламдармен бекітілген:
•Ортаңғы қалқанша-тіласты байлам (lig. thyrohyoideum
medianum)
•Бүйір қалқанша-тіласты байлам (lig. thyrohyoideum
laterale). Көмей қақпашығы (надгортанник) тіл асты
сүйегімен және қалқанша шеміршегімен келесі
байламдар арқылы байланысады:
•Тіласты-көмей
қақпашығы
байламы
(lig.
hyoepiglotticum)
•Қалқанша-көмей
қақпашығы
байламы
(lig.
thyroepiglotticum) Жүзік тәрізді шеміршектің доғасы мен
қалқанша шеміршектің жиегі арасында алдыңғылатеральді орналасқан байлам:
•Жүзік-қалқанша байламы (lig. cricothyroideum). Бұл
байлам қалқанша шеміршектің жиегінің астына қарай
иіліп, дауыс байламдарымен бірге эластикалық конус
түзеді. Осы эластикалық конустың еркін жиегінде дауыс
байламдары орналасқан. Дауыс байламы (lig. vocale)
алдыңғы жағынан қалқанша шеміршектің бұрышына, ал
артқы жағынан ожау тәрізді шеміршектің дауыс
өсіндісіне бекітіледі. Дауыс байламынан жоғары
кіреберістік байлам (lig. vestibulare) орналасқан.
7. Кеңірдек
Кеңірдек, trachea, көмейдің жалғасыболып табылады, VI мойын омыртқасы
деңгейінде басталып, V кеуде
омыртқасы деңгейінде екі басты
бронхқа бөлінеді. Кеңірдектің бөліну
орны bifurcatio tracheae деп аталады,
оның ішкі саңылауына carina tracheae
шығып тұрады. Кеңірдектің ұзындығы 911 см, көлденең диаметрі 15-18 мм.
Кеңірдек екі бөлімнен тұрады: pars
cervicalis (мойын бөлігі) және pars
thoracica (кеуде бөлігі). Кеңірдек
қабырғасы 16-20 толық емес жартылай
шеміршек сақиналарынан тұрады, олар
ligg. anulare арқылы байланысқан. Артқы
қабырғасы жарғақты бөлік – paries
membranaceus болып табылады, оның
құрамында сақиналы және бойлық тегіс
салалы бұлшықет жасушалары болады.
8. Көмейдің бұлшықеттері
1.Жүзік-қалқанша бұлшықеті (m. cricothyroideus) –қалқанша шеміршекті алға қарай тартып, дауыс
байламдарын кереді.
2.Латералды жүзік-ожаутәрізді бұлшықет (m.
cricoarytenoideus lateralis) – қалқанша шеміршектің ішкі
бетінен басталып, ожау тәрізді шеміршектің бұлшықеттік
өсіндісіне барып бекиді, дауыс саңылауын тарылтады.
3.Артқы жүзік-ожау тәрізді бұлшықеті (m. cricoarytenoideus
posterior) –бұлшықет жүзіктәрізді шеміршек
табақшасының артқы бетінен басталып , ожау тәрізді
шеміршектің бұлшықеттік өсіндісіне бекиді, дауыс
саңылауын кеңейтеді.
4.Қалқанша-көмей қақпашығы бұлшықеті (m.
thyroepiglotticus) –көмейдің кіретін тесігін кеңейтіп ашады.
5.Ожау-көмей қақпашығы бұлшықеті (m. aryepiglotticus) –
көмей қақпақшығын төмен түсіреді.
6.Қиғаш ожау тәрізді бұлшықет (m. arytenoideus obliquus) –
көмейдің кіреберісін тарылтады.
7.Көлденең ожаутәрізді бұлшықет (m. arytenoideus
transversus) – дауыс саңылауының шеміршектік бөлігін
тарылтады.
8.Қалқанша-ожаутәрізді бұлшықет (m. thyroarytenoideus) –
төртбұрышты пішінді бұлшықет, көмей қуысын тарылтады.
