Похожие презентации:
В.И. Вернадскийдің биосфера және ноосфера туралы ілімі
1.
Тақырыбы: В.И.Вернадскийдіңбиосфера – ноосфералық
концепциясы. (В.И.Вернадскийдің
биосфера және ноосфера туралы ілімі).
2. Жоспар:
1. В.И.Вернадскийдің биосфера туралы ілімі2. Биосфера құрылымы. Қасиеті мен қызметі
3. Геологиялық (үлкен) зат айналымы
4. Биологиялық (кіші ) зат айналымы
5. Биогеохимиялық (циклдар) зат айналымы
4. Биосфера эволюциясы
5. Ноосфераның пайда болуы мен дамуы
3. Биосфера (грек тілінен аударғанда bios - өмір, sphaira – шар деген мағынаны білдіреді) – барлық тiрi организмдердi және осы
организмдермен үздiксiзалмасып тұратын планета заттарын жинақтаған Жердiң
ерекше қабаты.
• "Биосфера" терминiн ең алғаш ұсынған көрнектi австриялық
геолог – Э.Зюсс (1875 ж.). Ол биосфераны Жердiң ерекше
қабаты деп түсіндірді. Бірақ та биосфера туралы ілімнің
негізін салушы академик В.И.Вернадский болды, ол «тіршілік
аймағы » туралы түсінікті дамытты.
• Академик В.И.Вернадскийдiң биосфера мәселелерi жөнiндегi
негiзгi идеялары ХХ ғасырдың басында қалыптаса бастады.
Оның "Биосфера" атты еңбегi 1926 жылы жарыққа шықты.
• Биосфераның белгілі шекарасы бар, ол атмосфераның
төменгі бөлігін, литосфераның жоғарғы қабатын және барлық
гидросфераны алып жатыр.
4.
• Биосфера ұғымы - ғылымға кездейсоқберілген. 100 жылдан астам уақыт бұрын,
1875 ж Австриялық биолог Эдуард өзінің
Альпі тауларының шығу тарихы туралы
кітабының ең жалпылама тарауында жер
шарының әр түрлі қабаттарының жолында
баяндаған кезде осы терминді алғаш рет
қолданды1926 жылы орыс минералогы
Вернадскийдің екінші лекциясы жарыққа
шықты. Сол лекцияда ол Зюзстың еңбегінен
кейін 50 жылдан соң біз осы күнге шейін
мойындап жүрген биосфера концепциясын
тұжырымдады. Биосфера ретінде
Вернадский жер қыртысының бүкіл
геологиялық тарихы бойында тірі
организмдер әсеріне ұшыраған барлық
қабаттарды түсіндірді.
5. Биосферада тіршілік қалай пайда болды
• Идеалистік ағымның ішіндегі ең ықпалды дегенівиталистер табиғаттағы барлық тірі организмдердеерекше тіршілік күші (жаны-vis vitalis) бар деп дәлелдеді.
Ол құдайдың құдіретімен тірі организмдерге беріледі.
Осыған орай органикалық заттар бөлек жаралған
жанды дүние деп түсіндірді.
• Биология ғылымында витализм ең бір реакцияшыл ағым
еді. ХVІІ-ХVІІІ ғасырларда витализмді жақтаушы дәрігер
Георг Эрнст Шталь (1660-1734) болды. Виталистер
тіршілік күшін (құдайдың) материясыз ерекше
субстанция деп санады. Олар материяны әлемге
тәуелсіз деп түсіндірді. Виталистік концепцияны
жақтаушылар тіршілік күші құдайдың құдіретімен
жаралған деп есептеді.
6. В.И.Вернадский биосфераны организмдердің мекен ету ортасымен тіршілік ету аймағы деп қарастырады. Ол биосферада геологиялық
бір-бірімен байланысқан жеті әр түрлі құрылымынанықтады.
Тірі зат – планетаны мекендейтін тірі
организмдер. В.И.Вернадский: «Тiрi зат бiздiң планетадағы ең құдiреттi геохимиялық
күштердiн бiрi».
7.
