Похожие презентации:
Ғылым және ғылыми зерттеулер. Ғылым және олардың жіктеулері. Ғылыми зерттеулер және олардың мәні
1.
Семей мемлекеттік медицина университетіҚоғамдық денсаулық кафедрасы
2.
Жоспар:1.Кіріспе
2.Ғылымның жіктелуі
3.Ғылыми зерттеулер және оның мәні.
4. Ғылыми және ғылыми-зерттеу
жұмыстарының кезеңдері
5.Қорытынды
6.Пайдаланған әдебиет
3.
Кіріспе:Ғылым – бұл табиғат, қоғам және ойлау туралы жаңа білімдерді алуға
бағытталған зерттеу ортасы.
Қазіргі таңда, ғылымның дамуы ғылыми еңбек бөлінуі және бірігуімен,
ғылыми мекемелердің пайда болуымен, экспериментті және зертханалық
құралдармен тығыз байланысты. Еңбектің қоғамдық бөлінуі әсерінен ой
және дене еңбегінің арақатынасы анықталғаннан бері ғылым пайда
болды. Кәсіпорындарда ірі машиналар пайда болғалы ғылым
кәсіпорынның белсенді факторы бола бастады. Ғылыми-техникалық
революция тұрғысында ғылым түсінігі өзгерді, яғни ғылым техника
дамуынан кейін емес, керісінше материалдық өндірістің негізгі күші болып
табылады.
Қоғамдық өндіріске белсенді әрекет ете отырып, ғылым қоғамдық өмірдің
барлық саласын сипаттайды. Материалдық өндіріс, экономика, саясатта,
басқару ғылымы мен білім алуда ғылым қарқынды түрде дамуы керек.
Бүгінгі қоғамда барлық элементі мен салаларында ғылым мен техниканың
маңызы зор. Қазіргі таңда ғылым қоғамның дамушы күші болып
табылады. Дене және ой еңбегінің түрлері: медицина, транспорт,
байланыс, адамның күнделікті өмірінде ғылыми-техникалық прогресс
ерекше орын алады.
4.
Ғылымның жіктелуі – белгілі бір принциптерге сүйенгенөзара байланыстың анықтылығы мен осы байланыстың
логикалық қорытындысы.
Материалды өмірдің әр түрлі ғылыми объектлерді зерттеуіне
байланысты ғылым әр түрлі түрлерге бөлінеді.
Ғылым түрлерінің проблемасы – бұл ғылыми білім
құрылымының проблемасы. Қазіргі жағдайын, белсенді
дамуының тенденциясын дұрыс сипаттау үшін, тарихи
тұрғыдан қарастыру керек.
XVI-XVII ғасырлардан бері ғылым объектісі бойынша емес,
зерттеу бағытына қарай ерекшелінеді.
Мысалы, атом – физиканың да, химияның да объектісі
қызметін атқарады, сол сияқты молекула – химияның да,
физиканың да заты бола алады. Тірі организм
биологияның, химияның, физиканың және кибернетиканың
да заты бола алады.
5.
Техникалық ғылымдар техникалық объектідегі табиғи денемен
құбылысының
бағытталған
өзгерісі
туралы,
құрастырушы-техникалық сала әдістері туралы, қоғамдық
өндіріс жүйесіндегі техникалық объект функциялау
әдістері туралы білімнің ерекше жүйесі.
Ғылыми зерттеу институттары жүйесінде, жоғарғы оқу
орындарында,
кітапханада және
т.б.
құрылуына
байланысты ғылым әр түрлі түрлерге жіктеледі.
Жер туралы ғылым (геология, мұнай және газ кен орындарын іздеу және
барлау, ұңғыманы бұрғылау мен игеру технологиясы, мұнай және газ кен
орындарын игеру мен пайдалану, қазба байлықтардың теңіз кеніштерінде
игеру технологисы, мұнай газ құбырының пайдалануы мен құрылысы, т.б.)
6.
Физико-математикалық ғылымБиологиялық ғылым
Химиялық ғылым
Техникалық ғылым
Ауылшаруашылық ғылым
Философиялық ғылым
Педогогикалық ғылым
Экономикалық ғылым
Ғылым
салалары:
Фармацевттік ғылым
Өнертану
Заңды ғылым
Медициналық ғылым
Ветеринарлық ғылым
Архитектура
Социологиялық ғылым
Психологиялық ғылым
Саяси ғылым
Мәдениеттану
7.
