Похожие презентации:
фонетика 5 д__р¦с
1. №5 дәріс 1 Тақырыбы: Дауыссыз дыбыстар (консонантизмдер)
Мақсаты:1. Дауыссыз дыбыстарға тән белгілерді саралау;
2. Дауыссыз дыбыстар жөніндегі пікірлерге шолу;
3.Дауыссыз дыбыстардың акустика-артикуляциялық
ерекшеліктеріне қарай түрлеріне тоқталу.
3 Негізгі ұғымдар: консонантизм, салдыр, дауыс қатысы,
айтылу жолы, айтылу орны
2.
Қазақ тілінде дауысты дыбыстарға қарағанда дауыссыздыбыстардың /консонантизмдердің/ саны әлдеқайда көп.
Фонетикага байланысты шыккан еңбектердің копшілігінде
дауыссыз дыбыстардың мынандай басты ерекшеліктері сөз
болады:
1.Дауыссыз дыбыстардың басым көпшілігі тамақ
қуысында дыбыс желбезегінің кедергісіне ұшырайды,
сондықтан олардың көбісінде үн болмайды.
2.Дауыссыз дыбыстарды айтқанда дауыс желбезегі кем
тербеледі не мүлдем тербелмейді.
3.Дауыссыз дыбыстар өз алдына жеке буын кұрамайды.
4.Қазақ тілінде дауыссыз дыбыстар екпін қабылдамайды.
5.Дауыссыз дыбыстар дауыстылар секілді дауыстап,
созып айтуға келмейді.
6.Дауыссыздардын ықпалы дауыстыларға қарағанда
әлсіз.
3.
5Қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстардың санына келетінболсақ, ғалымдар арасында түрлі пікірлерді кездестіруге
болады. А.Байтұрсыновтың «Тіл құралында» 17 дауыссыз
дыбыс берілген: б, п, т, ж, ш, д, р, з, с, г, қ, к, г, ң, л, м, н.
6 1954 жылы шыққан «Қазіргі қазақ тілінде», І.Кеңесбаев,
Ғ.Мұсабаевтың «Қазіргі қазақ тілі» деген оқулығында /1975/,
С.Мырзабековтің «Қазақ тілінің фонетикасы» деген
еңбегінде 25 дауыссыз дыбыс берілген: б, в, г, ғ, д, ж, з, й, к, л,
м, н, п, р, с, т, (у), һ, ф, х, ц, ч, ш, қ, ң. / щ жоқ/.
7 Жоғарыдағы І.Кеңесбаев, Ғ.Мұсабаев еңбегінде щ
дыбысын дауыссыздардың жалпы санына қоспаған, бірақ
дауыссыздарды дауыс қатысына қарай жіктеуде щ-ны қатаң
дауыссыздардың ішінде береді. Ал С.Мырзабеков щ-ны
мүлдем дауыссыздардың қатарына қоспайды. «щ - дыбыс
емес, әріп. Ол - ш дыбысының созылыңқы варианты» деген
пікірге келеді.
4.
Ал 1973 жылы шыққан К.Бейсенбаеваның «Қазіргіқазақ тілінің фонетикасы» деген оқулықта да 25
дауыссыз дыбыс берілген. Олар: б, п, в, ф, д, т, з, с, ж,
ш, щ, ч, ц, г, к, қ, ғ, м, н, ң, л, р, х, й, џ. Автор щ-ны
дауыссыздардың қатарында берген, бірақ удыбысын тек дауыстылардың қатарында береді.
Қ.Жұбанов еңбегінде дауыссыздардың қатарында
қарастырылып жүрген н, ң, л, р, һ дыбыстары
дауыстылардың қатарында қарастырылған, ал
дауыссыздардың жалпы санын 12 деп береді
/3;51/.
5.
2002жылы шыққан «Қазақ грамматикасында»
казақ тілінің төл дауыссыз дыбыстары ғана сөз
болады. Төл дауыссыз дыбыстар жүйесі 17
дыбыстан құралатынын айтады. Олар: б, д, ғ- г, ж, з,
й, қ-к, л, м, н, ң, п, р, с, т, у, ш. Дәстүр бойынша қ-к, ғ-г
дыбыстарының
жасалым
айырмашылықтары
ескеріліп, әрқайсысы жеке дыбыс ретінде
қарастырылып келе жатқаны белгілі. Ал бұл
еңбектің авторлары қ-к, ғ-г дыбыстарын "бір
дауыссыздың үндесім варианты" деп береді. Бұл
еңбекте орыс тілінен енген в, ф, х, ц, ч, сол сияқты
парсы тілінен енген һ дыбысы, дау туғызып жүрген
щ дыбысы мүлдем сөз болмайды. «Қазақ
грамматикасының» авторлары казақ тілінде 17
дауыссыз /к,г дыбыстарын қосқанда 19/ бар екенін
айтады.
6.
Қ-к, ғ-г дыбыстарына байланысты «Қазақ грамматикасындағы» пікірәлі де ойлануды қажет ететін секілді. Себебі:
1.Қазақ тілінде к және г дыбыстары жіңішке сөзде ғана кездеседі
және айтылу орнына қарай тіл ортасы фонемалары болып табылады.
