МЕМЛЕКЕТ ТЕОРИЯСЫ
6.14M

Л3 Мемлекет және азаматтық қоғам өзара іс-қимыл және функциялар

1. МЕМЛЕКЕТ ТЕОРИЯСЫ

ЛЕКЦИЯ 3

2.

3.

3. Мемлекет және азаматтық қоғам: өзара әрекет және функциялар
Негізгі сұрақ
Мемлекет қоғаммен қалай өзара әрекеттеседі және қоғамдық қажеттіліктер өзгерген кезде оның
функциялары неге қайта қаралады?
Оқу нәтижелері. Сабақ соңында студент:
•азаматтық қоғамның мәнін және негізгі институттарын түсіндіреді;
•мемлекеттің қоғамның саяси жүйесіндегі орнын анықтайды;
•мемлекет функцияларын әртүрлі негіздер бойынша жіктейді;
•қоғамдық қажеттіліктер мен мемлекеттік функциялар арасындағы байланысты талдайды;
•мемлекеттік араласудың қажеттілігі мен шектерін бағалайды;
•мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы міндеттерді бөлу жөнінде дәлелді ұсыныс жасайды.
Негізгі ұғымдар:
Азаматтық қоғам, саяси жүйе, мемлекет функциялары, қоғамдық қажеттілік, жария мүдде, жария
міндет, мемлекеттік араласу, есептілік, қоғамдық бақылау, әлеуметтік әріптестік.

4.

5.

1. Азаматтық қоғам
1.1. Азаматтық қоғамның ұғымы
Азаматтық қоғам — адамдар мен олардың бірлестіктерінің мемлекеттен
салыстырмалы түрде тәуелсіз әрекет етуіне мүмкіндік беретін қоғамдық қатынастар мен
институттар жүйесі.
Әдебиеттерде кең мағынада азаматтық қоғам адам мен адамдар топтарының
мүдделерін қанағаттандыруға мүмкіндік беретін адамгершілік, діни, ұлттық, әлеуметтікэкономикалық, отбасылық қатынастар мен институттардың жиынтығы ретінде
қарастырылады.
Азаматтық қоғамның негізгі идеясы — адамның қоғамдық өмірдегі дербестігі.
Азамат өз қызметін өзі ұйымдастырып, басқа адамдармен ерікті түрде бірлеседі, жеке және
ортақ мүдделерін білдіреді әрі қорғайды.
Азаматтық қоғам мемлекеттен толық оқшауланбайды. Ол мемлекетпен өзара
әрекеттеседі, бірақ өзінің ішкі дербестігін сақтайды.

6.

Адам қоғамы қалай қалыптасты, оның себептері қандай - бұл туралы бір
қорытынды пікір жоқ. Бірақ бұл түсінікті ең бірінші ғылымға енгізген Адам
Смит, Давид Рикардо болды; оған саяси сипаттама берген – Гегель еді.
Дүниежүзілік ғылыми, саяси қайраткерлердің, ойшылдардың айтуынша,
«Қоғам саналы адамдардың ерікті түрде бірігіп өмір сүруі. Бұл бірігудің
негізгі себебі адамдардың бір мүдделігі, бір тілектестігі. Мұнсыз бірігу
мүмкін емес. Мүдде екі түрлі болады: жеке адамның мүддесі және
қоғамның мүддесі. Қоғам осы екі мүдде-мақсатты біріктіріп, дамытып
отырады. Осы объективтік даму процесінде адамдардың өзара
ынтымақтастығы қалыптасты. Сол арқылы жеке адамның қолынан
келмейтін, әлі жетпейтін істерді атқаруға мүмкіншілік туды».
К. Маркс қысқаша тұжырымдады: «Қоғам - адамдардың бірлесіп еңбек
етуінің одағы».

7.

Қоғамдық мүдде-мақсат, қоғамдық тілек уақытша емес, түпкілікті,
нақты, объективтік мағынада қалыптасуы керек. Сонда ғана қоғамның
жақсы дамуға, нығаюға мүмкіншілігі болады. Себебі қоғам - саналы
адамдардың ерікті түрде қалыптасқан одағы. Егер бұл одақ, бұл бірлік
еріксіз, озбырлық түрде ұйымдастырылса, ондай қоғам нәтижесіз тез
тарқап кетер еді.
«Адамдар өз тарихын өздері жасайды, - деп жазды Маркс, - бірақ олар
оны өз қалауынша жасай алмайды, қолындағы барды, бұрынғыдан қалған
мұраны қолдануға мәжбүр болады».

8.

1.2. Азаматтық қоғамның негізгі белгілері
Азаматтық қоғамға тән белгілер:
1. Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының қамтамасыз етілуі.
2. Қоғамның өзін-өзі басқару қабілеті.
3. Қоғамдық құрылымдар мен әлеуметтік топтардың көптүрлілігі.
4. Пікір алуандығы және еркін қалыптасатын қоғамдық пікір.
5. Ақпаратқа қол жеткізу мүмкіндігі.
6. Қоғамдық қатынастарда үйлестіру қағидатының басымдығы.
7. Меншік нысандарының және экономикалық қызмет түрлерінің көптүрлілігі.
8. Биліктің заңдылығы және демократиялық сипаты.
9. Құқықтық мемлекеттің болуы.
10.Адамның лайықты өмір сүруін қамтамасыз етуге бағытталған әлеуметтік саясат.
Мемлекеттік аппарат көбіне бағыныстылық қағидаты бойынша ұйымдастырылса, азаматтық
қоғам субъектілерінің қатынастары келісу, үйлестіру және еріктілік негізінде қалыптасады.