9.Дауыс бұлшықеті (m. vocalis) – дауыс байламын кереді
9. Көмей қуысы
Көмей қуысы (cavitas laryngis) көмейге кіретін тесік –көмей кіреберісі (aditus laryngis) арқылы ашылады.
Оның бүйірінде алмұрт тәрізді шұңқырлар (recessus
piriformes) орналасқан. Көмей қуысы пішіні сағат
шынысына (песочные часы) ұқсас.
•Жоғарғы кеңейген бөлігі – көмейдің кіреберісі
(vestibulum laryngis).
•Ортаңғы тар бөлігі – көмей қарыншасы (ventriculus
laryngis немесе Morgagni қарыншасы), ол жоғарғы
жағынан кіреберістік қатпарлармен (plica vestibularis,
жалған қатпарлар), ал төменгі жағынан дауыс
қатпарларымен (plica vocalis, шынайы қатпарлар)
шектелген. Бұл қатпарлардың ішінде шырышты
қабықпен қапталған бір аттас байламдар орналасқан.
Дауыс қатпарларының арасында дауыс саңылауы
(rima glottidis) бар, ол екі бөлімнен тұрады:
1.Pars intermembranacea – байламдар
арасындағы бөлік. 2.Pars intercartilaginea – ожау
тәрізді шеміршектердің дауыс өсінділерінің
арасындағы бөлік. •Төменгі кеңейген бөлігі –
көмейасты кеңістігі (cavitas infraglottica), ол төмен
қарай кеңірдекке жалғасады.
10.
•Көмейде тарылған бөлік – дауыс саңылауы (rima glottidis) орналасқан, олтыныс алудың ырғағы мен тереңдігін реттейді.Көмей бөтен денелердің
түсуінен қорғайды, өйткені көмей қақпашығы көмейдің кіреберісін жабады
және жөтел рефлексін тудырады.Көмейдің дауыс байламдары дауыс
шығаруға жауап береді. Дауыс биіктігі дауыс байламдарының ұзындығына
байланысты:
•Ұзын дауыс байламдары бас дауысты шығарады.
•Орташа ұзындықтағы байламдар баритон дауысты береді.
•Қысқа дауыс байламдары тенор дыбысын шығарады.Бұл жыныстық
ерекшеліктермен де байланысты: ер адамдарда дауыс байламдары
әйелдерге қарағанда ұзағырақ, сондықтан олардың дауысы жуан болып
келеді.
11. Көмейдің қандануы мен нервтенуі
Қанмен қамтамасыз етілуі. Көмейге қан екі негізгі артерия арқылыкеледі:
Көмейлік жоғарғы артерия (a. laryngea
superior) — қалқаншалық жоғарғы артерияның (a. thyroidea superior)
тармағы, ол сыртқы ұйқы артериясынан (a. carotis externa) таралады.
Көмейлік төменгі артерия (a. laryngea inferior) —
қалқаншалық төменгі артерияның (a. thyroidea inferior) тармағы, ол
қалқанша-мойын сабауынан (truncus thyrocervicalis) шығады (a.
subclavia-дан). Веналық қанның ағысы келесі веналар арқылы жүреді:
Көмейлік жоғарғы вена (v. laryngea superior)
ішкі мойындырық венасына (v. jugularis interna) құйылады.
Көмейлік төменгі вена (v. laryngea inferior) қалқаншалық
төменгі венаға (v. thyroidea inferior), содан кейін иық-бас веналарына (vv.
brachiocephalicae) бағытталады. Көмейдің нервтенуі кезбе нервтің (n.
vagus) екі тармағы және симпатикалық сабаудың тармақтары арқылы
жүзеге асады:
1. Көмейлік жоғарғы нерв (n. laryngeus
superior)
Оның қозғалтқыш талшықтары жүзікқалқанша бұлшықетін (m. cricothyroideus) нервтендіреді.
Сезімтал талшықтары көмейдің жоғарғы қабатының
шырышты қабығын нервтендіреді.