Ал қ және ғ дыбыстары жуан дауыстыларымен тіркесіп
қолданылады әрі айтылу орнына қарай тіл арты фонемалары болып
табылады.
2.Айтылу жолына келсек, г- шұғыл дыбыс, ғ - ызың дыбыстардың
қатарына жатады.
3.Егер қ-к, ғ-г дыбыстарын бір дауыссыздың үндесім варианты
десек, онда қазақ тіліндегі ш-щ, н-ң, х-џ дауыссыздарын, а-ә, о-ө, ұ-ү
дауыстыларын да бір дыбыстың үндесім варианты деп қарастыру
керек болар еді. Осы тұрғыдан қарағанда бұл топтау әлі де ойлануды
қажет ететін секілді.
Әрі бұл еңбекте дауыстыларды, дауыссыздарды жіктеуде тек қазақ
тіліне тән төл дыбыстар есепке алынады. Кірме дыбыстар мүлдем
сөз болмаған. Ал бүгінгі күні сөздік қорымызда в, ф, х, ц, ч, һ
дыбыстарының қатысуымен жасалған қаншама сөздер ұшырасады.
Мәселен, һ дыбыс қазақ тілінде араб-иран тілдерінен енген біраз
сөздерде ұшырасады: қаһарман, қаһар т.б.
7.
Тілдің тарихын зерттеуші ғалымдар х дыбысы дақазақ тіліне жат емес деген пікірді айтады. Қазақ
тілінде х дыбысымен хат, хабар секілді қаншама
сөздер кездеседі. Сол сияқты «ч» дыбысын
М.Мелиоранский таза қазақ дыбыс деп есептеген.
Әрине қазіргі таңда ч дыбысының жиі
қолданылуы говорларға тән болып келеді.
«Қазақстан жерінің Тарбағатайдан бастап Семей
облысының оңтүстік, бүкіл Жетісу, Алатау өңіріне
дейінгі аймағында ш дыбысының орнына ч
дыбысы қолданылады».
8.
Жалпыжоғарыда берілген жайттар кірме
дыбыстарды да қарастырудың қажеттілігін
көрсетеді. Берілген пікірлерді негізге ала отырып,
қазақ тіліндегі дауыссыздардың жалпы санын
25 деп алып, оны тілдік ерекшеліктеріне қарай 2ге бөлген дұрыс секілді:
1 .Төл дауыссыздар /19/
2.Кірме дауыссыздар /6/.
9.
Қазақтіліндегі
дауыссыздарды
акустикаартикуляциялық ерекшеліктеріне қарай 3 топқа
бөліп қарастыруға болады /бұнда І.Кеңесбаев,
Ғ.Мұсабаевтың «Қазіргі қазақ тілі» еңбегіндегі
жіктелім кесте негізге алынды/:
І.Дауыстың қатысына қарай:
үнді: л, м, н, ң, р, й, у
ұяң:б, в, г, ғ, д, ж, з
қатаң: п, ф, к, қ, т, ш, с, х, џ, ң, ч
ІІ.Дауыстың айтылу жолына қарай /жасалу
тәсіліне қарай/:
Шұғыл /эксплозив/: п, б, м, т, д, к, г, қ, ц, ч, м, н, ң
Ызың /фрикатив/: ф, в, с, з, ш, ж, х, ғ, џ, л, й, у.
Діріл: р.
10.
ПІ. Айтылу орнына қарай :ерін /билабиаль/: п, б, м, у
тіс пен ерін /лабиальденталь/: ф,в,
тіс /денталь/: т, с, з, д, ц
тіл ұшы /альвеоляр/: н, л, ч
тіл алды/палаталь/: р, ш, ж, й
тіл ортасы /препалаталь/: к,г
тіл арты /веляр/: қ, ғ, ң, х
көмей /фарингаль/: һ
11.
Тұжырымдар:Дауыссыз дыбыстар - өкпеден шыққан
ауаның кедергіге ұшырауы негізінде пайда
болатын дыбыстар.
Қазіргі қазақ тіліндегі дауыссыз
дыбыстардың жалпы саны - 25.
Қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстардың
жіктелім кестесін былай топтауға болады: 1/
тілдік ерекшеліктеріне карай; 2/ дауыс
қатысына қарай; 3/ дауыстың айтылу жолына
қарай; 4/ дауыстың айтылу орынына қарай.
12.
Пайдаланылған әдебиет1.Байтұрсынов А. Тіл тағылымы.-Алматы, 1992
2.Бейсенбаева
К. Қазіргі қазақ тілінің
фонетикасы.-Алматы, 1973
3.Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер.Алматы, 1991
4.Кеңесбаев I., Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі
/лексика, фонетика/.- Алматы, 1975
5.Қазақ грамматикасы.-Астана, 2002
6.Қазіргі қазак тілі.-Алматы, 1954
7.Мырзабеков С. Қазақ тілінің фонетикасы.Алматы, 1993
Лингвистика