Қалыпты қан мен лимфа Модуль 1: Қан өндіру жүйесі Қан жүйесі. Қанның атқаратын қызметтері.
Қан – ішкі орта сұйықтығы
Қанның негізгі функциялары
Физикалық көрсеткіштері
Қанның көлемі мен құрамы
Қан
Қанның физикалық-химиялық қасиеттері
Қан плазмасы белоктары
Альбуминдер функциялары
Фибриноген функциялары
Глобулиндер функциялары
Қанның физикалық - химиялық көрсеткіштері:
Гематокрит
Гематокритті анықтау
Гематокритті сан
ЭТЖ
Эритроциттер тұну жылдамдығы
Эритроциттер тұну жылдамдығы
Эритроциттер тұну жылдамдығы
ЗЕЙІН ҚОЙЫП ТЫҢДАҒАНДАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ !
1.06M
Категория: МедицинаМедицина

Қалыпты қан мен лимфа

1. Қалыпты қан мен лимфа Модуль 1: Қан өндіру жүйесі Қан жүйесі. Қанның атқаратын қызметтері.

• ЛҚалыптҚқққыққ
Лектор - қалыпты физиология кафедрасы
доценті Сайдахметова Айгүл Сайдахметовна.
semeymedicaluniversity
www.ssmu.kz SSMUofficial

2. Қан – ішкі орта сұйықтығы

3. Қанның негізгі функциялары

• Тасымалдау;
• Қорғаныс;
• Реттеу.

4.

5. Физикалық көрсеткіштері

• Түсті.
• Иісті.
• Салмақты.
• Тұзды.
• Тұтқыр.
• Осмостық қысымы бар.
• Онкотикалық қысымы бар.

6. Қанның көлемі мен құрамы

• Сау ересек адамның организмінде дене
салмағының шамамен 6 – 8 % қан алып
тұрады. Ол 4,5 – 6 л тең.
• Қан сұйық бөлімнен – плазмадан және онда
қалқып орналасқан қан жасушаларынан
тұрады. Олар:
эритроциттер (қанның қызыл түйіршіктері),
лейкоциттер (қанның ақ түйіршіктері) и
тромбоцитер (қан пластинкалары).

7. Қан

8. Қанның физикалық-химиялық қасиеттері

Қанның физикалықхимиялық қасиеттері
• Қанның салыстырмалы тығыздығы 1,058 пен
1,062 аралығында болады және негізінен
эритроциттер көлеміне тәуелді болады.
• Плазманың салыстырмалы тығыздығы 1,0291,032 аралығында және негізінен белоктар
концентрациясына тәуелді.
• Қанның тұтқырлығы сумен салыстырғанда 4,55,0 құрайды.
• Плазма тұтқырлығы 1,8-2,2 тең.
• Қанның осмостық қысымы – 7,6 атм.
• Қанның онкотикалық қысымы – 25-30 мм сын.
бағ.

9.

10. Қан плазмасы белоктары

Қан плазмасы белоктарын 3 топқа жіктейді:
• Альбуминдер
• Глобулиндер
• Фибриноген
• Қалыпты күйдегі қан плазмасының
құрамындағы альбуминдер көлемі 40-50 г/л
құрайды, глобулиндер 20-30 г/л, фибриноген –
2-4 г/л

11. Альбуминдер функциялары

• Қан плазмасының онкотикалық қысымын ұстап
тұрады.
• Организмдегі бос амин қышқылдарының қоры, олар
бұл белоктардың протеолитикалық ыдырауы нәтижесінде
түзіледі.
• Тасымалдау функциясы. Альбуминдер қан құрамында
көптеген заттарды тасымалдайды, әсіресе, суда жаман
еритіндер: бос май қышқылдары, майда еритін
витаминдер, стероидтар, кейбір иондар (Ca2+, Mg2+).
Кальцийді байланыстыратын альбумин молекуласында
кальцийтіркеуші орталық болады. Альбуминмен
байланысқан кешенді күйде көптеген дәрілік препараттар,
мысалы, ацетилсалицил қышқылы, пенициллин
тасымалданады.

12. Фибриноген функциялары

• Фибриндік ұйынды түзілуіне қатысу;
• Жарақат жазылуы жылдамдығына тікелей
әсер ету;
• Фибринолиз процесстерін реттеу;
• Ангиогенезге (жаңа қан тамырларын
синтездеуге) және жасушааралық әрекеттке
қатысу;
• Организмде қабыну кезінде қан мен
артериялар қабырғасына әсер ету.