9.

1.3. Азаматтық қоғамның құрылымы
Азаматтық қоғам бірнеше өзара байланысты жүйеден тұрады.
Әлеуметтік жүйе
Оған:
• адам және отбасы;
• әлеуметтік топтар;
• кәсіптік одақтар;
• шығармашылық одақтар;
• қоғамдық және діни бірлестіктер;
• өзге де ерікті қауымдастықтар кіреді.
Экономикалық жүйе
Бұл меншік, еңбек, кәсіпкерлік, өндіріс, бөлу және айырбас
қатынастарының жиынтығы.
Оған жеке кәсіпкерлер, мемлекеттік емес ұйымдар, кәсіпорындар
және меншік иелері қатысады.

10.

Саяси жүйе
Бұл азаматтардың саяси мүдделерін білдіруіне және саяси өмірге қатысуына мүмкіндік
беретін қатынастар мен институттар.
Оған:
• саяси партиялар;
• қоғамдық қозғалыстар;
• мүдделер топтары;
• қысым топтары;
• азаматтық бастамалар жатады.
Рухани-мәдени жүйе
Бұл білім, ғылым, мәдениет, өнер, дін және тиісті қоғамдық институттар саласындағы
қатынастар.
Ақпараттық жүйе
Бұл адамдардың тікелей немесе бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ақпарат өндіруі,
таратуы және алмасуы барысында қалыптасатын қатынастар.

11.

Азаматтық қоғам институттарына саяси партиялар, жергiлiктi
қоғамдастықтар, кәсiптiк одақтар, дiни бiрлестiктер, шығармашылық,
қоғамдық және ғылыми одақтар мен бiрлестiктер, бұқаралық ақпарат
құралдары, сондай-ақ қоғам үшiн түрлi жұмыс пен қызмет көрсетулердiң
кең ауқымын iске асыратын, қызметтiң алуан түрiн жүзеге асыратын
мемлекеттiк емес қорлар, коммерциялық емес мекемелер, заңды
тұлғалар одақтары (қауымдастықтары), қоғамдық пайдалы мiндеттердi
шешетiн басқа да ұйымдар мен бастамашыл топтар түрiнде құрылған
мемлекеттiк емес ұйымдар жатады.

12.

Саяси партия - мемлекеттiк билiктiң, жергiлiктi өзiн-өзi басқарудың
өкiлеттi және атқарушы органдарында азаматтардың, түрлi әлеуметтiк
топтардың мүдделерiн бiлдiру және оларды қалыптастыруға қатысу мақсатында
олардың саяси ниетін бiлдiретiн Қазақстан Республикасы азаматтарының ерiктi
бiрлестiгi.
Кәсiптiк одақтар - азаматтардың өз кәсiптiк мүдделерiнiң ортақтығы
негiзiнде өз мүшелерiнiң еңбек ету, сондай-ақ басқа да әлеуметтiкэкономикалық құқықтары мен мүдделерiн бiлдiру және оларды қорғау, еңбек
жағдайларын жақсарту үшiн ерiктi түрде құратын дербес, тiркелген жеке
мүшелiгi бар қоғамдық бiрлестiктерi.
Дiни бiрлестiктер - жергiлiктi дiни бiрлестiктер (қауымдастықтар), дiни
басқармалар (орталықтар), сондай-ақ дiни оқу орындары мен ғибадатханалар.

13.

Бұқаралық ақпарат құралы - мерзiмдi баспасөз басылымы, радио- және
теледидар бағдарламасы, киноқұжаттама, дыбыс- бейне жазбасы және көпшiлiк қол
жеткiзе алатын телекоммуникациялық желiлердегi (интернет және басқалары) WEBсайттарды қоса алғанда, бұқаралық ақпаратты мерзiмдi немесе үздiксiз жария
таратудың басқа да нысаны.
Қоғамдық бiрлестiктер - саяси партиялар, кәсiптiк одақтар және азаматтардың
ортақ Мақсаттарға қол жеткiзуi үшін ерікті негізде құрылған, заңнамаға қайшы
келмейтiн басқа да бiрлестiктерi. Қоғамдық бiрлестiктер коммерциялық емес ұйымдар
болып табылады.
Yкiметтiк емес ұйым - ортақ мақсаттарға қол жеткiзу үшiн азаматтар және
(немесе) мемлекеттiк емес заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына
сәйкес ерiктi негiзде құрған коммерциялық емес ұйым (саяси партияларды, кәсiптiк
одақтарды және дiни бiрлестiктердi қоспағанда).

14.

Ұлттық-мәдени бiрлестiк - өзiн белгiлi бiр этникалық бiрлiкке
жатқызатын, өзiнiң этникалық ерекшелiгiн сақтау, тiлiн, бiлiмiн
және мәдениетiн дамыту мәселелерiн дербес шешу мақсатында
азаматтардың өздерi ерiктi өзiн-өзi ұйымдастыруы негiзiндегi
бiрлестiгi.
Жергiлiктi өзiн-өзi басқару - жергiлiктi маңызы бар мәселелердi
тiкелей немесе жергiлiктi өзiн-өзi басқарудың құрылатын
органдары (институттары) арқылы өздерi дербес шешу мақсатында
белгiлi бiр мекендер шегiнде тұрғылықты жерi бойынша
азаматтардың өзiн-өзi ұйымдастыруының нысаны.