2. Көмейдің қайырылма нерві
(n. laryngeus recurrens)
Бұл нерв көмейдің барлық
қалған бұлшықеттерін, соның ішінде дауыс бұлшықетін (m. vocalis)
нервтендіреді.
Сонымен қатар, оның
талшықтары дауыс саңылауынан төмен орналасқан көмейдің шырышты
қабығын және кеңірдектің алғашқы 1-3 шеміршегінің шырышты қабығынн
сезімталдықпен қамтамасыз етеді.
3. Көмейдің қайырылма
нервінің тармақтары:
көмейдің оң жақ қайырылмай
нерві (n. laryngeus recurrens dexter) оң бұғанаасты артериясы деңгейінде
кезбе нервтен шығады.
Көмейдің сол жақ
қайырылмай нерві (n. laryngeus recurrens sinister) қолқа доғасының
төменгі жиегінде кезбе нервтен шығып, кеңірдектің артында және
өңештің алдыңғы қабырғасы бойымен өтеді. Көмейдің сол жақ
қайырылмай нервінің соңғы тармағы көмейдің артқы қабырғасы арқылы
оның ішкі бөлігіне енеді
12. Басты бронхтар
Басты бронх, оң және сол бронхтарОң жақ басты бронх сол жақ бронхқа қарағанда қысқа және
кеңірек, әрі кеңірдектің жалғасы болып табылады.
Сол жақ басты бронх оң жаққа қарағанда ұзын және жіңішке,
әрі қиғаш бұрышпен кетеді.
•Оң жақ бронхтың үстінен сыңар вена (v. azygos)
өтеді.
•Сол жақ бронхтың үстінен қолқа доғасы (arcus
aortae) өтеді.
Қанмен қамтамасыз етілуі және нервтендірілуі
Қанмен қамтамасыз етілуі:
•Бронхтық артериялар (aa. bronchiales) кеуделік
қолқадан (aorta thoracica).
•Өңеш артерияларынан (aa. oesophageae) да қан
алады.
Веналық қанның ағысы:
•Сыңар венаға (v. azygos).
•Жартылай сыңар венаға (v. hemiazygos).
Нервтендірілуі:
•Кезбе нерв (n. vagus).
•Симпатикалық сабау (truncus sympathicus).
13. Өкпелер pulmones
Өкпе (Pulmo)Өкпе (грекше: pneumon – қабыну, пневмония) кеуде
қуысының ішінде орналасқан.
Оң жақ өкпенің көлемі сол жақ өкпеге қарағанда
үлкенірек, бірақ ол қысқарақ және кеңірек, себебі
бауырдың орналасуына байланысты көкеттің оң күмбезі
жоғарырақ тұрады.
Әрбір өкпе конус тәрізді пішінге ие:
•Төменге бағытталған негізі (basis pulmonis).
•Дөңгелек ұшы (apex pulmonis).
Өкпенің беттері
Өкпеде үш негізгі бет ажыратылады:
1.Көкеттік беті (facies diaphragmatica) –
төменгі беті, көкетпен жанасады.
2.Қабырғалық беті (facies costalis) –
қабырғаларға қараған алдыңғы және бүйір беттері.
3.Медиалды беті (facies medialis) – екі бөлікке
бөлінеді:
•Алдыңғы – медиастинальды бөлік (pars
mediastinalis) – жүрекке және ірі қан тамырларына
жанасады.
•Артқы – омыртқалық бөлік (pars vertebralis) –
омыртқа бағанасымен шектеседі.
14. Өкпелер, pulmones
Өкпенің шеттері мен бөліктеріӨкпенің төменгі шеті (margo inferior) және
алдыңғы шеті (margo anterior) болады.
Сол жақ өкпенің алдыңғы шетінде жүректік
тілік (incisura cardiaca) орналасқан, оны
төменнен өкпе тілшігі (lingula pulmonis)
шектейді.
