4.92M
Категория: МедицинаМедицина

Көздің құрылысы, көру қызметі және көру гигиенасы

1.

КӨРУ МҮШЕЛЕРІ. КӨРУДІҢ МАҢЫЗЫ.
КӨРУ ҚЫЗМЕТІНІҢ БҰЗЫЛУЫ. КӨРУ
ГИГИЕНАСЫ
КӨЗ

2.

СЕЗІМ МҮШЕЛЕРІ
Адам үшін негізгі сезім мүшесіне көру жатады.
Қоршаған әлем туралы ақпараттардың басым
бөлігін көру арқылы қабылдаймыз. Екінші
орында есту мүшесі тұрады. Есту арқылы
ақпараттың 1/3-ін алсақ та, есту мүшесінің рөлі
зор. Адам үшін басқа сезім мүшелері де
маңызды болып табылады.

3.

КӨЗДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ
Оның сезімтал жасушалары — фоторецепторлар.
Ол заттардан шағылысқан жарықты
қабылдайды.Көздің құрамына қосымша бөліктері:
қабақ, қас, кірпік, жас безі, көз бұлшық еттері
және көз алмасы кіреді. Көз алмасы үш қабық пен
«оптикалық жүйеден» тұрады. Оптика деп жарықты
өткізетін және оны фокустайтын (шағылысқан
жарық сәулесін жинайтын) мөлдір құрылымды
айтады. Алдымен көз қабығын қарастырайық.

4.

КӨЗДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ
Шыны тәрізді дене
Ақ қабық
Кірпікшелі дене
Тамырлы қабық
Көз бұршағы
Торлы қабық
Нұрлы қабық
Қасаң қабық
Көру жүйкесі
Қан тамырлары

5.

Сыртқы қабық (ақ қабық)
Сыртқы қабық – тығыз дәнекер ұлпасынан
тұратын ақ қабық (склера).
Ол екі бөліктен тұрады:
1) Ақ қабық
Көзді қорғайды
Көз бұлшық еттері бекінеді
2) Қасаң қабық
Мөлдір
Жарықты өткізеді
Жарықты сындырады
Көзді ұсақ бөлшектерден қорғайды
Қасаң қабыққа тітіркендіргіш әсер етсе, жас бөлу
рефлексі іске қосылады.

6.

Ортаңғы қабық (тамырлы қабық)
Тамырлы қабық:
Көзді қоректік заттармен қамтамасыз етеді
Оттек жеткізеді
Қан тамырларына бай
Тамырлы қабықтың алдыңғы бөлігі —
нұрлы қабық (ирис).
Нұрлы қабық:
Көздің түсін анықтайды (қара, көк, қоңыр,
жасыл т.б.). Ортасында қарашық
орналасқан. Қарашық жарық мөлшерін
реттейді
Жарық аз болса – қарашық үлкейеді.
Жарық көп болса – қарашық кішірейеді.

7.

ІШКІ ҚАБЫҚ (ТОРЛЫ ҚАБЫҚ)
Торлы қабықта жарыққа сезімтал
рецепторлар орналасқан.
Жарық сәулесі түскен кезде жүйке
импульсі пайда болады.
Осы импульс көру жүйкесі арқылы миға
беріледі.
Мида бейне қалыптасады.

8.

Көздің оптикалық жүйесі
Оптикалық жүйесіне:алдыңғы камера,көз бұршағы, шыны тәрізді дене жатады.
Қасаң қабық пен нұрлы қабық арасында дөңес кеңістік- алдыңғы камера.Содан
көз сәл алға шығып тұрады, ол соққы кезінде ішкі бөліктерді сақтайды.Бұл кеңістік
сулы ылғалмен-мөлдір сұйықтыққа толы болады.Алдыңғы камера жарық
сәулелерін сындырмайды.Оларды өзгертпейді, күңгірт етпейді.Оның рөлі- пішін
беру және қорғау
Жарық қарашық арқылы өтіп көзбұршаққа түседі.Бұл- екінші оптикалық жүйе.Көзбұршақекі жағы дөңес линща.Ол жарық сәулелерін өткізіп қана қоймайды-оларлы
жинақтайды.Көзбұршақтың тағы да бір маңызды міндеті: ол аккомодацияны қамтамасыз
етеді.Қисықтығын өзгертіп, көзбұршақ әртүрлі қашықтықта орналасқан заттарды анық
көруге мүмкіндік береді.Көзбұршақ кірпік бұлшық етіне бекиді және оның жиырылуына
байланысты пішінін өзгертіп отырады.Жас өскен сайын кірпік бұлшық етін бекітетін
байламдар созылуы мүмкін, содан көзбұршақ эластикалығын жоғалтады да, көру
нашарлайды.

9.

Көзбұршақтан кейін үшінші
оптикалық жүйе- шыны тәрізді
дене.Бұл- мөлдір, қан тамырлары
жоқ, іркілдек зат. Құрылымы
бойынша тығыз желегеколлоидқа ұқсайды. Ол Күн
сәулесін өзгертпестен тор
қабыққа өткізеді.Оның қызметікөзді дөңгелек ету.

10.

Көрудің бұзылуы
Көру бұзылыстары көздің оптикалық жүйесінің немесе торлы қабықтың қызметінің өзгеруінен
пайда болады.
1) Жақыннан көргіштік - алыстағы заттар бұлыңғыр көрінеді.
Себебі: көз алмасы ұзарған немесе жарық тым күшті сынған, бейне торлы қабықтың алдына
түседі.Түзету: ойыс (шашыратқыш) линза.
2) Алыстан көргіштік - жақындағы заттар анық көрінбейді.Себебі: көз алмасы қысқа немесе
жарық әлсіз сынған.Бейне торлы қабықтың артына түседі.Түзету: дөңес (жинағыш) линза.
3)Астигматизм - касаң қабықтың тегіс болмауы.Заттардың бейнесі бұрмаланып көрінеді.Арнайы
цилиндрлік линзамен түзетіледі.
4) Дальтонизм - түстерді ажырата алмау.Тұқым қуалайды.Көбінесе қызыл мен жасылды ажырату
қиын болады.
5) Катаракта - көз бұршағының бұлдырауы.Көру біртіндеп нашарлайды.
6) Глаукома - көз ішіндегі қысымның жоғарылауы.Көру жүйкесін зақымдайды.Уақытында
емделмесе, соқырлыққа әкелуі мүмкін.

11.

Көру гигиенасы
Көруді сақтау үшін гигиеналық ережелерді сақтау өте маңызды.
Негізгі ережелер:
Кітапты 30–35 см қашықтықта оқу
Жарық жеткілікті және сол жақтан түсуі
керек
Көлікте, жатып оқымау
Компьютер, телефонды ұзақ қолданбау
Әр 20–30 минут сайын көзге демалыс
беру
Дұрыс тамақтану (А дәрумені)
Көзді жарақаттан қорғау
Көз дәрігеріне уақытында қаралу








12.

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ!!!
English     Русский Правила