15.

1.5. Азаматтық қоғам мынадай функцияларды жүзеге асырады:
- азаматтық бастамаларды қолдау, дамыту және көтермелеу;
- мүдделердi жақындастыру және белгiлi бiр мақсаттарға қол жеткiзу негiзiнде
адамдарды одақтарға, бiрлестiктерге ерiктi түрде кiрiктiру үшiн жағдайлар жасау
жөнiндегi жұмысқа қатысу;
- азаматтардың жалпымемлекеттiк және жергiлiктi проблемаларды шешуге
қатысуын қамтамасыз ету;
- азаматтардың құқықтарын қорғауға жәрдем көрсету және халықтың түрлi
топтарының мүдделерiн iске асыру;
- қоғамда жалпы адами нормаларды, құндылықтар мен адамгершiлiк негiздерiн
бекiту;
- адамның тәуелсiз өмiр сүруiн қамтамасыз ететiн еңбек өнiмдiлігi үшiн жағдай
жасауға қатысу;
- әлеуметтiк қызметтер көрсету;

16.

Азаматтық қоғам мынадай функцияларды жүзеге асырады:
- билiктiң, бизнестiң және қоғамдық институттардың қатынастарын үйлестiруге
жәрдемдесу, қоғамдық келiсiм және әлеуметтiк жанжалдарды азайту үшiн
жағдайлар жасау, әлеуметтiк және өзге де жанжалдарды сындарлы үндесу
жолымен шешу;
- мемлекеттiк шешiмдер қабылдау процесiнде ашықтық пен мөлдiрлiкке
жәрдемдесу;
- әлеуметтiк еңбек қатынастарын реттеу жөнiндегi аса маңызды қоғамдық
функцияларды орындайтын кәсiподақтық ұйымдардың қызметiн қолдау;
- сөз бостандығын қолдау, БАҚ тәуелсiздiгiн нығайту және ақпараттық кеңiстiктiң
ашықтығын қамтамасыз ету.

17.

Азаматтық қоғам және бірлесу бостандығы:
Бірлесу бостандығы – әр адамның ерікті түрде ұйымдарға,
бірлестіктерге бірігуге және өз мүдделерін жүзеге асыру үшін
ұжымдық әрекетке қатысу құқығы.
Азаматтық қоғамдағы бірлесу бостандығының рөлі:
- қоғамдық ұйымдардың құрылуы;
- мүдделерді қорғау;
- демократияны нығайту;
- әлеуметтік жауапкершілік.

18.

Азаматтық қоғам және мемлекет арасындағы диалогта тараптар тең
құқықтық әріптестер ретінде диалог жүргізеді. Мұндай диалогтың негізгі
нысандары:
-
қоғамдық кеңестер;
қоғамдық бақылау;
әлеуметтік әріптестік;
құқық қорғау.
Азаматтық қоғам — мемлекетке қарсы
тұратын орта емес. Ол, бір жағынан,
мемлекетпен ынтымақтасады, екінші жағынан,
мемлекеттік билікті шектеу мен бақылаудың
қоғамдық тетіктерін қалыптастырады.

19.

20.

2. Қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекет
2.1. Қоғамның саяси жүйесі
Қоғамның саяси жүйесі — құқық және өзге әлеуметтік нормалар арқылы тәртіпке
келтірілген, саяси билікті қалыптастыру мен жүзеге асыруға қатысатын мемлекеттік органдардың,
саяси партиялардың, қоғамдық қозғалыстардың және басқа ұйымдардың жиынтығы.
Саяси жүйе:
саяси биліктің қалай қалыптасатынын;
Саяси жүйенің негізгі құрамдас
бөліктері:
саяси шешімдердің қалай
қабылданатынын;
1. Саяси ұйымдар мен институттар.
қоғамдық мүдделердің қалай
білдірілетінін;
3. Саяси қатынастар.
билік пен қоғам арасындағы
қатынастардың қалай
ұйымдастырылатынын көрсетеді.
5. Саяси тәжірибе және саяси
мәдениет.
2. Саяси және құқықтық нормалар.
4. Саяси сана мен саяси идеология.

21.

2.2. Саяси жүйенің субъектілері
мемлекет;
саяси партиялар;
қоғамдық қозғалыстар;
қоғамдық ұйымдар;
мүдделер топтары;
жергілікті өзін-өзі басқару құрылымдары;
азаматтар.
Олардың қоғамдағы орны мен міндеттері бірдей емес. Кейбір
субъектілер мемлекеттік билікке қатысуға ұмтылады, ал басқалары билікке
келуді мақсат етпей, нақты әлеуметтік, экономикалық, кәсіби немесе мәдени
мүдделерді қорғайды.

22.

23.