Өкпенің үлестерге бөлінуі
Әр өкпе саңылаулар арқылы үлестерге
бөлінеді:
•Қиғаш саңылау (fissura obliqua) –
өкпенің жоғарғы үлесін (lobus superior)
төменгі үлестен (lobus inferior) бөліп тұрады.
•Оң жақ өкпеде қосымша көлденең
саңылау (fissura horizontalis) бар, ол IV
қабырға деңгейінде өтеді және ортаңғы
үлесті (lobus medius) жоғары үлестен бөледі.
15. Өкпелер, pulmones
Өкпенің медиалды беті және өкпе қақпасыӨкпенің медиалды бетінде өкпе қақпасы (hilum pulmonis)
орналасқан. Осы жер арқылы өкпеге басты бронх, өкпе
артериясы, нервтер енеді, ал екі өкпе венасы мен лимфа
тамырлары шығады. Бұл құрылымдардың жиынтығы өкпенің
түбірі (radix pulmonis) деп аталады.
Өкпе қақпасындағы құрылымдардың орналасуы
•Оң жақ өкпеде:
•Жоғарыда – басты бронх.
•Оның астында – өкпе артериясы.
•Одан төмен – екі өкпе венасы.
•Сол жақ өкпеде:
•Жоғарыда – өкпе артериясы.
•Одан төмен – басты бронх.
•Ең төменде – өкпе веналары.
Өкпе түбірінің құрылымдарының орналасуы (алдынан артқа
қарай):
1.Алдыңғы қатарда – өкпе веналары.
2.Олардың артында – өкпе артериясы.
3.Ең артқы қатарда – басты бронх.
16.
Өкпенің үлестері мен сегменттеріОң жақ өкпе үш үлеске бөлінеді:
1.Жоғарғы үлес (lobus superior).
2.Ортаңғы үлес (lobus medius).
3.Төменгі үлес (lobus inferior).Сол жақ өкпе екі
үлеске бөлінеді:
1.Жоғарғы үлес (lobus superior).
2.Төменгі үлес (lobus inferior).Өкпе сегменттері.
Өкпенің әр үлесі сегменттерге бөлінеді. •Сегмент
– бұл өкпенің белгілі бір аймағы, оның негізі өкпе
бетіне, ал ұшы өкпе түбіріне бағытталған.
•Сегменттің орталығында сегменттік
бронх пен сегменттік артерия орналасады.
•Сегменттердің шекарасында сегменттік
веналар өтеді.
17. Өкпенің сегменттік құрылысы
Өкпе сегменттері (барлығы 10 сегмент)Оң жақ өкпе
Жоғарғы үлесте (lobus superior) – 3 сегмент:
1.Ұштық сегмент (segmentum apicale) (SI)
2.Артқы сегмент (segmentum posterius) (SII)
3.Алдыңғы сегмент (segmentum anterius) (SIII)
Ортаңғы үлесте (lobus medius) – 2 сегмент:
4.Латералды сегмент (segmentum laterale) (SIV)
5.Медиалды сегмент (segmentum mediale) (SV)
Төменгі үлесте (lobus inferior) – 5 сегмент:
6.Ұштық (жоғарғы) сегмент (segmentum apicale
(superius)) (SVI)
7.Медиалды (жүректік) базалды сегмент
(segmentum basale mediale (cardiacum)) (SVII)
8.Алдыңғы базалды сегмент (segmentum basale
anterius) (SVIII)
9.Латералды базалды сегмент (segmentum basale
laterale) (SIX)
10.Артқы базалды сегмент (segmentum basale
posterius) (SX)
18. Өкпенің сегменттік құрылысы
Сол жақ өкпе сегменттері (барлығы 10 сегмент)Жоғарғы үлесте (lobus superior) – 5 сегмент:
1-2. Ұштық-артқы сегмент (segmentum
apicoposterius) (SI-SII)
3. Алдыңғы сегмент (segmentum anterius) (SIII)
4. Жоғарғы тілшік сегменті (segmentum lingulare
superius) (SIV)
5. Төменгі тілшік сегменті (segmentum lingulare
inferius) (SV)
Төменгі үлесте (lobus inferior) – 5 сегмент:
6.