Костық зат – тірі организмдердің әрекетіне байланыссызпроцестердің нәтижесінде түзілетін тірі емес денелер
(магматты және метаморфтық жыныстар).
Биогенді зат - тірі организмдердің әрекеттерінің
нәтижесінде түзілетін тірі емес денелер (кейбір тұнба
түзетін жыныстар: ізбестер, бор ж.б., сонымен бірге мұнай,
газ, тас көмір, атмосфералық оттегі ж.б.).
Биокостық зат – геологиялық процестер мен тірі
организмдердің бірге әрекет ету нәтижесінде түзілетін
биокостық денелер (топырақ, лай балшық, жер қыртысының
желденуі ж.б.).
8.
Радиоактивті зат - радиоактивті элементтердің атомдары (уран-238U, 235U; торий - 232Th; радий -226Ra; радон - 222Rn, 220Rn; калий 40K; рубидий - 87Rb; кальций - 48Ca; цирконий - 96Zr; берилий – 7Be,
10Be; көміртегі - 14C) және басқалар.
Ыдыраған атомдар – табиғатта ыдыраған күйде кездесетін
элементтердің жеке атомдары (микро- және
ультромикроэлементтер атомдары: Mn, Co, Zn, Cu, Au, Hg ж.б.).
Космостық табиғаты бар зат – космостан Жер бетіне түсетін
заттар (метеориттер, космостық шаң).
9. Зат айналым – Жер биосферасының құрамына кіретін заттардың, яғни атмосфера, гидросфера, литосферада жүретін процестерге
қатысуы.• Зат айналымы Жердің ішкі энергиясы мен Күннің сыртқы
энергиясының үздіксіз түсуінен жүреді.
• Қозғалыс күштеріне, белгілі шарттық үлесіне, ішкі зат айналымына
байланысты геологиялық, биологиялық және антропогендік
айналымдарға бөлуге болады. Жер бетінде адамның пайда болуына
дейін алғашқы екі айналым табиғатта жүрген (орындалған).
10.
• Биосферадағы тірі ағзалар биомассасының ең көп тараған аймағы құрлық пенмұхит бетінде, яғни литосфера мен атмосфераның, гидросфераның және
атмосфераның, литосфера мен гидросфераның түйіскен шекарасында
байқалады. Бұл жерлерде тіршілікке өте қолайлы жағдайлар:
• температура,
• ылғалдылық,
• оттегі,
• қоректенуіне қажетті заттар.
Үлкен – геологиялық – тірі және өлі табиғат атомдары арасындағы биогендік
миграция.
Кіші – биологиялық – тірі ағзалар атомдары арасындағы биогендік миграция.
Биосферадағы тірі ағзалардың ең көп шоғырланған аймағын Владимир
Иванович Вернадский «тіршіліктің беткі қаймағы» деп жазған.
11. Үлкен немесе геологиялық зат – тау жыныстарының түзілуінен, үгілуінен және бұзылған өнімдердің элементерінің басқа жерге
ауысыуымен байланысты. Бұлайналымды күн сәулесінің сіңірілуі,шағылуы, жылу өткізгіштігі,жылу сиымдылығы
атқарады.
• Эндогенді процесс (ішкі динамикалық процестер) Жердің ішкі энергиясының
әсерінен жүреді. Бұл энергия радиоактивті ыдыраудың, химиялық реакциялардың
нәтижесінде минералдардың түзілуі, тау жыныстарының кристалдануы ж.т.б.
арқасында бөлінеді. Эндогенді процестерге тектоникалық қозғалыстар, жер
сілкінісі, магматизм, метаморфизм жатады.
• Экзогенді процесс (сыртқы динамикалық процестер) Күннің сыртқы
энергиясының әсерінен жүреді. Экзогенді процесс тау жыныстары мен
минералдардың желденуі, бұзылған өнімдердің бір орыннан екінші орынға
тасымалдануы, бұзылған өнімдердің жиналуы мен сіңірілуі нәтижесінде тұнбалы
жыныстардың түзілуінен т.с.с. жұмсалады. Экзогенді процестерге атмосфераның,
гидросфераның (өзендердің, жер асты суларының, мұхиттардың, теңіздердің,
батпақтардың, мұздардың), сонымен бірге тірі организмдер мен адамдардың
геологиялық әрекеті жатады.