2.3. Мемлекеттің саяси жүйедегі ерекше орны
Мемлекет саяси жүйеде орталық әрі жетекші орын алады. Бұл оның өзге субъектілерде
болмайтын ерекше белгілеріне байланысты. Мемлекет:
1. Белгілі аумақта тұратын бүкіл халықтың ресми өкілі болады.
2. Егемендікке ие.
3. Қоғамды басқаруға арналған кәсіби аппарат құрады.
4. Жария билікті жүзеге асырады.
5. Қажет болған жағдайда заңды мәжбүрлеу шараларын қолданады.
6. Жалпыға міндетті құқықтық нормалар қабылдайды.
7. Салықтар мен өзге міндетті төлемдерді белгілейді.
8. Мемлекеттік бюджет пен мемлекеттік меншікті басқарады.
9. Қоғамның тұтастығы мен тұрақтылығын қамтамасыз етуге қатысады.
Мемлекет өз шешімдерін бүкіл қоғам үшін жалпыға міндетті ете алады. Басқа
қоғамдық ұйымдардың шешімдері, әдетте, олардың мүшелеріне немесе қызметіне
қатысушыларға ғана таралады.

24.

2.4. Мемлекет және өзге саяси институттар
Саяси партиялар әлеуметтік топтардың мүдделерін білдіреді, саяси бағдарламалар әзірлейді,
қоғамдық пікір қалыптастырады және мемлекеттік билікті қалыптастыруға қатысады.
Қоғамдық қозғалыстар билікті тікелей иеленуге міндетті түрде ұмтылмайды. Олар белгілі
бір мәселені шешу үшін билікке ықпал етеді.
Мүдделер топтары мен қоғамдық ұйымдар өз мүшелерінің кәсіби, экономикалық,
әлеуметтік, мәдени немесе өзге мүдделерін қорғайды.
Мемлекет осы институттармен:
• ынтымақтастық;
• өзара көмек;
• үйлестіру;
• құқықтық реттеу;
• бақылау және қадағалау нысандарында қатынас жасай алады.
Бұл ретте қоғамдық ұйымдардың ішкі дербестігі және өзін-өзі басқару құқығы сақталуға тиіс.
Мемлекет саяси жүйенің басты субъектісі болғанымен, ол саяси жүйенің жалғыз субъектісі
емес. Демократиялық қоғамда мемлекеттік шешімдер басқа саяси және қоғамдық
институттармен тұрақты өзара іс-қимыл жағдайында қалыптасады.

25.

26.

3. Мемлекет функцияларының ұғымы және жіктелуі
3.1. Мемлекеттің міндеттері мен функциялары
Мемлекеттің міндеттері — қоғамның мемлекеттің қатысуымен шешілуге тиіс түбегейлі
мәселелері және мемлекет ұмтылатын түпкі нәтижелер.
Мемлекет функциялары — мемлекеттің алдында тұрған міндеттерді шешу кезінде оның мәні
мен әлеуметтік мақсатын білдіретін қызметінің негізгі бағыттары.
Қарапайым түрде:
• міндет мемлекеттің қандай нәтижеге жетуге тиіс екенін көрсетеді;
• функция сол нәтижеге жету үшін мемлекет қызметінің қай бағытта жүргізілетінін көрсетеді.
Мысалы:
• қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету — мемлекеттің міндеті;
• құқықтық тәртіпті қорғау — мемлекет функциясы;
• қоғамдық тәртіпті қорғауды ұйымдастыру — құзыретті мемлекеттік органның қызметі;
• құқық бұзушылықтың алдын алу немесе құқық қолдану актісін қабылдау — осы функцияны жүзеге
асырудың нақты нысаны.

27.

3.2. Мемлекет функцияларының белгілері
Мемлекет функциялары:
1. Мемлекеттің мәні мен әлеуметтік мақсатын білдіреді.
2. Мемлекеттің тарихи міндеттері мен мақсаттарына байланысты пайда
болады.
3. Қоғамдық өмірдің белгілі бір саласына бағытталады.
4. Мемлекеттік қызметтің негізгі әрі тұрақты бағыттарын көрсетеді.
5. Тиісті мемлекеттік органдардың өкілеттіктері, нысандары және әдістері
арқылы жүзеге асырылады.
6. Қоғамдық қатынастарды сақтау, дамыту, өзгерту немесе қорғауға
бағытталуы мүмкін.
7. Тарихи жағдайлар мен қоғамдық қажеттіліктерге қарай өзгереді.

28.

3.3. Мемлекет функциясы мен мемлекеттік орган функциясының
айырмашылығы
Мемлекет функциясын нақты мемлекеттік органның функциясымен
теңестіруге болмайды.
Мемлекет функциясы жалпы сипатқа ие және мемлекеттің тұтас
қызмет бағытын білдіреді. Оны жүзеге асыруға бірнеше мемлекеттік
орган қатысуы мүмкін.
Мемлекеттік органның функциясы оның заңда белгіленген нақты
міндеттері мен құзыретіне байланысты болады.
Мысалы, адам құқықтарын қорғау — мемлекеттің жалпы функциясы.
Оны жүзеге асыруға соттар, прокуратура, құқық қорғау органдары, атқарушы
органдар және басқа мемлекеттік құрылымдар қатысады.

29.

3.4. Мемлекет функцияларының құрамдас бөліктері
Мемлекет функциясын талдау кезінде:
функцияны іске асыратын субъект;
қызметтің мазмұны;
мақсаттар мен міндеттер;
өкілеттіктер көлемі;
жүзеге асыру нысандары;
қолданылатын әдістер анықталады.
Функцияның субъектісі жалпы деңгейде мемлекет болады. Нақты деңгейде функцияны
мемлекеттік органдар, мекемелер және өзге уәкілетті құрылымдар іске асырады.

