Похожие презентации:
Л1 Мемлекет теориясы зерттеу тәсілдері және құқықтық ойлау үшін маңызы (3)
1. Мемлекет теориясы
Лекция 1Мемлекет теориясы: зерттеу тәсілдері және құқықтық ойлау үшін
маңызы
Сабақтың негізгі сұрағы:
Мемлекет теориясы заңгерге мемлекет пен мемлекеттік құбылыстарды
ғылыми тұрғыдан зерттеуге қалай мүмкіндік береді?
2.
Лекция 1. Мемлекет теориясы: зерттеу тәсілдері жәнеқұқықтық ойлау үшін маңызы
Жоспар:
1. Мемлекет құқықтық таным объектісі ретінде.
2. Мемлекет теориясының пәні.
3. Мемлекетті зерттеу әдістері.
4. Мемлекет теориясының құқықтық ойлау үшін маңызы.
3.
Сабақтың мақсаты: студенттерге мемлекетті құқықтық таным объектісі ретінде түсіндіру,мемлекет теориясының пәнін анықтау, мемлекеттік құбылыстарды зерттеудің негізгі әдістерін
салыстыру және әдісті саналы таңдау дағдысын қалыптастыру.
Күтілетін нәтижелер. Сабақ соңында студенттер:
•мемлекетті күнделікті түсінік пен ғылыми-құқықтық таным объектісі ретінде ажыратады;
•мемлекет теориясының пәні мен объектісін түсіндіреді;
•мемлекетті зерттеудің негізгі әдістерін сипаттайды;
•бір мемлекеттік құбылысты бірнеше әдіспен талдайды;
•әр әдістің мүмкіндігі мен түсіндіру шегін анықтайды;
•фактіні, құқықтық норманы, ғылыми түсіндіруді және бағалауды ажыратады;
•құқықтық мәселені талдауға сәйкес әдісті негіздеп таңдайды.
Негізгі ұғымдар:
Мемлекет, мемлекеттік құбылыс, таным объектісі, ғылым пәні, әдіс, әдіснама, құқықтық ойлау,
жүйелік талдау, тарихи әдіс, салыстырмалы әдіс, формалды-құқықтық әдіс, әлеуметтанушылық әдіс,
функционалдық әдіс, кибернетикалық әдіс.
4.
1. Кіріспе диагностикалық белсенділік«Мемлекет дегенде нені көреміз?»
Қалада төтенше жағдай жарияланды. Әкімдік азаматтардың кейбір
қоғамдық орындарға кіруін уақытша шектеді. Полиция шектеудің орындалуын
бақылады. Мәслихат қабылданған шаралардың заңдылығы мен тиімділігі
туралы есеп талап етті. Азаматтардың бір тобы шектеу олардың құқықтарын
шамадан тыс шектейді деп сотқа жүгінді.
Жеке жұмыс
1. Бұл жағдаятта мемлекет қай әрекеттерден көрінеді?
2. Қандай мемлекеттік органдар қатысып отыр?
3. Қандай құқықтық мәселе туындауы мүмкін?
4. Мемлекеттің әрекетін бағалау үшін қандай ақпарат қажет?
5. Бір ғана заң мәтіні бұл жағдайды толық түсіндіре ала ма?
5.
Диагностикалық қорытындыБір оқиға әртүрлі сұрақ туғызады:
Зерттеу сұрағы
Құбылыстың қыры
Әкімдіктің өкілеттігі заңда бар ма?
Құқықтық
Неліктен дәл осындай шешім қабылданды?
Саяси
Шектеу азаматтарға қалай әсер етті?
Әлеуметтік
Органдардың өзара қатынасы қандай?
Институционалдық
Бұл орган қандай қызмет атқарады?
Функционалдық
Мұндай өкілеттік қалай қалыптасты?
Тарихи
Негізгі тұжырым: мемлекет тек мемлекеттік органдардың жиынтығы емес.
Ол — билік, құқық, институттар, қоғамдық қатынастар, қызметтер мен тарихи даму
үдерістерінен тұратын күрделі құбылыс.
6.
2. Мемлекет құқықтық таным объектісі ретінде2.1. Таным объектісі деген не?
Таным объектісі — зерттеушінің білуге, түсіндіруге және бағалауға бағытталған құбылысы.