Ғылыми зерттеулер мына түрлерге жіктеледі:1) қоғамдық өндіріске байланысы жағынан
2) қаржыландыру көздеріне байланысты
3) мақсатына байланысты
4) халық шаруашылығына қажеттілігіне байланысты
5) зерттеу ұзақтығына байланысты
Қоғамдық өндіріске байланысы жағынан
жұмыстар мына жұмыстарға жіктеледі:
• жаңа технологиялық үрдістер,
• машиналар,
• құрылыстар,
• өндірістің тиімділігінің артуы,
• еңбек шартының жақсаруы,
• жеке адамның тұлға болып дамуы және т. б.
ғылыми
8.
Қаржыландыру көздеріне байланысты ғылымизерттеулер:
мемлекеттік бюджетті
өндірісті-келісімдік
қаржыландырылмайтын
Мемлекеттік
бюджетті
ғылыми
зерттеулер
мемлекеттік
бюджет
есебінен
қаржыландырылады.
Өндірісті-келісімділік зерттеулері өндірісті келісімшарт негізінде тапсырыс беруші мекеме
қаржыландырылады.
Қаржыландырылмайтын
зерттеулер
келіссөз
туралы келісім-шарт негізінде орындалады.
9.
Ғылыми зерттеудің мақсатына байланысты 3 түрге бөлінеді:1) бастамалы
2) қолданбалы
3) өндірулер
Бастамалы зертеулер табиғаттың жаңа заңдары мен принциптерінің пайда
болуына негізделеді. Олардың мақсаты қоғамның ғылыми білімінің
артуына себепші болу. Мұндай зерттеулер белгілі және белгісіздік
шекарасында жүргізіледі.
Қолданбалы зерттеулер табиғат заңдарының жаңа тәсілдерін анықтаумен
және салаларда қолданысымен байланысты.
Мақсаты – адам кәсібінде практикасында бастамалы зерттеулер нәтижесінде
ғылыми білімнің қолданылуы. Қолданбалы зерттеулер нәтижесінде
ғылыми түсінік негізінде техникалық түсінік пайда болады. Қолданбалы
зерттеулер өз кезегінде 3 түрге жіктеледі:
1) іздеу
2) ғылыми зерттеу
3) жобалы-құрастырушылық жұмыстар
Іздеу жұмыстары объектіге әсер ететін факторларды қалыптастыруға, жаңа
технология мен техниканың пайда болуына бағытталған.Ғылыми-зерттеу
жұмыстары жаңа технология, зерттеу құрал-жабдықтарын қалыптастыру
мақсатында жүргізіледі.
Жобалы-құрастырушылық жұмыстар логикалық жобаны сипаттайтын
құрастырулардың пайда болуын қадағалайды.
10.
Ғылыми кадрларды даярлау және пайдалану жүйесіМагистратура
Аспирантура
Докторантура
Диссертация қорғау
Квалификация өсіру
Стаждау
Ғылыми танымның әртүрлі әдістері мынадай деңгейлерге бөлінеді:
• Эмприкалық
• Эксперименттік теориялық
• Теориялық
• Метотеориялық
11.
Ғылымның қоғамдағы рөлі12.
13.
14.
15.
16.
Бізге қажеттінің бәрі өзіміздің басымызда.Теодор Рузвельт
№ 1 Жаднама
Зерттеу жұмыстары жалпы жүйесінің негізгі кезеңдері
- Проблеманың өзектілігі ( болашақ зерттеулерді анықтау, проблемаларды табу)
-Зерттеу саласын анықтау (негізі мәселелерді белгілеу);
- Зерттеу тақырыбын таңдау (зерттеу шеңберін белгілеу);
-Шешімге келу тәсілдерін анықтау, жүйелеу; (зертеу әдістерін таңлай);
-Зерттеу жүргізудің жүйелілігін анықтау ;
-Ақпараттар жинау, реттеу (алған білімдерін есепке алу.һ);
-Алған материалдарды жинақтау, талдау (белгілі әдіс – тәсілдерді қолдана
отырып материалдарды, жинақтау);
-Есеп беруге дайындау (негізгі түсініктерге анықтама беру, зерттеу нәтижесу
бойынша хабарлама дайындау);
-Баяндама (зерттеу нәтижелерін құрбылары алдында баяндау, сұрақтарға жауап
беру).