30.

Мемлекет функцияларын жүзеге асырудың нысандары - бұл мемлекеттің функцияларын жүзеге
асыруға бағытталған оның органдарының біртектес қызметі. Мұндай нысандарды екіге бөлуге болады.
Ұйымдастырушылық нысандарға мыналар жатады:
а) ұйымдастырушылық-реттеуші - бұл белгілі бір құрылымдардың құжаттар жобаларын
дайындаумен, сайлаулар жүргізумен т.б. байланысты мемлекеттік органдардың қызмет етуін қамтамасыз
етуге бағытталған ағымдағы жұмысы;
ә) ұйымдастырушылық-шаруашылық - бұл бухгалтерлік есеппен, статистикамен, қамтамасыз
етумен т.б. байланысты жедел техникалық және шаруашылық жұмыс;
б) ұйымдастырушылық-идеологиялық - бұл жаңадан қабылданған нормативтік актілерді
түсіндірумен, қоғамдық көзқарасты қалыптастырумен және т.б. байланысты мемлекеттің әртүрлі
функцияларын орындауды идеологиялық қамтамасыз етудегі күнделікті тәрбие жұмысы.
Құқықтық нысандарға мыналар жатады:
а) құқықшығармашылық - бұл нормативтік актілерді дайындау мен шығаруға қатысты қызмет;
ә) құқыққолданушы - бұл құқық қолдану актілерін шығару арқылы нормативтік актілерді жүзеге
асыруға байланысты қызмет, бұл заңдарды орындау мен басқарушылық сипаттағы әртүрлі мәселелерді
шешуге байланысты күнделікті жұмыс;
б) құқыққорғаушы - бұл адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға,
құқықбұзушылықтардың алдын алуға және кінәлі тұлғаларды заңды жауапкершілікке тартуға және т.б.
байланысты қызмет.

31.

Мемлекеттің функцияларын тиісінше жүзеге асыру үшін негізгі жүктемені және жауапкершілікті
мемлекеттік органдар және мемлекеттік биліктің басқа да өкілдері көтереді.
Бұл келесі ерекшеліктерге ие мемлекеттік функциялардың сипатына байланысты:
1) заңдық табиғаты мен мазмұны, яғни мемлекеттің функциялары нақты функцияларды орындау
бойынша мемлекет органдарының, мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың құзыреті мен өкілеттіктері
белгіленетін заңдармен және басқа да нормативтік құқықтық актілермен ресімделеді;
2) жариялы-өктемдік сипатта болады, өйткені оларды іске асыруға мемлекет тарапынан, оның
ішінде мемлекеттік мәжбүрлеу арқылы кепілдік берілген;
3) әлеуметтік маңыздылығы: функциялары қоғамдық мүдделерді жүзеге асыруға, ортақ игілікке
қол жеткізуге, адамның құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге және қорғауға бағытталған;
4) ұйымдастыру-процессуалдық нысаны, яғни мемлекеттің жұмыс істеуіне байланысты қызмет
көбінесе нормативтік регламенттелген, белгілі бір дәйектілікке ие, нақты ресімделген;
5) қоғам дамуының нақты тарихи кезеңімен, қоғамдық прогреске және халықаралық жүйеге әсер
ететін факторлармен объективті негізделген.
Мазмұны жағынан әр түрлі мемлекеттік функциялар жіктелген. Жіктеу үшін көбінесе: ықпал ету
объектілері мен мемлекеттік қызмет салалары, оның аумақтық ауқымы; қоғамдық қатынастарға
мемлекеттік ықпал ету тәсілдері; функциялардың мазмұны; жүзеге асыру мерзімдері (ұзақтығы);
құқықтық нысандар және т. б. таңдалады.

32.

Мемлекет функцияларын түрлерге бөлуді әртүрлі негіздер бойынша жүзеге асыруға болады:
а) әрекет ету ұзақтығына қарай функциялар тұрақты және уақытша болып бөлінеді. Тұрақты
функциялар мемлекет дамуының барлық кезеңдерінде жүзеге асырылса, уақытша функциялар
төтенше сипаттағы белгілі бір міндетті шешумен өз әрекетін жояды.
ә) маңыздылығына қарай - негізгі және қосымша функциялар;
б) қоғамдық өмірдің қай саласында жүзеге асырылуына байланысты - ішкі және сыртқы
функциялар.
Мемлекеттің ішкі функциялары - оның алдында тұрған ішкі міндеттерді шешудегі қызметінің
негізгі бағыттары. Ішкі функцияларға мыналар жатады: адам және азамат құқықтары мен
бостандықтарын қорғау, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету функциясы, экономикалық функция,
салық салу функциясы, әлеуметтік қорғау функциясы, экологиялық функция және мәдени функция.
Мемлекеттің сыртқы функциялары - оның алдында тұрған сыртқы міндеттерді шешуге
байланысты қызметінің негізгі бағыттары. Сыртқы функцияларға мыналар жатады: мемлекетті
қорғау функциясы, бейбіт тәртіпті сақтау функциясы, басқа мемлекеттермен одақтасу функциясы
және т.б.

33.