Мемлекет заңгер үшін бірнеше қырдан көрінеді:
•билікті ұйымдастыру нысаны;
•құқықтық нормаларды қабылдайтын және орындайтын жүйе;
•қоғамды басқаратын институттар жиынтығы;
•адам құқықтарын қорғауға міндетті ұйым;
•жария билікті жүзеге асыратын субъект;
•қоғамдық мүдделерді үйлестіру механизмі;
•мәжбүрлеу аппаратын пайдаланатын құрылым;
•халықаралық құқық субъектісі.
Сондықтан мемлекетті тек «белгілі бір аумақтағы билік ұйымы» деп анықтау жеткіліксіз. Бұл
анықтама мемлекеттің негізгі белгілерін көрсеткенімен, оның қалай жұмыс істейтінін және азаматқа
қалай әсер ететінін толық түсіндірмейді.
7.
2.2. Мемлекеттің таным объектісі ретіндегі ерекшеліктеріБіріншіден, мемлекет — күрделі жүйе
Оған Президент; Парламент; Үкімет; соттар; прокуратура; жергілікті мемлекеттік органдар;
мемлекеттік қызмет; құқық қорғау органдары; мемлекеттік бюджет; құқықтық нормалар мен
рәсімдер кіреді.
Бұл элементтер жеке әрекет етпейді. Олардың арасында өкілеттік, бақылау, жауаптылық және өзара
іс-қимыл байланыстары болады.
Екіншіден, мемлекет — өзгермелі құбылыс
Мемлекеттің нысаны, функциялары және органдары тарихи жағдайға байланысты өзгереді.
Мысалы:
•абсолюттік монархиядан конституциялық монархияға өту;
•бір палаталы парламенттің екі палаталы парламентке айналуы;
•орталықтандырылған басқарудан жергілікті өзін-өзі басқаруға көшу;
•қағаз мемлекеттік қызметтердің цифрлық форматқа ауысуы.
8.
Үшіншіден, мемлекет — құқықтық және нақты құбылысКонституцияда мемлекеттік органның өкілеттігі бір түрде белгіленуі мүмкін.
Бірақ іс жүзінде оның ықпалы, ресурстары және басқа органдармен қатынасы
өзгеше болуы ықтимал.
Сондықтан зерттеуші:
•заңда не жазылғанын;
•институттың іс жүзінде қалай жұмыс істейтінін;
•оның азаматтарға қалай әсер ететінін бөлек қарастыруы керек.
Төртіншіден, мемлекет зерттеушінің өзіне де әсер етеді
Заңгер мемлекетті сырттан ғана бақыламайды. Ол мемлекеттік заңдармен өмір
сүреді, мемлекеттік білім беру жүйесінде оқиды, сотқа жүгінеді, салық
төлейді және мемлекеттік қызметтерді пайдаланады.
Бұл зерттеушіден өз көзқарасына сыни қарауды талап етеді.
9.
2.3. Мемлекет туралы білімнің деңгейлеріМемлекетті зерттеуде төрт деңгейді ажыратуға болады:
1. Факт — нақты болған оқиға немесе жағдай.
2. Құқықтық норма — міндетті мінез-құлық ережесі.
3. Ғылыми түсіндіру — факт пен норманың арасындағы байланысты түсіндіретін қорытынды.
4. Бағалау — құбылыстың әділеттілігі, тиімділігі немесе заңдылығы туралы пікір.
Мысал
Парламент Үкіметке сенімсіздік білдіру мәселесін қарады.
•Факт: мәселе Парламент отырысында қаралды.
•Норма: Конституция Парламенттің тиісті өкілеттігін белгілейді.
•Ғылыми түсіндіру: бұл өкілеттік парламенттік бақылаудың құралы болып саналады.
•Бағалау: бақылау механизмі тиімді немесе тиімсіз қолданылды деген пікір.
Заңгер осы төрт деңгейді шатастырмауға тиіс.
10.
Мемлекет теориясының пәні және оның мазмұны.Мемлекет теориясы – құқықтық жүйеге және мемлекеттің құрылысына
тікелей әсер ететін, мемлекет туралы ілімдердің барлық саласында
методологиялық (әдістемелік) маңызға ие фундаменталды (базалық) ғылым.
Оны терең меңгермей салалық құқықтық ғылымдарды, сондай-ақ профилдік
пәндерді дұрыстап игеру мүмкін емес.