Зерттеу жүргізудегі ең маңызды нәрсе проблеманы көре білу болып табылады.
Проблема жай ғана мәселе деген сөз емес, problema cөзі ежелгі грек тілінде
“міндет”, “кедергі”, “қиындық” деген ұғымды білдіреді. Проблема теориялық
немесе практикалық болуы мүмкін Ол – белгілі бір қиыншылыққа тап болу.
Қиындықтан шығу зерттеуге бағытталған жан – жақты ізденісті талап етеді.
17.
Тақырып проблеманың сипатын ашып береді. Зерттеу тақырыбытүрліше болуы мүмкін. Ең бастысы , өзіне қызықты болуы мүмкін.
Тақырыпты таңдағаннан кейін болжам жасауға үйрену керек. Болжам
деген сөз – “hypothesis” – ежелгі грек тілінен аударғанда құбылыстар
арасындағы заңды байланыстар жөнінде негіздеме деген ұғымды білдіреді.
Болжам – бұл әлі айқындалмаған, логикалық дәлелденбеген және
тәжірибеден өтпеген білім. Болжам шындық та, жалған да болуы мүмкін
емес, ол тек ғана анықталмаған құбылыс. Егер болжам теорияға
айналмаса , жалғанға айналады. Болжамдағы басты талап нақты
материалдармен келісілуі тиіс.
Зерттеу объектісі-теория мен практикадағ байланыстар, қатынастар,
қасиеттер жиынтығы және ақпараттар зерттеудің қажетті қайнаркөзі
қызметін атқарады.
Зерттеу пәні нақтырақ. Ол жұмыстағы танысуға жататаын қатынастар
мен байланыстан тұрады, ғылыми ізденістің шекараын орнатады.
Бақылау – өте кең таралған және тиімді зерттеу әдісі. Бақылау әдісін
белгілі бір мақсатқа негізделген қабылдау түрі деп атайды. Ол
практикалық , танымдық міндеттерде бақылау зерттеу әдісі ретінде түрді
сипаттайды.
Эксперимент- зерттеу әдістерінің ең маңыздысы. “Эксперимент” деген
сөз латынша – “eхperimentum”, аудармасы “тәжірибе” деген ұғымды
білдіреді. Кез келген эксперимент тексері мен салыстыру мақсатында
қандай да бір практикалық әрекетті көздейді.
18.
Зерттеуші зерттеу жолдарын анықтағанда, алдымен,материалдар жинайды және төмендегі тәртіппен
жүйелейді:
Зерттеу нәтижелерін жүйелеу үшін
ізденудің кілті ретінде төмендегі сызба
жүйесін ұсынуға болады:
Мысалы, бағыт: тірі табиғат, білім
саласы - зоология.
1.Қайда тіршілік етеді?
2.Немен қоректенеді?
3.Негізгі ерекшеліктері: жануар типі,
класы, отряды, тұқымдасы, туысы, түрі.
4. Ең басты жаулары.
Немесе мынадай бағыт: Ұлы ойшылдар.
Қайраткер адамға жалпы сипаттама.
Қашан және қайда дүниеге келген.
Өскен ортасына сипаттама.
Қайда өмір сүрді?
Алғашқы қызметі.
Қызметіндегі негізгі жетістіктері.
Ол туралы еңбектер.
Замандастарының оған қатынасы.
Ол туралы қазір қандай пікірде. ?
1. Ойлау;
2. Өзіне өзі сұрақ қою;
3. Басқа адамнан сұрау;
4.Кітаптардан қарау;
5. Бақылау;
6.Эксперимент жүргізу;
7. Интернет жүйесін қарау;
8.Материалдар жинақтау;
9. Қорытынды жасау.
1.
2.
3.
4.
5.
6.
7.
8.
9.
19.
№ 2 ЖаднамаӘдебиеттермен жұмыс
№
Жұмыс кезеңдері
Кезеңдердің мазмұны
1
Жалпы танысу
Әдебиеттерге жалпы шолу.
2
Бөлімдер мен тарауларды оқып
шығу.
Мәтіннен маңызды жерін бөліп алу.
3
Таңдап алып оқу.