3.6. Мемлекеттің ішкі функциялары
Оқулықтарда қазіргі мемлекеттің ішкі функцияларына мыналар жатқызылады:
• Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау
• Мемлекет құқықтарды тануға, сақтауға және қорғауға арналған заңдық әрі ұйымдық тетіктерді
қалыптастырады.
• Құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету
• Бұл құқық бұзушылықтардың алдын алу, заңдылықты сақтау және бұзылған құқықтарды
қалпына келтіру қызметтерін қамтиды.
Экономикалық функция
Мемлекет:
• экономикалық қатынастардың құқықтық негіздерін белгілейді;
• салық және бюджет саясатын жүргізеді;
• кәсіпкерліктің құқықтық жағдайларын қалыптастырады;
• әлеуметтік маңызы бар салаларды қолдайды;
• экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге қатысады.
Экономикалық функцияны қарастырғанда мемлекеттің экономикаға араласу шегі мен
қолданатын басқару әдістері ерекше маңызға ие.

34.

Әлеуметтік функция
Бұл функция халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарын қолдау, денсаулық сақтау, тұрғын
үй, қоғамдық көлік және басқа әлеуметтік салалардың жұмысын қамтамасыз етуге бағытталады.
Саяси функция
Мемлекеттік және қоғамдық қауіпсіздікті, әлеуметтік және ұлттық келісімді, егемендік пен
саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету осы функцияға жатады.
Экологиялық функция
Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және экологиялық
қауіптердің алдын алу қазіргі мемлекеттің маңызды қызмет бағыттарының біріне айналды.
Ғылымды, білімді және мәдениетті дамыту
Мемлекет білім беру жүйесін ұйымдастыруға, ғылыми-техникалық прогреске, мәдениетті
сақтауға және дамытуға қатысады.
Салық салу функциясы
Салық салу мемлекеттік аппарат пен қоғамдық бағдарламаларды қаржыландыру құралы ғана
емес, сонымен бірге экономикалық және әлеуметтік қатынастарды реттеу тәсілі болып табылады.

35.

3.7. Мемлекеттің сыртқы функциялары
Мемлекеттің сыртқы функцияларына:
1. Елді сыртқы шабуылдан қорғау.
2. Халықаралық бейбітшілікті қолдау.
3. Өзге мемлекеттермен өзара тиімді ынтымақтастық орнату.
4. Әлемдік экономикаға кірігу.
5. Жаһандық мәселелерді басқа мемлекеттермен бірлесіп шешу.
6. Ұлттық мүдделерді халықаралық қатынастарда қорғау жатады.
Сыртқы функциялар халықаралық құқық нормалары мен мемлекеттің
халықаралық міндеттемелеріне сәйкес жүзеге асырылуға тиіс.

36.

3.8. Мемлекет функцияларын жүзеге асыру әдістері
Негізгі әдістер:
сендіру;
мәжбүрлеу;
ынталандыру;
көтермелеу;
үйлестіру;
заңдық жауаптылық қолдану;
бақылау;
орталықтандырылған және орталықтандырылмаған басқару.
Әдісті таңдау қоғамдық мақсатқа, реттелетін қатынастардың сипатына
және адам құқықтарына қойылатын ықтимал шектеулерге байланысты болуға
тиіс.

37.

38.

4. Қоғамдық қажеттіліктер және мемлекет функцияларының өзгеруі
4.1. Мемлекет функцияларының динамикалық сипаты
Мемлекет функциялары қатып қалған және өзгермейтін құбылыс емес. Олар нақты
тарихи жағдайларға, қоғамның даму деңгейіне және қоғамдық қажеттіліктерге байланысты
өзгереді.
Белгілі бір кезеңде негізгі болған функция кейін қосымша маңызға ие болуы мүмкін.
Бұрын болмаған жаңа қоғамдық қауіп мемлекеттің жаңа функциясын немесе бұрынғы
функцияның жаңа мазмұнын қалыптастыра алады.
Мысалы:
ежелгі шығыс мемлекеттерінде қоғамдық ирригациялық жұмыстарды ұйымдастыру маңызды
болды;
көшпелі мемлекеттерде сыртқы қауіптен қорғану ерекше орын алды;
қазіргі демократиялық мемлекеттерде адам құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету
алдыңғы қатарға шықты;
адамның табиғатқа ықпалының өсуі экологиялық функцияның маңызын арттырды.

39.

4.2. Функциялардың өзгеру себептері
Мемлекет функцияларына:
қоғамдық қажеттіліктердің өзгеруі;
экономикалық қатынастардың дамуы;
ғылым мен технологияның дамуы;
әлеуметтік құрылымның өзгеруі;
жаңа қауіптердің пайда болуы;
қоршаған ортаның жағдайы;
халықаралық қатынастар;
қоғамның құқықтық және саяси мәдениеті;
азаматтардың құқықтар мен мемлекеттік қызмет сапасына қоятын талаптары әсер етеді.
Мысалы, цифрлық технологиялардың таралуы ақпараттық қауіпсіздік, дербес
деректерді қорғау және электрондық мемлекеттік қызметтерді ұйымдастыру қажеттіліктерін
туғызады.

40.

