Похожие презентации:
презентация РИС -24.04.2026 (1)
1.
Факультет: Құқық және экономикаАвтордың аты-жөні, ғылыми дәрежесі, лауазымы: Жумагулов Тимур Байжуанович,
философия докторы(PhD), оқытушы-дәріскер.
Басылым атауы: «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ
САЛАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ» (монография)
Аннотация: Монография қазіргі цифрлық трансформация жағдайында Қазақстан
Республикасында жасанды интеллект саласын құқықтық қамтамасыз ету мәселелері
кешенді түрде қарастырылған. Сонымен қатар, жасанды интеллектті құқықтық реттеу
бағытындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына және шетел мемлекеттерінің
тәжірибесіне салыстырмалы-құқықтық талдау жүргізілген.
Монография
«Құқық»
саласындағы
оқытушыларға,
докторанттарға,
магистранттарға, студенттерге, сондай-ақ жасанды интеллект технологияларын құқықтық
реттеу мәселелерімен айналысатын мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне арналған.
2.
Факультет: Педагогика және психологияАвтордың аты-жөні, ғылыми дәрежесі, лауазымы: Абуханова Ажар Базарбаевна, философия
докторы (PhD), оқытушы-дәріскер.
Басылым атауы: «ПЕДАГОГТІҢ КӘСІБИЛІГІ: ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ТӘЖІРИБЕЛІК ДАМУ
ЖОЛДАРЫ» (монография)
Аннотация: Монографияда заманауи білім беру мазмұны жағдайында педагогтердің кәсібилігін
дамыту мәселелері жан-жақты қарастырылады. Еңбекте педагогтердің кәсібилігі ұғымының
шетелдік және отандық зерттеулердегі ғылыми-теориялық негіздері талданып, оның мәні мен
мазмұны айқындалады. Қазіргі білім беру жүйесіндегі өзгерістер мен беталыстардың педагог
кәсібилігінің дамуына ықпалы сараланып, педагогтердің кәсібилігін дамытудың әдіснамалық
тұғырлары мен тұжырымдамалары, кәсіби құзыреттіліктер жүйесі, психологиялық-педагогикалық
шарттары және құрылымдық-мазмұндық моделі ұсынылады. Еңбек теориялық тұжырымдармен
қатар, тәжірибелік маңызы бар ғылыми негізделген ұсыныстармен толықтырылған.
Аталған монография жоғары оқу орындарының оқытушыларына, педагогикалық мамандық
студенттері мен магистранттарға, білім беру ұйымдарының басшыларына, сондай-ақ білім беру
саласындағы зерттеушілер мен практик-педагогтерге арналған.
3.
Факультет: Права и экономикиАвтордың аты-жөні, ғылыми дәрежесі, лауазымы: Баймырзаева Мадина Каламбекқызы,
экономика ғылымдарының кандидаты, оқытушы-дәріскер.
Басылым атауы: «ЦИФРОВАЯ ЭКОНОМИКА: РАЗВИТИЕ ПЛАТЕЖНЫХ СИСТЕМ,
ЦИФРОВЫХ ДЕНЕГ И ЭЛЕКТРОННОГО ПРАВИТЕЛЬСТВА» (учебное пособие)
Аннотация: Аталған оқу құралының өзектілігі қазақстандық цифрлық экономика индустриясына
назар аударылуында және елдің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың бірінші кезектегі міндеті болып
табылуында. Цифрландыру дәстүрлі процестерді өзгертетін және бизнес пен қоғам үшін жаңа
мүмкіндіктер туғызатын көптеген элементтер мен технологияларды қамтиды: интернет-экономика,
индустрия 4.0 және блокчейн-технологияларды пайдалану. Оқу құралын жазудың мақсаты - цифрлық
ақшамен, криптовалюталармен ұштасқан салаларды толық қамтумен қаржы ғылымының пәндерін
зерделеудің тиімділігін арттыру. Оқу құралы тақырыптарының логикасы цифрлық экономика
саласындағы өнімнің немесе қызметтің әрбір түрін біртіндеп зерделеуге негізделген.
Оқу құралы экономикалық білім беру бағдарламалары бойынша білім алушыларға, сондайақ нарық, қаржы, бизнес және менеджмент саласында өзін-өзі даярлаумен айналысатындарға
арналған.
4.
Факультет: ГуманитарлықАвтордың аты-жөні, ғылыми дәрежесі, лауазымы: Имангазинов Муратбек
Мубыракханович, филология ғылымдарының докторы, профессор.