Мәтіннің маңыздыларын қайта оқу.
4
Оқыған материалдардан жоспар
құру.
Жоспарда негізгі ойлар қамтылуы тиіс.
5
Оқығандардан көшіріп жазу
Нақты және толық (цитата)
6
Оқыған материалдарды
басқалармен салыстыру.
Мәселені шешуде
айырмашылықтарын белгіленеді.
7
Оқығандар мен жазып алғандарға
сыни баға беру.
Шынайылығы мен нақтылығына
назар аударылады.
20.
№ 3 ЖаднамаҒылыми жұмыс мазмұнына қойылатын талаптар
Құрылымы
Мазмұнға қойылатын талаптар
Титуль беті
1) ҚРБҒМ. 2) ШҚО. 3) Бағыты: 4) Секция: 5) Тақырыбы 6) Жұмысты орындаған
7) Ғылыми жетекші 8) Жетекшісі 9) Қала, жыл
Аннотация
1) Орыс немесе қазақ тілінде
2) Ағылшын тілінде
3) 250 сөзге дейін
4) Жұмыстың қысқаша мазмұны мен зерттеудің мақсатын көрсетеді
5) Гипотеза, кезеңдері, зерттеу болжамы, мақсаты, міндеттері, зерттеу объектісі, жаңалығы, өзінің
қосқан үлесі, жұмысының нәтижесі, қорытындысы және практикалық қолданылуы
Мазмұны
I. Кіріспе
II. Зерттеу бөлімі
III. Қорытынды
IV. Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе (2 беттен кем
болмауы тиіс)
1. Өзектілігі
2. Мақсаты
3. Міндеттері
4. Алға қойылған міндеттерге жету жолдарын көрсету
Негізгі бөлім (15беттен
кем болмауы тиіс)
Тақырып бойынша шолу жасалады
Міндеттерге жету әдістерін көрсетеді
Талдау арқылы дәлелдейді
Жеткен жетістіктерін көрсетеді
Көрнекілік материалдарын қосады ( кескіндер, графиктер,фотосуреттер т.б.)
Қорытынды
1 беттен аспауы керек
Жұмыстың негізгі жеткен жетістіктері. Қорытындысы . Ғылыми және практикалық қолданыстары
туралы ұсыныстар
Әдебиеттер тізімі
Сілтеме тік жақшада жазылады.Әдебиеттердің орналасуы жазылған белгілеуге байланысты болу
керек
Реті: аты-жөні, кітаптың, журналдың аты, шыққан орны мен баспасы, жылы, шығу нөмірі, беттері
21.
Жобаның жазуына қойылатын талаптар:1)
2)
3)
4)
5)
6)
Шрифтің мөлшері-14
Times New Roman
Сол жақ шеті - 3 см
Жоғары және төмен жақтары-2см
Төменгі шеті-1 см
Әр жолдың арасы 1,5
22.
№ 4 ЖаднамаЗерттеу жұмыстарының түрлері
Түрі
Құрылымы
Баяндама
Кіріспедегі қысқаша ескертпелер.
Тақырыптың ғылыми-практикалық құндылығы .
Негізделген ғылыми ұсыныс тақырыбының мәні.
Қорытынды және ұсыныстар.
Тезистер
Баяндаманың негізгі мазмұны.
Негізгі ұсыныстар мен қорытынды
Ғылыми мақала
Тақырыбы;
Кіріспедегі ескерпелер;
Зерттеу әдістемесі жөнінде қысқаша мәлімет;
Ғылым нәтижелерге талдау және оларды қорыту;
Ұсыныстар мен қорытынды;
Сілтеме жасалған әдебиеттерді көрсету;
Ғылыми есеп
Ғылыми жұмыстың біткен кезеңінің жоспары мен бағдарламасын қысқаша баяндау;
Жүргізілген жұмыстың құндылығы, практика мен ғылымдағы мәні;
Қолданылған әдіс – тәсілдерге нақты сипаттама;
Жаңа ғылыми нәтижелерді баяндау;
Шешуші мәселеге жауап беретін зерттеу нәтижелерін қорыту;
Ұсыныстар мен қорытынды;
Реферат
Кіріспе бөлімі;
Негізгі мәтін;
Қорытынды бөлім;
Әдебиеттер тізімі;
Ғылыми жоба
Кіріспе бөлімі;
Негізгі мәтін;
Эксперимент нәтижесі;
Қорытынды бөлімі;
Әдебиеттер тізімі;
23.