4.3. Қоғамдық қажеттілік және мемлекеттік міндет
Қоғамдық қажеттілік — көптеген адамдардың мүдделеріне әсер ететін және
жеке тұлғаның мүмкіндігімен толық шешілмейтін қажеттілік.
Бірақ кез келген қоғамдық қажеттілік мемлекеттің қызметті тікелей өзі
орындауын талап етпейді.
Мұнда үш мәселені ажырату керек:
1. Қоғамдық мәселені шешу үшін жалпыға міндетті ереже қажет пе?
2. Қызметті міндетті түрде мемлекеттік орган орындауы керек пе?
3. Әлде мемлекет құқықтық кепілдік пен бақылауды сақтай отырып, қызметті
қоғамдық немесе жеке ұйымға тапсыра ала ма?
Әдебиеттерде мемлекет функцияларына ұқсас қызмет түрлерін мемлекеттік
емес ұйымдар да жүзеге асыра алатыны көрсетіледі. Демек, функцияның жария
сипаты оны орындаудың тек мемлекеттік нысанын міндетті етпейді.

41.

4.4. Мемлекеттік функция аудиті
Мемлекеттік функцияны қайта қарау кезінде мына сұрақтарға жауап беріледі:
1. Функция қандай қоғамдық қажеттіліктен туындады?
2. Бұл қажеттілік әлі де өзекті ме?
3. Әрекетсіздік қандай салдарға әкеледі?
4. Функция мемлекеттің мәні мен әлеуметтік мақсатына сәйкес келе ме?
5. Оны қай субъект тиімді жүзеге асыра алады?
6. Мемлекеттік органда қажетті өкілеттік пен ресурстар бар ма?
7. Қызметті жергілікті өзін-өзі басқаруға немесе азаматтық қоғам институтына беруге бола ма?
8. Мемлекет қандай құқықтық кепілдіктер мен бақылау тетіктерін сақтауы керек?
9. Функция адам құқықтарын шектей ме?
10.Нәтиже қандай көрсеткіштер арқылы бағаланады?

42.

4.5. Мемлекеттік араласу шектері
Азаматтық қоғам адамның және қоғамдық бірлестіктердің дербестігіне негізделеді.
Сондықтан мемлекет қоғамдық өмірге шексіз араласа алмайды.
Мемлекеттік араласу:
құқықтық негізге сүйенуге;
қоғамдық қажеттіліктен туындауға;
заңды мақсатты көздеуге;
қажетті болуға;
мақсатқа сай келуге;
құқықтарды шамадан тыс шектемеуге;
бақылауға және қайта қарауға мүмкіндік беруге тиіс.
Құқық бұзылмаған және мәселені азаматтар мен олардың бірлестіктері өздері шеше алатын
жағдайда мемлекеттік реттеудің көлемі шектеулі болуы мүмкін.
Сонымен бірге құқықтардың бұзылуы, қоғамдық қауіпсіздікке қатер немесе әлеуметтік
маңызы бар қызметтің қолжетімсіздігі мемлекеттің араласуына негіз бола алады.

43.

44.

5. Мемлекет пен азаматтық қоғам институттарының өзара іс-қимылы
5.1. Өзара іс-қимылдың мазмұны
Мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы олардың мақсаттарының қаншалықты
сәйкес келетініне, атқаратын қызметінің сипатына және қоғамдық бірлестіктің қоғамдағы орнына
байланысты.
Өзара іс-қимылдың негізгі нысандары:
ынтымақтастық;
өзара көмек;
қызметті үйлестіру;
қоғамдық консультация;
қоғамдық бастамаларды қолдау;
белгілі бір жария қызметті орындауға тарту;
қоғамдық бақылау;
мемлекеттік қадағалау.

45.

5.2. Мемлекет тарапынан реттеу
Мемлекет
азаматтық
институттарының:
5.3. Азаматтық қоғамның мемлекетке ықпалы
қоғам
құқықтық мәртебесін белгілейді;
қызметінің жалпы құқықтық шектерін
анықтайды;
құқықтары мен заңды мүдделерін
қорғайды;
заң бұзылған жағдайда заңдық
жауаптылық шараларын қолданады.
Мұндай реттеу қоғамдық ұйымның ішкі
мәселелерін
мемлекеттік
басқарумен
алмастырмауға тиіс.
Азаматтық қоғам:
әлеуметтік топтардың мүдделерін білдіреді;
қоғамдық пікір қалыптастырады;
билік органдарына ұсыныстар береді;
шешімдердің орындалуын бақылайды;
әлеуметтік және құқықтық мәселелер туралы
ақпарат береді;
мемлекеттік саясатты талқылауға қатысады;
құқықтар мен бостандықтарды қорғауға
көмектеседі.
Осылайша, қоғамнан мемлекетке қажеттілік, ұсыныс және бақылау туралы ақпарат беріледі.
Мемлекеттен қоғамға құқықтық реттеу, басқарушылық шешім, мемлекеттік қызмет және қорғау
шаралары бағытталады.

46.

47.

48.