Мемлекет теориясын меңгеру бірнеше мақсаттарға жетуді көздейді:
1. мемлекеттік-құқықтық құбылыстар жайлы жалпы теориялық білімдердің
кешенін игеру;
2. мемлекет пен құқықтың заңдылығын көрсететін негізгі категорияларды
білу;
3. жалпы теориялық білімдердің маңызын белгілеу, бұл келешектегі
тәжірибелік қызмет үшін қажет.
11.
Әрбір ғылымның өз зерттеу пәні болады. Ол дегеніміз осы ғылымныңобъективтік шындықты зерттеу аумағы алдын ала белгіленеді.
Мемлекет теориясының пәні - мемлекеттің пайда болуы, дамуы
мен қызмет етуінің жалпы заңдылықтары мен заң ғылымдарының
негізгі түсініктерінің жүйесі болып табылады.
Бұл жерде ерекше атап өтетін жайт, Мемлекет теориясы нақты бір
мемлекеттің емес, жалпы мемлекеттіліктің пайда болуы, дамуы мен
қызмет етуін, сонымен қатар, жалпы заң ғылымдарына тән құқық
нормасы, мемлекеттік құқықтық қатынас, мемлекет нысаны және т.б.
сияқты түсініктерді зерттейді.
12.
3.2. Мемлекет теориясы қандай сұрақтарға жауап береді?•Мемлекет не үшін пайда болды?
•Мемлекетті басқа қоғамдық ұйымдардан не ажыратады?
•Мемлекеттік билік немен негізделеді?
•Мемлекет қандай функциялар атқарады?
•Басқару нысандарының айырмашылығы қандай?
•Мемлекеттік аппарат қалай ұйымдастырылады?
•Биліктің заңдылығы мен легитимділігі қалай қалыптасады?
•Мемлекет құқықпен қалай шектеледі?
•Мемлекет пен азаматтық қоғамның арақатынасы қандай?
•Мемлекеттің сапасын қандай өлшемдермен бағалауға болады?
13.
3.3. Мемлекет теориясының ерекшелігіМемлекет теориясы:
•бір мемлекетті ғана зерттемейді;
•бір тарихи кезеңмен шектелмейді;
•жекелеген заң нормаларын ғана түсіндірмейді;
•әртүрлі мемлекеттерге ортақ ұғымдар мен заңдылықтарды анықтайды.
Салалық заң ғылымдарымен салыстыру
Мемлекет теориясы салалық заң ғылымдарына ортақ ұғымдық және әдіснамалық негіз береді.
Ғылым саласы
Негізгі сұрағы
Конституциялық құқық
Мемлекеттік билік Конституцияда қалай ұйымдастырылған?
Әкімшілік құқық
Атқарушы органдар қалай әрекет етеді?
Қылмыстық құқық
Қандай әрекет қылмыс және оның жазасы қандай?
Халықаралық құқық
Мемлекеттер арасындағы қатынас қалай реттеледі?
Мемлекет теориясы
Мемлекет деген не, ол не үшін және қандай заңдылықтар бойынша
жұмыс істейді?
14.
Мемлекет теориясы пәнін зерттеу үшін біз белгілі бір әдістәсілдерді қолданамыз.Ғылым әдісі - бұл пәнді түсінуге мүмкіндік беретін тәсілдер
мен бағыттардың жиынтығы.
Мемлекет теориясы өз пәнін зерттеу үшін көптеген әдістерді
қолданады. Олардың ішінен мыналарды ерекше атауға болады:
15.
1. Жалпы әдістер - ойлаудың кешенді қағидаларынкөрсететін философиялық, дүниетанымдық бағыттар. Оларға
мыналар жатады:
а) метафизика - ол мемлекетті мәңгілік және өзгермейтін
институттар ретінде қарастырады;
ә) диалектика - өз ішінде материалистік және идеалистік
болып бөлінеді.
16.
Материалистік диалектика - бұл құбылыстарды қоғамдағыәлеуметтік-экономикалық өзгерістермен, нақты айтқанда, жеке
меншіктің пайда болуымен және қоғамның таптарға бөлінуімен
байланыстырады, яғни, мемлекет нақты бір тарихи кезеңге сәйкес, бірбірімен байланыстылықта, даму барысында қарастырылады.
Идеалистік диалектика, өз кезегінде, объективтік және субъективтік
идеализм болып екіге бөлінеді.
Объективтік идеализм мемлекеттің пайда болу себептері мен өмір
сүру жағдайын Құдайдың күшімен, ал субъективтік идеализм адамның санасымен байланыстырады.
17.