Ұштық (жоғарғы) сегмент
(segmentum apicale (superius)) (SVI)
7.
Медиалды (жүректік)
базальды сегмент (segmentum basale mediale) (SVII)
8.
Алдыңғы базалды сегмент
(segmentum basale anterius) (SVIII)
9.
Латералды базальды сегмент
(segmentum basale laterale) (SIX)
10.
Артқы базалды сегмент
(segmentum basale posterius) (SX)
19. Бронхтық ағаш
. Бронхтардың бөлінуіӨкпе үлестерге бөлінгендей, басты бронхтар
(bronchi principales) да үлестік бронхтарға (bronchi
lobares) тармақталады:
•Оң жақ өкпеде – 3 үлестік бронх бар.
•Сол жақ өкпеде – 2 үлестік бронх бар.
Үлестік бронхтар ары қарай сегменттік бронхтарға
(bronchi segmentales) бөлінеді.
Сегменттік бронхтар дихотомиялық жолмен
(әрқайсысы екіге) субсегменттік бронхтарға
бөлінеді.
•Субсегменттік бронхтардың тармақталу
реттілігі 9-10 деңгейге дейін жетуі мүмкін.
20. Бронхтық ағаш
Өкпе сегментінің құрылымыӨкпе сегменті екіншілік өкпе үлесшелерінен (lobuli
pulmonis secundarii) тұрады.
Бұл үлесшелер сегменттің шеткі
аймағында орналасқан, олардың қалыңдығы 4 смге дейін жетуі мүмкін.
Екіншілік үлесше пирамидалық
пішінге ие және оның диаметрі шамамен 1 см.
Әр үлесше қалқалармен басқа
үлесшелерден бөлінген.
Әр екіншілік үлесшенің ұшында үлесшелік
бронхиола (bronchioli lobularis) орналасады, оның
диаметрі 1 мм, қабырғасында шеміршек бар.
21. Бронхтық ағаш
Үлесшелік бронхиола (bronchioli lobularis) 18-20терминалды бронхиолаларға (bronchioli terminales)
бөлінеді.
•Терминалды бронхиолалардың диаметрі
шамамен 0,5 мм.
•Оларда шеміршек пен бездер болмайды.
•Екі өкпеде барлығы шамамен 20 000
терминалды бронхиола болады.
Басты бронхтан бастап терминалды
бронхиолаларға дейінгі барлық бронхтар бронхтық
ағашты (arbor bronchialis) құрайды, оның негізгі
қызметі – ауа өткізу.
22. Альвеолалық ағаш
Терминалды бронхиолалар (bronchioli terminales)дихотомиялық жолмен тармақталып, тыныстық
бронхиолалардың (bronchioli respiratorii)
бастамасын береді.
Тыныс алу
бронхиолаларының қабырғаларында өкпе
көпіршіктері немесе альвеолалар (alveoli pulmonis)
пайда болады. Әр тыныстық бронхиоладан
радиалды түрде альвеолалық жолдар (ductuli
alveolares) тарайды.
Альвеолалық
жолдар альвеолалық қапшықтармен (sacculi
alveolares) аяқталады.
•Қапшықтардың
қабырғалары толығымен альвеолалардан
тұрады.Тыныстық бронхиолалар, альвеолалық
жолдар, альвеолалық қапшықтар және альвеолалар
бірігіп, альвеолалық ағашты (arbor alveolaris)
немесе ацинусты құрайды. Ацинус – өкпенің
морфологиялық және қызметтік бірлігі.
•Ацинустың негізгі қызметі – ауа мен қан
арасындағы газ алмасу.
23. Альвеолалық ағаш
Ацинустың құрылымы және газ алмасуӘр ацинустың қабырғасы тығыз қан
капиллярларының торымен шырмалған.
