№177 орта мектеп «Туған өлке табиғаты» бағыты 7 сынып оқушысы Амангелді Айшабибі Жетекшісі: Биология пәні мұғалімі Беримбаева
Туған өлкем – тамаша. Менің туған өлкем –Қызылорда облысы, Арал ауданына қарасты қасиетті Сексеуіл кенті.Сексеуіл – тарихы
Алдағы уақытта №177 орта мектебінің болашақ келбеті заманауи, жарық, білімге құштар ұрпаққа лайық бейнеде қалыптасады. Бұл –
Туған өлкем – кең байтақ даласымен, табиғатымен ерекше. Сол табиғаттың ең төзімді де қасиетті өсімдіктерінің бірі – сексеуіл.
Туған өлкені сүю –оны мақтан ету ғана емес,оның дамуына үлес қосу. Мен туған өлкемніңосылайша көркейіп,жаңарып, өркендеп келе
723.26K

Туған өлке табиғаты слайд (2)

1. №177 орта мектеп «Туған өлке табиғаты» бағыты 7 сынып оқушысы Амангелді Айшабибі Жетекшісі: Биология пәні мұғалімі Беримбаева

Фарида
Манзурханқызы
2026 жыл

2. Туған өлкем – тамаша. Менің туған өлкем –Қызылорда облысы, Арал ауданына қарасты қасиетті Сексеуіл кенті.Сексеуіл – тарихы

терең,тағдыры еңбекпен
өрілген,болашағы үмітке толы
мекен.Бұл өлке бір кездері
теміржолдың бойында бой көтеріп,
талай жанның тіршілігіне тірек
болған. Сексеуіл – маңдай термен
дамыған, еңбек адамдарының қолымен
көркейген кент.Уақыт алға
жылжыды. Заман өзгерді. Ал Сексеуіл
– жаңарудан жаңылмады. Бүгінде
туған өлкемжаңа тыныс алып
келеді.Ең алдымен, білім саласындағы
оң өзгерістерді ерекше атап өткім
келеді. Сексеуіл кентінде
мектептердің салынып жатқаны
әрбір тұрғынға үлкен үміт
сыйлайды.Бұл мектеп – келешекке
бастар жол, білімді, саналы ұрпақтың
ордасы болмақ.Тағы бір қуанышты
жаңалық – вокзалдың жаңаруы.
Вокзал – кенттің айнасы. Ол –
Сексеуілге келген әр қонақтың алғаш
көретін көрінісі. Жаңарған вокзал –
кенттің жаңарған келбеті, дамудың
айқын белгісі.

3. Алдағы уақытта №177 орта мектебінің болашақ келбеті заманауи, жарық, білімге құштар ұрпаққа лайық бейнеде қалыптасады. Бұл –

тек ғимарат емес,
бұл – ертеңгі ел
болашағын тәрбиелейтін
алтын ұя.
Сонымен
қатар,балабақшалардың
жаңаруы –жас ұрпаққа
деген қамқорлықтың
айқын көрінісі.Баланың
болашағы балабақшадан
басталатынын ескерсек,
бұл қадамның маңызы
өлшеусіз.
Бүгінгі Сексеуіл кеше мен
ертеңнің тоғысқан
тұсы.Кеше тарих, бүгін
даму ертең кемел
болашақ.

4. Туған өлкем – кең байтақ даласымен, табиғатымен ерекше. Сол табиғаттың ең төзімді де қасиетті өсімдіктерінің бірі – сексеуіл.

Сексеуіл – шөл мен
шөлейт аймақтың тірегі, даланың
тынысы іспетті.Бұл ағаш аптап
ыстыққа да, қақаған суыққа да
шыдамды. Тамыры жердің тереңіне
бойлап, ылғалды сақтайды. Сондықтан
сексеуіл өскен жерде құм көшпейді, жер
тозбайды. Ол – табиғатты қорғаушы,
шөлді ұстап тұрған жасыл
қалқан.Сексеуіл халқымыз үшін де аса
қадірлі. Ертеде оны отын ретінде
пайдаланған, жылуы ұзақ сақталатын
қасиетімен бағаланған. Бірақ бүгін біз
сексеуілді кесу емес, қорғау керектігін
жақсы білеміз. Өйткені ол – бір күнде,
бір жылда өсіп шығатын ағаш емес,
ондаған жыл қажет.Сексеуіл – туған
өлкемнің байлығы, табиғаттың
сабырлы күші. Оны аялау – туған жерді
аялау. Табиғатты қорғау арқылы біз
болашақ ұрпаққа аманат қалдырамыз.

5. Туған өлкені сүю –оны мақтан ету ғана емес,оның дамуына үлес қосу. Мен туған өлкемніңосылайша көркейіп,жаңарып, өркендеп келе

жатқанына
мақтанамын.Туған өлкем – тамаша!Себебі оның тарихы бар, бүгіні бар,
ең бастысы – жарқын болашағы бар!
English     Русский Правила