2. Жалпы ғылыми әдістер - жалпы әдістер сияқты бүкіл ғылымитанымды толығымен қамтымайды, оның жекелеген кезеңдерінде ғана
қолданылады. Оларға мыналар жатады:
а) талдау - күрделі мемлекеттік-құқықтық құбылысты шартты түрде
жекелеген бөліктерге бөлу;
ә) синтез - құбылысты оның құрамдас бөліктерін шартты түрде
біріктіре отырып зерттеу;
б) жүйелік әдіс - объектінің тұтастығын ашуға, ондағы әртүрлі
байланыс түрлерін анықтауга бағыттайды. Негізгі сұрағы: бір элементтің
өзгеруі бүкіл жүйеге қалай әсер етеді?
в) функционалды әдіс - бір әлеуметтік құбылыстардың екіншілеріне
қатысты функцияларын анықтауға бағыттайды. Негізгі сұрағы: бұл
институт қандай қоғамдық міндетті орындайды?
18.
3. Жеке ғылыми әдістер - мемлекет теориясының техникалык,жаратылыстану және гумантарлық ғылымдардың ғылыми жетістіктерін
қабылдауы нәтижесінде пайда болатын әдістер. Оларға мыналар жатады:
а) нақты-әлеуметтанушылық әдіс - сұрау, бақылау, сұхбаттасу және т.б.
тәсілдердің көмегімен мемлекеттік-құқықтық саладағы субъектілердің іс
жүзіндегі жүріс-тұрысы туралы мәліметтер алуға мүмкіндік береді;
ә) статистикалық әдіс - нақты бір мемлекеттік-құқықтық құбылыстың
сандық көрсеткіштерін алуға мүмкіндік береді;
б) кибернетикалық әдіс - кибернетиканың түсініктері, зандары және
техникалық
құралдарының
жүйесі
арқылы
мемлекеттік-құқықтық
құбылыстарды тануға мүмкіндік береді.
в) тарихи әдіс - мемлекеттік институттардың пайда болуы мен өзгеруін
уақыт ішінде зерттейді. Негізгі сұрағы: бұл институт қалай қалыптасты?
19.
4. Жеке кұқықтық әдістер - тек заң ғылымдарына ғана тән болыпкеледі, оларға мыналар жатады:
а) формальды-құқықтық әдіс - заң түсініктерін, олардың белгілерін
анықтауға, түрлендіруді жүзеге асыруға, құқықтық ережелердің
мазмұнын түсіндіруге және т.б. мүмкіндік береді. Негізгі сұрағы: заңда
не жазылған?
ә) салыстырмалы-құқықтық әдіс - әртүрлі құқықтық жүйелердегі
мемлекет не олардың жекелеген элементтерін олардың жалпы және
арнайы қасиеттерін анықтау мақсатында салыстыруға мүмкіндік береді.
Негізгі сұрағы: ұқсастық пен айырмашылық неде?
20.
Практикалық жұмыс. «Бір мемлекеттік құбылыс — төрт зерттеу әдісі», AI-1Зерттеу объектісі: Конституциялық Сотқа азаматтардың тікелей жүгіну мүмкіндігі.
Студенттер төрт топқа бөлінеді.
1-топ: формалды-құқықтық әдіс
Тапсырма:
•азамат қандай жағдайда өтініш бере алады?
•Конституциялық Соттың өкілеттігі қандай?
•ол қандай мәселелерді қарамайды?
•шешімінің құқықтық күші қандай?
Күтілетін қорытынды: азаматтың конституциялық бақылауға қатысуының заңдық моделі анықталады.
2-топ: тарихи әдіс
Тапсырма:
•конституциялық бақылау институты қалай дамыды?
•Конституциялық Сот пен бұрынғы конституциялық бақылау модельдерінің айырмашылығы неде?
•азаматтың тікелей жүгіну құқығы қашан және не үшін енгізілді?
Күтілетін қорытынды: институттың қалыптасу логикасы түсіндіріледі.
21.
3-топ: нақты-әлеуметтанушылық әдісТапсырма:
•азаматтар Конституциялық Сотқа жүгіну мүмкіндігін біле ме?
•өтініш беру рәсімі қолжетімді ме?
•азаматтар қандай мәселелермен жиі жүгінеді?
•шешімдер құқықтарды қорғауға нақты әсер ете ме?
Күтілетін қорытынды: құқықтық институттың нақты қолжетімділігі бағаланады.