•Газ алмасу альвеола қабырғасы
арқылы жүреді.
Бір тыныс алу бронхиоласынан тарайтын
альвеолалық жолдар мен қапшықтар
біріншілік өкпе үлесшесін (lobulus pulmonis
primarius) құрайды.
•Әр ацинуста олар шамамен 16
болады.
Өкпе альвеолаларының саны және тыныс алу
бетінің ауданы
•Өкпедегі ацинустардың жалпы саны
– 150 000.
•Альвеолалардың жалпы саны – 300
миллион.
•Тыныс алу бетінің ауданы – 80 м².
24. Acinus
1.2.
3.
4.
5.
Acinus
lobular bronchus
terminal bronchiole
respiratory bronchiole
alveolar duct
alveolar sacs
25. Өкпенің қан айналымы, қанмен қамтамасыз етілуі және нервтенуі
Өкпенің негізгі қызметі – газ алмасу, сондықтан ол тек артериялыққанды ғана емес, веналық қанды да алады.Өкпенің қан айналымы:
Веналық қан өкпеге өкпе артериясы (a.
pulmonalis) арқылы түседі.
Өкпе артериясы өкпе
қақпасы арқылы өтеді, кейін бронхтардың тармақталуына сәйкес
тармақталады.
Қан альвеолаларды қоршап тұрған
капиллярлар торына ағады.
Газ алмасу жүреді:
Веналық қан альвеолаларға көмірқышқыл газын бөліп
шығарады.
Альвеолалардан оттегін алады, сөйтіп
артериялық қанға айналады.
Артериялық қан өкпе
веналары (vv. pulmonales) арқылы:
Оң өкпеден
– 2 вена,
Сол өкпеден – 2 вена,
Барлығы 4
өкпе венасы сол жүрекшенің қуысына құяды.Өкпенің қандануы:
Артериялық қан өкпеге кеуделік қолқадан шығатын
бронхтық артериялар (aa. bronchiales) арқылы келеді.
Бұл артериялар бронхтардың қабырғаларын және өкпе
тінін қоректендіреді. Веналық қанның қайтуы:
Өкпе тінінен, бронхтардан және ірі тамырлардан
веналық қан бронхтық веналар (vv. bronchiales) арқылы қайтады.
Бронхтық веналар:
V. azygos немесе v.
hemiazygos арқылы жоғарғы қуыс вена жүйесіне құяды.
Қанның бір бөлігі өкпе веналарына да ағып кетуі мүмкін.
Өкпенің нервтенуі:
Нервтену кезбе нервтің (n. vagus),
симпатикалық нерв талшықтарының, жұлын нервтерінің және көкет
нервтерінің тармақтары арқылы жүреді.
Бұл нервтер
алдыңғы және артқы өкпелік өрімдерді (plexus pulmonalis) түзеді.
Өрімнен шыққан нерв талшықтары өкпе тіндері, қан
тамырлары және бронхтардың тармақтары бойымен таралады
26. Өкпеқап
Өкпеқап, рleura – екі жапырақшадан тұратынтұйық сірлі қапшық: •Париеталды жапырақша
(pleura parietalis).
•Висцералды жапырақша
(pleura visceralis). Висцералды өкпеқап өкпені
қаптайды, өкпе паренхимасымен тығыз бірігіп,
барлық өкпе саңылауларына өтеді және өкпе
үлестерін бір-бірінен бөледі. •Өкпе түбірінде
(radix pulmonis) висцералды өкпеқап
париеталды өкпеқапқа өтеді. Париеталды
өкпеқап кеуде қуысының қабырғасын
қаптайды.
•Париеталды өкпеқап келесі
бөліктерге бөлінеді: •Қабырғалық өкпеқап
(pleura costalis) – қабырғалардың ішкі бетін және
қабырғааралық кеңістіктерді жабады.
•Медиастиналды өкпеқап (pleura
mediastinalis) – ортаңғы көкірекаралықтағы
(mediastinum) ағзалармен бітісіп кетеді.