Басылым атауы: «АНТИКА ЖӘНЕ КӨНЕ ДӘУІРДЕГІ ӘДЕБИ ТЕРМИНДЕРДІҢ
АНЫҚТАМАЛЫҒЫ» (анықтамалық)
Аннотация: Анықтамалықтағы негізгі тұжырымдар орта, арнайы және жоғары оқу
орындарында «Шет ел әдебиеті тарихы» пәнін оқыту барысында тиімді пайдалануға
арналған. Сонымен қатар «Антика әдебиеті» курсының негізгі және қосымша
мазмұнын игеруде, арнайы курстар мен семинар сабақтарын ұйымдастыруда маңызды
әдістемелік негіз бола алады. Еңбек материалдары қазақ әдебиеті аясында қолданбалы
курстар өткізуге, оқу-әдістемелік құралдар әзірлеуге, сондай-ақ арнайы пәндер
бойынша тереңдетілген сабақтар жүргізуге кеңінен қолдануға мүмкіндік береді.
5.
Факультет: Педагогика және психологияАвтордың аты-жөні, ғылыми дәрежесі, лауазымы: Альмухамбетова Б.Ж. философия
докторы(PgD), оқытушы-дәріскер, Жексембаева Ж.Р. педагогика ғылымдарының кандидаты,
оқытушы-дәріскер,Токсанбаева Н.Б. педагогика ғылымдарының магистрі, оқытушы-дәріскер
Басылым атауы: «ГЕНДЕРЛІК ПСИХОЛОГИЯ» (монография)
Аннотация: Монографияда гендерлік психологияны зерттеудің теориялық және
практикалық аспектілері жан-жақты талданған. Онда гендерлік стереотиптер, бірегейлік, рөлдік
мінез-құлық және қақтығыстардың өзара байланысы, сондай-ақ отбасы, білім беру, адам
құқықтары
және
әлеуметтік
ортадағы
гендерлік
қатынастар
қарастырылған.
Монографиядағы қорытындылар педагогтар, психологтар, білім беру ұйымдарындағы
мамандар, сонымен қатар әлеуметтік және құқықтық салада гендерлік мәселелермен жұмыс
істейтін мамандарға практикалық көмек көрсетуге арналған. Монографияны «Педагогика және
психология», «Психология IP» білім беру бағдарламасының оқытушылары, студенттері және
магистранттары да қолдана алады.
6.
Факультет: Құқық және экономикаАвтордың аты-жөні, ғылыми дәрежесі, лауазымы: Бекежанов Даурен Нуржанович,
философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор (доцент), құқықтық пәндер
кафедрасының меңгерушісі.
Басылым атауы: «ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТІНІ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ» (монография)
Аннотация: Жасанды интеллектінің құқықтық түсінгі мен даму тарихы, ЖИ-тің қағидалары
мен түрлері, ЖИ-ті мемлекеттік басқару мен енгізу, ЖИ-ті халықаралық құқықтық реттеу
мәселелері тақырыптар бойынша сабақтар нәтижесінде туындайтын қоғамдық қатынастардың
құқығы мен реттелуі жасанды интеллект технологияларын тәжірибеде дамыту және қолдану
мәселелеріне зерттеулер жүргізілген.
Монографияны құқық бағытты бойынша дайындайтын жоғары оқу орындарында
зияткерлік меншік құқығы, авторлық құқық, ақпараттық құқық, жасанды интеллектіні
құқықтық реттеу пәндерін оқытуда қолдануға болады. Монография құқықтану, халықаралық
құқық, құқық қорғау қызметі білім беру бағдарламасының студенттеріне, магистранттарына,
докторанттарына арналған.
7.
Факультет: Құқық және экономика факультетіАвтордың аты-жөні, ғылыми дәрежесі, лауазымы: Телеуев Ғалым Байгазиевич, философия
докторы PhD , оқытушы-дәріскер.
Басылым атауы: «LEGAL REGULATION OF USING AND DEVELOPING OF RENEWABLE
ENERGY SOURCES» (Сomparative analysis of legal acts and practices of the republic of kazakhstan and
foreign country) «ЖАҢАРТЫЛАТЫН ЭНЕРГИЯ КӨЗДЕРІН ПАЙДАЛАНУ МЕН ДАМЫТУДЫ
ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ» (монография)
Аннотация: Монографияда Қазақстан Республикасының «жасыл» экономикаға көшу жағдайында
жаңартылатын энергия көздерін пайдалану мен дамытуды құқықтық қамтамасыз етудің теориялық
және тәжірибелік негіздері, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану мен дамытудың мемлекеттікқұқықтық тетігі қарастырылған, сондай-ақ осы саладағы ұлттық заңнаманы жетілдіру бойынша
ұсынымдар мен қорытындылар берілген. Сонымен қатар, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану
мен дамыту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттердің заңнамасы
мен тәжірибесіне салыстырмалы талдау жасалған.
Монография «құқықтану» білім беру бағдарламасы бойынша мамандар дайындауда
қолдануға ұсынылады