4-топ: жүйелік әдіс
Тапсырма:
•Конституциялық Сот азамат, сот, Парламент және Үкімет арасындағы қатынасқа
қалай әсер етеді?
•конституциялық емес норма анықталса, құқықтық жүйеде не өзгереді?
•бұл институт билікті бөлу жүйесінде қандай орын алады?
Күтілетін қорытынды: институттың бүкіл мемлекеттік механизмге әсері
анықталады.
22.
Топтардың жұмыс форматыӘр топ төмендегі кестені толтырады:
Талдау элементі
Қолданылған әдіс
Негізгі зерттеу сұрағы
Қажетті дереккөздер
Әдіс нені түсіндіреді?
Қандай қорытынды жасауға болады?
Әдіс нені түсіндіре алмайды?
Топтың жауабы
23.
7. P2P-талқылау: әдістің түсіндіру шектеріӘр топ өз қорытындысын басқа топқа береді. Қарсы топ төмендегі сұрақтар бойынша кері
байланыс ұсынады:
1. Таңдалған әдіс зерттеу сұрағына сәйкес пе?
2. Дереккөздер жеткілікті ме?
3. Қорытынды деректерден тікелей шыға ма?
4. Факт пен бағалау ажыратылған ба?
5. Әдіс қандай маңызды қырды қамтымай қалдырды?
6. Қандай қосымша әдіс талдауды күшейтер еді?
P2P кері байланыс формуласы
• Күшті жағы: бұл әдіс ... анықтауға мүмкіндік берді.
• Шектеуі: бұл әдіс ... туралы толық жауап бермейді.
• Толықтыру: талдауға ... әдісін қосу қажет.
• Сұрақ: берілген қорытындыны қандай дерекпен тексеруге болады?
Негізгі қағида
Әдістің шегін түсіну — оның әлсіздігін мойындау емес, ғылыми адалдықтың белгісі.
24.
8. Мемлекет теориясының құқықтық ойлау үшін маңызы8.1. Заңгер ұғымдарды дәл қолданады
Мемлекет теориясы заңгерге мына
ұғымдарды ажыратуға көмектеседі:
•мемлекет және мемлекеттік аппарат;
•билік және өкілеттік;
•заңдылық және легитимділік;
•мемлекеттік орган және лауазымды
тұлға;
•функция және құзырет;
•құқықтық норма және саяси шешім;
•басқару нысаны және саяси режим.
Ұғымдық дәлсіздік құқықтық
қорытындының қателесуіне әкеледі.
8.2. Құқықтық норманы кең
контексте түсіндіреді
Заңгер норманың мәтінін ғана
емес:
•қабылдану мақсатын;
•мемлекеттік жүйедегі орнын;
•басқа нормалармен байланысын;
•азаматқа ықпалын;
•қолдану салдарын бағалайды.
25.
8.3. Дұрыс зерттеу сұрағынқояды
Әлсіз сұрақ: Бұл мемлекеттік
орган жақсы жұмыс істей ме?
Нақты зерттеу сұрақтары:
• органның заңда белгіленген
өкілеттігі қандай?
• ол өкілеттігін қандай рәсіммен
жүзеге асырады?
• шешіміне кім бақылау жүргізеді?
• азамат оның шешіміне қалай
шағымданады?
• қызмет
нәтижесі
қандай
көрсеткіштермен өлшенеді?
8.4. Дереккөздерді ажыратады
Заңгер дереккөздердің мәртебесін ескеруі керек:
1. Конституция және нормативтік құқықтық
актілер.
2. Конституциялық Сот пен соттардың
шешімдері.
3. Мемлекеттік органдардың ресми құжаттары.
4. Ресми статистика.
5. Ғылыми зерттеулер.
6. Сараптамалық пікірлер.
7. БАҚ материалдары.
8. Әлеуметтік желідегі пікірлер.
9. ЖИ жасаған жауаптар.
ЖИ жауабы бастапқы құқықтық дереккөз
болып саналмайды!
26.
8.5. Нормативтік және нақтыталдауды ажыратады
Нормативтік
сұрақ:
заң
бойынша қалай болуы керек?
Эмпирикалық
сұрақ:
іс
жүзінде қалай болып жатыр?
Бағалау сұрағы: қалыптасқан
жағдай әділетті және тиімді ме?
Мысалы, мемлекеттік органның
заңда есепті деп көрсетілуі оның
іс жүзінде қоғамға тиімді есеп
беретінін
автоматты
түрде
білдірмейді.