•Көкеттік өкпеқап (pleura
diaphragmatica) – көкетті (диафрагманы)
27. Плевра Өкпеқап
Өкпеқап және өкпенің шекараларыЖоғарғы шекарасы:
•Алдынан – бұғана деңгейінен 1–2 см жоғары, ал I
қабырға үстінен 3–4 см жоғары орналасады.
•Артынан – VII мойын омыртқасының қылқанды
өсіндісі деңгейінде проекцияланады.
Артқы шекарасы:
•Омыртқа бағанасы бойымен II қабырға басынан
басталып, XI қабырға деңгейінде аяқталады.
Алдыңғы шекарасы:
•Оң жақта:
•Өкпе ұшынан бұғана үстінен төмен қарай articulatio
sternoclavicularis арқылы төстің тұтқасы мен денесінің
ортасына дейін өтеді.
•Осы жерден тік сызық бойымен VI қабырға деңгейіне
дейін түсіп, төменгі шекараға ауысады.
•Сол жақта:
•Өкпе ұшы бұғана үстінен төмен түсіп, articulatio
sternoclavicularis деңгейіне дейін жетеді.
•Одан кейін төстің тұтқасы мен денесінің қосылған
жеріне дейін түсіп, I қабырға шеміршегі деңгейіне дейін барады.
•Осы жерден шекара латералды және төмен қарай
жылжып, төс жиегіне параллель орналасып VI қабырға
шеміршегі деңгейінде төменгі шекараға өтеді.
28. Өкпеқаптың нервтенуі мен қандануы
Өкпеқаптың қанмен қамтамасыз етілуі жәненервтенуі
Қанмен қамтамасыз етілуі:
•Париеталды өкпеқап қанмен a. thoracica
interna, аа. intercostales, a. phrenicae superioris et
inferioris тармақтары арқылы қамтамасыз етіледі.
•Висцералды өкпеқап екі жақты қанмен
қамтамасыз етіледі, оған қан aa. bronchiales және
aa. pulmonales арқылы келеді.
Веналық ағысы:
•Веналық қан vv. bronchiales және vv.
pulmonales арқылы ағады.
Нервтенуі:
•Pleura n. phrenicus және nn. intercostales
арқылы нервтенеді.
29. Кеудеорталықтың жіктелуі
Базельдік жіктелу1. Алдыңғы көкірекаралық
Париждік жіктелуі
1. Жоғарғы көкірекаралық
2.Төмеңгі көкірекаралық
2. Артқы көкірекаралық
Алдыңғы ортаңғы артқы
30. Кеудеорталық
Ортаңғы кеудеорталық (көкірекаралық,mediastinum) – бұл кеуде қуысындағы
өмірлік маңызды ағзалар, май қабаты,
қан және лимфа тамырлары орналасқан
анатомиялық аймақ. Ол оң және сол
өкпеқап (плевра) қуыстарының арасында
орналасқан.Ортаңғы кеудеорталықтың
шекаралары
Алдынан – төс сүйегі;
Артынан – кеуде омыртқалары;
Бүйірінен – оң және сол
медиастиналды өкпеқаптар;
Жоғарыдан – кеуде қуысының
жоғарғы апертурасы (кіреберіс бөлігі);
Төменнен – көкет
(диафрагма).Ортаңғы кеудеорталықтың
құрылымын және жіктелуін білу
хирургияда, радиологияда және
терапияда маңызды рөл атқарады.
31.
Базельдік жіктеу фронтальды жазықтықбойынша өкпе түбірінің артқы бетімен
өтетін шартты сызық арқылы ортаңғы
кеудеорталықты алдыңғы және артқы
бөлімдерге бөледі. Алдыңғы ортаңғы
кеудеорталықта орналасқан құрылымдар:
1.
2.
Жүрек – жүрекқаппен қоршалған;
Тимус (айырша без) немесе оның
орнын басқан майлы тін;
3.