• Сонымен, эндогенді және экзогенді процестер бір–біріне қарама-қарсы
әрекет жасайды.
12. Биосфера негізінен үш қабаттан құралады. Олар: 1) атмосфера (газ күйіндегі): - тропосфера, -стратосфера -ионосферадан тұрады 2)
гидросфера (су)3) литосфера (қатты) қабаттар
• Атмосфера – жер шарын түгелдей орап тұрады. Ол гректің «atmos» - бу,
«sphaira» - (сфера) шар деген сөзден шыққан. Оның қалыңдығы 100
километрге дейін жетеді. Ауа қысымы сәл ғана азайса біздің көңіл
күйіміз төмендеп, тамыр соғу жиілейді, әлсіздік пайда болады. Ауа күн
сәулесінен келетін жарықты шашыратып, реттеп отырады. Егер ауа
қабаты болмаса сөйлеген сөзді де, шырқап салған әнді де, ағаштың
сыбдырын, құстардың дыбысын да біз ести алмаған болар едік.
13.
• Гидросфера - әртүрлі табиғи су қоймаларынан (мұхиттардан,теңіздерден, көлдерден, өзендерден) құралады. Бұлар
құрлықтың 70 пайызын алып жатыр. Гидросфераның көлемі 400
миллион шаршы км. Қазақстанда 48262 көл бар. Солардың ішіндегі
ең, үлкені-Каспий көлі (оны теңіз деп атайды). Ұзындығы 1200, ені
200-500 км.
• Су қаншама ластанса, соншама тазартуды қажет етеді. Оны
тазартуға қыруар мөлшерде қаржы кетеді. Өндіріс орындары
неғұрлым әртүрлі машиналар мен механизмдерді, өнеркәсіп
товарларын мол шығарса, солғұрлым су көп ластанады. Таза суға
қойылатын негізгі шарт-судың түсі көгілдір, мөлдір болу керек.
Сондай-ақ бөтен иіс-қоңыс, дәм болмауы қажет.
14.
• Литосфера – жердің қатты қабаты. Ол екі қабаттан құрылған. Үстінгі қабатыграниттен, оның қалыңдығы 10 - 40 км-ге дейін жетеді. Ал астыңғысы базальттан
тұрады. Минералды қабаттардан басқа, жерді тағы бір ерекше қабат-биосфера
қоршап тұрады. Қазақстан жерінің жалпы көлемі 2 721 991 мың гектар. Қазақстан
жері алты түрлі аймаққа бөлінеді.
• 1. далалық аймақ: егін егіледі, мал өсіріледі. Егіннен негізгі алынатын өнім-бидай.
Сүт және ет дайындау үшін ірі қара бағылады.
• 2. шөл далалық аймақ: егін мен мал шаруашылығы бар. Әсіресе қой өсіру кең
дамыған.
• 3. шөлейт далалық аймақ: қой, ірі қара малын өсіруге қолайлы, егіншілік көмекші
шаруашылық ретінде болады.
• -4. таулы, шөл, шөлейт аймақтың негізгі бағыты:қой шаруашылығын қарқынды
түрде дамыту.
• 5.Тянь-Шань тауларының көптеген жері, тау бөктерлері жатады.
15. Биосфера негізінен үш қабаттан құралады. Олар: 1) атмосфера (газ күйіндегі): - тропосфера, -стратосфера -ионосферадан тұрады 2)
гидросфера (су)3) литосфера (қатты) қабаттар
Тропосфера – грекше «tropos»(тропос)- бұрылыс «sphaira» (сфера) шар
қазақша өзгермелі қабат деген шағына береді. Ол атмосфераның жер бетіне
тікелей жайласқан төменгі тығыз қабаты.
Стратосфера – латынша «strafum»-(төсем), «sphaira»(сфера)-шар, теңіз
деңгейінен 9-11 км.жоғары жататын атмосфера қабаты. Мұнда ылғал жоқ.
Бұлтта болмайды.