Қорытынды
Мемлекет қоғамның саяси жүйесінде орталық орын алады, өйткені ол
егемендікке, жария билікке, құқық шығармашылық және заңды мәжбүрлеу
өкілеттіктеріне ие.
Азаматтық қоғам адамдардың жеке және ұжымдық мүдделерін
мемлекеттен салыстырмалы түрде тәуелсіз білдіруіне мүмкіндік береді. Ол
мемлекеттің қарсыласы емес, оның әріптесі және қоғамдық бақылау субъектісі
болып табылады.
Мемлекет функциялары мемлекеттің мәні мен әлеуметтік мақсатын
білдіреді. Олар қоғамдық қажеттіліктер мен тарихи жағдайларға байланысты
өзгеріп отырады.
Жария міндеттің болуы оны міндетті түрде мемлекеттік органның өзі
орындауы керек дегенді білдірмейді. Кейбір қызметтерді азаматтық қоғам
институттары жүзеге асыра алады. Бірақ мемлекет құқықтық кепілдікті, жалпы
талаптарды, қаржыландыруды немесе нәтижені бақылауды сақтауы мүмкін.

49.

Практикалық тапсырмалар
1-тапсырма. Мемлекет пен қоғамның өзара әрекеттесу картасы
Төмендегі мәселелердің бірін таңдаңыз:
• тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау;
• ауладағы қоғамдық қауіпсіздік;
• қарт адамдарға әлеуметтік көмек;
• жастар арасындағы жұмыссыздық;
• мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта;
• экологиялық ақпараттың ашықтығы.
Картаны толтырыңыз:
Элемент
Сұрақ
Қоғамдық қажеттілік
Қандай мәселе бар?
Мүдделі тұлғалар
Мәселе кімдерге әсер етеді?
Азаматтық қоғам институттары
Қандай ұйымдар қатыса алады?
Мемлекеттік органдар
Қай органдардың құзыреті бар?
Мемлекет функциясы
Мәселе қай функциямен байланысты?
Өзара әрекеттер
Ынтымақтастық, үйлестіру, бақылау әлде қызметті беру қажет пе?
Нәтиже
Мәселенің шешілгенін қалай анықтаймыз?

50.

2-тапсырма. Мемлекеттік функция аудиті
Бір мемлекеттік функцияны таңдап, талдаңыз:
Өлшем
Талдау сұрағы
Қажеттілік
Функция қандай қоғамдық қажеттілікті өтейді?
Мазмұн
Мемлекет нақты не істейді?
Субъект
Функцияны қай органдар жүзеге асырады?
Өкілеттік
Олардың құқықтары мен міндеттері жеткілікті ме?
Нысан
Құқықтық немесе ұйымдастырушылық нысан қолданыла ма?
Әдіс
Сендіру, ынталандыру, бақылау немесе мәжбүрлеу қолданыла ма?
Балама
Қызметті басқа субъект орындай ала ма?
Нәтиже
Функцияның тиімділігі қалай өлшенеді?
Қорытынды нұсқалары:
•функцияны сақтау;
•мазмұнын өзгерту;
•іске асыру әдісін өзгерту;
•өкілеттікті басқа мемлекеттік деңгейге беру;
•азаматтық қоғам институтымен бірлесіп орындау;
•қызметті қоғамдық ұйымға тапсырып, мемлекеттік бақылауды сақтау;
•уақытша функцияны тоқтату.

51.

3-тапсырма. Жария міндеттерді қайта бөлу
Кейс
Жергілікті атқарушы орган жалғыз тұратын қарт адамдарға азық-түлік пен дәрі-дәрмек жеткізуді
өзі ұйымдастырады. Қаладағы еріктілер ұйымы бұл қызметті жылдамырақ орындай алатынын
мәлімдеді.
Сұрақтар:
1. Бұл қызмет мемлекеттің қай функциясымен байланысты?
2. Жария міндетті еріктілер ұйымына беруге бола ма?
3. Мемлекет қандай өкілеттіктер мен жауапкершілікті сақтауы керек?
4. Қызметтің сапасы мен қолжетімділігі қалай бақыланады?
5. Азаматтардың дербес деректерін кім қорғайды?
6. Қызмет тиісті деңгейде көрсетілмесе, кім жауап береді?

52.

4-тапсырма. Мемлекеттік араласу шектері
Пікірталас тезисі: «Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін мемлекет қоғамдық
орындардағы бейнебақылауды шектеусіз кеңейте алады».
Тараптар:
қоғамдық қажеттілікті;
мемлекеттің тиісті функциясын;
жеке өмірге қол сұқпаушылық құқығын;
араласудың қажеттілігін;
қолданылатын шараның мөлшерлестігін;
балама құралдарды;
бақылау және есептілік тетіктерін талдауы керек.

53.

4-аптадағы міндетті қысқа жазбаша жұмыс
Тапсырма: 150–200 сөз көлемінде жауап жазыңыз:
Мемлекет әлеуметтік маңызы бар қызметті азаматтық қоғам институтына қандай
жағдайда бере алады және қандай жауапкершілікті өзі сақтауға тиіс?
Жауапта:
1. Қоғамдық қажеттілікті анықтаңыз.
2. Тиісті мемлекет функциясын көрсетіңіз.
3. Мемлекет пен азаматтық қоғамның рөлін ажыратыңыз.
4. Өз ұстанымыңызды тұжырымдаңыз.
5. Кемінде екі дәлел келтіріңіз.
6. Мемлекеттік араласудың немесе араласпаудың ықтимал тәуекелін көрсетіңіз.
7. Қорытынды жасаңыз.
Жұмыс балл қойылмайтын міндетті қалыптастырушы тапсырма болып табылады.

54.

Назарларыңызға рақмет!
Teaching Professor, з.ғ.к., A. К. Комекова
English     Русский Правила