Зерттеу жұмыстарын бағалау критерийлері.Параметр
Шығармашылық
қабілеті
Ғылыми ойлау
Зерттеу
дағдыларын
қолдану
әдістерінің
тиімділігі
Тақырыптың
ашылу деңгейі
Сөйлеу шеберлігі,
материалдың
жеткіліктілігі
Топ мүшелерін
Негізделген бағалар
Егер автор (лар) жаңа ғылым жолдарды табуда шығармашылық қабілет танытса, онда жеке жоба үшін 25-30 балл, ал
топпен орындалған жобаға 20-25 балл қойылады. Егер жаңа тәсілдерге талдау жасауға шығармашылық қабілеті жетіп
жатса, онда жеке жоба үшін 20-25 балл, ал топтық жобаға 15-20 бал қойылады. 10-20 мен 10-15 балл мәліметтерді
жеткізу шығармашылық қабілетіне қойылады. 10-ға дейінгі баллдар жоба рефераттық сипатта болған жағдайда
беріледі.
-Жұмыстың нақтылығы мен қажеттілігіне қарай;
-Күтілген нәтижесінің құндылығына қарай;
-Нақты жоспары мен міндеттеріне қарай;
-Автордың зерттеу кезеңдеріндегі көрегенділігіне қарай;
-Автордың түсінігіне қарай;
-Келесі зерттеу кезеңдеріңдегі автордың идеясына қарай;
-Ғылыми әдебиеттерге жасалған сілтемелеріне қарай;
-Жұмыстың мақсатына қарай;
-Зерттеу нәтижесінің қажеттілігіне қарай;
-Нәтижесінің жүзеге асырылуына қарай.
Егер автор жұмыс барысында қазіргі заманғы техникаларды қолдана отырып , жаңа нәтижелер алуда тиімді тәсілдер
көрсете білсе, онда жеке жобаға 15 балл, топтық жобаға 12 балл қойылады.
Бұл мынадай негізгі параметр бойынша қойылады:
- Жұмыс жоспарланған сатыларда орындалды ма?
-Шешілетін мәселе толық қамтылды ма?
-Жеке эксперимент қорытындысы негізделген бе?
-Материал жобада толық қамтылды ма?
-Автор мәселенің басқа шешу жолын біле ме?
Балдар мынадай критерийлер бойынша қойылады:
Автордың баяндау тәсілі;
Материалдың толықтығы;
Жобаның негізгі сәттерін көрсете білуі
Жобада пайдаланылған эксперимент материалдарының жеткіліктілігі.
Стенд материалының құндылығы
Баға мынадай критерийлерді басшылыққа алады:
Әрбір қатысушы міндеттерінің айқындылығы;
24.
Қорытынды:Ғылым - тәжірибе жүзінде анықталған нақты
дәлелдемелер мен логикалық заңдарға сүйенетін
қорытындылардың негізінде білім әлемін жасайды. Бұл
әлемнің субъективті элементі болып саналатын
адамзатқа, оның игілікті бағдарына шамалы ғана рөл
бөлінеді (бұл үшін өнер, мораль, дін бар). Сондықтан бірбірін толықтыра отырып, мәдениеттің бұл құрамдас
бөліктері табиғат пен адамзат арасында
байланыстырушы тізбек болып саналады. Сөз жоқ,
ғылым - адамзат мәдениетінің орасан зор жетістігі болып
саналады. Ол адамзат өмірін ұрпақтан-ұрпаққа
жеңілдетіп, тәуелсіз етеді және материалдық, рухани
байлықтың негізіне айналады.
25.
Пайдаланған әдебиет:1. Кожухар В.М. Основы научных исследований - М.:
Дашков и Ко, 2015.-216с.
2. Болдин А.П., Максимов В.А. Основы научных
исследований - М.: Академия, 2012г.-336.
3. Кузнецов И.Н.Основы научных исследований - М.,
2013-284с.
4. Основы научных исследований / Герасимов Б.И.,
Злобина Н.В. , Дробышева В.В., Нижегородов Е.В.,
Терехова Г.И. –М.: Изд. Форум, 2011 – 272с.