Ионосфера – гректің «ion» (ион) қозғалғыш қабат деген сөзінен алынған.
Оның қалыңдығы 800 км-ге дейін жетеді. Бұл орта тропосфера сияқты
көбінесе оттегі мен азоттан құралады. Газдардың тек жекелеген
молекулалары, иондары мен атомдары ғана кездеседі.
16.
17. Биосфера эволюциясы - түрлердің, олардың арақатынастарының үздіксіз бір мезгілде өзгеріп, жойылып, екінші бір түрдің пайда
Биосфера эволюциясы - түрлердің, олардың арақатынастарының үздіксіз
бір мезгілде өзгеріп, жойылып, екінші бір түрдің пайда болуы.
Қазіргі биосфераның қалыптасуы – ғасырлар бойы орын алған эволюцияның
нәтижесі.
• Адам санасы мен ғылыми ойдың рөлін бағалай келе В.И.Вернадский мынадай
қортынды жасады:
• ғылыми шығармашылықтың дамуы адамның өзі тұратын биосфераны өзгертетін
күш болып табылады;
• биосфераның өзгерістері ғылыми ойдың өсуі мен қатар жүретін құбылыстар;
• биосфераның бұл өзгерістері адам еркінен тыс,табиғи процесс ретінде жүреді;
• тіршілік ортасы- биосфера планетасының ұйымдасқан қабықшысы
болғандықтан, оның геолрогиялық тарихына да өзгертудің жаңа факторыадамзаттың ғылыми жұмысының енуі биосфераның жаңа фазаға, жаңа күйгеноосфераға өтуі табиғи процесс.
18. Биосферадағы ерекшеліктер
• Біріншіден биосферада сұйық күйдегі судың мөлшері айтарлықтай көп.• Екіншіден, оған күн энергиясының тасқыны ықпал етеді.
• Үшіншіден, биосфера үшін сұйық, қатты және газ күйіндегі заттардың
бөліну беттерінің болуы.
• Жердегі табиғи энергия көзі күн болғандықтан, барлық тірі организмдер
жердің екі қабаты литосфера мен гидросфераның жоғарғы
қабаттарында таралған.
• Жер қабаттарының қай-қайсы болмасын күн сәулесін неғұрлым
жақсырақ өткізсе, соғұрлым тірі организмдер олардың тереңірек
қабаттарына дейін қоныстанған деуге болады.
19. Ноосфера- адамның парасатты тіршілігі оның дамуын қамтамасыз ететін негізгі фактор болып табылатын биосфераның жаңа жай-күйі.
• Ноосфера (грекше-noos – ақыл-ой, sphaira-шар).• Ноосфера ұғымын ғылымға 1927 жылы француз ғалымдары Э.Леруа мен
П.Т. Шарден енгізді. Олардың ұғымы бойынша ноосфера биосферадан да
жоғары деңгейдегі, бүкіл ғаламшарды қамтитын "ойлау қабығы".
• 1930-40 жылдары В.И.Вернадский «Ноосфера туралы бірер сөз» деген
мақаласын жарыққа шығарған. Ол ноосфераны биосфера
эволюциясының жаңа сапалы деңгейі, биосфера мен адам қоғамының
байланысында пайда болған деп қорытынды жасады.
• Соңғы жылдары биосфера эволюциясының ноосфералық стадиясын
зерттеу үшін антропогендік әсердің негізінде болатын болашақтағы
қоршаған ортаның жағдайын математикалық модельдеу әдістері
пайдалануда.
20.
21.
• Ноосфера - табиғат заңдылықтарыныңқоғамның ойлау заңдарымен және
әлеуметтік-экономикалық
заңдылықтармен тығыз байланысып
жататын біртұтастығын (бүтіндігін)
басқарушы жоғарғы тип. Ғылымитехникалық прогрестің қарқынды дамуы
бұрын игерілмеген жерлерді игеріп,
бұрын пайдаланылмай келген табиғат
байлықтарын пайдаға асырып қоймай,
ғарыш кеңістігін, ғаламшарларды
игеруге, ядролық қарулар жасауға
мүмкіндік берді.
Экология