13. Глобулиндер функциялары

• Тасымалдау. Липидтерді тасымалдайды, мұнда
липопротеиндік кешен түзеді. Бұл белоктар құрамында
қалқанша безі гормоны тироксинді тасымалдайтын
тироксин-байланыстырушы белок болады.
• Қан ұюы жүйесі мен комплемент жүйесі қызметіне
қатысады – мұнда кейбір қан ұютушы факторлар мен
комплемент жүйесі конпоненттері болады.
• Реттеуші функция. Кейбір a1-глобулиндік белоктар
фракциялары протеолитикалық ферменттердің эндогендік
ингибиторы болып саналады.
• Қорғаныс функциясы –гуморалды иммунитет
қамтамасыз етеді. Гамма-глобулиндерде негізінен
лимфалық ұлпалар мен РЭС жасушаларында синтеделетін
антиденелер – белоктар, сонымен қоса комплемент
жүйесінің компоненттері болады. Антиденелердің негізгі
функциялары – организмді бөгде агенттерден (бактериялар,
вирустар, бөгде белоктар) , яғни антигендерден қорғау.

14. Қанның физикалық - химиялық көрсеткіштері:

о
• Қан температурасы 37-40 С аралығында болады және ол
дене мүшесіндегі зат алмасуына тәуелді.
• рН қалыпты күйде 7,36 (артериялық қанда 7,4, веналық
қанда -7,34). Жасушалар мен ұлпаларда, құрамында
қышқыл өнімдердің болуына байланысты - 7,2-7,0
• Әлсіз сілтілі.
Бұл көрсеткішті тұрақты ұстап тұруға қатысатын –
буферлі жүйелер:
1. Гемоглобинді (ННв, КНв-әлсіз қышқыл);
2. Карбонатты(НСО3, NaHCO3);
3. Фосфатты(NaH2PO4-негіз, NaHPO4-қышқыл);
4. Қан белоктары.
• Ұюға бейім.
• Эритроциттері тұнуға бейім.

15. Гематокрит

• Қан плазмасы мен оның жасушалары арасында белгілі
бір көлемдік ара қатынас болады. Оны гематокрит
көмегімен анықтайды. Қанды центрифугадан өткізгенде
ауырлау келген қан элементтері орталықтан тебетін күш
есебінен айналу осінен тебіледі, ал оған жақын күйде
қан плазмасы орналасады. Осы әдіспен жасушалардың
үлесіне қанның 40-48 %. Ал плазма үлесіне 52-60 %
келетіндігі анықталған. Бұл ара қатынас гематокритті
сан деп аталады.
• Гематокритті санды практикалық әрекетте сипаттау
үшін қанның тығыз бөлігі көрсеткіші алынады.

16. Гематокритті анықтау

17. Гематокритті сан

Гематокриттің артуының негізгі себебі
болып қанның қызыл жасушаларының
санының көбеюі (жілік кемігіндегі
гиперпродукция) немесе олардың
пішінінің үлкеюі саналады, оның өзі
қосымша көлем тудырады. Мұндай
құбылыстарды қандай себептер
туындатуы мүмкін?

18. ЭТЖ

• Қан – суспензия, қан жасушалары плазмада
қалқыған күйде жүреді. Мұндай жағдай
эритроциттердің беткей қабатының
гидрофилділігімен және қан жасушаларының
теріс зарядты болып, бір бірін тебуімен үнемі
ұсталып тұрады.
• Егер оң зарядталған фибриноген, глобулиндердің
саны артып кететін қан жасушаларының теріс
заряді азаяды. Соның есебінен эритроциттер
өзара жабысып, тиындық бағандар түзеді.

19. Эритроциттер тұну жылдамдығы

• Қанның физикалық-химиялық қасиеттерінің
өзгерісін байқататын және бір сағат ішінде
арнайы пипеткада нитратты қоспадағы
эритроциттер тұнуы есебінен олардан босаған
плазма биіктігімен есептелетін көрсеткіш.
• Ересек және дені сау еркек адамда 6-12
мм/сағ, сау әйелдерде – 8-15 мм/сағ, егде тартқан
адамдарда жынысына қарамай – 15-20 мм/сағ тең
болады.

20. Эритроциттер тұну жылдамдығы

21. Эритроциттер тұну жылдамдығы

22. ЗЕЙІН ҚОЙЫП ТЫҢДАҒАНДАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ !

English     Русский Правила