Қан тамырлары:
Жоғарғы қуыс вена;
Иық-бас венасы;
Сыңар
венаның соңғы бөлігі;
Өкпе
сабауы;
Өкпе артериялары мен
веналары;
Қолқаның
жоғарылаған бөлігі;
Қолқа
доғасы және оның тармақтары. 4.
Кеңірдек және негізгі бронхтар.
5.
Көкет нервтері.
6.
Лимфа түйіндері.Бұл жіктелу
анатомия мен медицинада ортаңғы
кеудеорталық құрылымдарын дәл
анықтау үшін қолданылады.
32. Париждік жіктелу
Қазіргі кезде кеудеорталықты шартты түрде екібөлікке бөледі:
1.
Жоғарғы
кеудеорталық
2.
Төменгі
кеудеорталық. Жоғарғы ортаңғы кеудеаралық
Орын:
Алдыңғы
шекара: төс тұтқасы мен оның денесінің қосылған
жерінен жүргізілген көлденең жазықтық.
Артқы шекара: IV және V кеуде
омыртқаларының аралығындағы шеміршек
деңгейі.Төменгі ортаңғы кеудеаралық
Орын:
Жоғарыдағы
көлденең жазықтықтан төмен орналасқан.
Төменгі ортаңғы
кеудеорталық үш бөлікке бөлінеді:
1.
Алдыңғы кеудеорталық
2.
Ортаңғы кеудеорталық
3.
Артқы кеудеорталық. Бұл жіктеу кеуде
қуысының анатомиясын түсінуде және
хирургиялық араласулар кезінде өте маңызды.
33. Жоғарғы көкірекаралық
Жоғарғы көкірекаралық (mediastinum superius)Mediastinum superius құрамына келесі құрылымдар
кіреді:
бөлігі
•Thymus
•Оң және сол vv. brachiocephalicae
•Жоғарғы қуысты вена (v. cava superior) жоғарғы
•Arcus aortae және одан шығатын тамырлар:
•Truncus brachiocephalicus
•A. carotis communis sinistra
•A. subclavia sinistra
•Trachea
•Өңештің (oesophagus) жоғарғы бөлігі
•Ductus thoracicus тиісті бөлімдері
•Оң және сол truncus sympathicus
•N. vagus және n. phrenicus
34. Алдыңғы кеудеорталық
Алдыңғы кеудеорталық(mediastinum anterius)
Mediastinum anterius – тар саңылау
түрінде орналасқан, sternum (төс)
мен қабырғалар аралығындағы
және pericardium (жүрекқаптың)
алдыңғы қабырғасына жанасатын
бөлім.
Оның құрамына кіреді:
•Шелмай (май тіні)
•Vasa thoracica interna (ішкі
кеуде тамырлары)
•Nodi lymphatici pericardiaci,
prepericardiaci et mediastinales
anteriores (жүрекқаптың, жүрекқап
алдының және алдыңғы
кеудеорталықтың лимфа түйіндері)
35. Ортаңғы кеудеорталық
Ортаңғы кеудеорталықтаpericardium пен оның ішінде
орналасқан cor және жүректен
шығатын ірі тамырлардың ішкі
бөліктері, bronchi principales,
arteriae pulmonales және venae
pulmonales, nervi phrenici
олардың жанындағы vasa
pericardiacophrenica, сондай-ақ
төменгі nodi lymphatici
tracheobronchiales және
бүйірлік nodi lymphatici
pericardiaci laterales
орналасқан.
36. Артқы кеудеорталық
Артқы кеудеорталықpericardium қабырғасымен
алдыңғы жағынан және
омыртқамен артқы жағынан
шектелген. Оған pars thoracica
aortae descendens, v. azygos, v.
hemiazygos, оң және сол
truncus sympathicus бөлімдері,
ішкі ағзалық нервтер, nervi
vagi, oesophagus, ductus
thoracicus, артқы nodi
lymphatici mediastinales және
омыртқа алдындағы лимфа
түйіндері жатады.
Медицина