№ 6 дәріс 1 Тақырыбы: Буын (силлабизм)
88.46K

фонетика 6 д__р¦с

1. № 6 дәріс 1 Тақырыбы: Буын (силлабизм)

2 Мақсаты:
1.Буынға тән белгілерді саралау;
2.Буынның түрлері жөніндегі пікірлерге шолу;
3.Қазақ тіліндегі буынның дыбыстық құрамына
тоқталу
3 Негізгі ұғымдар: екпін, тұйық, бітеу, ашық, құрамы,
буын саны сөз екпіні, тегеурінді екпін, әуезді екпін,
мөлшерлі екпін.

2.

Қазақ тіліндегі буынның маңызы ерекше
екені белгілі. Фонетикалық заңдардың
көпшілігі осы буынмен тікелей байланысты.
"Буын дегеніміз - фонациялық ауаның кілт
үзілуінің
не
кедергіге
ұшырауының
нәтижесінде пайда болатын жеке дыбыс не
дыбыстар тобы" /7; 43/. Буынға тән
мынандай басты белгілерді атауға болады:
❖ 1.буын болуы үшін құрамында дауысты
дыбыс болу керек;
❖ 2.казақ тілінің байырғы сөздерінде буын
не бірыңғай жуан , не бірыңғай жіңішке
болып келеді;
❖ 3.буында нақты мағына болмайды.

3.

Ә.Жүнісбек «Қазақ фонетикасы» деген
еңбегінде буынды:
1/ физиологиялық ұғым;
2/ тілдегі ең кіші айтылым бірлік;
3/ біртұтас айтылатын дыбыс немесе
дыбыстар тобы –деп саралай отырып, буынға
мынандай анықтама береді: «Сөйлеу үстінде
(сөз құрамында) өзара кірігіп, біртұтас болып
айтылатын (жасалатын) дыбыс тіркесін
(немесе дербес дауыстыны) буын дейміз.
Буын тілдегі әрі қарай бөлшектенбейтін ең
кіші жасалым (артикуляциялық) бірлік болып
табылады»

4.

Ә.Жүнісбек қазіргі қазақ тіліндегі буынды екіге бөліп
қарастыруды ұсынады:
1/ Буын құрылымының негізінде артикуляция жатады,
сондықтан артикуляциялық (физиологиялық) буынды
ақиқат буын деп атайды;
2/ буын құрылымының негізінде орфография жатады,
сондықтан орфографиялық (жасанды лингвистикалық)
буынды жалған буын деп атайды ( 4; 165). Ғалым ақиқат
буынды сөздің үндесім әуезі мен мағынасымен тікелей
қатысты қарастырса, жалған буынды, біріншіден, кірме
әріптердің төл сөздердің құрамындағы жазылымымен
байланыстырса (қиын, буын), екіншіден, сөз тіркестерінің
жазылым ережесімен байланыстырады (көгала, шекара).

5.

Қазақ
тіліндегі буынның түрлеріне келсек,
Қ.Жұбанов буынды 6-ға, Н.Сауранбаев 4-ке,
І.Кеңесбаев 3-ке, С.Мырзабеков 2-ге боледі.
Мектеп оқулыктарында буынды ашық буын,
тұйық буын, бітеу буын деп бөлу орын алған.
Фонетикаға байланысты шыққан еңбектердің
көпшілігінде буынның осы үш түрі көп
кездеседі.
2002
жылы
шыққан
"Қазақ
грамматикасында"
құрамындагы
дауысты,
дауыссыз дыбыстардың орын тәртібіне қарай
қазіргі қазақ тіліндегі буынның екі түрі бар деп
көрсетеді: 1/ ашық буын 2/ тұйық буын. Бұлай
бөлу буынның теориялық та, практикалық та
мәніне сай келеді деп есептейді.

6.

Осы
уақытқа дейін бітеу буын деп
қарастырылып келген буынымыз тұйық
буынның ішінде сөз болып, оларға мынандай
анықтама беріледі:
"Ашық буын дегеніміз - жеке дауыстыдан
тұратын немесе дауыссыздан басталып
дауыстыға бітетін буын, ал тұйық буын
дегеніміз - соңы дауыссызға аяқталатын
буын" /7; 49-51/. Соңғы анықтама жеке
қарастырылып жүрген тұйық буынға да,
бітеу буынға да келеді. Сондықтан тұйық
буын, бітеу буын деп жіктемей-ақ бір топқа
біріктірген әлдеқайда тиімді екені сөзсіз. Әрі
берілген анықтама екі түрінің де табиғатын
ашады.

7.

Ал
енді буынның дыбыстық құрамына
келсек,
зерттеушілер
қазіргі
қазақ
тіліндегі буынның дыбыстық құрамын 6ға дейін жеткізіп жұр. Әрине, бұл кірме
сөздер арқылы, ал казақтың төл
сөздерінде буынның дыбыстық құрамы 4ке ғана жетеді. Мәселен, бір дыбысты: «әке, а-на; екі дыбысты: қа-ла, са-на; үш
дыбысты: көз, бұл-бул ; төрт дыбысты:
сарт, қарт. Кірме сөздерде бес дыбысты:
спорт, пункт; алты дыбысты: спринт.

8.

Тұжырымдар:
1.Қазақ тілінің байырғы сөздерінде
буын не бірыңғай жуан не бірыңғай
жіңішке болып келеді.
2.Қазақ тілінде буынның екі түрі бар:
ашық буын, тұйық буын.

9.

Пайдаланылған әдебиет
1.Байтұрсынов А. Тіл тағылымы.-Алматы, 1992
2.Жұбанов
Қ. Қазақ тілі жөніндегі
зерттеулер.-Алматы, 1991
3.Кеңесбаев
I., Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі
/лексика, фонетика/.-Алматы, 1975
4.Қазақ грамматикасы.-Астана, 2002
5.Қазіргі қазақ тілі.-Алматы, 1954
6.Мырзабеков С. Қазақ тілінің фонетикасы.Алматы, 1993
7.Сауранбаев Н. Қазақ тіл білімінің
проблемалары.-Алматы, 1982
English     Русский Правила