8.6. Біржақты қорытындыдан сақтайды
Күрделі мемлекеттік құбылысты бір ғана
себеппен түсіндіру қауіпті.
Мысалы, мемлекеттік органның тиімділігі:
•өкілеттігіне;
•ресурстарына;
•кадрларына;
•құқықтық рәсімдерге;
•бақылауға;
•саяси ортаға;
•азаматтардың сеніміне тәуелді болуы
мүмкін.
27.
9. Құқықтық талдау алгоритміМемлекеттік құбылысты зерттегенде заңгер мына ретпен жұмыс істей алады:
1-қадам. Объектіні анықтау
Нақты не зерттеледі?
Мысалы: әкім, Парламент, мемлекеттік
қызмет, сайлау немесе конституциялық
бақылау.
2-қадам. Зерттеу сұрағын тұжырымдау
Қандай мәселені түсіндіру қажет?
3-қадам. Ұғымдарды анықтау
Негізгі терминдер қандай мағынада
қолданылады?
4-қадам. Әдісті таңдау
Қай әдіс қойылған сұраққа жауап береді?
5-қадам. Дереккөздерді анықтау
Қандай нормативтік, тарихи немесе
эмпирикалық материал қажет?
6-қадам. Факт пен норманы бөлу
Не болды және заңда не жазылған?
7-қадам. Байланыстарды түсіндіру
Құбылыстың себептері, функциялары және
салдары қандай?
8-қадам. Әдістің шегін көрсету
Таңдалған тәсіл қандай мәселеге жауап
бермейді?
9-қадам. Қорытындыны тексеру
Қорытынды дәлелдерден шыға ма? Балама
түсіндіру бар ма?
28.
10. ЖИ қолдануға арналған қысқа тапсырмаТапсырма
ЖИ көмегімен «Жергілікті әкімді тікелей сайлау мемлекеттік басқарудың есептілігін арттыра ма?»
деген сұрақты үш әдіспен талдаңыз: формалды-құқықтық; тарихи; әлеуметтанушылық.
Промт үлгісі
Жергілікті әкімді тікелей сайлауды формалды-құқықтық, тарихи және әлеуметтанушылық әдістермен
талда. Әр әдіс бойынша: негізгі зерттеу сұрағын, қажетті дереккөздерді, ықтимал қорытындыны және
әдістің түсіндіру шегін көрсет. Нақты құқықтық нормалар берілмесе, бап нөмірлерін ойдан шығарма.
Нормативтік тұжырым мен бағалауды ажырат.
ЖИ жауабын тексеру өлшемдері
•Үш әдіс дұрыс ажыратылған ба?
•Әр әдіске сәйкес зерттеу сұрағы қойылған ба?
•Құқықтық және эмпирикалық дереккөздер араластырылмаған ба?
•ЖИ ойдан шығарылған бап немесе статистика келтірмеген бе?
•Норма мен нақты тәжірибе ажыратылған ба?
•Әр әдістің шегі көрсетілген бе?
•Қорытынды бастапқы дереккөздермен тексерілген бе?
29.
ҚорытындыМемлекет теориясы заңгерге дайын саяси баға бермейді. Ол мемлекетті ғылыми тұрғыдан
зерттеуге арналған ұғымдар мен әдістер жүйесін ұсынады. Мемлекет бір уақытта:
•құқықтық институт;
•саяси билік ұйымы;
•әлеуметтік қатынастар жүйесі;
•тарихи даму нәтижесі;
•қоғамдық міндеттерді атқаратын механизм болып саналады.
Сондықтан оны бір ғана әдіспен толық түсіндіру мүмкін емес. Формалды-құқықтық әдіс
заңда не жазылғанын көрсетеді, тарихи әдіс институттың қалай қалыптасқанын түсіндіреді,
салыстырмалы әдіс балама модельдерді анықтайды, ал социологиялық әдіс норманың нақты өмірде
қалай жұмыс істейтінін бағалайды.
Негізгі формула: Сапалы құқықтық талдау = нақты сұрақ + дұрыс әдіс + сенімді дереккөз +
әдістің шегін түсіну + дәлелді қорытынды.
Мемлекет теориясының құқықтық ойлау үшін маңызы — заңгерді норманы жай
қайталаудан мемлекет пен мемлекеттік құбылыстарды жүйелі түрде түсіндіруге, салыстыруға,
тексеруге және негізді бағалауға үйретуінде.